Жарқ еткен жасын
ғұмыр
Мақала
(Журналист Бейсен Абайұлы
Құранбекке арналады)
Танымал тележүргізуші,
журналист Бейсен Құранбек 1971 жылы Алматы облысының Кербұлақ
ауданы, Қызылжар ауылында туған. Ол өзінің қызмет жолында «Спорт»
газетінде, «Рахат», «31 арна», «Хабар» телеарнасында , Президент
телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы
облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2014 жылы
қазан айында осы қызметке қайта
тағайындалды.
2013-2017 жылдары «Қазақстан»
телеарнасында «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының
жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қарекет»
бағдарламасын жүргізді. Ол өз бағдарламаларында халықтың әлеуметтік
мәселелерін талқылады, халықтың мұқтажы мен мұңын көтерген
тележүргізуші ретінде танымал болды. Ол өзінің қысқа да мәнді
ғұмырында қоғамдағы қандай өзекті мәселені қозғады және қандай
тұлға ретінде халықтың көкейінде қалды? Бейсен Құранбек қоғамдағы
түйткілді мәселелерді , ауыр жүкті, көтере жүрген қарбалас
тіршілігінде жанашырлығымен, парасаттылығымен, ел ағасы ретіндегі
болмысымен, іскер маман, жақсы қызметкер, ретіндегі тұлғалығымен,
жақсы істен ой түйіндей білген даналығымен көпшіліктің есінде
қалды.
Бейсен Құранбек - білікті
маман ретіндегі тележүргізуші ғана емес, адамдардың сенімін
арқалаған жанашыр ел ағасы. Ол өзінің «Айтуға оңай» бағдарламасында
қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайын талқылап, барынша көмек
қолын созуға тырысты. Өзінің де «Бес жылдың ішінде қоғамдағы қордаланған
проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер,
талайлы тағдырлар туралы айтудай-ақ қайттық. Жәй ғана айтып қоймай,
қолдан келгенше сүрінгенге-сүйеу, жығылғанға – жастық болдық»-деп
оқырмандарына жазған еді. «Сәлеметсіз бе? Бейсен Құранбек, Аман-
есенсіз бе? Сіздің «Айтуға оңай » бағдарламаңыз арқылы талай мұқтаж
жандар араша сұрап өз қажеттіліктерін тауып жатқанын күнделікті
бағдарлама арқылы білеміз» деген көрермендердің сөзінен де көп
нәрсені аңғаруға болады.
Парасаттылық , адамгершілік адам бойынан
табылуға тиісті негізгі қасиеттер десек , Бейсен ағаның да бойынан
ол қасиеттер мықтап орын алғандығын байқаймыз.
«Балаларымызды мектепке дейін
хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз,
мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз» , -
дейді парасатты жан өзінің бір сөзінде. Бала тәрбиесі, отбасы
бақыты , сыйластық туралы өнеге- осы кісіден үйренерлік ғибрат
болса керек. «Біреуді сынағың, айыптағың,
жамандағың келіп тұрса, сол адамды жасына қарай өзіңнің әкең, бірге
туған бауырың, қаны бір қарындасың, не балаң деп ойлап көр. Содан
кейін төмпештей бер. Өйткені алдағыны бір Алла біледі. Сондай
жағдай сенің жақыныңның басына келмесіне кім кепіл?!»-деген терең
мағыналы , сырлы сөздері қандай жанды болсын ойландырмай
қоймайды...
«Сөзіңді түзе – әдетіңе
айналады, Әдетің – мінезіңе айналады, Мінезің - сенің тағдырың»-деп
белгілі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай сөзі түзу, ісі мығым
Бейсен аға көпшіліктің , айналасындағы адамдардың ыстық ықыласына
бөленді. Биылғы жылдың мамыр айында танымал
тележүргізуші Бейсен Құранбек Жанысбекұлы өмірден озды. Марқұмның
отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Оның соңында
айтыла жүретін тірлігі, жақсылығы, өнегелі болмысы, сырлы сөздері
қалды. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа
толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып
жатты.