Жаратылыстану пәні Табиғи жарық көздері 1-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану пәні Табиғи жарық көздері 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Сабақтың әдістерін өз сабақтарында қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Мектеп: №36 орта мектеп

Ортақ тақырып: Жарық

Мұғалімнің аты: Утепова Ж. Д

Күні: 19.03.2018ж


Сынып: 1 «Ә» сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Табиғи жарық көздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

табиғи және жасанды жарық көздерін атайалады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

жасанды жарықтың қажеттілігін түсіне алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

жарықтың жасанды көздерін бақылау арқылы анықтай алады

Бағалау критерийлері

Жасанды жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады.Табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады.Жарықтың жасанды көздерін бақылау арқылы анықтайды


Түйін сөз бен сөз тіркесі:

Табиғи; Жасанды; Жарық; Қараңғы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жарық деген не?

  • Табиғи жарық деген не?

  • Жасанды жарық деген не?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, орыс тілі.

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Сен не білесің?

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы


Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп, 
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Шаттық шеңберін құр, бір-бірлеріне жылы сөздерін айтулары керек



Ортасы


























Ойын «Кім тапқыр?»

Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар шешуін табады.

1. Ақ сандығым ашылды, 
Ішінен жібек шашылды. (
Күннің көзі) 

2. Қараңғыда жымыңдай жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады  
(Жұлдыз)

3. Жарығы күндей, 
Таңқалдырар адамды,
Жалындап күймей,

Төбеде жанып тұрады. /Электр жарығы/

-Балалар, жұмбақтардың шешуі не болды?

Жарық көздері екіге бөлінеді.

Олар Табиғи және жасанды жарық көздері.

-Балалар, біздің кабинетімізде қандай жарық көздері бар?

-Олар жарық көздерінің қай түріне жатады? Неліктен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

«Жарық қайдан пайда болады?»

-Суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл не?

-Бұлардың ортақ қасиетін анықтаңдар.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау

Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады.

Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды.

Жарық — қараңғы” деген ойын өткізу керек. Рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсету. Oқушылар күнделікті тәжі­рибелеріне­ сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді

-“Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?”

Оқушылар “жарықта айнала жақсы көрінеді” деген қорытындыға келуі керек. Адам мен жан-жануар­лардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді.

Қараңғыда кейбір тіршілік иелері белсенді өмір сүреді, олардың есту, көру және сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Кейбір адамдар өз мамандығы бойынша (дәрігер, өртсөндіруші, полиция, зауыт және фабрикадағы кешкі кезектегі жұмыскерлер) түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта ұйықтап, демалады. Түнгі кезекте жұмыс істейтін мамандық иелеріне назар аударыңыздар.

Оқулықпен жұмыс.

Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің бастал­ғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

Бәйшешек туралы аңыз

Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады.

- Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы­ қандай?­

- “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?”Оқу­шылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Адамдар, жануарлар және өсімдіктер күндізгі уақытта белсенді тіршілік етеді. Адамдар оқиды, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады, белсенді демалады және бір-бірімен араласады. Өсімдіктер өседі, гүлдейді және жеміс береді. Үй жануарлары мен аңдар ойнайды, аунайды.

Ойлан!

-“Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”.

Мысалы, “Жерде …(жарықсыз) өмір сүру мүмкін емес. Ай және Күн — … (табиғи) жарық көзі”.


Суреттер



































Оқулық




































Соңы


Дәптермен жұмыс

Қай сурет артық және неге артық ?

Жауабы:Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.

Рефлексия:

-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?


Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






ҚБ: Әр тапсырманы орындау барысында жауап берген оқушыға, топқа күлегештер таратып отыру арқылы оқушының белсенділігін арттыру,ынталандыру жүзеге асырылады.

Сергіту сәті

Қауіпсіздік ережелерімен танысады. Қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау. Сабақ барысында оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.












Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Оқу ісінің меңгерушісі _______________ 19.03.2018ж

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі