Материалдар / Жаратылыстану пәні ашық сабақ "Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?"

Жаратылыстану пәні ашық сабақ "Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне (1 сынып)
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


















Алматы қаласы Жетісу ауданы М.Жұмабаев атындағы

137 жалпы білім беретін мектеп


Бауденова Айгерім Жамбулбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі


тел: 87753760138


Тексерілді:

Күні: 12.11.2017ж

Пәні:Жаратылыстану

Сынып:1 «А»

Cабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану,әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Тірек сөздер:

  • қоныс аудару

  • ұйқыға кету




Өткен сабақпен байланысы:

Өткен сабақтардағы жануарлар түрі еске түсіріліп, олардан алатын заттарды атап айтамыз.

Бағалау:

Кері байланыс «Күзгі ағаштарды безендіру»

Ресурстар:

оқулық , дәптер, суреттер, ойыншықтар,

дәнді-дақылдар

Сабақтың әдісі:«Даралық, ұқсастық» , «Сәйкестендіру»

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты:

  • 1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

  • 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

  • 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру


Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар:жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейімделуін түсінеді;

  • Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасай алады;

  • Кейбір оқушылар:жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады;

Тілдік мақсат:

  • Оқушыларға тақырыпқа байланысты негізгі сөздерді үш тілде айтып беру, үйрету

Жабайы жануарлар – дикиеживотные – wildanimals

Жыл мезгілдері – временагода -seasons

Алдыңғы оқу:

  • Оқушылар үй жануарларының пайдасы және олардан не алынатынын біледі.

  • Өткен сабақты қайталау мақсатында мен оқушыларға доп лақтыру арқылы үй жануарларының аттарын атаймын, олар сол жануардан не алатынын , оның бізге қандай пайдасы барын айтады;

Күтілетін нәтиже:

  • Жануарлар жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделетінін білетін болады (қысқы

ұйқыға кетеді, қысқы қор жинайды, өрістейді);

  • Жыл құстарымен, қыстап қалатын құстармен (бұлдырық, көкшымшық,

шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.


Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі








- Топқа бөлу

- Оқушылардың сабаққа толық әзірліктерін қадағалау.

- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қа Қайырлы таң алтын күн,

Қайырлы таң көк аспан,

Қайырлы таң жер ана,

Қайырлы таң достарым

- Назарларын сабаққа аудару

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, жануарлардың суреттері арқылы 5 топқа бөлемін.

1топ – Құстар

2топ – Балықтар

3топ – Аңдар

4топ – Үй жануарлары

5топ – Жәндіктер



Оқушылардың белсенділігі артады,

Оқушылар қораптан әр түрлі суреттер алып, әрқайсысы өз топтарына барып отырады.


Қызығушылығын ояту











Жаңа сабақ

Мағынаны тану


«Кім жылдам?»

Сиыр, құлан, лақ,

Арқар, жылқы, бұғы

Тауық, кәмшат, қой









Оқулықпен жұмыс және дәптермен жұмыс кезектесе жүргізіледі:







  • Оқулықтың 28 бет




«Даралық,ұқсастық» әдісі












1. Құстар: көрсетілген суреттердегі құстарды ата.

Мен оқушыларға жануарлардың аттарын атаймын олар оның қай түріне (жабайы немесе үй жануары) жататынын айтады.

Олай болса бүгін біз сендермен жабайы жануарлардың жыл мезгілдеріндегі тіршілігімен танысамыз.


Жаз мезгіліндегі құстардың даусын қосып қоямын, оқушылардан бұл не дауыс екенін сұраймын? Бұл дауыстарды біз қай мезгілде көп естиміз?

Неліктен деп ойлайсыңдар?

Тақтаға ілінген 4мезгілдің суреті көрсетіліп, аттары аталады.


Әр топқа тапсырма берем

1-топ – Көктем

2-топ – Жаз

3-топ Күз

4-топ Қыс мезгілдерінің даралығын тауып айтады.

5 – топ – Төрт мезгілдің ұқсастығын тауып айтады.


Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылаймын.


Проектордан құстардың суреттерін көрсету. Аттарын айтып олардың ерекшеліктерін айтып өту.

Көкшымшық. Қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйректерінің қатарына жатады.мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Солтүстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.


Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.


Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Арқасы қоңыр,құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті. Жыл құсы


Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр.Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.


Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

Оларға қыста не жетіспейді?

Бұл жерде қай құс артық? Неге?

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянады









Оқушылардың бұл құстардың дауыстары деп жауап береді.


Көктем, жаз мезгілінде.

Себебі, қазір күн суық, құстар жоқ.




Әр топ ақылдаса отырып өздеріне берілген тапсырманы орындайды.








Оқушылар құстармен , олардың ерекшеліктерімен танысып аттарын жаттайды.

























Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.


Олар азық таба алмайды.




Көк шымшық себебі ол жыл құсы емес.

Сергіту сәті:








































«Ой толғау»










Рефлексия:





Видеоролик көрсету арқылы сергіту сәтін жүргізу

Ұлытау «Жұмырқылыш»


2.Орман жануарлары








Үш тілділік стратегиясын қолдану





«Азық қоры» ойыны






Дәптермен жұмыс

18беттегі «Қысқы ұйқыға» кететін жануарларды тауып, оларды бояту және санын жаздыру



Топтық жұмыс:

Жұмыс дәптердің 19 бетіндегі тапсырманы топтық жұмыс етіп ұсынамын.

1.Неше жыл мезгілі бар?

2.Қай мезгілде жануарлар ұйқыға кетеді?

3.Жыл құстарын ата?






«Күзгі ағаштарды безендіру»

Қиымыдарды көрсету.




Кітаптағы жануарлардың суретін көрсету. Қыста олардың қайсысын орманда кездестіруге болады?

Олардың әрқайсысы немен қоректенеді?

Қай жануар үшін қыста азық табу қиын?



Тақырыпқа байланысты негізгі сөздерді үш тілде айтып берем.





Әр топқа себетке салынған жануарлардың азық қоры ұсынылады. Мен 1 жануарды атап, сол жануардың немен қоректенетінін сұраймын.


Тапсырманы түсіндіріп, көрсетемін.

Жауабы: аю,борсық





1.Сәйкестендіру:

Суретті дұрыс сөзбен байланыстырып сыз.



1.Шешуін тап

Мен құстарды сипаттаймын, оқушылар сол құсты тауып дұрыс ретімен нөмірлейді.






Тақтаға ағаштардың суреті салынған плакатты ілемін. Оқушыларға түрлі-түсті жапырақтарды таратып беремін. Сабақты оқушы қай деңгейде түсінді сол ағашқа сол биіктіктегі ағашқа барып жапырақты жапсырады.

Қимыл қозғалыс жаттығуын жасайды.


Оқушылар кітаптағы жануарлардың аттарын атайды.






Жабайы жануарлар дикиеживотные – wildanimals


Жыл мезгілдері – временагода -seasons


Оқушылар себеттен сол жануардың азығын тауып көрсетеді.



Ұйқыға кететін жануарларды анықтап, оларды бояп, санап санын жазады.



Оқушылар топпен ақылдаса отырып сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.

Мені мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.


Оқушылар сұраққа жауап береді.




Рефлексия арқылы оқушы негізгі ойды түйіндейді.


Оқушылардың ой пікірлері тыңдаймын.



ЖИ арқылы жасау
03 Желтоқсан 2018
1298
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі