Жаратылыстану "Мен тұратын қала"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану "Мен тұратын қала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған қала жайлы, оның назар аударлық ғимараттар туралы білімдерін толықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еркетай» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 11.10.2018 жыл

Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.

Білім беру саласы: Таным

Өтпелі тақырып: «Менің көшем»

Тарау: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мен тұратын қала»

Мақсаты: Туған қала жайлы, оның назар аударлық ғимараттар туралы білімдерін толықтыру.

1.Тәрбиелік: Отаншылдыққа, туған қалаға деген сүйіспеншілікке, онда тұратын адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балабақша орналасқан көшенің аты, демалыс және ойын-сауық орындары, мәдениет орталықтары, белгілі құрылыстар: ғимараттар, су құбырлыр, ескіртіштертерді атай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Өз мекенжайы мен тұрғылқты аулының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуе үйрету.

Педагогикалық технологиялар: дамыту, ойын, денсаулық сақтау технологиялары

Ресурстармен қамтамасыз ету: Өзінің тұратын ауылы, (қала) ондағы мәдени орындары туралы суреттер.

Билингвалдық компонент: қала-город, ауыл-село, үйлер-дома, ғимараттар-здания.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы


1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз сәтті болсын!

Деніміз сау болсын!

2. Негізгі бөлімі

- Балалар, бүгін мен сендерге туып өскен жеріміз, қаламыз (ауылымыз)жайлы айтамын.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанның қандай рәміздерін білесіңдер?

-Біздің Елбасымыз кім?

Қазақстан Республикасының көптеген қалалары мен ауылдары бар. Сол қалада (ауылда) сендер сияқты бақытты балалар тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен мен сендермен өздерің тұратын қаламыз (ауылымыз) туралы әңгімелескім келіп тұр.

- Ал, балалар сендер қай қалада (ауылда) тұрасыңдар ?

- Дұрыс айтасыңдар.

Біз Қазақстан Республикасының Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол ауылында тұрамыз.

- Ал, балалар, енді мына бейне роликке назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейне роликте сендер нені көрдіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, көрдіңдер ме біздің қаламызда (ауылымызда) көптеген үйлер мен әдемі ғимараттар бар екен.

Бұның бәрін бізге кімдер соғып береді?

- Балалар сендер саяхат жасағыларың келеме?

- Олай болса біз сол әдемі жерлерге саяхат жасайық балалар.

Сиқырлы таяқшамен саяхат жасайды.

Балалар сиқырлы таяқша істемей тұр ғой.

Сиқырлы таяқша жұмыс істеу үшін сиқырлы сөзді айтуымыз керек екен балалар. Көзімізді жұмамыз, ал енді сиқырлы сөз айтамыз

До ре ми ұшамыз,

Біз жерге қонамыз.

Ал енді көзімізді ашайық қайда келдік балалар?

Балалар саяхат жасаймын деп шаршаған боларсыңдар. Қане көзімізді жұмып балабақшаға қайтайық.

Балабақшаға қайтып келеді.

Балалар шаршаған боларсыңдар қане бойымызды бір сергітіп алайық .

«Балапан» әнімен бойларын сергіту.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы билейді екенсіңдер.

Ойын: «Біздің ауыл қандай?»

3. Қорытынды

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Барлығың да бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
3116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі