Материалдар / "Жарық көзі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жарық көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
854
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектеп7«а» сынып оқушысы Кенжетай Амина

Жарық көзі

Жарықтың пайдасының зор екенін айтып жеткізу қиын емес. Күнделікті өмірде маңызды рөл атқарып жүрген жарық көзінің тірі организмдер үшін қандай рөл атқаратынын жайында айта кетсем. Табиғат танудағы маңызды құрал болып табылатынын ұмытпау қажет.Жарық көру қабілетіне қатысып, біздің әсем табиғатымызды танып білуіміз үшін қолданылатын тасымалдаушы. Басқа дене мүшелерімізге қарағанда, бізге қоршаған орта жайындағы информацияны көру мүшеміз көз берсе, жарық тасымалдаушы болып есептеледі. Сонымен қатар, жарық көзінің физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің де берер мағлұматы көп. Жарықтың физикалық қасиеті арқылы денелер қызып, металдардың электрондары ұшып шығады. Бұның арқасында металлдар электрленеді. Химиялық қасиетінің әсерінен реакция тудырушы болып, металл бояуы өңіп, фотопластинкалар қараяды. Яғни, түсі өзгеріске ұшырайды. Биологиялық қасиетінің арқасында біз өмір сүріп жатырмыз. Хлорофиль түзілмесе, фотосинтез процесі жүзеге аспайды. Ал, олай болса, біз тыныс ала алмай, әлемдегі тіршілік тоқтаушы еді. Жарық бар жерде көлеңке жоқ. Жарықты біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттер мен құндылықтар десек, көлеңкені бойымыздағы мін, жаман мінез, теріс жақтар деп ұға аламыз. Жарықты өсімдіктер көп қасиет етеді. Олардың тіршілік етуіне керектілердің қатарында маңызды рөл атқарады. Жарық, тіпті Күннің тұтылуына қатысады. Жарық арқылы Жер бетіне Айдың көлеңкесі түседі.Жарық көзі қазіргі таңда жасанды мен табиғи түрде кездесіп, қолданылады. Алғашында, мысалы, адамдар енді пайда бола бастаған кезді қарастырсақ. Қазіргі замандағыдай технология болмаған кездегі жарық көзінің не болғандығы өте қызық. Әрине, олар отты жарық пен жылу есебінде қолданды. Отты жағуда оңай болмаған шығар, сірә?Алайда, кейін адам еңбек құралдарын жасауға қабілеттеніп, бұл жұмбақтың да жауабын тапты. Ескере кетсем, негізгі жарық көзі ол – Күн. Күннің түсірген жарығы табиғи жарық. Күні бойғы жарықты беріп, түнде жоқ болып, яки батқан кезінде басты көмекшілері болған от. Қазіргі заманда электр шамы, телефон жарығы, қол шам, т.б. жарық есебінде қолданылатын заттар. Адамдар бұл жасанды жарық көздерін өз қолдарымен жасаған. Жарықты да, жылуды да шығаратын денеге Күн мен Ай, т.б. жатқызуға болады. Олар қозғалыста өмір сүреді. Жалпы айтқанда, жарық көздері дегеніміз жарық шығаратын денелер. Оларды екі топқа бөлуге болады: дербес жарық көздері және шағылған жарық көздері. Біздің күнделікті өмірде қолданатын заттарымыз дербес жарық көздерінен тұрады. Оларға: ұялы телефон, компьютер, теледидар, т.б. заттар жатады. Алайда, ескере кетсек, жарықтың пайдасынан бөлек зияны да бар. Олар көбіне жасанды жарық көзінен тарайды. Мысалы телефон, теледидар, электр жарығы, компьютер сияқты жасанды жарық көздері көзге зиянын тигізеді. Олардан зиянды сәулелер бөлініп басқа, ішкі ағзаға жағымсыз әсерін тигізеді. Осы себептен қатерлі ісік, антологиялық аурулардың туу себебі туындайды. Сондықтан, жарықты дұрыс, тиімді қолдана білу керек.Жарықтың пайдасы мен зияны, атқаратын рөлі туралы біраз мәлімет бердім деп ойлаймын.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!