жаратылыстану "Табиғат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

жаратылыстану "Табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тірі табиғат жайлы толық мәлімет білу арналған конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тәрбиеші: Тапалова Г.У.

Білім беру саласы: Таным,
Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Тірі табиғат»

Мақсаты: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат
Қостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат - живая природа
Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.

Белсенді орталықтары: Көркем әдебиет,есеп,ғылым
Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау


Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын

Күніміз жарқын болсын

Еліміз тыныш болсын

Ауырмайық, денсаулық болсын

Нанымыз көп болсын

Ата- анамыз аман болсын

Бейбітшілік болсын

Балабақша гүлдене берсін!

Апайлар аман болсын

Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді бір - бірімізге сыйлайықшы.

- Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық

- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

- Күздің  қандай айы?

- Балалар күз  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Жарайсыңдар балалар, олай болса күз туралы  кім тақпақ  айтып береді?

Өте жақсы, ал есімізге түсірейікші алдыңғы оқу іс-әрекетімізде біз не туралы әңгімеледік.

Дұрыс айтасыңдар.Табиғат бізге  бай жерді, ағаштарды гүлдерді, жан-жануарларды сыйға берді. Ал ендеше айтыңыздаршы  табиғат нешеге бөлінеді?

Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тірі және өлі табиғат» деп аталады.

  -  Қай мезгіл?

Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?
- Ағаш, дала, су, аспан, гүл
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.
Табиғат туралы мақал - мәтелдер:
Таза болса табиғат
Аман болар адамзат.
Туған жердің суы тәтті

Табиғат пен тіршілік

Көк түтінге тұншығып

Аяқ асты тапталып

Жатыр қанша гүл солып

Ей адамдар күнмен гүлден жаралған

Табиғатты аялаңдар,

Мәпелеңдер балалар!

Сендердің қамқорлықтарыңызды көріп риза болып тұрмын.Өте ақылды балалар екенсіңдер.Табиғатты өте жақсы көресіңдер екен.Мен сендерген және қонақтарға сыйлық әкелдім.Ал ендеше мен өз табиғат әлеміне әрі қарай сапар шегейін сау болыңыздар. 

- Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік?

Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?

- Ал,көркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық?                                                  

- Есеп орталығында не жасадық?                  

Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?

Балаларды мадақтау,оқу-іс әрекетті  аяқтау

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі