Жаратылыстану: "Көкөністер мен жемістер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану: "Көкөністер мен жемістер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құлыншақ» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің технологиялық картасы.

Күні: 02.10.2020ж.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: « Көкөністер мен жемістер»

Мақсаты: көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, оражапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин, мандарин, лимон) туралы түсініктерін кеңейту.

Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Өмір сүруге қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көкөністер мен жемістер.

Қостілділік компонент: жемістер-фрукты, көкөністер- овощи.

Оқу кезеңдері

Педагогтың

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық –

қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Балалар, терезеге қарайықшы, күн шуағын шашып, жылуын беріп тұр. Ал біздің шаттық шеңберіміздегі күн күлімдеп тұр, бірақ шуағы жоқ екен. Кәне, әрқайсысымыз жеке-жеке жақсы тілектер айтып, күнге шуақ шашуға көмектесейік.

-Қараңдаршы, балалар, күніміз жоғары қарай көтеріліп, нұрын бізге шашып тұр. Енді қолымызды жоғары көтеріп күнге қарай созып, өлең жолдарын сыйға тартайық.

Педагогті тыңдап, терезеге қарайды. Күн шуағын көріп тұрғандарын айтады. Балалар бір-біріне ыстық тілектерін және қолдарын жоғары созып, өлеңдерін айтады.


Жарқырайды күннің көзі,

Нұрын шашып далаға.

Күн сәулесін төгеді,

Бақыт сыйлап балаға.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Жұмбақ жасыру.

1. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

2. Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

3. Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

-Балалар, ойын ойнағыларын келе ме?

«Сиқырлы қорапша» ойыны. Педагог балаларға қорапты көрсетіп, жетелеуші сұрақтар қояды.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?

-Жоқ.

-Жоқ, балалар, ол- ағашта өсетін зат.

-Жарайсың, таптың. Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен. Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

-Қарбыз.


-Жеміс.


-Сәбіз.

-Ия.





-Ол ойыншық па?

-Ол машина ма?

-Ол телефон ба?

-Ол жеміс пе?

-Ол банан ба?




Енді соны табыңдар.

-Жоқ.

-Ия, таптың, ол-алма.

-Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Жоқ, бұл затты жеуге болады.

-Жоқ.

-Жоқ.


-Жарайсың, таптың, ол-көкөніс. Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар.

-Жоқ.

-Жоқ.

-Ия, дұрыс айтасың, ол-қызанақ.

-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?

-Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы. Жемістер бақта, ағаштарда өседі, жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындалады. Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Көкөністерден салаттар дайындайды, сондай-ақ ас әзірлеуге пайдаланады. Көкөністердің құрамына адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар.

Көкөністер бақшада өседі.

Жеміс-жидектер, көкөністер жайлы кім өлең біледі?

Сергіту сәті.

Саусақ ойынын ойнату.

Жаңбыр жауса тырс-тырс,

Айтады гүл:

-Дұрыс, дұрыс!

Жаңбыр жауса тырс-тырс,

Айтады қыр:

-Ырыс, ырыс!

«Иісін тап!» ойыны.

Ойын шарты бойынша балалар көздерін жұмып, иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек.

-Ол алмұрт па?

-Ол жүзім бе?

-Ол алма ма?

-Ол қарындаш па?


-Ол кәмпит пе?

-Ол печенье ме?

-Ол көкөніс пе?


-Ол картоп па?

-Ол қызылша ма?

-Ол қызанақ па?


Белсенді түрде жауап іздейді, өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі.

Педагогті мұқият тындайды.

-Жеміс-жидек және көкөністер туралы білетін өлеңдерді айтады.







Сергіту сәтін қимыл- қозғалыстармен жасайды.







Ойын ережесін бұзбай, түсініп ойнауға тырысады.


Рефлексия-лық-

түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл- күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.



Балалар оқу қызметінен алған әсерлерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды.

Игерді: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіндіктерін.

Меңгерді: жемістер мен көкөністерден салат жасай алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
942
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі