400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жарқын жастық баянды болашақ" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ жас түлектерге мамандық таңдаудан қателеспеуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жарқын жастық – баянды болашақ!

Адам өмірінде ең бір ұмытылмас шақтар: ол мектеп қабырғасында ешбір қамсыз өткен аяулы шақтар.Қандай да бір пенде болмасын өзін бір кездері білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебіне өзін оқытқан аяулы ұстаздарына , сыныптас достарына үлкен сағынышпен аңсап жетері сөзсіз.
Осындай сағынышты кездесу жуырда Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінде өтті. Мектебімізде әр жыл сайын қаңтар айында студенттермен кездесу кешін өткізу дәстүрлі шараға айналған. Осы әдеттен жазбай биыл да «Жас Ұлан»оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен «Жарқын жастық – баянды болашақ» атты әдемі кеш өтті. Бұл кешке былтырғы жылы бітірген және одан арғы жылы бітірген жас түлектер жиналды. Мектепке, достарына деген сағыныштары кеуделерін кернеп, әсем безендірілген залға барлығы көтеріңкі көңілмен кірді. Кеш әртүрлі тапсырмалар орындатып, сұрақтарға жауап берумен басталды .Кешіміздің себепшісі болған студенттерімізге мектеп қабырғасында өткен қызықты күндерін еске алғызып және мамандық таңдаудағы негізгі басшылықтар сынды сұрақтар қойылып, қанағаттанарлықтай жауаптар алынды. Кешіміздің көркі оқушылар ұйымының әзірлеген көңілді концертімен қыза түсті.
Бір кезде тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған оқушылар қазіргі уақытта еліміздің әр қаласында жүрек қалауымен таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында білім алуда. Сол оқу орындарында түлектеріміз мұғалімдердің еңбегін ақтап аз ғана уақыт ішінде жеткен жетістіктерін атап өтті. Мысалға айтар болсақ, 2017 жылғы мектеп түлегі Кәрімжанқызы Томирис Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің атынан студенттер арасындағы халықаралық жарыстан жүлделі орынға ие болды. Президентіміз Қ.Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп белгіледі. Дәл осы бағытта мектеп түлегі Иқсан Көркемжан университет қабырғасында «Доброе сердце» сынды жобаларға атсалысып, биылғы жылға өз үлесін қосып жүр. Бұл жетістіктер мектеп үшін зор қуаныш және жақсы нәтиже.

Кеш соңында студенттеріміз қолға қалам ұстатқан, тәлім – тәрбие берген ұстаздарына зор алғыстарын білдіріп, 11 – сынып оқушыларына алдағы сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектес болып жылы лебіздерін білдірді.



Біз де түлектерімізге сәттілік тілеп, әрқашан биіктерден көрініп , мектебіміздің мәртебесін көтере берсін демекпіз.

Самғандар бейбіт елдің аспанында,

Зулайды жастық дәурен қас – қағымда.

Мектебің, ұстаздарың алтын қазық,

Тілейді сәтті қадам жастарыңа!

Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің 11-сынып оқушысы, «Жас Ұлан» оқушылар

ұйымының мүшесі

Сүйіндікова Әсемай Сүйіндікқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі