Материалдар / Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаратылыстану

Күні: 04.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Мен - зерттеушімін Өсімдіктер әлемін қалай сақтауға болады?

Сабақтың мақсаты:

2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтау;

2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;

2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзімдер, нәтиже);

2.2.1.8 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру;

2.2.1.6 өз аймағының өсімдіктерін сипаттау;

2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтау;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: «Сіздердің алдызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол оқушы өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.

Талдау:Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

Білу және түсіну

«Артық сөзді тап» ойыны

Емен, мамыргүл, алма ағашы, қарағай.

Шырша, сабақ,жапырақ, жеміс.

Күрек, теледидар,тырма, суқұйғыш.

Қай сөздер қалды? Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? Қалай ойлайсың, өсімдік не үшін керек?

«Жариялау» әдісі

«Анықта» ойыны.

Тапсырма: суреттерге мұқият қарап, нұсқарлар нені білдіріп тұрғанын түсіндіру.

Адамға қажет өнімдер қандай өсімдіктерден алынған?

Өсімдіктерден тағы не алуға болады?

Есте сақта!

Өсімдіктерден азық-түлік, тақтай, мата, дәрі-дәрмек жаса-лады. Өсімдік айналаға көрік береді. Оларды қорғау керек.

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

«Кімдікі дұрыс?» тапырмасы. Суреттерге қарап, не байқағандарын ортаға салу. Адамдардың әрекеттерін бағалау. Қорытынды жасату.

Талдау

Дәптермен жұмыс.

Бағалау: белсенді оқушылардың күнделіктеріне пікір қалдыру.

Кері байланыс: Эдвард де Боно бойынша «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін қолдану.

Сабақты қорытындылау.

Сабақты түсінген, түсінбегендерін сұрау.

Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма: мазмұндау


Жаратылыстану

Күні: 11.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?

Сабақтың мақсаты:

2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау;

2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзімдер, нәтиже);

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Салеметсіздер ме оқушылар!Қане, балалар шеңберге тұра қалайық. Менің қолымдағы сандықшадан бір заттан аламыз.еді қолымыздағы заттарға қарайық.

Бұлар нелер?

Не үшін керек?

Қандай қызмет атқарады?

Енді, өсімдік сөзін 3 тілде айтып көрейікші:

Өсімдік-растения-plant

Ендеше, бүгінгі тақырыбы не болмақ?

Осы алыған заттарын бойынша топқа отырайық.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

-Ал,енді алдарыңызда жатқан заттарға назар аударыңыздар!

-Бұлар нелер?

-Дұрыс!

-Енді осы гүлдерді қолдарыңызға алып, бір-бірлеріңізге бір жылы лебіз,тілек айтып сыйлаңыздар.

А)Түсіну.

Оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды бере отырып, талқыға салу

Тамыр мен сабақ қандай қызмет атқарады? (1 топ)

Сабақ –стебель-culm

Тамырдың қандай түрлері болады? (2 топ)

Тамыр –корень-root (2 топ)

Жапырақтар мен жемістердің қандай болады болады? Олардың айырмашылықтарын айт.(3 топ)

Гүл- цветы- flowers

Ә) Қолдану. Зерттеу жұмысы .Шығармашылық жұмыстар.

Стакандағы гүл мен суды зерттеу /барлық оқушылар

1 топ. Гүлге су құю,Не үшін? Не істеу керек? Анықтап жаз.

2 топ . Берілген суреттердегі өсімдік мүшелерінің қызметін анықтау.

3 топ. Қима қағаздардан өсімдік мүшелерін құрастыру

Синтез

Мозайка әдісі бойынша берілген сөздерден сөйлем құрастыру.

1-топ:Тамыр

Тамыр сабаққа бекіп, суды сіңіріп, басқа бөліктерге өткізеді.

2-топ:Сабақ

Сабақ қоректік заттарды өткізеді.

3-топ: Гүл

Гүл – өсімдіктің көбею мүшелері.

Түрлі түсті қарындаш арқылы бағалау

Сабақты бекіту.

Сабақты түсінген, түсінбегендерін сұрау.

Үйге тапсырма: жұмыс дәптері 6 бетті орындап келу.


Жаратылыстану

Күні: 18.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке жыл бойы қалай күтім жасау керек?

Сабақтың мақсаты:

2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау;

2.2.1.7 топырақты баптаудың маңызын түсіндіру;2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытындылар жасау;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1тапсырма. ҰЖ

Сурет бойынша жұмыс

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Суретке қарап сұрақтарға жауап бер. Алма ағашының басынан кешкен оқиғасы туралы әңгіме құрастыр.

Сұрақтар:

-Суретте қандай ағаш бейнеленген?

-Оны неден байқадыңдар?

-Жыл мезгіліне байланысты алма ағашында қандай өзгерістер болады?

Дескриптор:

-Суретті пайдаланып сұрақтарға жауап береді

- әңгіме құрайды

ҚБ: «Алма сыры»

«Жасыл алма»- тапсырманы дұрыс орындайды

«Сары алма»- тапсырманы орындауда қателік жібереді

«Қызыл алма»- тапсырма орындау барысында қолдауды қажет етеді

Жаңа ақпарат: Сен білесің бе?

Қысқа қарай ағаштың өсуі мен оның бойындағы шырын ағыны баяулайды. Сондықтан күзде жапырақтары түсіп қалады.

2 тапсырма ТЖ

«РАФТ» әдісі

Оқушыларға роль ұсынылады .суретті пайдаланып, рольге еніп берілген тақырып төңірегінде әңгімелейді

Р-бағбан А-оқушылар

Ф-әңгіме

Т-1.жыл мезгіліне сәйкес адамның топырақ пен өсімдікке күтім жасауын әңгімеле .(көп көмек қажет ететін оқушылар)

2.Өсімдіктің әртүрлі жағдайда өсіп- өну ерекшеліктеріне тоқтал.(аз комек қажет ететіндер)

3.Топырақтар мен өсімдіктердің маусымдық өзгерістерге түсуіне ықпал ететін факторларды жаз.(көмек қажет етпейтіндер)

Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Нені түсінбедіңдер?

Үйге тапсырма: 14 – 15 беттерді оқып, мазмұнын айту.

Жаратылыстану

Күні: 25.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Өсімдік топтары

Сабақтың мақсаты:

2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;

2.2.1.4 мекен ету ортасына байланысты өсімдіктер топтарын салыстыру;2.2.1.5 өсімдіктердің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында (ылғал) бейімделу мүмкіндігін түсіндіру;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

Талдау

Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп,оқуға тапсырма береді.Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.

Зертте. 2 өсімдіктің суреті беріледі. Салыстырады.

Оқушылар өсімдіктердің қздері бейімделген жерлерде өсе алатынын түсінеді.

Ойлан! Кактустың жапырақтары неліктен ине тәрізді?

Кактус қайда өседі? (шөлде)

Сергіту сәті. Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: 16 – 17 беттерді оқу, мазмұнын айту.


Жаратылыстану

Күні: 02.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі жануарлар

Сабақтың мақсаты:

2.2.2.2 жануарлар класының өкілдерін ажырату: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;

2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Білу және түсіну

Топтарға тапсырма: суреттерді топтастырады.

Оқушылар әзірге өздері білетін үй жануарлары, аңдар, құстар деген топтарға топтастырады.

Топтар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін смайликтермен бағалайды.

Сонымен қатар бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер деген топтарға бөлінетінін айтып өту.

Тірек сөздерді жіпке ілу: қосмекенділер,бауырымен жорғалау шылар.

жылан, кесіртке

-Олар қалай қозғалады?

Зерттеу жұмысы: бір оқушы көрсетеді жылжиды

-Сен не сезіндің?

-Ал,балалар, не байқадыңдар?

Жылан секілді бауырлай қозғалды

-Тағы қандай жануарлар осылай қозғалады?

Слайд көрсету: тасбақа, қолтырауын.

-Ал мыналар қандай жануарлар: бақа, саламандра.

-Олар қайда мекендейді?

-Суда да, құрылықта да мекендейді. -Сондықтан олар қосмекенді деп аталады.

Қосмекенділер сырт қара- ғанда бауырымен жорғалаушыларға ұқсайды.

-Айырмашылығы бауырымен жор- ғалаушылардың терісі құрғақ, ал қосмекенділердің терісі ылғалды болады.

Балалар, суқоймаларға нелер жатады?

Өзен, көл

Суқоймада нелер тіршілік етеді?

Балықтар,ұлу, қосмекенділер

Үйге тапсырма: 20 – 21 беттерді оқу, мазмұнын айту.


Жаратылыстану

Күні: 09.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Өсімдік топтары. Жануарлар әлемінің көптүрлілігі ЖБ№1

Сабақтың мақсаты:

2.2.2.2 жануарлар класының өкілдерін ажырату: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;

2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді анықтау;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Өткенді қайталау

1.-Бауырымен жорғалаушылар туралы не білесің?

2.-Қосмекенділерге нелер жатады?

3.-Суқойма дегеніміз не? Онда нелер мекендейді?

4.-Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың ерекшеліктерін ата.

(Қошемет)

«Не артық?»

Жылан, кесіртке, тасбақа, құмырсқа

Аю, қарға, түлкі, қасқыр

Қолтырауын, балық, ешкі, ұлу

Артық шыққан жануарларды тірек сөздердің қасына жапсырып отыру.

Сабағымыздың тақырыбы: Жануарлар әлемінің көптүрлілігі.

Бүгінгі сабақтың мақсаты:

Жануарлардың көп түрлі екендігін білу

Зерттеу арқылы жануарлардың белгілерін анықтау

Жануарлар топтары бойынша ажырату.

Сабаққа қажетті тірек сөздерге оралып, жануарлардың көптүрлі екендігін анықтау.

Сүтқоректілер тобына қандай жануарлар жатуы мүмкін? Неліктен оларды сүтқоректілер деп атайды?

Ал бунақденелілер ше? Неліктен осылай аталады деп ойлайсыңдар?

Қосымша мәлімет беру. Бунақденелілердің денесі үш бөлікке, бунаққа бөлінген. Құстардың қауырсыны болады, қанаты. Ал сүтқоректілер балаларын, төлдерін сүтпен қоректендіреді.. Осы айтылған ерекшеліктерге келе бермейтін мынадай жануарлар да бар екен.

Қосымша мәлімет: Үйректұмсық пен түрпі. Басқа Аустралия елінде мекендейтін, балаларын сүтпен қоректендіретін сүтқоректі жануарлар.

1-мақсатқа оралу. Жануарлар әлемінің көптүрлі болатындығын білдік пе?

Қандай топтарын білдік?

Келесі мақсат: Зерттеу арқылы жануарлардың белгілерін анықтау.

Жұптық жұмыс. Берілген жануарларға жұппен бірге қарай отырып, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін зерттеу.

Жылқы , арыстан, құс (әтеш), балық, жылан, құрт (бунақденелі), қолтырауын, көбелек, сиыр.

Жұптық жұмыс бойынша балалар өзін өзі бағалау жүргізеді, қошемет көрсету арқылы.

4.Семантикалық картамен жұмыс.

Шыбын, маса-------------- Бунақденелілер

Бүркіт, түйеқұс------------ Құстар

Сазан, шортан------------- Балықтар

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: 22 – 23 беттерді оқу, мазмұнын айту.

Жаратылыстану

Күні: 16.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қалай көбейеді?

Сабақтың мақсаты:

2.2.2.2 жануарлар класының өкілдерін ажырату: жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;

2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру Сәлем сөздің атасы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!