Материалдар / Жаратылыстану: Өзіңе және өзгелерге көмектес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
1565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жасөркен» ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Өткізген уақыты:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Өзіне және өзгелерге көмектес.

Мақсаты:

Білімділігі: Табиғат бұрышын мекендеушілер(қалтауыз), олардың тіршілігі туралы туралы түсінік беру.Оларға қамқорлық жасауға баулу.

Дамытушылық: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелілігі: Қамқорлыққа, тазалыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: Күз мезгілінің, табиғат мекендеушілердің суреті. Сұрақ – жауап.

Кіріктірілген б.б.с. «Қатынас»-Сөйлеуді дамыту Күз мезгілінің атауын үш тілде айту. «Шығармашылық»-Жапсыру Құстарға арнап ұя жапсыру

Алдын− ала жүргізілетін жұмыс: Күз мезгілі туралы әңгімелесу.

Қостілдік құрам: табиғат –природа, жабайы-дикие, құстар-птицы күз-осень, ұя-гнездо ,дамыту-развите,сурет-картина,т.б

Іс- әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық















Ізденушілік

Ұйымдастыру-шылық































































Рефлексивті-

түзетушілік




Балалар бүгін біздің тобымызға қонақтар келіпті.

Қонақтармен үш тілде амандасып алайық.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз-осень-autumn үш тілде айтқызады.

Күз мезгіліні ерекшелігі қандай?

Ауа райы қандай?

Иа ,дұрыс айтасыздар күн суық, күз мезгілінің қараша айыда тамамдалып қалды.

Барлығымыз жылы киініп жүрміз.

Балалар табиғат дегеніміз не? Кім айтады?

Балалар табиғат бізді қоршаған ортамыз. Біздер табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреміз.

Онда көптеген жабайы жануарлар, қосмекенділер, жәндіктер,құстар өмір сүреді.

Өз беттерімен өмір сүреді, өз азықтарын тауып жейді.

Жабайы жануарларға қасқыр,қоян,түлкі, аю т.б.жатады.

Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері қысқыға дайындалады.

Ересек адамдар шөп жинап,жем тасып, қысқыға дайындалса, барлық ормандағы мекендеушілерде өз азықтарын жинайды.

Аю болса балалар көктем,жаз,күз мезгілінде тойынып алып, қыста ұйқыға кетеді. Ал қасқыр болса ормандағы жәндәктермен тіршілік етеді.

Балалар құстар қайда тіршілік етеді?

Олар тал басында ұя салып тіршілік етеді.

Құстарды атуға,олардың ұясын бұзуға болмайды. Қоршаған ортамызды ластауға,ағаштарды кесуге,сындыруға болмайды.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Балалар алдарыңызда қандай пішіндер көріп отырсыздар?

Ия,дұрыс үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек.

Пішіндерден құстарға арнап ұя жасаймыз.

Жарайсыңдар балалар.

Дидактикалық ойын «Кім тапқыр?»

Балалар алдына құстардың,жабайы жануар,аңдардың суреттері ілінеді. Тәрбиеші аталған құс немесе аңдардың суретін тауып беруді сұрайды.

Ойынды бес-алты рет қайталатып ойнайды.

Жарайсыңдар балалар.

Қорытынды.

Балалар осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі тамамдалып келеді.

Бүгін не туралы айтылды?

Орманда кімдер тіршілік етеді екен?

Жабайы аңдардың қандай түрлерімен таныстыңдар?

Сабаққа белсене қатысып,сұрақтарға жақы жауап берген балалар мадақталады.

Балалар үш тілде амандасады.



Күз.

Үш тілде қайталайды.



Салқын.









Тәрбиешіні тыңдайды.









Білгендерін айтады.











Құстар туралы әңгімелеседі.













Қимылдарымен көрсетеді.





Пішін түрлерін атайды.



Құстарға арнап ұя жасайды.







Ойынды қызыға ойнайды.













Сұрақтарға жауап береді.





Қоян,қасқыр,түлкі.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты біледі.

Қандай түсінік игерді: Жабайы жанурлар мен құстардың тіршілігі туралы түсінік игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Қамқорлық, мейірімділік қасиеттеріне,қоршаған ортаны ласмауға,күтуге дғдыланды.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!