Жәркен Бөдешұлы өмірі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жәркен Бөдешұлы өмірі

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Интердент» жоғары медициналық колледжі

Құжаттама тәртібі

ҚТ-СМЖ-003.6-2020

Әдістемелік қызметті басқару

ЖОСПАР КЕСТЕСІ

Басылым 1


«Бекітемін»

әдіскер _______ Надирбаева Р.К.

«____»_________ 2022г.

.




ДӘРІС КЕШЕНІ


пән /модуль/: «Қазақ әдебиеті»

пән/модуль

мамандық: 0302000 «Емдеу ісі ісі»

шифр мамандық атауы




Курс: 1

Семестр: 2

Жалпы сағат (жалпы сағат/кредиттер KZ): 96/4




Құрастырған оқытушы: Уразалиева Э.А.









«Қаралды және ұсынылды»

«Жалпы білім беру

және әлеуметтік-экономикалық

пән бірлестік» отырысында

хаттама №______

«____»_________ 2022г.

ЦӘК меңгерушісі ______ Теңлибаева Д.У..









г.Алматы, 2022ж.


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Модуль-1: 6.Бөлім Зобалаң заман шындығы

Колледж: «Интердент» ЖМК

Мұғалімнің аты-жөні:

Уразалиева Э.А.

Күні: 3.03.2022 жыл

Тобы: 101

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыптары

  1. Жарасқан Әбдірашовтың өмірі мен шығармашылығы.

  2. Ж.Әбдірашев. «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы

  3. «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы. Туған дала

  4. Бақылау жұмысы. Тест


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Білімділік: Білімгерлердің әдеби

дүниетанымдарын кеңейту.Аталған кезеңдегі тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Білімгерлердің білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

-Ақын-жазушы туралы танымы кеңейеді,қызығушылығы артады

Әдеби шығармадағы көтерілген ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді;

- Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.

Бағалау критерийі

1.Шығарманың мазмұнын талдау;

2. Көтерілген мәселелерді анықтау;

3..Шығарманың өмірмен байланысын саралау.

Тілдік мақсаттар

Білімгерлер орындай алады:

Түсінеді, талдайды, мәселені анықтайды, өмірмен байланысын саралайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шығармадағы жаңа сөздер мен ескірген сөздер. т.б.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша....., дегенмен...., Бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?...

Жұптық тапсырмада тақырып бойынша әңгімелеседі. Талқылауға арналған сұрақтар қойылады


Құндылықтарға баулу

- Жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу

- Патриоттық сезімге тәрбиелеу

- Таңдаған мамандыққа қызығушылыққа тәрбиелеу

- Кәсіптік сапасын жетілдіру


Пәнаралық байланыс

Тарих, тіл, медицина

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ақын-жазушылар туралы біледі,шығармаларын мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру.

«Мейірімділік» тренингі.

- білімгерлер «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады

- сурет салады

Сурет арқылы сабақ тақырыбымен таныстырылады. Оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстырылады.


 «Мейірімділік» тренингі



Сабақтың ортасы

25 мин

Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылықты ояту

Төмендегі жалпы сұрақтарды негізге ала отырып,өткен тақырыпты қайталау:

1.Әдебиет не туралы ғылым?

2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен

айырмашылығы неде?

3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

5. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?


Мағынаны тану

Тақырып бойынша мәлімет төменде беріледі.


Тапсырмалар арқылы өз болжамдарын айту.

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру


 Шығармашылық жұмыс

Топтық, жүптық, жеке жұмыстар орындау.


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын жеткізе алады.

Негізгі ойды анықтайды.


Қима қағаздар



Оқулық, сызба


Сілтеме

Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс (рефлекция)


БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді

Білімгерлер өз пікірлерін білдіреді.


Үй тапсырмасы беріледі


Баға қойылады


Кесте, стикер


Әдебиеттер:

Оқытушы үшін:

1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ

2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ

3. Хрестоматиялар


Студенттер үшін:

1. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»10-сынып 2019 ж. ЖМБ

2. Г. Орда. С. Дәрібаев «Қазақ әдебиеті»11-сынып 2020 ж. ЖМБ

3. Хрестоматиялар



 





















  1. Жарасқан Әбдірашовтың өмірі мен шығармашылығы.



Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылында дүниеге келген. 1969 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде, «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 21 жасында КСРО жазушылар одағының мүшесі болды.1970-жылдары қазақ поэзиясына өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың қатарында Жарасқан Әбдірашев есімі ерекше аталары хақ. Ақын лирикасына тән ерекшелік асқақ пафос, өр екпін, шешендік толғамдар.

Жарасқан Әбдірашев шығармашылығы туралы әдебиет зерттеушілері мен сыншылары тарапынан пікірлер айтылып келеді. Әдебиетші ғалым, профессор Б. Майтанов: «Қазақ поэзиясына ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын» дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі мен тілі, шеберлігі туралы ой қозғайды. Ақынның соңғы мұрасы – «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. Ұлттық поэзиямызға үлкен жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафиялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәкаппарлық пен ірілік, асқақ пафос, шешендік толғаныс – осының бәрі бірігіп келіп ақынның романтикасын нақтылай түсті. Романтикаға тән «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» принципі Жарасқан Әбдірашевтің «Құлпытас» жыр жинағынан барынша көзге түседі.

Жарасқан Әбдірашевтің романтикасы реализммен астасып жатады. Ақынның әр жылдары жарыққа шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз ізденісті, көтеріңкі пафоспен өрілген шешендік үлгідегі поэтикалық сөз тіркестерін молынан ұшыратамыз. Мағжанға тән терең сыршылдық, адамның ішкі болмысына үңіліп, оны бейнелеп, айшықтап көрсету тәсілі ақын лирикасында жаңаша қырымен түрленеді.

Жарасқан Әбдірашев поэзиясының бір саласын құрайтыны – ақынның эпиграммалары. Түп тамыры антикалық әдебиеттен басталатын бұл жанр, ақынның өзі сипаттағандай «ежелден мәдениетті Еуропа поэзиясына жеңіл қалжыңның желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына байлаған жалаңтөс батырлығын байқата келген. Оның бұл мінезін барынша дамытып, халық алдындағы абыройын аяққа бастырмай, керісінше, «есіктегі басын төрге шығарғандар» француз әдебиетінде Ф. Вольтер, Ж. – Ж. Руссо, Э. Лебрен, орыс әдебиетінде В. Тредиаковский, А. Кантемир, М. Ломоносовтар». Аталмыш жанрда шеберліктерін сынап көрген көптеген ұлылардың есімдерін, олардың ішінде А.С.Пушкинді атауға болады. Ұлттық әдебиетіміздің тарихына назар салсақ, эпиграмманың элементтері ілгеріде-ақ бой көрсеткенін байқаймыз. Бұл салада Абайдың «Көжекбайға», «Шәріпке», «Жақсылыққа», «Қара қатынға», «Дүтбайға» сияқты өлеңдерін атауға болады. Бұл жанрға аздап болса да қалам тартқандар С. Торайғыров, С. Дөнентаев, М. Жұмабаевтар болды. М. Жұмабаев эпиграммалары белгілі дәрежеде кәсіби тұрғыда жазылған туындылар. Сондай-ақ С. Сейфуллин, І. Жансүгіров қаламдарынан да эпиграммалар туды. С. Ерубаев, Қ. Аманжолов эпиграммалары осы жанрдағы биік деңгейдегі туындылар болды. Қазақ әдебиетіндегі эпиграмма жанры туралы айтқанда Ж. Әбдірашев есімі алдымен аталады. Себеп – бұл жанрдың ұлттық әдебиетімізде жанр ретінде тамыр жаюына ақынның үлесі зор.

Жарасқан ақын шығармашылығын сан қырынан қарауға болады. Жалғыз эпиграмма жанрында ғана жазған жоқ. Балалар әдебиеті мен аударма саласындағы еңбегін де ерекше атап өтуге болады.

Жарасқан Әбдірашев – халық тіршілігімен қатар толғанған өзекжарды туындыларында  туған дала тынысы мен туған тілдің құдіретімен үрдіс алған  азамат ақын дәрежесіне көтерілді. Мұндай өрелі биіктікті алуда ақынға «көмекке келген» - көркем айшықты сөз, шұрайлы да шұғылалы  ана тілі. «Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан  тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі  қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз табу  - шебер суреткердің қасиетті парызы» - деген З.Қабдолов.  Жарасқан – тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, поэзия рухын қатар меңгерген тума талант иесі. Оның  өлеңдерінде  биік  азаматтық  сарын бар,  халқымен бірге  қуану, халқымен бірге  азаптану бар. Ана тілінің  қарапайым әрі  қастерлі  сөздерімен жан  дүниесін  тереңнен ашып, небір асыл  ойларды  сыр сандығынан ақтара ұсынады.


Жарасқан Әбдірашев туралы он дерек


1. Өмір сүрген жылдары: 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел аулында дүниеге келіп, 2001 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өткен. ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген қаламгер журналистика саласында да өнімді қызмет етті.

2. Жарасқан Әбдірашев – лирик ақын. Өзінің тың қолданыстарға толы тамаша өлеңдерімен оқырман қауымды елең еткізген Жарасқан Әбдірашев 21 жасында КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. Қазақстан Жазушылар одағының Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлығына ие болды.

3. Жарасқан Әбдірашев – эпитафия жанрында өнімді еңбек етіп, бұл жанрды қазақ әдебиетіне орнықтырған ақын (эпитафия (грек. epіtaphіos – қабір үстіндегі) – құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау). Аталған жанрда жазылған «Құлпытас» жинағы ұлттық поэзиямызға қосылған тың жаңалық болды.

4. Жарасқан Әбдірашев – эпигармма жанрында да өз қатарластары арасында ерекше еңбек етті (Эпиграмма (көне грекше: ἐπίγραμμα «қолтаңба») – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры). Қазақ әдебиетінде Абайдан басталатын эпиграмма жанрындағы жазылған туындылары «Әзілің жарасса...» деген атпен 1989 жылы жарық көрді.

5. Жарасқан Әбдірашев – сатирик. Сатиралық өлеңдер – Жарасқан Әбдірашев шығармашылығында үлкен орынға ие. Сондай-ақ «Тамаша» ойын-сауық отауының бас редакторы ретінде көптеген сценарийлер жазып, көрермендердің көңілінен шыққан.

6. Жарасқан Әбдірашев – аудармашы. А.С.Пушкиннің, Поль Элюардың, А.Блоктың, беларусь ақыны Янка Купаланың, үнді қайраткері Р.Тагордың, палестин ақыны Муин Беистің шығармаларын кәсіби тұрғыда қазақ тіліне аударған.

7. Жарасқан Әбдірашев – сыншы. 1969-1970 жылдары «Қазақ әдебиет» газетінің сын бөлімін; 1970-1974 жылдары «Жалын» альманағының сын және поэзия бөлімін; 1974-1985 жылдары «Жұлдыз» журналының сын және библиография бөлімін басқарған кезеңде қазақ әдебиетінің көкейтесті мәселелерін тілге тиек еткен көптеген сыни еңбектер жазды. Әсіресе, «Жалын» альманағында істеген жылдарында «Тураби трибунасы» деген айдармен ащы шындыққа суарылған мақалалар жазып, «Әділсын Жұлдызұлы» деп қол қоятын еді.

8. Жарасқан Әбдірашев – балалар жазушысы. Балаларға арналған көптеген өлеңдер, мысалдар т.б. жазумен қатар Агния Барто, Корней Чуковский т.б. шетелдік танымал балалар жазушыларының шығармаларын аударып жас оқырмандарға ұсынған. Ақынның ұлы, белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз» фильміне қаламгердің балалық, жастық шағы арқау болған.

9. Жарасқан Әбдірашев – қоғам қайраткері. Аграрлық партияның белді мүшесі ретінде ауыл тұрғындарының азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында қалам қарымымен қызмет етіп, қайраткер тұлғаға айналды.

10. Жарасқан Әбдірашев – есімі ел есінде мәңгі сақталар тұлға. 2001 жылы Алматы қаласында ақын атына көше берілген болатын.

Туған жері Арал қаласында да көшеге, мектепке Жарасқан Әбдірашевтің аты берілген. Соңғы жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылған.

Shape1



Жарасқан Әбдірашев. «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы


Shape3


Shape4


Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ULAgM_7VN9c


«Дала, сенің ұлыңмын» – Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала… Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.



«Дала» – поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата- абаларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен – қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сыр төккісі келген.



Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз – «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері… Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді.



Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып,

оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің

байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген… Ол халықтық

атау болуы керек», – деген болатын.



. Жарасқан Әбдірашев

Дала сенің ұлыңмын


Туған дала достар түгіл қастарсың

Айта алмайтын құдіретті дастансың

Бақытын бер бірақ келер ақынның

Бір тарауын мына менен басталсын.

Биік санап өз аспанын , өз айын

Басынғанның тартқызайын сазайын

Жабырқасаң , жаның болып күйзеліп,

Ашулансаң, жүйкең болып тозайын.

Фәниден тез аттанармын аттансам

Тірлігім не тағдырымнан шет қалсам?

Қаның болып лапылдайын қуансаң,

Көзің болып күлімдейін шаттансаң

Және осыған жалпақ елді үндеуден

Мәңгі бақи жалықпасын бұл кеудең

Сақта сендік қасіретті сезбеуден

Сақта сендік қасиетті білмеуден

Туған дала тұғырымсың сен менің

Ерте түлеп,еркін қанат сермедім

Құшайын деп қанша биік ұшсам да

Шетіңді бір, шегіңді бір көрмедім

Тамсанумен, ән салумен өтті айлар

Жетті мезгіл кемелденіп көп тойлар

Жетті мезгіл, сеніміңді арқалап,

Алыс өлке, қазығына ат байлап

Дос қадірін, басқалығын ұлтыңның

Сонда білдім, саған қарай ұмтылдым

Тулай тасып түкпірімнен кеудемнің

Түрегелдің теңіз болып бұлқындың

Неткен бақыт, соның өзі неткен сын

Аласарды асқақтатқан көк пен шың

О,кеңістік, жанарыма сыймаған

Жүрегіме қалай сыйып кеткенсің

Туған дала кең болғанмен аумағың

Таңданғанмен достарың hәм жауларың

Тарихыңа,тағдырыңа келгенде

Сөз алады тауларың

Уақыт қана емдей алар емдесе

Ауыр дертке шалдықпаған ел неше

Қайғырыпсың қара аспанның астында

Қара тау боп сен кеше

Шаттандырып азаттығын, теңдігін

Мақтандырып қазақтығын елдігін

Күлімдейсің көк аспанның астында

Көкше тау боп сен бүгін

Ерең өлкем, еңселі өлкем, ер өлкем

Көкпен бірге көсегеңді көтертем

Асқақтайсың алыс аспан астында

Алатау боп сен ертең

Туған дала демейді ешкім нәмәртсің

Болсаң нәмәрт саған сенім неге артсын

Жақын түгіл жарылқайсың алысты

Шүленсің сен, Атымтайсың Жомартсың

Есесіне құрмет қандай,сый қандай

Күн де нұрын тек өзіңе құйғандай

Жайлауыңда күнде қонақ,күнде той

Дастарханың жатады ылғи жиналмай

Күнде келе келсе кейде кіл керім---

Енді бірі келеді іздеп жыр кенін

Ат мінгізіп, шапан жауып әйтеуір

Бәрінен де бәйек болып жүргенің

Мұндай көңіл мұндай мінез осалға

Бітпейді әсте

Бас ілгері, бас алға

Мен білетін бір ақиқат-

Жомарттың қастарынан достары көп қашанда.

Туған дала, орнаса да қандай күн,

Сендік қуат болды сенің бұл тайпың

Мен өзіңсіз байтақ Отан бақытын,

Ешқашанда елестете алмаймын.

Байтақ Отан, орнаса да қандай күн,

Сендік сенім болды қуат бұл тайпың,

Мен өзіңсіз туған дала тағдырын,

Ешқашанда елестете алмаймын.

Туған дала, думан дала, той дала,

Орман дала, арман дала, ой дала.

Саған қарай алып ұшып тұрады,

Саған деген сағынышым қайда да.

Күміс өнер көкке қанат жайғаннан,

Жүрегімді шымырлатты қайғы, алаң

Ұрланғандай сезінемін думаннан,

Құр қалғандай сезінемін тойлардан

Тылсым толқын билер сосын денемді,

Жазам оңкей өкінішті өлеңді,

Арман жоқтай аялайтын енді мен,

Орман жоқтай саялайтын мен енді.

Ақ сапарлар адам үшін дос құмар

Жай емесқой осыншалық жас болар,

Әлде,әлде саған деген махаббат,

Ауруым бар алыс кетсем асқынар,

Ұққың келсе, қадіріңді қайта бір

Ұлдарыңды ұзақ жолға байқа-кіл,

Мен өзіңнен азамат боп аттанып

Ақын болып ораламын әйтеуір.

Туған далам, момын дейді сені жұрт,

Қабағыңда шалмағандай тегі бұлт.

Жекпе-жекке шақырғанда жауларын,

Кеткен жерің жоқ едіғой шегініп.

Қырайын деп, құлайын деп қан жоса,

Жан- жағына жабылғанда қарғаша

Берген жерің жоқ едіғой намысты,

Кек сақтамас, кең мінезің болмаса.

Ерлігін де, өрлігің де елге анық,

Қиянатқа төздің екен сен неғып?

Көнген жерің жоқ едіғой қорлыққа,

Аңқаулықпен түспесең бір алданып.

Жайды ұқпастан, қаймықпастан асылдан,

Жетесіздер қалай ғана басынған,

Қалған жерің жоқ едіғой айтыста,

Жалғыз ауыз сөз асырып басыңнан.

Ауырсынбай арқалайтын ар-жүгін,

Бір өзіңнен жетерлік қой бар жыңын.

Көтерген сен, көтергенсің үндемей,

Ақ көңілді абзал достың қалжынын.

Туған дала таңдарына атпаған,

Өмір ұзақ өлең болып аттанам,

Ерте өлсем де, өртенсем де отыма,

Борышымды тірілерше атқарам.

Елмен бірге күтіп алып әр күнді,

Туғып бағам, қорғап бағам салтыңды,

Сақтарша жеңілмеймін төзімге,

Сөндірмеймін көзіңдегі жарқылды.

Тұлпарларды келу үшін тек алдан,

Мақтан қылам, сақтандырам көп ордан,

Із баспаған дауылды шақ туғанда,

Жанымда сап, сілкілеймін жағаңнан.

Болам керең бастағанда басқа ән,

Құшағымды саған деген досқа ашам.

Мәңгілікке қалғысамда мен сенің,

Намысыңды қалғытпаймын ешқашан.

Туған дала тамыр жайған тереңге,

Мен өзіңді ұқсатамын еменге,

Көне алмаймын сене алмаймын бір күні

Жел қозғап,не сел қопарар дегенге.

Талай күзді талай қысты басыңнан,

Өткергенсің, өткергенсің жасырман.

Жапырақтан айырса, жер айырар

Күйрете алмас, сүйрете алмас шашыңнан

Тосын келген залалға да сынаққа

Үйренгенсің мәлім жұртқа, жыраққа

Бұтағынан айырса сел айырар

Құлата алмас, сұлата алмас бірақ та

Атады әлі, атады деп таң күліп

Күті менен арманыңды әң қылып

Қаларсың сен көктіреген қалпында

Қозғалмайды, қопара алмай мәңгілік


Туған дала теңдесі жоқ әлемсің

Осындайда тыңдашы бір менеңсің

Ерең болсаң, ереңсің сен тауыңмен

Терең болсаң, теңізімен тереңсің

Бөліскелі қуанышың, қайғысың

Қайта оралып, келер еді қай қусың

Жайлы болсаң, жайлысың сен бауын мен

Ойлы болсаң, орманымен ойлысың

Теңтегінді кінәләма бұл үшін

Тоуғаудамын ақиқаттың дұрысың

Тірі болсаң, тірісің сен ауылымен

Ұлы болсаң, ұлымен сен ұлысың

Сендік арда, сендік намыс, ұятты

Ардақ тұтып, жұлдыздарың жияқты

Туған дала түсінгенге тағдырың

Эстафетта таяқшасы сияқты.

Білемін мен ауыр кезді, аш күнді, бастан кешті

Жанарына жас тұнды

Қайран бабам, бірақ оны әкеме

Аман-есен өз қолымен тапсырды.

Бас біреулер аңқаулығын аңдаған

Алдап алмақ, тартып алмақ бұл додан

Қаның төгіп, қалды қорғап ақыры

Аман-есен табыс етті ол маған

Әр күніне, әр айына, жылына

Ғасыр жүгін арқалатып, жырыма айналдырдым

Сондықтан да мен оны салтанатпен

Ұсынармын ұлыма.


Туған дала, бір туыс әулетіне

Өзбегін сайлап беріп,

Бір туыс әулетіне үй құр деп, аймақ беріп

Бір туыс әйлетіне кигізіп қара қалпақ

Бір туыс әулетіне қырғызын тойлап беріп

Атандыңба ақ қазы болып, қазақ болып

Деймін іштей ойлап, ойлап келіп

Кім білсін

Туған дала, әр бұта, әр тасына сырш өткізіп

Әлемнің картасына көз жіберсең

Талайлар таспа тілген

Ана жердің ұқсайсың арқасына

Алданыпсың сен емдеп, сенбесіне

Аласын ба, ақ құрып емдетіне

Кей уақытта талайлар жара салған

Ана жердің ұқсайсың кеудесіне

Кез болмадын кезеңнің қандайына

Солар түрлі түйеуді салды ойыма

Бүгінде сен жұлдызы жарқыраған

Жігіт жердің ұқсайсың маңдайына

Туған дала, мен сенің тамшы қаның

Төгілмейін, тірлігім болсың әнім

Талай рет білемін

Ту сыртынан, деген оқтан жығылдың, тамсырадың

Қайта тұрдың, қайтадан жандың өшіп

Жігіт болдың, есейдің, қалдың өсіп

Озбыр Шыңғыс ол саған аз дегендей

Отырарды, басыңды алды кесіп

Жарылқаудын орнына ой жібермей

Темір келіп тағы да сойды кермей

Айтылатын аңыз да дәу секілді

Өлмей қойдың бірақ сен, қойдың өлмей

Өршелендің, өгейсіп өмірге ендің

Көңілдендің, күлде де көгінде күн

Қаһарынмен жауынды қаймықтырып

Өзін сосын өзгеге донор болдың

Донор болдың жібердің жалпақ күшін

Жатқан кезде тістелеп бармақтың ұшын

Сондықтан да сыйлысын сен бүгінде

Достарына туыстай ардақтысың

Туған дала,

Жақынмен алысыңмен

Таныс болдың, тілдестін ғарышынмен

Жер бетінде тыныштық орнасада

Жүріп жатыр эфирде соғыс деген

Жүріп жатыр тоқтамай, толасымай

Зұлымдықты әділет аластамай

Аяқталмас

Асқынып адамдардың айқасына

Тек қана жол ашпағай

Осы күдік көңілді мұз еткесін

Табанына қалайша сыз өтпесін

Анасын сен тылдағы, алаңдайсын

Жауынгерсің, саптағы, күзеттесің

Енуде ме түнекке қуатты нұр?

Жеңуде ме жаланы шуақты жыр?

Тұрған түпсіз әлемді шола тыңдап

Лакаторлар құлаған сияқты бір

Туған дала,

Қайнатып қасқыр қанын

Қонағыма, туысқа бас тартамын

Жомарттығы, кеңдігі көпке мәлім

Сенсің менің киелі дастарханым

Бір салтым бар, мәңгілік сақтап бағам

Айыпталсам, алады ақтап балам

Қанша момын болғанмен атам Қазақ

Дастарханың ешкімге аттатпаған

Бір ғұрпым бар, мәңгілік өшпес олда

Кім өшірсе, өзі оның баспас оңға

Қандай залал келмесін

Атам Қазақ,

Дастарханын сатпаған ешқашанда

Ақыл қосса ақсақал асқар тауым

Жақын досқа тойымды басқартамын

Туған дала,

Кеңдігі көпке мәлім

Сенсің менің киелі дастарханым

Туған дала,

Шықсам-ақ бес күн жырақ

Сен туралы сөздерге тостым құлақ

Ой толғайды кексіз деп кейбіреулер

Айта алмайды тексіз деп ешкім бірақ

Мойынсынбай қойар ма мәніне шын

Талай жұртқа талайдан қанық есім

Күйшілікке келгенде Құрманғазы

Әншілікке келгенде Әміресің

Болаттайын шыңдалған атқарыпсың

Болмысыңды ұққанда жаттарлықсың

Ақындыққа келгенде Махамбетсің

Батылдыққа келгенде Тоқтаровсың

Таласуға келгенде ауырдансың

Ал ашуға келгенде дауылдансың

Балуандыққа келгенде Қажымұқан

Батырлыққа келгенде Бауыржанның

Өткеніңе келгенде ұлы аңызсың

Жеткеніне келгенде мұрамыздың

Парасатқа келгенде барлығысың

Болашаққа келгенде міні абызсың

Туған дала, әлдилеп илемекпін

Бастан кештім ғажап жыл, керемет күн

Кеттің деме көбірек төңірекке

Сен жарықтың, мен көзсіз көбелекпін

Бар арманым еңсесі биік өлең

Сапар шегер ұрпаққа сыйыменен

Мен өлмеймін, өлсемде саған деген

Махаббатпен осынау күйіп өлем

Туған дала,

Асқарыңмын, шыңыңмын, аспаныңмын

Жұлдызыңмын, күніңмін

Деуге хақым жоқ әзірге

Әйтседе көзіңмін, хан құлағыңмын, тіліңмін

Ақиқаттан алшақ ұстап езіңді

Алдағандар алдай алмайды өзіңді

Сені соқыр ету үшін әуелі

Ою керек мына менің көзімді

Тисе біреу намысыңа

Шыдамын былай қалып анық

Қорғап тұрарың

Сен саңырау болу үшін әуелі

Біту керек мына менің құлағым

Шығармайын дыбысыңды, дымыңды

Деседе кім өшіре алмайды үніңді

Сені мылқау ету үшін әуелі

Кесу керек мына менің тілімді!




Тапсырма: Өз өлкелеріңнен шыққан қандай тұлғаларды мақтан етесіңдер, жазыңдар.



Үйге тапсырма: Ж. Әбдірашевтың «Дала сенің ұлыңмын» поэмасын Торайғыровтың «Сарыарқа» өлеңімен салыстырып, Венн диограммасына салыңдар


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2025
216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі