Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаратылыстану пәнінен бастауыш сыныптары бойынша элективті курсының бағдарламасының үлгісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БАҒДАРЛАМА
« ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘЛЕМІНДЕ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫ
1-4 - сынып оқушыларына арналған
(1-сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат
2-4 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Ортай Балжан Ершінқызы
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастауыш сыныптар бойынша әдіскері
Пікір жазғандар:
-
Сапбаева Р.К., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор.
-
Бақытова Н.У., «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ аға менеджері, п.ғ.к.
-
Аяебаева Н.К., №118 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, шебер-педагог
Түсініктеме хат мазмұны
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарып отыруға тиісті. Сондықтан, адамның адамға қатынасын ізгілендіру мәселесінің әлем деңгейінде көтерілуінде мәдениеттің маңызы зор.
Бүгінгі ағарту саласының өзекті мәселелерінің бірі оқытушы мен оқушының ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру. Педагогика ғылымында оқушының зерттеушілік мәдениеті ұғымы теориялық-әдіснамалық, философиялық, іргелі ғылыми парадигмалар мен таным теориясы, ғылыми таным, педагогикалық методология, ғылыми-зерттеу жұмысы, тұтас педагогикалық процесс, педагогикалық рефлексия, педагогикалық білім ұғымдарымен өз мәнін ашады.
Ғылым мен білім беру тығыз байланыста. Білім беру - ғылыммен шұғылдану үшін қажетті білім мен зияткерлік біліктер деңгейімен қамтамасыз етеді. Ғылым - білім берудің мазмұны болып табылатын әлем туралы жаңа білім береді. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін дамыту бағыты белсенді түрде дами бастады. Бұл оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар үшін де өте қызықты, әрі қажетті бағыт. Ол оқушыларды оқуға қызықтыруға, ой-өрісін кеңейтуге, олардың мәдени деңгейін жоғарлатуға, сондай-ақ, ең маңыздысы, интеллектуалды белсенділігін, сонымен қатар оқудағы іс-әрекетін жоғарлатуға себепші болады.
Бағдарлама мемлекеттік білім беру стандартына негізделіп, жаратылыстану пәнінің оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып жазылды. «Қызықты жаратылыстану» мазмұны «Жаратылыстану» пәнінен берілген тақырыптарды терең меңгеріп, ғылымды түсінуіне, бастауыш мектепте «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) қолдануға және қоршаған ортаны тұтастай қабылдап, оны қорғап, бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
«Дүниенің көрінген, не көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды»-, деп Абай Құнанбаев айтқандай табиғаттың сырларын ұғып, аспан денелері – Күн, Ай, жұлдыздарды, жер бетіндегі ауа, су, жануарлар мен өсімдіктерді зер салып бақылайды. Табиғат денелері мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс заңдылықтарын ашуға тырысады. Сондай-ақ өз дене мүшелерінің қызметін біледі, туған ел мен жер туралы танымы кеңейеді.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘЛЕМІНДЕ» элективті курсының бағдарламасы келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды негізге ала отырып әзірленді:
1.Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж. №604 бұйрығы).
2. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж. №115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576).
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы).
Бағдарламаның мақсаты: жаратылыстану ғылымы бойынша бастауыш сынып оқушыларының табиғи білім құмарлығын дамыта отырып, әлем туралы ой-өрісін кеңейтуге, адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағыттау.
Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын ұғындыру;
- жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін түсіндіру;
- жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығына көз жеткізу;
- алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағыттау;
- табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамыту;
- зерттеу іс-әрекетіне және оның нәтижелеріне оқушылардың құнды қарым-қатынасын қалыптастыру;
- ғылыми танымдық әдістерге және зерттеу міндеттері мен проблемаларын шешу технологияларына үйрету;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін дағдыларын қалыптастыру.
«Жаратылыстану әлемінде» элективті курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бағдарламасында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар (шығармашылық жəне сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік қабілеттер, өзгелердің мəдениетіне жəне көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық жəне айналадағыларға қамқорлық көрсету, өмір бойы білім алуға дайын болу) мен дағдылар (сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдау қабілеті, мəселелерді шешу қабілеті, ғылыми-зерттеу дағдылары, коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса), жеке жəне топпен жұмыс жасай алу қабілеті, АКТ саласындағы дағдылар) ескеріліп, пəн бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзыреттіліктер қарастырылады. Аталған құндылықтар мен дағдылар бағдарламада белгіленіп, оқу жоспарының негізі болып табылады.
Сонымен қатар бағдарламадағы білім мазмұнының оқушы мүмкіндігі мен оның психологиялық даму деңгейіне сәйкес келуі «спиральді даму» теориясына негізделген.
Спиральді даму дегеніміз – бір деңгейден екінші деңгейге көтерілу заңдылығы. Адамның өсуі мен дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі біртіндеп жүзеге асырылады. Көп жылғы зерттеудің негізінде пайда болған спиральді даму теориясы – бұл жеке адамның немесе адамдар тобының сенімі, нанымы, құндылықтар жүйесінің дамуы деген сөз. Білім мазмұнын жаңарту аясында дайындалған курс бағдарламсы осы спиральді құрылым бойынша жасалған.
Бұл бағдарламаның негізгі басымдықтары:
-
оқушы қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;
-
жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
-
оқушыларға бұрын алған білімін оқу мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады.
Спиральді оқу бағдарламасының құрылымында оқу бағдарламасының оқу мақсаттары оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында анық көрінеді.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 33 сағат
I. Кіріспе ( 1 сағат)
1-сабақ (1сағат)
«Жаратылыстану әлемінде» таныстырылымы арқылы қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру. Мектеп ауласына, саябаққа бару.
II. Адам және табиғат (барлығы – 17 сағат)
2-сабақ (1сағат)
Тақырыбы: «Адам және табиғат»
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы әңгімелеу. Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысы.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат дегеніміз не? сұрағына топтық жұмыс арқылы оқушылар өздері жауап іздейді. Соңында саябаққа, мектептің ауласына саяхаттау.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Тірі табиғат
Тірі табиғат дегеніміз не? Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігі. «Суретті қимылмен әңгімелеу», «Киімдер тізбегі әңгімесі», «Қазына іздеу» жаттығулары арқылы тапсырмалар орындау.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өлі табиғат
Өлі табиғат дегеніміз не? Оған нелер жатады. «Суретті қимылмен әңгімелеу», «Киімдер тізбегі әңгімесі», «Қазына іздеу» жаттығулары арқылы тапсырмалар орындау.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлығы
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Өсімдіктер патшалығы»
Өсімдіктер жайлы жалпы мәлімет. Өсімдіктің түрлері туралы https://imektep.kz/kz/osimdik-turleri сайтынан бейнефильм көру. Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын анықтайды; жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады Өсімдіктер туралы не білеміз? «Қаламызда, ауламызда өсіп тұрған өсімдіктер» тақырыбында альбом, гербарий жасау.
8-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өсімдік бөліктері. «Тамыр туралы» өсиет әңгіме
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады. (Кішкентай лавр ағашы туралы біледі.Өзеннің жиегінде өскен ағаштар бар күштерін үлкен гүлдері мен қалың жапырақтарына, биік әрі әдемі өсуге жұмсайды. Ал кішкентай лавр ағашы бар күшін тек тамырына жібереді.Бір күні дауыл соғады...)
9-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өсімдіктер неліктен салқын?
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттейді. Жапырақтың үстіңгі қабатының қызметі туралы біледі.
10-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Менің үйдегі «Жасыл достарым»
Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.
11-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер
Оқушыларға алдын ала өсімдіктер туралы қызықты мәліметтерді біліп келуді тапсыруға болады. Мысалы, жыртқыш өсімдіктер, ерекше өскен өсімдіктер және т.б. Әңгімелесу. Зерделеу. Танымдық бейнефильм көрсету немесе таныстырылым (презентация) жасау. Өсімдіктердің алуан түрлері туралы коллаж жасау.
12-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жануарлар патшалығы»
Жануарлар туралы түсінік. «Bilim lend» сайтынан «Жануарлардың әралуандығы» туралы видеофильм көрсету. Жабайы және үй жануарлары. «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жануарларды тиісті топқа жікте» ойыны. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау, пластилиннен мүсінін дайындау немесе суретін салу.
13 сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарларымен таныстыру. «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жануарларды тиісті топқа жікте» ойыны.
14-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жануарлар туралы қызықты мәліметтер
Оқушыларға алдын ала жануарлар туралы қызықты мәліметтерді біліп келуді тапсыруға болады. Әңгімелесу. Зерделеу. Танымдық бейнефильм көрсету немесе таныстырылым (презентация) жасау. «Тиін-бағбан», «Қоянның тісі туралы қызықтар» және т.б. Жабайы жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланысты ұғынады. (Миллиондаған теректердің көптеп өсу себебі, тиіннің тығып кеткен дәндерін ұмыт қалдырғаннан болуы керек.).
15-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жануарлар қыс мезгілінде қалай «киінеді?»
Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсінеді.
16-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Құстар туралы жалпы мәлімет. «Құстарды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Құстарды тиісті топқа жікте» ойыны. https://www.youtube.com/watch?v=WLrquUYc40A сілтемесі немесе басқа да ресурстардан құстар туралы бейнефильм көру.
17-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Құстар туралы қызықты деректер
«Құстардың қорегі», «Құстардың құпиясы», «Құстардың өмірі», «Құстар туралы қызықты деректер» тақырыптарында шығармашылық жұмыс (мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, әр топқа әр түрлі жұмыс тапсырса болады: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ құрастыру және т.б.).
II. Бізді қоршаған орта (барлығы – 9 сағат)
18-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Отбасым және мен
«Отбасы дегеніміз не? Отбасы құрамы. «Менің отбасым» тақырыбында альбом, сурет көрмесі немесе таныстырылым жасау.
19-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол»
Дос. Достық туралы ұғымдар.
20-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау
Денсаулық туралы ақпарат беру. Imektep сайтынан «Денсаулық» туралы бейнефильм көрсету. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында пікірталас. Мектеп медбикесінің қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында әңгімелесу.
21-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтану пирамидасы
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру пирамидасымен таныстыру. Дұрыс тамақтану туралы Youtube, «Bilim lend» және т.б. сайттардан тиісті бейнефильмдерді көрсету. Азық-түліктің 7 тобы. «Кім жылдам» ойыны арқылы дұрыс тамақтану пирамидасын құру. https://www.youtube.com/watch?v=mqKhAGEinjA сілтемесі немесе басқа да қолда бар материалдар арқылы қорытындылау.
22-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өзіңе өзің қызмет көрсету деген не?
Әңгімелесу.
23-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Саламатты өмір салты (СӨС)
Саламатты өмір салты дегеніміз не? Таныстырылым көрсету. Саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы. Топтық жұмыс. «515» әдісі, «Коллаж әңгіме», «Түйінді сөздер» әдістері арқылы тапсырмалар орындау, ойын ойнату, топты жарыстыру.
24-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Менің қызығушылығым
Оқушылардың неге қызығушылығы жөнінде әңгімелесу. Хобби деген не?
25-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қоршаған ортаға экологиялық шолу
Экология дегеніміз не? Ғаламшарға көмектесеміз. Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қызыл кітап беттерінен
Қызыл кітап туралы жалпы мәлімет. Youtube және т.б. сайттардан тиісті бейнефильмдер көрсету. Неліктен жануарлар, құстар, өсімдіктер жойылуда? Мен оларға қалай көмектесе аламын? Ойталқы.
III. Саяхат (барлығы – сағат)
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Ғарыш дегеніміз не? https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ, https://imektep.kz/kz/garysh-video, https://www.youtube.com/watch?v=bs0hTo46--8 сілтемелерінен бейнефильмдер арқылы ғарыш туралы жалпы түсінік беру. Ғарышкерлер. Тұңғыш ғарышкер. «Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі» тақырыптарына сурет салу.
28-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Планета. Жұлдыздар. Галактика. Ұшу аппараттары жөнінде қарапайым түсінік беру. Балаларға арналған энциклопедиялардан немесе интернеттен, мысалы, https://kosmos-x.net.ru/blog/kosmos/1-0-1 немесе Youtube, «Bilim lend» сайттарынан ғарышқа саяхат, Планеталар, Жұлдыздар, Галактика туралы бейнефильмдерді көріп, алған әсерлерімен бөлісу. Соның негізінде конструктордан зымыран құрастыру, суретін салу, коллаж жасау.
«Стакандағы ғарыш» тәжірибе жасау. Мұғалім алдын ала тәжірибе түрін ойластыруына немесе «Стакандағы ғарыш» тәжірибесін жасатуына болады. Тәжірибе үшін: 250 грамдық стакан, сұйық май, медициналық спирт, су, пипетка керек. 1. Стаканға 100 – 150 грамм спирт құямыз. 2. Пипеткамен ақырын бір тамшы май тамызамыз. Егер пипетка кішкентай болса, онда бір жерге бірнеше тамшы тамызасыз. Тамшыны бақылайсыз. Ол суда жүзіп жүруі және дөңгелек май дағы сияқты болып ағып тұруы керек. Спирт тамшысы бірден судың түбіне түсіп кетеді де ол әдемі алтын шар сияқты болып көрінеді.
Оқушыларға былайша түсіндіресіз: Май суда емес спиртпен араласқанда неліктен олай көрінеді? Мұның мәні осы үш сұйықтықтың тығыздығында болып тұр. Әртүрлі сұйықтық әртүрлі тығыздықта болады да түрлі меншіктік салмаққа ие болады. Салмақты сұйықтықтар салмағы жеңіліне түскен кезде батып кетеді.
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Аспан күмбезінің ар жағында...
Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайды.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышқа ұшқан үш қыран
Қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы туралы мәліметтер алады. Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттайды.
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Мен зерттеушімін
Оқушылардың жас деңгейіне қарай зерттеу жұмыстарын жасау. Мысалы, заттардың суда қалай жүзетінін бақылау. Тәжірибе үшін: жартылай су құйылған 2 стакан, 2 шикі жұмыртқа, 10 шай қасық тұз қажет. 1. Стаканға тұз салып, ерігенше араластыру. 2. Әр стаканға бір жұмыртқадан салу. Олардың екеуі де суда жүзе ме? (мұғалім оқушылармен ақылдаса отырып, жас ерекшелігіне қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуіне болады). Мектептің химия, биология кабинеттерінің зертханасына саяхаттау.
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Заттардың сырлары
Ең ежелгі глобус неден жасалған? Сағаттың түрлері мен сырлары. Ақылды сағат-смарт сағаттар. Сиқырлы магнит және т.б..
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Біз не үйрендік?
Қорытынды сабақ. Осыған дейін оқып-білгендерін еске, түсіру. Сурет көрмесін өткізу.
Нормативтік бөлім
1-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 33 сағат
№ Р/с |
Тақырыбы |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Өткізілу түрі |
Білімдік өнім |
1 |
Кіріспе |
Қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру |
1 |
Әңгіме, саяхат |
|
I бөлім. Адам және табиғат Барлығы: 17 сағат |
|||||
1 |
Адам және табиғат |
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы білім беру; Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысын түсіндіру |
1 |
Танымдық |
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы біледі;; Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысын түсінеді |
2 |
Табиғат - тіршілік көзі |
Табиғат құндылығының маңыздылығын, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігін зерделеу |
1 |
Саяхат, әңгіме |
Табиғат, қоршаған орта туралы зерделеу |
3 |
Тірі табиғат |
Тірі табиғат туралы түсінік беру; танымдық әрекеттерін шыңдау |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме, «Суретті қимылмен әңгімелеу», «Киімдер тізбегі әңгімесі», «Қазына іздеу» жаттығулары |
Зерделеу |
4 5 |
Өлі табиғат |
Өлі табиғат туралы түсінік беру; танымдық әрекеттерін шыңдау |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме, «Суретті қимылмен әңгімелеу», «Киімдер тізбегі әңгімесі», «Қазына іздеу» жаттығулары |
Сурет, коллаж |
6 |
Адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлығы |
Табиғатқа қамқорлық жасауға баулу |
1 |
Әңгіме |
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасы |
7 |
Өсімдіктер патшалығы |
Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік ету түрлерін анықтау; жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату; мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау |
1 |
Зерделеу |
Өсімдіктердің патшалығына саяхат жасай отырып, адамдардың өсімдіксіз өмір сүруінің мүмкін емес екенін ұғынады |
8 |
Өсімдік бөліктері. «Тамыр туралы» өсиет әңгіме |
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату; өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар жасауға үйрену; өсімдікті ңнегізгі бөліктерінің қызметін сипаттау |
1 |
Танымдық, зерделеу |
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады. Тамырдың қызметі туралы біледі |
9 |
Өсімдіктер неліктен салқын? |
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу. Жапырақтың үстіңгі қабатының қызметі туралы білу; өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу |
1 |
Зерттеу |
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттейді.Жапырақтың үстіңгі қабатының қызметі туралы біледі |
10 |
Менің үйдегі «Жасыл достарым» |
Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау; өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру |
1 |
Зерттеу |
Үйде өсетін өсімдіктердің аталуы,күтімі туралы білімдері кеңейеді |
11 |
Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер |
Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтерді зерделеу |
1 |
Зерделеу, танымдық бейнефильм көру, таныстырылым жасау |
Өсімдіктердің алуан түрлері туралы коллаж жасау |
12 |
Жануарлар патшалығы |
Жануарларлардың тіршілігімен танысу; олардың табиғаттағы өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау |
1 |
Бейнефильм, топтық жұмыс, ойын |
«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау, пластилиннен мүсінін дайындау немесе суретін салу |
13 |
Жабайы және үй жануарлары |
Жабайы және үй жануарларын ажырату; Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау |
1 |
Топтық жұмыс, сәйкестендіру ойыны |
«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау |
14 |
Жануарлар туралы қызықты мәліметтер |
Жануарлар туралы қызықты мәліметтерді зерделеу |
1 |
Зерделеу, танымдық бейнефильм көру, таныстырылым жасау |
Жануарлардың алуан түрлері туралы коллаж жасау |
15 |
Жануарлар қыс мезгілінде қалай «киінеді?» |
Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру; жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау |
1 |
Зерделеу, танымдық бейнефильм көру, таныстырылым жасау |
Коллаж |
16 |
Құстар – біздің досымыз |
Құстардың тіршілігімен танысу; олардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау |
1 |
Бейнефильм, топтық жұмыс, сәйкестендіру ойыны |
Құстар, құстардың тіршілігі |
17 |
Құстар туралы қызықты деректер |
Құстардың қоршаған ортадағы маңызы туралы зерделеу |
1 |
Шығармашылық жұмыс |
«Құстардың қорегі», «Құстардың құпиясы», «Құстардың өмірі», «Құстар туралы қызықты деректер» тақырыптарында шығармашылық жұмыс жасау |
II. Бізді қоршаған орта (барлығы – 9 сағат) |
|||||
1 |
Отбасым және мен |
«Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру; отбасындағы өз орнын анықтау; отбасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіру |
1 |
Таныстырылым, бейнефильм, әңгіме |
Отбасы құрамы. «Менің отбасым» тақырыбында коллаж, сурет көрмесі немесе таныстырылым жасау |
2 |
Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол |
Достық туралы, достық қарым-қатынас туралы білімдері бекиді |
1 |
Әңгіме, зерделеу |
Достық, достық қарым-қатынас туралы шағын көрініс қою |
3 |
Дені саудың - жаны сау |
Денсаулық туралы қарапайым ережелерді үйрену |
1 |
Ойын, әңгіме |
Ойталқы. Постер |
4 |
Дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтану пирамидасы |
Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру жолдарымен танысу |
1 |
Ойын, әңгіме «Мынау не?», «Тиістісін тап» дидактикалық ойындары |
Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру пирамидасы. Азық-түліктің 7 тобы |
5 |
Өзіңе өзің қызмет көрсету деген не? |
Өзіңе өзің қызмет етудің түрлерімен таныстыру; еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту; мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; |
1 |
Әңгіме |
Таныстырылым |
6 |
Саламатты өмір салты (СӨС) |
Саламатты өмір салты туралы түсінік беру; Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіну |
1 |
Таныстырылым, ойын, топтық жұмыс «515» әдісі, «Коллаж әңгіме», «Түйінді сөздер» әдістері арқылы тапсырмалар орындау |
Саламатты өмір салты туралы зерделейді |
7 |
Менің қызығушылығым |
|
1 |
Әңгіме, ойын, шығармашылық |
Постер |
8 |
Қоршаған ортаға экологиялық шолу |
Қоршаған ортаның маңызы туралы зерделеу; қоршаған орта құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру |
1 |
Серуендеу, саяхат |
Зерделеу |
9 |
Қызыл кітап беттерінен |
Қызыл кітап туралы мәлімет беру арқылы жан-жануарларды, өсімдіктерді және т.б. қорғау керектігін зерделеу |
1 |
Танымдық, ойын сабақ. Бейнефильм, таныстырылым, ойталқы |
Ойталқы, зерделеу |
III. Саяхат (барлығы – 7 сағат) |
|||||
1 |
Ғарыш әлемі |
Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау, зерделеу |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме |
«Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі» тақырыптарына сурет көрмесін жасау |
2 |
Ғарышқа саяхат |
Планета. Жұлдыздар. Галактика. Күн жүйесінің орналасу тәртібін анықтау; оларды салыстыру |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме, |
Ғарышқа саяхат, Планеталар, Жұлдыздар, Галактика туралы бейнефильмдерді көріп, алған әсерлерімен бөлісу |
3 |
Аспан күмбезінің ар жағында |
Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту |
1 |
Әңгіме оқу, Коллаж жасау |
Конструктордан зымыран құрастыру. Зертханалық жұмыс |
4 |
Ғарышқа ұшқан үш қыран |
Қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы мәлімет беру |
1 |
Әңгіме, |
|
5 |
Мен зерттеушімін |
Зерттеу жұмысын жасауға үйрену |
1 |
Зерттеу, саяхат |
Шағын тәжірибе жасау |
6 |
Заттардың сырлары |
Кез-келген заттың жасалу құпиясымен танысу |
1 |
Танымдық, зерттеу |
Шағын тәжірибе жасау |
7 |
Біз не үйрендік? |
Курс бойы алған білімдерін зерделеу |
1 |
Қайталау |
Тест алу |
2-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы - 34 сағат
-
Кіріспе ( 1 сағат)
«Жаратылыстану әлемінде» таныстырылымы арқылы қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру. Мектеп ауласына, саябаққа серуендеу.
II.Адам және табиғат (барлығы – 12 сағат)
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Адам және табиғат»
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы әңгімелеу. Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысы.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Табиғат - тіршілік көзі
Өлі және тірі табиғат. Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігі. «Суретті қимылмен әңгімелеу», «Киімдер тізбегі әңгімесі», «Қазына іздеу» жаттығулары арқылы тапсырмалар орындау.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлығы
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Туған өлке табиғаты
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан табиғаты. Климаты. Даласы, таулары, өзен-көлдері. Қазба байлықтары.
Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы таныстырылым, бейнефильмдер көрсету. Топпен жұмыс істеу. Еркін тақырыпта сурет салу, өлең шығару, шағын сахналық көрініс қою.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Біздің ғаламшар
Жер мен Ай. Күн мен түн. Жұлдыздар. Youtube сайтынан бейнефильм жүктеп немесе қолда бар энциклопедия, әдебиеттерді зерделей отырып, оқушыларға таныстыру. «Түйінді сөздер» әдісі арқылы тапсырмалар орындау.
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ауа райы
Таныстырылым жасау немесе https://bilimland.kz/ru/courses/poznanie-mira/vozdux-voda-pogoda сілтеме арқылы бейнефильм көрсету. Табиғатқа, мектеп ауласына саяхаттау. Бақылау жасау.
8-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Табиғат құбылыстары
Табиғаттың көз ала алмайтын керемет туындылары бар. Оның қалай пайда болғаны – жұмбақ», - дей келе https://www.youtube.com/watch?v=N7CAK0z8lX4 және т.б. бейнефильмдерді көрсету.
Ауа райы. Адам өміріне климаттың әсері. Ауа райы жайлы халық болжамдары, қызықты мәліметтер. Ауа райына бақылау жасау. Ауа райы құбылыстары туралы көптеген қызықты мәліметтер бар, соларды интернеттен, энциклопедиялардан немесе алдын ала дайындалған слайдтан көрсету. Болмаса, оқушыларға алдын ала тапсырма беруге болады.
Тәжірибе жұмысы «Кемпірқосақ шығару». Тәжірибе үшін: пластмасса поднос немесе ыдыс, қағаз, айна қажет. 1.Су құйылған подносты немесе ыдысты күн түсетін жерге, мысалы терезенің алдына немесе далаға шығарып қою керек. 2. Айнаны алып, күн сәулесі су арқылы түсетіндей етіп подносқа қоясыз. 3. Қағазды алып, подностың жоғары жағына ұстайсыз. Қағазда кемпірқосақ көрінгенше айнаны ақырындап қозғалтамыз.
9-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өсімдіктер патшалығы
Өсімдіктер жайлы жалпы мәлімет. Өсімдіктің түрлері туралы https://imektep.kz/kz/osimdik-turleri сайтынан бейнефильм көру. Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын анықтайды; жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады Өсімдіктер туралы не білеміз? «Қаламызда, ауламызда өсіп тұрған өсімдіктер» тақырыбында альбом, гербарий жасау.
10-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жануарлар патшалығы
Жануарлар туралы түсінік. «Bilim lend» сайтынан «Жануарлардың әралуандығы» туралы видеофильм көрсету. Жабайы және үй жануарлары. «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жануарларды тиісті топқа жікте» ойыны. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау, пластилиннен мүсінін дайындау немесе суретін салу.
11-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Құстар туралы жалпы мәлімет. «Құстарды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Құстарды тиісті топқа жікте» ойыны. https://www.youtube.com/watch?v=WLrquUYc40A сілтемесі немесе басқа да ресурстардан құстар туралы бейнефильм көру.
12-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қызықты деректер
Өсімдіктер, Құстар, Жануарлар туралы қызықты деректер. Оқушыларға алдын ала өсімдіктер, жануарлар, құстар туралы қызықты мәліметтерді біліп келуді тапсыруға болады. Мысалы, «Жыртқыш өсімдіктер», «Ерекше өскен өсімдіктер» және т.б. Дельфиндер неге күледі? Әлемдегі ең ақылды жануарлар. Әңгімелесу. Зерделеу. Танымдық бейнефильм көрсету немесе таныстырылым (презентация) жасау. «Құстардың, жануарлардың қорегі», «Құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің құпиясы», тақырыптарында шығармашылық жұмыс (мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, әр топқа әр түрлі жұмыс тапсырса болады: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ құрастыру және т.б.).
13-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітабы
Қызыл кітап туралы жалпы мәлімет. Youtube және т.б. сайттардан тиісті бейнефильмдер көрсету. Неліктен жануарлар, құстар, өсімдіктер жойылуда? Мен оларға қалай көмектесе аламын? Ойталқы.
II. Бізді қоршаған орта (барлығы – 7 сағат)
14-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Отбасым және мен
Отбасы құрамы. «Менің отбасым» тақырыбында альбом, сурет көрмесі немесе таныстырылым жасау.
15-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында пікірталас. Мектеп медбикесінің қатысуымен «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында әңгімелесу.
16-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтану пирамидасы
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру пирамидасымен таныстыру. Дұрыс тамақтану туралы Youtube, «Bilim lend» және т.б. сайттардан тиісті бейнефильмдерді көрсету. Азық-түліктің 7 тобы. «Кім жылдам» ойыны арқылы дұрыс тамақтану пирамидасын құру. https://www.youtube.com/watch?v=mqKhAGEinjA сілтемесі немесе басқа да қолда бар материалдар арқылы қорытындылау.
17-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Саламатты өмір салты (СӨС)
Саламатты өмір салты дегеніміз не? Таныстырылым көрсету. Саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы. Топтық жұмыс. «515» әдісі, «Коллаж әңгіме», «Түйінді сөздер» әдістері арқылы тапсырмалар орындау, ойын ойнату, топты жарыстыру.
18-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Менің қызығушылығым
Оқушылардың неге қызығушылығы жөнінде әңгімелесу. Хобби деген не?
19-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қоршаған ортаға экологиялық шолу
Экология дегеніміз не? Қоршаған ортаның ластануы. Ғаламшарға көмектесеміз. Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
20-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қалдықтардың көбеюінен төнетін қауіп
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы әңгімелеу.
III. Саяхат (барлығы – 4 сағат)
21-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Ғарыш дегеніміз не? https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ, https://imektep.kz/kz/garysh-video, https://www.youtube.com/watch?v=bs0hTo46--8 сілтемелерінен бейнефильмдер арқылы ғарыш туралы жалпы түсінік беру. Ғарышкерлер. Тұңғыш ғарышкер. «Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі» тақырыптарына сурет салу.
22-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Планета. Жұлдыздар. Галактика. Ұшу аппараттары жөнінде қарапайым түсінік беру. Балаларға арналған энциклопедиялардан немесе интернеттен, мысалы, https://kosmos-x.net.ru/blog/kosmos/1-0-1 немесе Youtube, «Bilim lend» сайттарынан ғарышқа саяхат, Планеталар, Жұлдыздар, Галактика туралы бейнефильмдерді көріп, алған әсерлерімен бөлісу. Соның негізінде конструктордан зымыран құрастыру, суретін салу, коллаж жасау.
23-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышқа ұшқан үш қыран
Қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы зерделеу.
24-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Мен зерттеушімін
Оқушылардың жас деңгейіне қарай зерттеу жұмыстарын жасау. Мысалы, заттардың суда қалай жүзетінін бақылау. Тәжірибе үшін: жартылай су құйылған 2 стакан, 2 шикі жұмыртқа, 10 шай қасық тұз қажет. 1. Стаканға тұз салып, ерігенше араластыру. 2. Әр стаканға бір жұмыртқадан салу. Олардың екеуі де суда жүзе ме? (мұғалім оқушылармен ақылдаса отырып, жас ерекшелігіне қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуіне болады). Мектептің химия, биология кабинеттерінің зертханасына саяхаттау.
IV. Біздің айналамыздағы физика (барлығы – 9 сағат)
25-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физика – табиғат туралы ғылым
Физика ғылымы туралы қарапайым түсінік беру. Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Сұрағына жауап іздеу.
26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физикалық құбылыстар
Оқушыларға физика туралы қарапайым түсінік беру. Физикалық құбылыстарға жататындар:
1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);
2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т. б.).
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент
28-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физикалық шамалар
Физикалық шама. Физикалық шаманы қалай өлшейміз.Температураның халықаралық өлшем бірлігі – Цельсий туралы түсінік. Физикалық шаманы бірліктермен сәйкестендір тапсырмасын орындау. https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/deneler-men-zattar/lesson/fizikalyq-shamalar сілтемесі арқылы тапсрымалар орындау.
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Денелердің қозғалысы. Қозғалыс траекториясы
Денелердің қозғалысын анықтау; қозғалыс траекториясын табу.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жарық. Жарық көзі
Жарық пен қараңғыны салыстыру; жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау; кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу.
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жылу. Денелердің жылуы және сууы
Негізгі температуралық шәкіл. Жылыту құрылғыларын анықтау; тұрлі денелердің температурасын өлшеу; түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерделеу
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Электрлік
Адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру; электр энергиясы көздерін анықтау. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ai-nymaly-tok/lesson/ehlektr-togynyng-qoldanysy сілтемесі арқылы бейнефильм көру.
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Магниттілік
Магниттік қасиеті бар денелерді анықтау; магниттің қасиетін зерттеу.
34-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Біз не үйрендік?
Нормативтік бөлім
2-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат
№ Р/с |
Тақырыбы |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Өткізілу түрі |
Білімдік өнім |
|
|
1 |
Кіріспе |
Қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру |
1 |
Әңгіме, саяхат |
|
|
|
I бөлім. Адам және табиғат Барлығы: 12 сағат |
|
|
|||||
1 |
Адам және табиғат |
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы білім беру; Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысын түсіндіру |
1 |
Танымдық |
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы біледі;; Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысын түсінеді |
|
|
2 |
Табиғат - тіршілік көзі |
Табиғат құндылығының маңыздылығын, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігін зерделеу |
1 |
Саяхат, әңгіме |
Табиғат, қоршаған орта туралы зерделеу |
|
|
3 |
Адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлығы |
Тірі табиғат туралы түсінік беру; танымдық әрекеттерін шыңдау |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме, «Суретті қимылмен әңгімелеу», «Киімдер тізбегі әңгімесі», «Қазына іздеу» жаттығулары |
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру |
|
|
4 |
Туған өлке табиғаты |
Түрлі дереккөздер негізінде еліміздің климаты, ауа райы туралы әңгімелеу; ауа райының және оның адамға әсерін анықтау; Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер үйрену |
1 |
Танымдық, ойын, әңгіме |
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында коллаж жасау; Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы сурет көрмесін өткізу, өлең шығару, коллаж жасау, постер қорғау |
|
|
5 |
Біздің ғаламшар |
Ғаламшар туралы түсініктерін кеңейту |
1 |
Әңгіме, |
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасы |
|
|
6 |
Жыл мезгілдері. Ауа райы |
Жыл мезгілдері, ауа райы туралы зерделеу; жыл мезгілдерінің адам мен жан-жануарлар өміріндегі орнын анықтау; ауа райының адам өміріне оң және кері әсерін талдау |
1 |
Таныстырылым, бейнефильм, әңгіме |
Табиғатқа, мектеп ауласына саяхаттау. Бақылау жасайды |
|
|
7 |
Табиғат құбылыстары |
Табиғат құбылыстары жайлы қызықты мәліметтермен және болжамдармен танысу, зерделеу; табиғат құбылыстарының адам өміріне оң және кері әсерін бақылау |
1 |
Мультфильм, бейнефильм көру |
Ауа райы жайлы халық болжамдары, қызықты мәліметтер; ауа райына бақылау жасау; тәжірибе жұмысын жасау |
|
|
8 |
Өсімдіктер патшалығы |
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу. Жапырақтың үстіңгі қабатының қызметі туралы білу; өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу; Өсәімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау |
1 |
Зерттеу |
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттейді.Жапырақтың үстіңгі қабатының қызметі туралы біледі |
|
|
9 |
Жануарлар патшалығы |
Жануарлар класының өкілдерін ажырату; жаунарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау; көбею жолдарын түсіндіру |
1 |
Танымдық , зерделеу |
Постер, коллаж |
|
|
10 |
Құстар – біздің досымыз |
Құстар класының өкілдерін ажырату; құстардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау; көбею жолдарын түсіндіру |
1 |
Танымдық , зерделеу |
Постер, коллаж |
|
|
11 |
Қызықты деректер |
Өсімдіктер, Құстар, Жануарлар туралы қызықты деректермен танысу |
1 |
Зерделеу, шығармашылық |
Таныстырылым |
1 |
Бейнефильм, топтық жұмыс, ойын |
II. Бізді қоршаған орта (барлығы – 7 сағат) |
|
|
|||||
1 |
Отбасым және мен |
Отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау; Өз отбасының дәстүрін түсіндіру; Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, міндеттерін анықтау |
1 |
Әңгіме, шығармашылық |
Отбасы дегеніміз не? Отбасы құрамы. «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме, өлең құрастыру. Сурет көрмесін ұйымдастыру |
|
|
2 |
Дені саудың - жаны сау |
Денсаулық сақтаудың маңызын талдау; денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау |
1 |
Бейнефильм, пікірталас |
Мектеп медбикесінің қатысуымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында пікірталас. Постер жасау |
|
|
3 |
Дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтану пирамидасы |
Тиімді және үйлесімді тамақтану дағдысын қалыптастыру дұрыс тамақтануды ұйымдастыру пирамидасымен таныстыру; дұрыс тамақтану ережесін білу |
1 |
Ойын , әңгіме «Кім жылдам» ойыны |
«Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілі – тиімді және үйлесімді тамақтану» тақырыбында пайымдайды. Азық-түліктің 7 тобы |
|
|
4 |
Саламатты өмір салты (СӨС) |
Салауатты өмір салты туралы түсінік беру; Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіну |
1 |
Таныстырылым, ойын, топтық жұмыс «515» әдісі, «Коллаж әңгіме», «Түйінді сөздер» әдістері арқылы тапсырмалар орындау |
Салауатты өмір салты туралы зерделейді |
|
|
5 |
Менің қызығушылығым |
Қызығушылық туралы талдау |
1 |
Зерделеу |
Таныстырылым, коллаж |
|
|
6 |
Қоршаған ортаға экологиялық шолу |
Экологияның мәні мен міндеттерін түсіндіру |
1 |
Зерттеу |
Таныстырылым, альбом |
|
|
7 |
Қалдықтардың көбеюінен төнетін қауіп |
Экологияның ахуалын, ластануын талқылау; экологияны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне назар аударту |
1 |
Зерттеу |
Зерделеу |
|
|
Барлығы – 4 сағат |
|
|
|||||
1 |
Ғарыш әлемі |
Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау, зерделеу |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме |
«Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі» тақырыптарына сурет көрмесін жасау |
|
|
2 |
Ғарышқа саяхат |
Планета. Жұлдыздар. Галактика. Күн жүйесінің орналасу тәртібін анықтау; оларды салыстыру |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме, |
Ғарышқа саяхат, Планеталар, Жұлдыздар, Галактика туралы бейнефильмдерді көріп, алған әсерлерімен бөлісу |
|
|
3 |
Ғарышқа ұшқан үш қыран |
Қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы зерделеу |
1 |
Әңгіме, зерделеу |
Сурет көрмесі |
|
|
4 |
Мен зерттеушімін |
Зерттеу жұмыстарын жасауға үйрену; оқушылардың зерттеу дағдыларн дамыту |
1 |
Зерттеу |
Зерттеу жасау |
|
|
IV. Біздің айналамыздағы физика Барлығы – 9 сағат |
|
|
|||||
1 |
Физика – табиғат туралы ғылым |
Оқушыларға физика туралы қарапайым түсінік беру |
1 |
Зерделеу |
|
|
|
2 |
Физикалық құбылыстар |
Физикалық құбылыстар туралы қарапайым түсінік беру |
1 |
Топпен жұмыс |
«Физикалық құбылыстардың қасиеті» кластер жасау |
|
|
3 |
Физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент |
Физикалық құбылыстарды зерттеу әдістерімен таныстыру |
1 |
Проблемалы жағдаят қою |
«Бақылау» , «Эксперимент» кластері Бақылау, эксперимент жасау жоспар |
|
|
4 |
Физикалық шамалар |
Физикалық шамалар, оны өлшеу |
1 |
Топпен жұмыс Тәжірибе сабақ |
«Физикалық шамалар» кестесі, сурет салу |
|
|
5 |
Денелердің қозғалысы. Қозғалыс траекториясы |
Денелердің қозғалысын анықтау; қозғалыс траекториясын табу |
1 |
Тәжірибе сабақ |
«Денелердің қозғалысы» кластері Шағын тәжірибе жасау |
|
|
6 |
Жарық. Жарық көзі |
Жарық пен қараңғыны салыстыру; жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау; кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу |
1 |
Зерттеу, тәжірибе |
Графикалық таныстырылым |
|
|
7 |
Жылу. Денелердің жылуы және сууы |
Жылыту құрылғыларын анықтау; тұрлі денелердің температурасын өлшеу; түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерделеу |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибе |
|
|
8 |
Электрлік |
Адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру; электр энергиясы көздерін анықтау |
1 |
Танымдық, зерделеу |
Шағын тәжроибе |
|
|
9 |
Магниттілік |
Магниттік қасиеті бар денелерді анықтау; магниттің қасиетін зерттеу |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау |
|
|
Қорытындылау – 1 сағат |
|
|
|||||
1 |
Біз не үйрендік? |
Осыған дейін алған білімдерін зерделеу |
1 |
Тест |
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын зерделеу |
|
|
3-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы - 34 сағат
-
Кіріспе ( 1 сағат).
«Жаратылыстану әлемінде» таныстырылымы арқылы қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру. Мектеп ауласына, саябаққа серуендеу.
II.Адам және табиғат (барлығы – 9 сағат)
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Адам және табиғат»
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы әңгімелеу. Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысы. «Табиғат - тіршілік көзі». Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігі. «Адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлығы» тақырыбында сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Туған өлке табиғаты
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан табиғаты. Климаты. Даласы, таулары, өзен-көлдері. Қазба байлықтары.
Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы таныстырылым, бейнефильмдер көрсету. Топпен жұмыс істеу. Еркін тақырыпта сурет салу, өлең шығару, шағын сахналық көрініс қою.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Біздің ғаламшар
Жер мен Ай. Күн мен түн. Жұлдыздар. Youtube сайтынан бейнефильм жүктеп немесе қолда бар энциклопедия, әдебиеттерді зерделей отырып, оқушыларға таныстыру. «Түйінді сөздер» әдісі арқылы тапсырмалар орындау.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ауа райы
Таныстырылым жасау немесе https://bilimland.kz/ru/courses/poznanie-mira/vozdux-voda-pogoda сілтеме арқылы бейнефильм көрсету. Табиғатқа, мектеп ауласына саяхаттау. Бақылау жасау.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өсімдіктер патшалығы
Өсімдіктер жайлы жалпы мәлімет. Өсімдіктің түрлері туралы https://imektep.kz/kz/osimdik-turleri сайтынан бейнефильм көру. Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын анықтайды; жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады Өсімдіктер туралы не білеміз? «Қаламызда, ауламызда өсіп тұрған өсімдіктер» тақырыбында альбом, гербарий жасау.
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жануарлар патшалығы
Жануарлар туралы түсінік. «Bilim lend» сайтынан «Жануарлардың әралуандығы» туралы видеофильм көрсету. Жабайы және үй жануарлары. «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жануарларды тиісті топқа жікте» ойыны. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау, пластилиннен мүсінін дайындау немесе суретін салу.
8-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Құстар туралы жалпы мәлімет. «Құстарды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Құстарды тиісті топқа жікте» ойыны. https://www.youtube.com/watch?v=WLrquUYc40A сілтемесі немесе басқа да ресурстардан құстар туралы бейнефильм көру.
9-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітабы
Қызыл кітап туралы жалпы мәлімет. Youtube және т.б. сайттардан тиісті бейнефильмдер көрсету. Неліктен жануарлар, құстар, өсімдіктер жойылуда? Мен оларға қалай көмектесе аламын? Ойталқы.
10-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Неліктен жануарлар құстар, өсімдіктер ожйылуда?
Жануарлар, құстар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын зерделеу
II. Бізді қоршаған орта (барлығы – 7 сағат)
11-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені
Отбасы құрамы. «Менің отбасым» тақырыбында альбом, сурет көрмесі немесе таныстырылым жасау, эссе жазу.
12-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық
Денсаулық туралы ақпарат беру. Imektep сайтынан «Денсаулық» туралы бейнефильм көрсету. Мектеп медбикесінің қатысуымен «Тазалық – денсаулық кепілі», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында пікірталас. «Сөйлемді толықтыр» ойыны арқылы денсаулық туралы мақал-мәтелдердің бөлігін табу.
13-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтану пирамидасы. Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру пирамидасымен таныстыру. Дұрыс тамақтану туралы Youtube, «Bilim lend» және т.б. сайттардан тиісті бейнефильмдерді көрсету. Азық-түліктің 7 тобы. «Мынау не?», «Тиістісін тап» дидактикалық ойындары. Топтық жұмыс «Менің ас мәзірім» тамақтану ережесін жасау.
14-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Саламатты өмір салты (СӨС).
Саламатты өмір салты дегеніміз не? Таныстырылым көрсету. Саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы. Тапсырмалар орындау, ойын ойнату, топты жарыстыру.
15-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қоршаған ортаға экологиялық шолу
Экология дегеніміз не?
16-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адам және қоршаған орта экологиясы
Адам денсаулығы және экология. Адам денсаулығына экологиялық фактордың эсері.
17-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қоршаған ортаға көмектесеміз»
Қоршаған ортаның ластануы. тақырыбында жоба қорғау, эссе жазу.
III. Саяхат (барлығы – 4 сағат)
18-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Ғарыш дегеніміз не? https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ, https://imektep.kz/kz/garysh-video, https://www.youtube.com/watch?v=bs0hTo46--8 сілтемелерінен бейнефильмдер арқылы ғарыш туралы жалпы түсінік беру. Ғарышкерлер. Тұңғыш ғарышкер. «Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі» тақырыптарына сурет салу.
19-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Планета. Жұлдыздар. Галактика. Ұшу аппараттары жөнінде қарапайым түсінік беру. Балаларға арналған энциклопедиялардан немесе интернеттен, мысалы, https://kosmos-x.net.ru/blog/kosmos/1-0-1 немесе Youtube, «Bilim lend» сайттарынан ғарышқа саяхат, Планеталар, Жұлдыздар, Галактика туралы бейнефильмдерді көріп, алған әсерлерімен бөлісу. Соның негізінде конструктордан зымыран құрастыру, суретін салу, коллаж жасау.
«Стакандағы ғарыш» тәжірибе жасау. Мұғалім алдын ала тәжірибе түрін ойластыруына немесе «Стакандағы ғарыш» тәжірибесін жасатуына болады. Тәжірибе үшін: 250 грамдық стакан, сұйық май, медициналық спирт, су, пипетка керек. 1. Стаканға 100 – 150 грамм спирт құямыз. 2. Пипеткамен ақырын бір тамшы май тамызамыз. Егер пипетка кішкентай болса, онда бір жерге бірнеше тамшы тамызасыз. Тамшыны бақылайсыз. Ол суда жүзіп жүруі және дөңгелек май дағы сияқты болып ағып тұруы керек. Спирт тамшысы бірден судың түбіне түсіп кетеді де ол әдемі алтын шар сияқты болып көрінеді.
Оқушыларға былайша түсіндіресіз: Май суда емес спиртпен араласқанда неліктен олай көрінеді? Мұның мәні осы үш сұйықтықтың тығыздығында болып тұр. Әртүрлі сұйықтық әртүрлі тығыздықта болады да түрлі меншіктік салмаққа ие болады. Салмақты сұйықтықтар салмағы жеңіліне түскен кезде батып кетеді.
20-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышты зерттеу
Ғарыш айлағы туралы мәлімет. Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары. Зерттеу жұмыстарын жасау.
21-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарыш денелері
IV. Біздің айналамыздағы физика (барлығы – 8 сағат)
22-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физика – табиғат туралы ғылым
Физика ғылымы туралы қарапайым түсінік беру. Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Сұрағына жауап іздеу.
23-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Күнделікті тұрмыстағы физика
Физикалық құбылыстар
Физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент
Үйімізде физиканы қалай көреміз?
Кемпірқосақ қалай және неліктен пайда болады?
Найзағай қалай және неліктен пайда болады?
Көшеден физиканы қалай табамыз?
24-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Өлшем бірліктері.
Бірліктердің халықаралық жүйесі.
25-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Денелер мен заттар
Денелер мен заттардың қаисеті.
26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Денелердің, сұйықтықтардың, газдың қасиеттері
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Тартылыс күші
28-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Үйкеліс күші
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Архимед күші
V. «Мен зерттеушімін» (барлығы – 4 сағат)
Оқушылардың жас деңгейіне қарай зерттеу жұмыстарын жасау. Мұғалім оқушылармен ақылдаса отырып, жас ерекшелігіне қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуіне болады. Мектептің химия, биология кабинеттерінің зертханасына саяхаттау.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қалдықтардың көбеюінен төнетін қауіп
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы зерттеу.
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Ғаламшарға көмектесеміз» жоба жұмысы
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Тақырыбы: «Қазақстан табиғаты – жер жаннаты» жоба жұмысы
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Адам – табиғаттың бір бөлігі» зерттеу сабағы
34-сабақ (1 сағат)
Қорытынды сабақ. Біз не үйрендік?
Нормативтік бөлім
3-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат
№ Р/с |
Тақырыбы |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Өткізілу түрі |
Білімдік өнім |
1 |
Кіріспе |
Қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру |
1 |
Әңгіме, саяхат |
|
I бөлім. Адам және табиғат Барлығы: 9 сағат |
|||||
1 |
Адам және табиғат |
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы білім беру; Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысын талдау |
1 |
Танымдық |
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасы |
2 |
Туған өлке табиғаты |
Туған өлке табиғатын сипаттап, бақылау жасау; климаттың негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау; Ауа райының адам өміріне оң және кері әсерін талдау; Еліміздің ірі табиғат нысандарының (таулары, өзен-көлдері) маңызын анықтау |
|
Ойын, әңгіме сабақ. Таныстырылым көрсету, карапайым тәжірибе жасау |
Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы сурет көрмесін өткізу, өлең шығару, коллаж жасау, постер қорғау |
3 |
Біздің ғаламшар |
Ғаламшар туралы түсініктерін талдау |
1 |
Әңгіме |
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасы |
4 |
Жыл мезгілдері. Ауа райы |
Жыл мезгілдері, ауа райы туралы зерделеу; жыл мезгілдерінің адам мен жан-жануарлар өміріндегі орнын анықтау; ауа райының адам өміріне оң және кері әсерін талдау |
1 |
Таныстырылым, бейнефильм, әңгіме |
Табиғатқа, мектеп ауласына саяхаттау. Бақылау жасайды |
5 |
Өсімдіктер патшалығы |
Өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу; өсімдіктерді тіршілік ортасына және қоршаған орта жағдайына қарай бейімделу жолдарын салыстыру |
1 |
Бейнефильм, әңгіме
|
«Таңғажайып өсімдіктер», «Өсімдіктерді қорғау», «Өсімдіктер туралы қызықты мәліметтер» тақырыптарына зерттеу жұмысы, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сканворд құрастыру |
6 |
Жануарлар патшалығы |
Жануарлар класының өкілдерін ажырату, талдау; жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру; жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату; табиғаттағы жануарлардың арасындағы өзара байланысты зерттеу |
1 |
Бейнефильм, топтық жұмыс, ойын «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жануарларды тиісті топқа жікте» ойыны |
Жабайы және үй жануарлары. «Жануарларға қамқорлық тақырыбында жоба жұмысын немесе эссе жазу |
7 |
Құстар – біздің досымыз |
Құстар класының өкілдерін ажырату, талдау; құстардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру; құстарды тіршілік ортасы бойынша ажырату; табиғаттағы құстардың арасындағы өзара байланысты зерттеу |
1 |
Бейнефильм, топтық жұмыс, «Құстарды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Құстарды тиісті топқа жікте» ойыны |
«Құстар – біздің досымыз», «Құстардың қорегі», «Құстардың құпиясы», «Құстардың өмірі», «Құстар туралы қызықты деректер» тақырыптарында эссе жазу, зерттеу жұмысы, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сканворд құрастыру |
8 |
Қазақстанның Қызыл кітабы |
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер, жануарлар мен құстардың маңыздылығын анықтау |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, ойталқы |
Қызыл кітап туралы жалпы мәлімет |
9 |
Неліктен жануарлар, құстар, өсімдіктер жойылуда? |
Жануарлар, құстар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын зерделеу |
1 |
Пікірталас, зерделеу |
Қызыл кітапқа енген жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы реферат, жоба жұмысы |
II. Бізді қоршаған орта (барлығы – 7 сағат) |
|||||
1 |
Отбасы – бақыт мекені |
Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру; отбасы шежіресін құрастыру; өз отбасының құндылықтарын анықтау |
1 |
Зерделеу |
«Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу |
2 |
Денсулық – зор байлық |
Денсаулықты күту жолдарын талдау; ауыру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру |
1 |
Бейнефильм, пікірталас «Сөйлемді толықтыр» ойыны |
«Тазалық – денсаулық кепілі», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тақырыбында пікірталас. Постер жасау |
3 |
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі |
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілі – тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру; дұрыс тамақтануды ұйымдастыру пирамидасын зерделеу; өз тамақтану тәртібін жасау |
1 |
Ойын, әңгіме «Мынау не?», «Тиістісін тап» дидактикалық ойындары |
«Менің ас мәзірім» тамақтану ережесін жасау |
4 |
Саламатты өмір салты (СӨС) |
Салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейту; Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын талдау |
1 |
Таныстырылым, ойын, топтық жұмыс |
«515» әдісі, «Коллаж әңгіме», «Түйінді сөздер» әдістері арқылы тапсырмалар орындау |
5 |
Қоршаған ортаға экологиялық шолу |
Қоршаған ортаға экологияның әсерін талдау; адам денсаулығы мен экологияның қарым-қатынасын анықтау |
1 |
Зерделеу |
Таныстырылым, коллаж |
6 |
Адам және қоршаған орта экологиясы |
Адам мен қоршаған орта экологиясы туралы талдау |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
7 |
Қоршаған ортаға көмектесеміз |
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау туралы талқылау |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
II. Саяхат (барлығы – 4 сағат) |
|||||
1 |
Ғарыш әлемі |
Ғарыш туралы білімдерін толықтыру; ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын зерделеу |
1 |
Бейнефильм, таныстырылым, әңгіме |
Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі», «Ғарышта өмір бар ма?» тақырыптарына реферат, жоба жұмысын жазу, сурет салу |
2 |
Ғарышқа саяхат |
Зерттеу жұмысын жасауға үйрену |
1 |
Зерттеу |
Зерттеу жұмысын жасау арқылы ғарыш туралы білімдерін дамыту |
3 |
Ғарышты зерттеу |
Қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы зерделеу |
1 |
Әңгіме, зерделеу |
Сурет көрмесі |
4 |
Ғарыш денелері |
Ғарыш денелерін анықтау; зерделеу |
1 |
Зерделеу |
Зерттеу жасау |
IV. Біздің айналамыздағы физика Барлығы – 8 сағат |
|||||
1 |
Физика – табиғат туралы ғылым |
Оқушыларға физика туралы қарапайым түсінік беру |
1 |
Зерделеу |
|
2 |
Күнделікті тұрмыстағы физика |
Физикалық құбылыстарды анықтау; зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент жасау жолдары |
1 |
Топпен жұмыс |
Тәжірибе жасау «Бақылау» , «Эксперимент» кластері Бақылау, эксперимент жасау жоспар |
3 |
Өлшем бірліктері. Бірліктердің халықаралық жүйесі |
Өлшем бірліктерімін анықтау; бірліктердің халықаралық жүйесімен танысу |
1 |
Проблемалы жағдаят қою |
«Өлшем бірліктері» кластері Шағын тәжірибелер жасау |
4 |
Денелер мен заттар |
Денелер мен заттардың қасиетін анықтау |
1 |
Топпен жұмыс Тәжірибе сабақ |
«Денелер мен заттардың қасиеті» кластері |
5 |
Денелердің, сұйықтықтардың, газдың қасиеттері |
Денелердің, сұйықтықтардың, газдың қасиеттерін анықтау; зерделеу |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау |
6 |
Тартылыс күші |
Тартылыс күші туралы қарапайым білім беру |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау |
7 |
Үйкеліс күші |
Үйкеліс күші туралы қарапайым білім беру |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау |
8 |
Архимед күші |
Архимед күші туралы Қарапайым білім беру |
1 |
Танымдық, зерделеу |
Шағын тәжроибе |
Барлығы – 4 сағат |
|||||
1 |
Қалдықтардың көбеюінен төнетін қауіп |
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы зерттеу |
1 |
Зерттеу сабағы |
Таныстырылым жасау |
2 |
«Ғаламшарға көмектесеміз» жоба жұмысы |
Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту |
1 |
Зерттеу сабағы |
Жоба жұмысы |
3 |
«Қазақстан табиғаты – жер жаннаты» жоба жұмысы |
1 |
Зерттеу сабағы |
Жоба жұмысы |
|
4 |
«Адам – табиғаттың бір бөлігі» зерттеу сабағы |
1 |
Зерттеу сабағы |
Жоба жұмысы, танысытрылым жасау |
|
Қорытынды – 1 сағат |
|||||
1 |
Біз не үйрендік? |
Осыған дейін алған білімдерін зерделеу |
1 |
Тест |
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын зерделеу |
4-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы - 34 сағат
I.Кіріспе ( 1 сағат).
«Жаратылыстану әлемінде» таныстырылымы арқылы қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру. Мектеп ауласына, саябаққа серуендеу.
II.Адам және табиғат (барлығы – 6 сағат)
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адам және табиғат
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы әңгімелеу. Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысы. «Табиғат - тіршілік көзі». Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адам қатынасының үйлесімділігі. «Адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлығы» тақырыбында сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адам – табиғаттың бір бөлігі
Адамзаттың табиғатқа қамқорлығы.
4-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Туған өлке табиғаты
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан табиғаты. Климаты. Даласы, таулары, өзен-көлдері. Қазба байлықтары.
Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы таныстырылым, бейнефильмдер көрсету. Топпен жұмыс істеу. Еркін тақырыпта сурет салу, өлең шығару, шағын сахналық көрініс қою.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Таңғажайып өсімдіктер
Табиғат дүниесінде адам баласы құпиясын ашып болмайтын таңғажайып құбылыстар жетерлік. Солардың бір саласы - өсімдіктер әлемі. Талайды таңдай қақтырған тылсым да үрейлі әрі қызықты алуан түрлі өсімдіктер жайлы қарастыру.
6-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жануарлар әлемінің құпиясы
Жануарларда кез келген адам біле бермейтін немесе аңғармайтын өзіндік тіршіліктеріне тән қасиеттері, әдеттері мен қызықты әрі сирек кездесетін табиғи ерекше мінез-құлықтары болады. Ол белгілі бір дәрежеде адам баласы мен қоғамға, табиғатқа, жалпы тіршілікке қызмет ететінін ескерсек, мұның зор пайдасы бар екенін анықтай аламыз. Бұл қызықты жайларды біздің ежелгі ата-бабаларымыз далада еңбек етіп жүріп, мал бағып немесе аң аулап жүріп, әр құбылыс пен табиғи жағдайды пайымдай отырып анықтаған. Сонымен бірге осы жайларды зердесіне тоқи жүріп, жан-жануарлардың осы «қызметтерін» өз тіршіліктері мен алуан түрлі шаруашылық саласы мен тұрмыс жағдайына ұтымды пайдалана алған. Әрі қызықты, әрі тағылымды осындай жайлар өмірімізде әрқашан қажетті екенін түсіндіру.
«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау, суретін көрмесін жасау.
7-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Құстар – қанатты достар
Құстар әлемі. https://www.youtube.com/watch?v=WLrquUYc40A сілтемесі немесе басқа да ресурстардан құстар туралы бейнефильм көру. Құстардың алуан түрлілігі; құстарды қорғау жолдарын ұсыну.
II. Бізді қоршаған ортаға экологиялық шолу (барлығы – 7 сағат)
8-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қоршаған ортаға экологиялық шолу
Экология дегеніміз не? Экология ғылымының зерттелуі мен тарихы. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы.
9-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адам және қоршаған орта экологиясы
10-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Адам денсаулығы және экология
Адам денсаулығына экологиялық фактордың әсері
11-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Табиғи ортаның экологиялық проблемалары
12-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Экология және мәдениет
13-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Экологиялық апаттардың сипаты мен зардаптары
14-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қоршаған ортаға көмектесеміз» жоба жұмысы
Жоба қорғау, эссе жазу
III. Саяхат (барлығы – 7 сағат)
15-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Ғарыш дегеніміз не? https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ, https://imektep.kz/kz/garysh-video, https://www.youtube.com/watch?v=bs0hTo46--8 сілтемелерінен бейнефильмдер арқылы ғарыш туралы жалпы түсінік беру. Ғарышкерлер. Тұңғыш ғарышкер. «Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі» тақырыптарына сурет салу.
16-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Планета. Жұлдыздар. Галактика. Ұшу аппараттары жөнінде қарапайым түсінік беру. Балаларға арналған энциклопедиялардан немесе интернеттен, мысалы, https://kosmos-x.net.ru/blog/kosmos/1-0-1 немесе Youtube, «Bilim lend» сайттарынан ғарышқа саяхат, Планеталар, Жұлдыздар, Галактика туралы бейнефильмдерді көріп, алған әсерлерімен бөлісу. Соның негізінде конструктордан зымыран құрастыру, суретін салу, коллаж жасау.
«Стакандағы ғарыш» тәжірибе жасау. Мұғалім алдын ала тәжірибе түрін ойластыруына немесе «Стакандағы ғарыш» тәжірибесін жасатуына болады. Тәжірибе үшін: 250 грамдық стакан, сұйық май, медициналық спирт, су, пипетка керек. 1. Стаканға 100 – 150 грамм спирт құямыз. 2. Пипеткамен ақырын бір тамшы май тамызамыз. Егер пипетка кішкентай болса, онда бір жерге бірнеше тамшы тамызасыз. Тамшыны бақылайсыз. Ол суда жүзіп жүруі және дөңгелек май дағы сияқты болып ағып тұруы керек. Спирт тамшысы бірден судың түбіне түсіп кетеді де ол әдемі алтын шар сияқты болып көрінеді.
Оқушыларға былайша түсіндіресіз: Май суда емес спиртпен араласқанда неліктен олай көрінеді? Мұның мәні осы үш сұйықтықтың тығыздығында болып тұр. Әртүрлі сұйықтық әртүрлі тығыздықта болады да түрлі меншіктік салмаққа ие болады. Салмақты сұйықтықтар салмағы жеңіліне түскен кезде батып кетеді.
17-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Галактика
18-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Ғарыш денелері
19-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Күн. Күн жүйесі
Қазіргі ғалымдардың Күн жүйесі жайлы божамдары. Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсері туралы не білеміз? Күн нәтижесінде пайда болатын құбылыстар.
20-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жер. Жер құрылымы
21-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жердің айналуы. Жердің табиғи және жасанды серіктері.
IV. Біздің айналамыздағы физика (барлығы – 8 сағат)
22-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физика – табиғат туралы ғылым
Физика ғылымы туралы қарапайым түсінік беру. Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Сұрағына жауап іздеу.
23-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Физикалық құбылыстар.
Физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент
24-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Күнделікті тұрмыстағы физика
Үйімізде физиканы қалай көреміз?
Кемпірқосақ қалай және неліктен пайда болады?
Найзағай қалай және неліктен пайда болады?
Көшеден физиканы қалай табамыз?
25-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Жарық. Жарық көздері
Жарықтың таралуы. Жарық жылдамдығы.
26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Дыбыс. Дыбыс көздері
Дыбыстың сипаттамалары. Дыбыстың таралуы.
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Электр тоғы. Тоқ көздері
28-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Магниттік құбылыстар
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Айналамыздағы физика
Физика туралы, физикалық құбылыстар туралы қызықты мәліметтер.
V. «Мен зерттеушімін» (барлығы – 4 сағат)
Оқушылардың жас деңгейіне қарай зерттеу жұмыстарын жасау. Мұғалім оқушылармен ақылдаса отырып, жас ерекшелігіне қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуіне болады. Мектептің химия, биология кабинеттерінің зертханасына саяхаттау.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Қалдықтардың көбеюінен төнетін қауіп
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы зерттеу.
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Ғаламшарға көмектесеміз» жоба жұмысы
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Тақырыбы: «Туған өлкем – неткен көркем» жоба жұмысы
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Адамзаттың табиғатсыз, табиғаттың адмзатсыз күні жоқ» зерттеу сабағы
34-сабақ (1 сағат)
Қорытынды сабақ. Біз не үйрендік?
Нормативтік бөлім
4-сынып
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат
№ Р/с |
Тақырыбы |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Өткізілу түрі |
Білімдік өнім |
1 |
Кіріспе |
Қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру |
1 |
Әңгіме, саяхат |
|
I бөлім. Адам және табиғат Барлығы: 6 сағат |
|||||
1 |
Адам және табиғат |
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы туралы білім беру; Адамның қоршаған орта табиғатымен байланысын талдау |
1 |
Танымдық |
Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасы |
2 |
Адам – табиғаттың бір бөлігі |
Адамзаттың табиғатқа қамқорлығы туралы талдау |
1 |
Ойын, әңгіме сабақ. Таныстырылым көрсету |
Ойталқы |
3 |
Туған өлке табиғаты |
Туған өлке табиғатын сипаттап, бақылау жасау, зерттеу жүргізу; адамзат дамуына климаттың әсерін талдау; зерттеу негізінде ауа райының адам өміріне оң және кері әсерін талдау; Еліміздің ірі табиғат нысандарының (таулары, өзен-көлдері) маңызын зерттеу |
1 |
Серуендеу, саяхат |
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан табиғаты. Климаты. Даласы, таулары, өзен-көлдері. Қазба байлықтары. Қазақстан даласы, таулары, өзен-көлдері, қазба байлықтары туралы эссе жазу, сурет көрмесін ұйымдастыру, постер құрастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу |
4 |
Таңғажайып өсімдіктер |
Алуан түрлі өсімдіктер дүниесін талдау; өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну |
1 |
Зерделеу |
Коллаж, сурет көрмесі, таныстырылым жасау |
5 |
Жануарлар әлемінің құпиясы |
Алуан түрлі жануарлар дүниесін талдау; өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну |
1 |
Зерделеу |
Коллаж, сурет көрмесі, таныстырылым жасау |
6 |
Құстар – қанатты достар |
Алуан түрлі құстар дүниесін талдау; өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну |
1 |
Зерделеу |
Коллаж, сурет көрмесі, таныстырылым жасау |
II. Бізді қоршаған ортаға экологиялық шолу (барлығы – 7 сағат) |
|||||
13 |
Қоршаған ортаға экологиялық шолу |
Қоршаған ортаға экологияның әсерін талдау; адам денсаулығы мен экологияның қарым-қатынасын зерделеу |
1 |
Зерделеу |
Таныстырылым, коллаж |
14 |
Адам және қоршаған орта экологиясы |
Адам мен қоршаған орта экологиясы туралы талдау |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
15 |
Адам денсаулығы және экология |
Адам денсаулығына экологиялық фактордың әсерін талдау |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
16 |
Табиғи ортаның экологиялық проблемалары |
Табиғи ортаның экологиялық проблемаларын талдау, зерделеу |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
17 |
Экология және мәдениет |
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
18 |
Экологиялық апаттардың сипаты мен зардаптары |
Экологиялық апаттардың сипаты мен зардаптары жөнінде талқылау |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
19 |
Қоршаған ортаға көмектесеміз |
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау туралы талқылау |
1 |
Зерделеу |
Ойталқы |
II. Саяхат Барлығы – 7 сағат |
|||||
1 |
Ғарыш әлемі |
Зерттеу жүргізуге баулу; зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау |
2 |
Танымдық, зерттеу |
Ғарыш дегеніміз не? Ғарышқа саяхат. Ұшу аппараттары. Космонавтар. «Менің зымыраным», «Мен ұшқыш боламын», «Ғарыш әлемі», «Ғарышта өмір бар ма?» тақырыптарына эссе, реферат, жоба жұмысын жазу, сурет салу, конструктор құрастыру |
2 |
Ғарышқа саяхат |
Зерттеу жүргізуге баулу; зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау |
1 |
Зерттеу |
Ұсынылған тәжірибелерден бірнешеуін жасату арқылы ғарыш туралы түсініктерін кеңейту |
3 |
Галактика |
Галактиканың ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері екендігін түсіндіру; талдау, зерделеу |
1 |
Әңгіме, зерделеу |
Сурет көрмесі |
4 |
Ғарыш денелері |
Ғарыш денелерін талдау; зерделеу |
1 |
Зерделеу |
Зерттеу жасау |
|
Күн. Күн жүйесі |
Қазіргі ғалымдардың Күн жүйесі жайлы божамдарын зерделеу; Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсерін анықтау; Күн энергиясының нәтижесінде пайда болатын құбылыстарды анықтау |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Күн жүйесінің үлгісі |
|
Жер. Жер құрылымы |
Жедің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік беру |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Жердің ішкі және сыртқы құрылысы |
|
Жердің айналуы. Жердің табиғи және жасанды серіктері |
Жердің айналуы, табиғи және жасанды серіктері туралы түсінік беру |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Жердің табиғи және жасанды серіктерінің үлгісі |
IV. Біздің айналамыздағы фиизка Барлығы – 8 сағат |
|||||
1 |
Физика – табиғат туралы ғылым |
Оқушыларға физика туралы қарапайым түсінік беру |
1 |
Зерделеу |
|
|
Фиизкалық құбылыстар |
Физикалық құбылыстарды анықтау; зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент жасау жолдары |
1 |
Топпен жұмыс |
Тәжірибе жасау «Бақылау» , «Эксперимент» кластері Бақылау, эксперимент жасау жоспар |
|
Күнделікті тұрмыстағы физика |
Тұрмыстағы физикалық құбылыстарды анықтау |
1 |
Қарапайым тәжірибе жасау |
Шағын тәжірибелер |
9 |
Жарық. Жарық көздері |
Жарық көздерін анықтау жолдарын табу; жарықтың таралуы, жылдамдығын табу |
1 |
Топпен жұмыс Тәжірибе сабақ |
«Жарық көзі» кластері |
|
Дыбыс. Дыбыс көздері |
Дыбыс көздерін анықтау жолдарын табу; дыбыстың таралуы, дыбыстың жылдамдығын табу |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау; «Дыбыс көзі» кластері |
|
Электр тоғы. Тоқ көздері |
Тоқ көздерін табу жолдары |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау |
|
Магниттік құбылыстар |
Магниттік құбылыстар туралы қарапайым білім беру |
1 |
Тәжірибе сабақ |
Шағын тәжірибелер жасау |
|
Айналамыздағы физика |
Физика туралы, физикалық құбылыстар туралы қызықты мәліметтер беру |
1 |
Танымдық, зерделеу |
Шағын тәжроибе |
Барлығы – 4 сағат |
|||||
1 |
Қалдықтардың көбеюінен төнетін қауіп |
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы зерттеу |
1 |
Зерттеу сабағы |
Таныстырылым жасау |
2 |
«Ғаламшарға көмектесеміз» жоба жұмысы |
Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту |
1 |
Зерттеу сабағы |
Жоба жұмысы |
3 |
Туған өлкем – неткен көркем |
Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту |
1 |
Зерттеу сабағы |
Жоба жұмысы |
4 |
«Адамзаттың табиғатсыз, табиғаттың адмзатсыз күні жоқ» зерттеу сабағы |
Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту |
1 |
Зерттеу сабағы |
Жоба жұмысы, танысытрылым жасау |
Қорытынды – 1 сағат |
|||||
1 |
Біз не үйрендік? |
Курс бойы алған білімдерін қорытындылау |
1 |
Тест |
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын зерделеу |
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Бағдарламаның мақсатына сәйкес оқушылардың «Жаратылыстану» пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар өздігінен тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу, жобалық-зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар орындау, саяхаттар мен сайыстар ұйымдастыру, викториналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, олардың шешімін табуға мүмкіндіктер туғызу арқылы функционалдық сауаттылықтарын арттыру жүзеге асады.
Білім беру үдерісінде оқушылардың бойында жобаланған құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуда оқу нәтижелерін бағалау үдерісінің алатын орны ерекше. Себебі, бағалау оқыту үдерісінің барысында, оның өн бойында жүретін үдеріс. Оның негізгі қызметіне білім нәтижелеріне жету дәрежесін анықтау ғана емес, сол жобаланған нәтижелерге қол жеткізу үшін оқушыларға педагогикалық қолдау көрсету де жатады.
Бағалау үдерісі оқудың жоғары нәтижелеріне жету үшін:
• түзетушілік, ынталандырушылық, жүйелілік сияқты қызметтерді іске асыруды;
• «нені» және «қалай» бағалау арқылы оқу мақсаттарын айқындауды;
• оқушының дамуы мен жетістігі жайлы сандық және сапалық деректерді үздіксіз жинақтауды;
• жинақталған мәліметтер оқыту мен оқу үдерісі туралы білуге және оларды келешекте қалай жақсартуға болатынын түсінуге бағытталуын көздейді.
Бағдарламада қалыптастырушы бағалау арқылы біліктілікпен жинақталған деректер деңгейлеп оқытуды іске асыруға, яғни әр оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге ықпал етеді.
Мұғалім бағалауды оқыту нәтижесіне жету құралы ретінде қолдануы тиіс. Сыныптағы бағалау негізінде алынған ақпараттар арқылы мұғалім де, оқушы да тең дәрежеде оқыту және оқу әрекеттерін анықтай алады. Бұл ақпараттар әр түрлі жағдайда қалыптастырушы бағалау қызметін атқарады:
− үлкен тарауды бастағанға дейін кіріспе, тест ретінде және жеке оқушыны немесе жалпы топты оқыту барысында;
− қай оқушыларға көбірек тәжірибе қажеттігін талдау барысында;
− алынған нәтижелер негізінде нұсқаулықты үздіксіз қайталау кезінде;
− өзінің оқыту тәжірибесінің тиімділігіне рефлексия жасау барысында;
− оқушылармен олардың қабілеттерін және жақсартуды қажет ететін тұстарын талқылау барысында;
− жұптық жұмыстарға ықпал ету, үлгермейтін оқушылармен қандай оқушыларды жұптастыру қажеттігін ойлау кезінде қолданады.
Бағалау үдерісі үш кезеңнен тұрады:
1) ақпарат жинау;
2) оны талдау;
3) шешім қабылдау.
Мұғалімдердің осы деңгейлерде қаншалықты жұмыс істей алатынын бағалауға болады. Ақпарат жинақтау барысында басты назар оқушының оқу-танымдық қызметіне бағытталуы шарт. Бағалау үдерісінде алынатын ақпарат:
• оқу үлгерімінің стандартқа сәйкестігі;
• оқытудағы кедергілер;
• оқушы жетістіктері;
• оқушы біліміндегі кемшіліктер;
• оқыту әдістемесіндегі кемшіліктер;
• әрі қарай не істеу керек? Бағалау үдерісінің талдау кезеңінде оқуда пайда болған кемшіліктердің себеп-салдары сұрыпталады. Мысалы: оқыту немесе оқу барысында қай жерде қателік кетті, оқу бағдарламасының мазмұнының жеңіл немесе күрделілік деңгейі қандай, бүкіл сыныптың ішінде тапсырманы түсінбеген оқушылардың үлесі қанша және тағы басқалар. Ақпарат жинау нәтижесінен туындаған жоғарыдағы ақпаратты талдай отырып, мұғалім: «Оқуды жақсарту үшін не істеуім керек?» немесе «Оқушыларға қалай көмектесуге болады?» деген сұрақтардың шешімдерін іздейді.
Төменде оқушылардың орындауы қажет деп танылатын бірнеше сәттерді ұсынамыз:
• Оқушылардың проблеманы қалай шешкенін және қандай әрекеттер ойлап тапқанын нақтылап көрсететін әрекеттерді жаздыртып қойыңыз;
• Өздерінің қазір дамудың қай сатысында екенін және келешекте қай жерде болу қажеттігін көрсетіп өз ата-аналарына хат жаздыртыңыз;
• Өздерінің оқығаны мен үйренгенін мұғаліммен, ата-аналарымен бөлісу мақсатында көмегіңізді беріңіз. Бұл стратегиялар сыныпта уақыт өте келе орын алып жатқан жетістіктерді көрсете алады. Оқушылар алғашқы қадамдардан (оқу нәтижесін түсіну мен күтілетін бағалау нәтижелерінен) тәжірибесі болмаса кейінгі орын алатын қадамдарда (мысалы, өзін-өзі бағалауда) қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұған қоса оқушыларға оқу нәтижелері түсініксіз болса, өз жұмыстарын қалай бағалау қажеттігін білмесе немесе өздерінің қай тұстарын жақсарту қажеттігін анықтай алмаса, өз жетістіктері туралы басқалармен пікірлесу де оларға қиынға түседі. Оқу үшін бағалаудың барлық идеясы жоғарыда аталған «Мен қайда барамын?», «Мен қай жердемін?» және «Мен «бос орындарды» қалай толтырамын?» деген үш сұрақтың аясындағы жүзеге асатынын естен шығармаңыз.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар: өз ойын еркін жеткізіп, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей жүріп ынтымақтастыққа ұмтылады, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді.
Мұндағы қалыптастырушы бағалау:
- тиімді кері байланыс беру,
- түртіп алу арқылы бағалау,
- ауызша және жазбаша бағалау,
- сұрақ қою арқылы бағалау,
- өзін-өзі бағалау,
- өзара бағалау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Мұғалім тарапынан:
• сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін анықтап, оқушыларға ұсыну;
• оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен оқу ортасын құру;
• оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;
• оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру қамтамасыз етілуі қажет.
Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қарым-қатынас қағидасын іске асыру арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеті мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдануда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг үдерістерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсатына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану тиімді болмақ. Тарқатып жазатын болсақ, мысалы:
1) стратегиялар: өздігінен басқарылатын, эксперименттік, сыни, коммуникативтік, мәнмәтіндік;
2) технологиялар: шағын топтардағы (командадағы) жұмыс, кейс-стади (нақты жағдаяттар талдауы), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту.
3) әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық байланыс, тәжірибе негізінде оқыту, жобалау әдісі.
Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарым-қатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын пайдалану ұсынылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер:
Саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін белсенді дамытуға, оқыту қызығушылығына басқа әдіс-тәсілдер табуына мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттік тәсіл – оқушылардың максималды өз бетінше танымдық әрекеттер негізінде ақпараттық және коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыруға, оқытуды атқарушы әрекетіне бағыттауына мүмкіндік береді.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыруда мұғаліммен оқушы арасында тең әрекеттесуді көздейді. Келесі білім беру мақсаттарын шешеді: оқушы мен мұғалім арасындағы кедергіні бұзу, диалогтық қарым қатынасты орнату, шығармашылық қабілетке, ынтымақтастыққа және әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу.
Құзыреттілік тәсіл – оқушылар білім мен білікті тұтас бірге меңгеруді көздейді.
Кіріктірілген тәсіл – Пәнді басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстырады.
Жүйелік тәсіл – Пәнді оқытуда бөлімдерді өзара байланыстыра оқытуды қарастырады.
Осы тәсілдер:
-
топпен жұмыс барысында оқушылар жалпы жобамен жұмыс істеуді көздейді. Жобамен жұмыс жасау барысында бірлесіп жұмыс жасау маңызды болып табылады, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады;ғылыми-зерттеу әрекетін ынталандыру – тәжірибелік міндеттерді шешу үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, тәжірибелік, коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру;
-
проблемалық-бағдарлы оқыту – проблеманы өнертапқыштықпен шешу мүмкіндігі;
-
ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;
-
жоба жұмысы – кейінгі жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты алу, болжамды ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, орындалған жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігі;
-
алған білімін әртүрлі өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге ынталандыру;
-
шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық мәселелерді қоя білу.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
«Жаратылыстану әлемінде» элективті курсының бағдарламасы бойынша білім алған 1-4-сынып оқушысы:
- Зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізі қалыптасады;
- Техника мен технололгияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысады;
- Қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу дағдыларын меңгереді;
- Зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, ақпаратты қабылдау және түсіндіре алу дағдылары дамиды;
- Зерттеу әдісін таңдау, бақылау мен эксперименттің артықшылығы мен кемшілігін көрсете алады.
- Қазақстанның Қызыл кітабы, Ұлттық саябақтар мен қорықтар туралы біледі;
- Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындары туралы, пайдалы қазбаларды қорғау керектігі жөнінде біледі;
- Жер бетінің ірі элементтері, ғарыш денелері (астероидтар, кометалар, метеориттер, жұлдыздар, галактикалар), жердегі тіршілікке ғарыштың әсері, жыл мезгілдері туралы білімдері бар;
- Заттардың қасиеттерін біледі, оларды қасиеттеріне байланысты қолдана алады.
Пайдаланылған әдебиет
1.Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж. №604 бұйрығы).
2. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған үлгілік оқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж. №115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576).
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы).
5. «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2019 жыл.
6. Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 33б.
Милованович М. (2014) Reviews of National Policies for Education: Secondary Education in Kazakhstan [Ұлттық білім беру саясатын зерделеу: Қазақстандағы орта білім] OECD.
7. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. -Астана, 2015 ж.
8. Новая детская энциклопедия/Пер. С англ. С.В.Морозова, Н.С.Ляпковой и др. –М.: ЗАО «РОСМЭН-ПРЕСС», 2018. – 320 с.
9. Новейший полный справочник школьника/Под ред. Т.И.Максимовой.- М.: Эксмо.-576 с.
10. Менің алғашқы энциклопедиям.–Алматыкітап,2007. -391б.
Интернет ресурстар:
https://www.youtube.com/watch?v=Lvg45evtoOM
https://bilimland.kz/ru/courses/poznanie-mira/vozdux-voda-pogoda
https://www.youtube.com/watch?v=WLrquUYc40A
https://imektep.kz/kz/osimdik-turleri
https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ
https://imektep.kz/kz/garysh-video
https://www.youtube.com/watch?v=bs0hTo46--8
https://kosmos-x.net.ru/blog/kosmos/1-0-1
https://go.mail.ru/search_video?fr=amigo&gp=openpart4&q
https://bilimland.kz/ru/courses/vsemirnaya-istoriya/predystoriya-cheloveka
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/duniezhuzi-xalqy
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/nasilder-men-ulttar
https://www.youtube.com/watch?v=N7CAK0z8lX4
https://imektep.kz/kz/osimdik-turleri
64