Материалдар / Жарнамаларда кездесетін қателер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жарнамаларда кездесетін қателер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарнамаларда, әсіресе Ақтөбе қаласындағы жарнамаларда кездескен қателіктер туралы зерттеу жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2023
708
12 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КІРІСПЕ


Адамзат баласының өсіп өркендеуі, олардың ашқан жаңалықтары ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтары бар. Солардың бірі – бүгінде күнделікті өмірімізде кездесетін «жарнама». Бүгінгі нарықтық экономикада, технологияның дамыған заманында жаңадан салынып жатқан нысандарды немесе жаңа өнім түрлерін жарнамасыз елестете алмаймыз. Жарнама жасау арқылы әрбір кәсіпорын не болмаса сауда орталықтары өзара бәсекеге түседі. Және осы бәсекелестіктің арқасында кез келген кәсіпкер өз өнімінің сапалылығын одан әрі арттыра түсуге тырысады. Жарнама – тек бәсекелестікке қабілеттілікті арттырып қана қоймай, коммуникация құралы, техника мен технология арқылы қоғамдық қатынастарды дамытушы.

Бертін келе жарнамаға көңіл бөліп, зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Оған дәлел – Чикагодағы Солтүстік-батыс университетінің оқытушысы Уолтер Дилл Скоттың 1903 жылы «Жарнама теориясы», 1904 жылы «Жарнама психологиясы», кейіннен Берлиндегі доктор Х.Хартунгеннің 1912 жылғы «Практикалық жарнама теориясы» атты еңбектерінің жарық көруі [1; 18]. Жоғарыда айтып өткендей, дүниежүзінің бірқатар дамушы елдері жарнамаға баса назар аударуда. Осы жерде неге деген сұрақ туындайды. Себебі жарнама тек тауар жайында ғана ақпарат беріп қоймай, қоғамдық пікір де қалыптастырады. Сонымен қатар жарнама арқылы мол қаржыға кенеліп, әрдайымғы алушысын (клиентін) тауып жатады. АҚШ Ұлттық байлығының 3 пайызын бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен жарнама құрайды екен. Жарнама орасан зор пайда. Әйтсе де осындай мол мүмкіндіктер «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кете беретіні анық. Сосын, ұстағанның қолынан, тістегеннің аузынан алып көр [2; 21].

Жарнама жөніндегі ғылыми түсініктер ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасты. Жарнама жеке пән ретінде ХХ ғасырдың екінші онжылдығында Америкада оқытыла бастаса, кейіннен Еуропада оқытыла бастады.

Зерттеудің өзектілігі. Жарнаманың өзге тілден аударылуына байланысты көп жағдайда сөздің мағыналары ауысып кетеді. Сондықтан жарнамалардың біразы қате сөзбе-сөз аударылуының салдарынан сауатсыз жарнамалар дүниеге келеді. Енді кейбір сәтті аударылған жарнамалардың жазуларынан да қателіктер табылып жатады. Қала көшелеріндегі көрнекі ақпаратты жасау барысында заң талаптарының сақталмауына, қателіктердің орын алуына басты себеп – кәсіпкерлер, жарнама дайындаушылар заң талаптарымен таныс емес, көрнекі ақпаратты өз беттерінше іледі. Жарнама мәтіндерін сауатты дайындап, аударатын мамандар жетіспейді Дұрыс жазуға байланысты ресми түрде қабылданған жалпыға ортақ емле, ережесі сақталу керек. Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік қағидаттар басшылыққа алыну қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Түрлі жарнамаларды алып жатқан сауатсыздықты, сақау сөздер мен түсініксіз тіркестердің ара жігін ажырату. Орыс тілінен аударылу барысында кетіп жатқан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық қателерді анықтау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттердің шешімін табуы көзделді:

  • Жарнамалардың түрлерін ажырату;

  • Жарнамаларда кетіп жатқан нақты қателердің түрлерін анықтау;

  • Сауатсыздықты жою барысында қандай шаралар қолданылуда екендігін анықтау;

  • Өзге облыстармен салыстырмалы түрде алғанда Ақтөбе облысындағы жарнамалардың сауатсыздық деңгейін анықтау.

Зерттеудің әдістері. Зерттеуде тарихи-салыстырмалы, диахрондық, синхрондық әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жарнамаларда кездесетін қателерді түзету арқылы сауаттылықты қалыптастыруға аз да болса үлес қосу.



































НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 Жарнамаларда кездесетін қателер

2.1 Жарнамаларда жиі кездесетін қателерді топтастыру


Бүгінде жарнамасыз көшені елес­тету мүмкін емес. Алайда сол жарна­малардың көбі қазақ тілінде шала болып жатады. Кейде өрескел қателер де жүреді. Бұл мәселе баспасөз бет­терінде қанша рет жазылып та, айтылып та жатыр. Фотоайыптау ретінде де берілуде. Бірақ айтылған қателердің толастайтын түрі жоқ. Сол жарна­малардың бәрі ілінбестен бұрын қада­ғалаудан өтпейді емес, өтеді, бірақ сонда да түзелген түрі жоқ. Сондықтан да осындай келеңсіз қателерге жол бермеу үшін қандай шараларға барғанымыз жөн?

Бұл – үнемі айтылып, жазылып жүрген тақырып. Егер біз жергілікті тіл басқар­маларына құзірет бермесек, прокуратура сияқты бақылау құқығын беріп, шара көрмесе, онда оны ретке келтіру осылайша әңгіме, пікір, ұсыныс жүзінде созыла бер­мек. Сол үшін Тіл комитетінің де, басқар­малардың да құзіретін күшейту қажет. Көрші Ресейдегі сияқты өңірлік Думалар қабыл­даған көрнекі ақпарат, жарнама туралы тұжырымдамаларды қабылдауға бізде де мүмкіндік берген жөн. Бұл ретте мемлекеттік тілдегі мәтіндердің сапалы болуын реттеу үшін жарнама туралы, кәсіпкерлік туралы нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап толықтырулар енгізу қажет. Жарнаманы бақылау кәсіпкердің өндірісін тоқтатпайды, уақытын алмайды. Егер «заңға сәйкес қатесіз, сапалы мәтінді» жазып қойса, тексеріп, бақылап несі бар?!

Біздің тәуелсіз ел болғанымызға 20 жылдан асса да, жарнама бірінші мемлекеттік тілде жазылу керек екенін білсе де, нысанына бір түйір қазақша енгізбеген кәсіпкерлер жетерлік. Ең өкініштісі, солардың көбі – қазақ жігіттері. «Жігіттер, бұл қалай? Қазақшасы қайда?» деп сұрау құқығы бүгін тек жеке адамдарға берілген.

Негізінен, жарнамалық және визуалды жарнама мәтінінде жиі жіберілетін қателерді келесідей топтастыруға болады:

  • қазақ тілінің орфографиялық ережелерін сақтамаудан туындаған қателер;

  • мәтіні қазақ тілінде жазылмаған визуалды ақпарат;

  • стилистикалық қателер жіберілген жарнама;

  • орыс тілінен сөзбе-сөз аударылған жарнама;

  • пунктуациялық қателер.

Тіл туралы заңда кім тексеру керек екенін, заңды орындамаған кісіні кім, қалай жазалау керек екені көрсетілмеген. Сондықтан әзірге Тіл туралы заңды көзге шұқып көрсетіп, ескерту жасап, болмашы айыппұл салғаннан басқа мамандардың қолынан ештеңе келмейді.

Айқыны, жаны қазақ, тәні қазақ, жүрегі «ұлтым» деп соғатын әрбір қандасымыздың мұндай кетеуі кейін кетіп бара жатқан мәселеге келгенде, үрке қарамауы мүмкін емес.

Әсіресе, ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің хал-жайы күйлі көрініске енбей тұрған уақытта мұндай мылқау суреттер онсыз да шығайын деп тұрған көзге  шыбындай үймелейді  екен.

Аттаған сайын алдыңнан шығатын жарнама билбордтарындағы менмұндалаған қате жазулар «Жұмсақ бола аламын – Бываю мягким» (сыраға байланысты жарнама), «Шынайы және сондай балғын – Настоящий и такой свежий» («Буратино» сусынына байланысты жарнама), «Beeline» ұялы байланысын, сонымен қатар өзге де ұялы байланыс түрлерінің жарнамаларының үнемі толық қазақшаланбай берілуі; бланкілер, маңдайшалардың ( «Extra» киім дүкені,  «beautymania» дүкені,  «Zest» сәнді әйелдер киімі,  «GARMONIYA Jewellery» сәнді зергер бұйымдарын сататын дүкен,  «LEGO ПЛЮС» ойыншықтар дүкені,  «Restaurant «Metro cafe»  рестораны, «Башмачок» аяқ-киім салоны т.с.с. атаулар)  төл тілімізде емес, шетел тілінде жазылуы көңілге кірбің ұялатады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары орыстардан іргемізді аулақ салып үлгермегенімізді сылтаураттық. Ал, енді Тілдерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған кезде не сылтау айтамыз?

Қаладағы жарнама билбордтарындағы калька аудармалар әлі күнге көбейе түспесе, азаяр емес. Мәселен, «Буратино» сусынының жарнамасында «Настоящий и такой свежий!» деген  тіркестің аудармасы былайша көрініс тапқан: «Шынайы және сондай балғын!» Бір қарағанда-ақ немесе бір-ақ рет естігеннен бұл аударманың дұрыс емес, бұрыстығын өзіңіз де аңғарасыз. Жарымжан жарнамалар: Сыра сусынына байланысты «Бываю мягким» тіркесі «Жұмсақ бола аламын» деп аударылып, билбордта денелі ер адамның суреті қыстырылыпты. Жалпы, бұл жарнаманың орысша нұсқасы әу баста дұрыс жасалмаған сыңайлы. Содан кейін ұялы байланыс жарнамаларында жарымжан аудармалар, тіпті,көп. Мысалы, «Beeline»  ұялы байланысының жарнама билбордында «Безлимитный Интернет-серфинг в твоем телефоне» тіркесі «Лимитсіз Интернет-серфинг сенің телефоныңда»  деп жарымжан аударылған. Орысшадан тисе терекке, тимесе бұтаққа аударыла беретін мұндай жарнамаларды кім қадағалайды? Әріп және емле қателері өріп жүр. ҚР  «Жарнама туралы» Заңының 6-бап, 2-тармағына сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады» делінген. Сондықтан жарнама берушілер қазақ және орыс тілдері мәтіндерімен қатар шетелдік атауларды қалауға құқылы екен.

Picture 50

1-сурет


Picture 49

2-сурет




Picture 53

3-сурет


Жекеменшік жарнама агенттіктері жұмыс істейді. Кішігірім дүкендер сондай агенттіктердің көмегіне жүгінеді. Ал жекеменшіктікі тек қана ақша табу ғой. Біздің оларға ауыз ашуға  ешқандай құқымыз жоқ. Мысалы, бір кәсіпкер дүкен ашады. Әуелі ол жарғысын жасайды. Жарғысында дүкеннің атын «Фламинго» деп қояды. Жарғыны Әділет басқармасына тіркетеді. Ал басқармадағылар Жарғыда Қарпі, тіпті, латынша жазылса, солай тіркейді.

Қазақ тілінің шын мәнісінде көсегесін көгертуге барын салып жүрген «Алматы» телеарнасындағы «Тіл сақшысы» бағдарламасы біршама олқылықтың орнын толтырумен келеді. Ілуде біреу болмаса, бұл бағдарламаның түсіру  тобының көзіне түскен объектілердің ешқайсысы да арнайы мамандар тарапынан «5» деген баға алған емес. Үнемі, үштіктер мен төрттіктердің қатары көбеюде. Есесіне, екілік алған оқушының анасын ренжітпес үшін барынша тырысатынындай, аталған кәсіпорындар да ескертпе сөздерге құлақ асып жүр. Әттең, бәрі бірдей емес. Бәрі тегіс құлақ асуы үшін елімізде қолданысы берік ортақ Заң жетіспеуде. Мұндай заң үлгілерінің түр-түрі Әділет министрлігіне жыл сайын жолданып жатыр.

«Алматыжарнама» –калька өнімдерімен қаржыны қалтаға басып отырған кәсіпорын. Қаладағы негізгі жауапты мекеме Ономастика бөлімі көшедегі қарапайым түріктің «Doner Kebab»-на ләм деп ауыз аша алмай дал.

Жарнама – нарықтың қозғаушы күш­терінің бірі. Сондықтан жарнаманың «бар­майтын тауы, баспайтын жері» жоқ. Бұл – әлемде қалыптасқан құбылыс. Бірақ шетелден біздегідей қаптаған сауатсыз жар­наманың жұрнағын да көрмейсіз. Неге? Алдымен жарнаманың тіліне келелік. Бүгінде Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да сауатсыз аудармадан көз ашпайсыз. Әр жарнаманың төменгі тұсында «Жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты» деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Демек. оның тілдік сауатсыздығына жарнама берушілер тарапынан жауапкершіліктің жоқ­тығы себеп болып отыр делік. Жарнама агенттіктеріндегі аудармашы орыс тілінен қазақ тіліне қалай аударса, солай жазылып келген, яғни сол агенттіктердегі мемлекеттік тілді жетік меңгерген маманның жоқтығынан заң бұзушылық орын алып отыр. Хош делік, заң бұзушылық орын алды. Енді оны кім және қалай жауапқа тартпақ? Бұл заң бұзушылық тілбұзарлықтың нақ үлгісі болып табылатындық­тан жергілікті әкімдіктен осы мәселеге қатысты жауапты жандарды іздейміз. Бізге бірден Тілдерді дамыту басқармалары жауапты деген ой келеді. Атауы Тілдерді дамыту басқармасы болғандықтан жергілікті жердегі тіл төңі­ре­гіндегі түйткілдерге сол жауапты деген түсінік қалыптасқан. Шындығында солай ма? Бұған Тілдерді дамыту басқармалары не дейді екен? Олардың біразының жауабы мынаған саяды: «Қала, аудан көшелеріндегі сауатсыз жарнамалардың көптеп кездесетіні баршамызға белгілі. Тұрғындар да бізге бұл жайында жиі шағымданып жатады. Мысалы, көпшіліктің назарына сауатсыз жарнамалар мен көрнекі ақпарат ұсынатын кәсіпкерлер­дің Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңын сақтауына келетін болсақ, аталған заңда жарнама иелерінің жарнамалардың қазақша мәтіндерін алдын ала басқармамен келісу мәселесі мүлде қарастырылмаған. Сонымен қатар қалалық не облыстық Тілдерді дамыту басқармаларының жарнамада жіберілген қателерді жарнама иелеріне түзеткізуді талап ететін еш құзыреті жоқ. Осыған орай, заң талабына қайшы рәсімделген жарнамалық көрнекіліктерді ретке келтіру үшін заңдарға өзгеріс енгізілуі тиіс. Дегенмен аталған кемшіліктерді тү­бегейлі жою жөніне келгенде мәселе тағы да заңға келіп тіреледі. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында да, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде де көрнекі ақпарат пен жарнамалар тілін бұзғандарды жауапкершілікке тарту мә­селесінің қарастырылмауы көп нәрсеге қолбайлау болып отыр.
Міне, гәп қайда жатыр? Жергілікті әкімдіктің жарнамаға әлі жетпеуінің бір сыры осында делік. Бірақ осыдан біраз бұрын ҚР Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл бір сө­зінде: «Ең алдымен, қате жарнамалардың жіберілмеуіне, ілінбеуіне әкімдіктер мен тіл басқармалары жауап беру керек» деп, соған негіз болатын «Жарнама туралы» Заңды сөз қылып: «Заңда тек грамматикалық қателер ға­на емес, рухани қателерді жібермеу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Жарнамада жіберілген қателер үшін тиісті жауапкершілікке тар­тудың жолдары да көрсетілген. Жергілікті әкімдіктер Әділет министрлігіне немесе сот­қа жүгінсе де, жекелеген компаниялардың жіберген қателерін түзетіп, болашақта қа­тенің қайталанбауын қадағалауы керек. Біз бар заңды дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Негізінен, жарнамамен айналысатындар қа­зақша сауатсыз. Әсіресе, тарихи тұлғаларға қатысты атаулар, қазақтың байырғы сөздері өрескел қатемен жазылады» деген еді.
Алайда тілге жанашыр депутат өзі атап өткен, өздері қабылдаған заңдарда әкімдіктер мен аталған басқармалардың жарнамаға жауаптылығын міндеттейтін жері жоқтығын қаперіне алмаған сыңайлы. Оған қоса заңда жіберілген қателер үшін жауапкершілікке тартылатыны айтылса да, оның жолдары нақты көрсетілмеген. Әр аймақтағы жергілікті Тілдерді дамыту басқармаларында негізінен мемлекеттік тіл жанашырлары отырғаны рас. Бәрі дерлік жергілікті ұлт өкілдері. Алайда олар әр сұхбаттарында өз тараптарынан мемлекеттік тілге қырын қарағандарды бірден жазалап, жауапқа тартып, оларға белгіленген мөлшерде айыппұл сала алмайтындарын ашына айтады. Өйткені оларда ондай құқық жоқ. Егер жоғарыдағыдай әрекет етуге құқық берілсе, әр кәсіпкер «өз нысаныма қай тілде, не жазсам да өзім білемін» деген пиғылдан арылар еді. Нәтижесінде жарнаманың тілі түзеліп, ел бюджетіне ақша түсуі керек. Өкі­нішке қарай оны бақылайтын Тіл комитеті болсын, жергілікті атқару билігіндегі Тіл­дерді дамыту басқармалары болсын, заңдағы олқылықтардан «Тіл туралы» Заңның орын­далуын толық қамтамасыз ете алмайды. Шамалары жеткенше дейтініміз жеке меншіктегі нысанды прокуратурадан басқа құзырлы мекеменің өз бетінше келіп тексеруге құзыреті жоқ екені тағы бар. Оған қоса бір жарнама немесе көрнекі ақпарат туралы шағым түсіріп, оны прокуратура тексеріп, оларға ескерту жасап болғанша қаланың басқа тұсында небір сорақы қателерге жол берген бірнеше жарнама қылтиып шыға келеді.
Сонда қайтпек керек? Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында құрылған жергілікті Тілдерді дамыту басқармаларының бар ша­масы шағым түсірумен шектелмек пе? Біздіңше, ең алдымен ҚР «Жарнама туралы» Заңы мен ҚР «Тіл туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырудар енгізу керек. ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау мақсатында жарнама беруші өнімінің (немесе ұсынатын қызмет түрінің) жарнама мәтінін алдымен жергілікті Тілдерді дамыту басқармасындағы (өз объектісін тіркеткен аудандағы) немесе оның бөлімшесіндегі тиісті мамандарға тексертіп, «мақұлданған» деген мөр соқтырып алуы тиіс. Бұл ретте, әрине, олар тиісті мекеменің қызметі үшін қаржы төлейді. Бір жағынан бұл сауатты жарнамаға жол ашса, екіншіден, Тілдерді дамыту бас­қармаларының құзыретін арттырып, ел бюджетіне аз да болса қаржы түсірер еді. Ал әзірге жарнаманың мәтіндерімен жер-жерде­гі жарнама агенттіктеріндегі мемлекеттік тілді меңгермеген аудармашылар айналы­сып ке­леді. Оған да тосқауыл қоя алмай отырған жайымыз бар. Өйткені «Тіл туралы» Заңның 23-бабында «Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Рес­публикасының заңдарымен белгіленеді» де­лінген. Бірақ бұл құжат әлі өмірге келген жоқ. Сондықтан халықпен жұмыс жасайтын қызметкерлерге (соның ішінде жарнама агенттіктеріндегі аудармашылар да бар) қа­зақ тілін білу міндетті болмай отыр. Осы себепті жоғарыдағыдай сауатсыздықтарға жол беріп отырмыз. Әзірге бұл құжат өмірге келмейінше жарнама мәтіндеріне Тілдерді дамыту басқармалары жауап беретіндей жағдай тудыру үшін ҚР «Жарнама туралы» Заңына жоғарыдағыдай өзгеріс енгізу керек. Бұл – бір.
Сонымен қатар Тілдерді дамыту бас­қар­маларының өкілдері көрнекі ақпа­рат пен жарнамалар тілін бұзғандарды жауап­кер­шілікке тарту мәселесінің қолданыс­тағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте де қарастырылмауы қолбайлау болып отырғанын айтты. Демек, бұл «Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы» кодекске де өзгерістер керек екенін меңзеп отыр. Ол қандай өзгеріс? ҚР «Тіл туралы» Заңы мен ҚР «Жарнама туралы» Заңының талаптарын бұзған кәсіпкерлер, жарнама берушілер жа­уапқа тартылып қана қоймай (немесе ес­керту жасалып), оларға белгілі бір мөлшер­­де айыппұл төлеу міндеттелуі тиіс. Егер аталған кодекске осындай өзгеріс енген жағдайда біз сол арқылы оларды жауапқа да, айыппұлға да тарта аламыз. Бұл бұған дейін мүмкін болмаған еді. Себебі жоғарыдағы заңдарда «Тіл туралы» заңның талаптарын бұзғандарды жауапқа тартылатыны айтылғанымен, олар­ды әкімшілік жауапкершілікке тарту мен оларға кесілетін айыппұл мөлшері көрсе­тілмеген. Сондықтан жа­рымжан жарнама­лардың иелеріне жоғары­дағы заңдардың сол­қылдақтығы май­дай жағып келеді. Тілдерді дамыту басқармасы жанынан Тіл инспекциясын құратын уақыт жеткенін айту­ға міндеттіміз. Мұндай қызмет Францияда, Латвия, Эстония елдерінде де қолданысқа енген
.

ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабында «көрнекi ақпа­рат мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады» делінсе, ҚР «Жарнама туралы» Заңының 6-бабында да жарнаманы мемлекеттік тілмен қатар жарнама берушінің қалауына қарай өзге тілде де жазуға болатыны айтылған. Еліміздің осы екі бірдей заңы да жарнама тіліне қатысты жерінде жалпақшешейлік танытқан, яғни жарнаманың тілін жарнама берушінің ыр­қына берген. Қос заңдағы «Қажет болған жағдайда… жарнама берушінің қалауы бойынша…» деген сөздер осыны аңғартпай ма? Неге біз көрнекі ақпараттың тілін жарна­ма берушінің еркіне беруіміз тиіс? Ол жарнаманың, көрнекі ақпараттың немесе сол нысанның біздің елде шет тілінде жазылуына еш негіз де, сұраныс та жоқ деп есептейміз. Тек егер ол өзге бір елмен бірлескен кәсіпорын не нысанның атауы болса ғана, онда да мемлекеттік мүд­дені алға қоя отырып мәселені шешкен жөн. Ал басқадай ала-құлалық болмауы үшін аталған екі заңдағы жарнаманың тіліне таңдау берген жерінтағы да қарастырса деген ой туындайды.

Picture 70

4-сурет



Picture 58

5-сурет


Picture 56

6-сурет













2.2 Ақтөбе қаласындағы жарнамаларда кездесетін қателер


Picture 72

Қала көшелеріндегі жарнамалардың сапасы сын көтермейді. Тіпті кейбір агенттіктер жарнамаларын заңсыз орналастырып келген. Өткен отырыста қала  әкімі Архимед Мұхамбетов аталған мәселеге байланысты жиын өткізіп, жарнама агенттіктерінің басшыларына қатаң ескерту жасады. Яғни, заңбұзушылықтарға жол берген мекеме өкілдері кемшілікті аз күнге  дейін түзетіп болуы тиіс.

Жиында Архимед Мұхамбетов қала көшелеріне ілінген жарнамалардың ешқандай талапқа сай еместігін айтты.

— Қаланы көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Бұл  бағытта қыруар шаруа тындырылды. Ал жарнамаға байланысты мәселе әлі де бір ізге қойылған жоқ. 2003 жылы елімізде  «Жарнама туралы» заң қабылданды. Аталған заңда жарнамалық өнімдер мен қызметтің барлық түріне қатысты негізгі түсініктер мен нормалар көрсетілген. Және  заңға сәйкес азаматтар заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылады. Ал біздің қаладағы жарнамалардың басым бөлігі талапқа сай емес. Жарнама жасаумен айналысатын агенттіктер тиісті  мемлекеттік орындардың келісімінсіз жұмыс істеп жатса, жөнсіз ілінген жарнамалар көше көркіне кері әсерін тигізіп тұр. Жарнамалық құрылғылардың үштен бір бөлігі көріксіз, коррозияға ұшыраған немесе  ақпараттық өзектілігін жоғалтқан. Сондықтан осы кемшіліктерді тез арада ретке келтіруіміз керек, — деді қала әкімі.

Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің бастығы Алмат Пангереев жарнамаларды жасауда «Тіл туралы» заңның  орындамайтынын айтты.

Мемлекеттік тілге менсінбей қарайтындар бар.  Мәселен, Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы «Стамбул» кафесі мен «Дзен» сауда дүкенінің, Есет батыр көшесіндегі «Рашид»  шаштаразының сыртқы жарнама көрсеткіштері тек орыс тілінде жазылса,  Абай даңғылында орналасқан «Семья» медициналық орталығындағы жарнамадан  грамматикалық қателер кездеседі. Бұлардың барлығына ескерту беріліпті. Жалпы, талап бойынша  жарнама көрсеткіштерінде мәтін әуелі сол жағына немесе үстіне қазақ тілінде, оң жағына немесе астына   орыс тілінде бірдей әріптермен жазылады.

Жарнама агентіктері орыс тіліндегі мәтінді сөзбе-сөз аударады. Жақында бір агенттік «Зима не за горами» дегенді «қыс тауларға емес» деп аударыпты. Оны «қыстың қамын жазда ойла» деп аударғандары жөн болар еді. Мысалы, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы №36 үйде орналасқан жеке кәсіпкер Дина Қалмантаева басқаратын «Алмаз» дәмханасында: «Свежий янтарь на разлив» деп, оның қасына «Комплексные обеды» деп жазылып келеді де, сосын астына  «Түскі ас» деген сөз қосылған. Яғни «Тіл туралы» Заңның 21-бабы өрескел бұзылған. Сондықтан дәмхана иесіне жарнаманың заң талаптарына қайшы екендігі айтылып, жедел түрде түзету керектігі ескертілді. Сонымен қатар, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 275-үйде орналасқан  жеке кәсіпкер Мақсат Амандықовтың «Саквояж» туристік фирмасының сыртқы жарнамасы қаптаған қатемен тұр:  «Сары-Ағаш, Ыссык-көл, Кытай. Демалыс: Туркия, БАЭ, Мысыр, Еуропа. Шетелде оку»… Басқаны айтпағанда ,«көшесі» сөзі сауатсыз қысқартылып, «көш» деп өзгертіліпті. Сонымен Алматыда «Қонаев көш»,»Байзаков көш» сияқты бірнеше көшті көрсеңіз таң қалмаңыз. Бұл көшелерде басқа елден оралғандар мекендейді екен деп жаңылыспаңыз.Тек аудармашылар «көш» сөзінің мағынасын түсінбеген, әлде әріп жазатын бояуды үнемдеген.Әйтеуір қаладағы 100-ден астам жарнама агенттіктерінің мемлекеттік тілдегі ақпараттарын оқып,адасып қалып жүрмеңіз.

Picture 7

7-сурет


Picture 8

8-сурет


9-сурет


Мемлекет басшысы Нұрсұлта

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!