"Жарқырашы шырша" атты жаңа - жылдық ертеңгілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жарқырашы шырша" атты жаңа - жылдық ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жарқырашы шырша" атты жаңа жылдық ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жарқырашы шырша»

2-ші сәбилер

Кейіпкерлер:Аяз ата, ақшақар, аю, қоян,жаңа жыл

Безендіру:Ортада үлкен шырша безендірілген

Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.

Балаларды ақшақар қарсы алады.

Ақшақар:- Сәлеметсіздер ме балалар? Менің орманыма жаңа жыл мерекесін тойлауға келгендеріңе өте қуаныштымын,төрге шығыңдар .Шыршамыз неге көңілсіз, шамы неге жанбаған? Балалар бәріміз «Шырша жан»деген ойынды ойнайықшы сонда шыршаның шамдары жанатын шығар.

Ойын:«Шырша жан»

Шарты:Балалар шыршаны айналып тұрады. «Шырша жан» деп үш рет қайталайды. Шыршы жанады. Аяқты тарсылдатады, шырша сөнеді, қолдарымен шапалақтайды шырша жанады (2 рет қайталау үшінші рет қайталағанда шырша жанбайды. Ойынды Ақшақар жүргізеді.

Ақшақар сөзі:Балалар шыршамыз неге жанбай қалды, енді не істейміз,мерекеміз көңілсіз болады ғой?

жүр:Шыршамыздың шамдарын жандыру үшін ән айу керек шығар.

Ән: «Біз көңілді баламыз»

Ақшақар:Шыршамыз тағыда жанған жоқ,енді не істейміз?

Жүр: Ендеше, балалар тақпақ айтып көрсін? Шыршамыз сонда жанатын шығар.

Тақпақ:

1.Жаңа жыл,жаңа жыл Жаңа жылда- жаңа жыр

2.Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр

Ақшақар:Ой, балалар мерекемізде шырша да жанбай қойды .Балалар тағыда қандай өнерлерің бар.А-а мен таптым мына кішкентай жұлдызшаларымыз шыршана шыр айнала билесе ,мүмкін шырша сонда жанатын шығар.Кәне жұлдызшалар шығыңдар ортаға.

Би:«Жұлдызшалар»

Жүр:Дала бәрі аппақ қар, орман іші қалың қар,жаңа жыл да келмей жатыр.Мүмкін жаңа жыл шыршаның шамдарын жағуға көмектесер еді. Балалар даладағы қалың қардан өте алмай ,мүмкін жаңа жыл сосын келмей жатқан шығар. « Қар жинау» ойынын ойнағылырың келе ме?

Ойын: «Қар жинау»

(осы кезде қолында сәбізін құшақтап қоян кіреді)

Қоян :Сәлеметсіңдерме балалар?Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын .

Жүр:Сәлеметсіз бе қоян?Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды.Біз болсақ шыршаның шамдарын жаға алмай жатырмыз. Жаңа жылда келмей жатыр.

Қоян:Мені ескі қоян жылын шығарып салмай ,жаңа жыл қайдан келеді. Бірақ кетпес бұрын балалардың өнерлерін тамашалап кеткім келіп тұр .

Ақшақар:Қоян ,бұл балалар өздері шеттерінен өнерлі

Жүр :шыршаға арнап, ән айтып берейік,сонда шыршаның шамдары жанатын шығар.

Ән: « шырша»

Тақпақтар:

Жаңадан таппақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Төрімізге ол шыққан

Бақытымыз сәніміз

Жаңа жылды сондықтан

Құттықтаймыз бәріміз

(Тақпақтардан соң музыка залына жаңа жыл келеді)

Жаңа жыл :

Ақша қар:Сәлеметсіз бе жаңа жыл төрлетіңіз

Жүр :Балалардың мерекеге дайындаған өнерін тамшалаңыз

Би: «Ергежейлер»

Қоян :Ой қандай керемет бейлейді ,мына балалар.Ал енді жаңа жыл ,рұқсат болса мен алыс сапарға барамын ,жолға шығайын.

Жүр:Қоян, саған көп рахмет ,біздің балалар бір жылда бойлры да өсті ,ойларыда өсті.саған сәт сапар тілейм із.

(деп қоян музыка залынан шығып кетеді,)

Ақша қар:(көңілі түсіп)шыршаның шамдарын жағу үшін не істесек екен.

Жаңа жыл:Ақша қар Аяз атаны шақырайық ,Аяз ата бізге шыршаның шамдарын жағуға кқмектеседі.

Жүр:дұрыс айтасың жаңа жыл.кәне балалар барлығымыз дауыстап аяз атаны шақырайықшы.

Балалар:Аяз ата 3-рет

(аяз ата музыка залына кіреді)

Аяз ата:Амансыңдар ма, ұлдарым,

Амансыңдар ма, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем әндерің!

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа мерекесімен құттықтймын.Жаңа жыл бақыт әкелсін.

Ақша қар:Сәлеметсіз бе аяз ата?Төрлетіңіз, отырыңыз.

Жүр:Аяз ата шыршамыз сондай әдемі,бірақ шамдарын жаға алмадық

Аяз ата :қазір мен сыйқырлы таяғымның көмегімен шыршаның шамдарын жағамын(шыршаны айналып жүріп)

«Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат»3-рет

(шыршаның шамдары жанады)

Жүр:Балалар Аяз атаға әндеріңді айтып,билеріңді билеп беріңдерші.

Аяз ата:Кәне отырып тыңдайын(отырады)

Ән:«Аяз ата»

Ақша қар :Аяз ата туралы кім тақпақтар біледі.

Тақпақтар:

Жаңа жыл :Балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын:

Аяз ата: Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалап ,шаршап келгенімді ұмытыпта кетіппін

Жүр:Аяз ата балалар бір көңілді би билегілері келіп тұр

Би: «Жаңа жыл»

Аяз ата:Өркендерің өссін балалар

Ақшақар:Аяз ата сіз балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата:Әрине әкелдім, кәне бері кел сыйлық қабым (қап өзі жүріп келеді

Аяз ата балаларға сыйлықтарын беріп)

Аяз ата:Ал енді бізді басқа бала бақшада балалар күтіп отыр ,біз сонда барайық.Ақшақар .жаңа жыл жүріңдер жолға шығайық(деп шығып кетеді)

Жүр::Балалар аяз ата берген сыйлықты топқа апарып көрейік,мерекені топқа барып жалғастырамыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі