Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жарыс ойынын ұйымдастыру 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 57
Мектеп |
Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ |
Мұғалімнің аты-жөні |
Сағындықов Дастан |
Сынып |
8 «Б» |
Күні |
25.10.2021 |
Қатысушылар саны: |
|
Қатыспағандар саны: |
|
Бөлім |
5-бөлім. Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары |
Сабақтың тақырыбы |
Жарыс ойынын ұйымдастыру Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Шабуылдаушыға допты жоғарыдан көтеріп беру әдістерін үйрету. Шабуылдаушыға допты төменнен көтеріп беру әдістерін үйрету. |
Оқу мақсаттары |
8.1.5.1. Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру |
Сабақ мақсаттары |
Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау |
Бағалау критерийі |
Әдістерді орындауға қатысты идеяларды, стратегиялар мен жоспарларды ұсынады. Ұсынылған әрекеттерді бағалайды. |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс. Талқылауға арналған сұрақтар: - әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды? - қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды? - оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма? - алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? - осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? - сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды? - допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме? - жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз? |
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. |
Пәнаралық байланыстар |
Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка |
АКТ қолдану дағдылары |
Ұялы телефон, планшет, ноутбук |
Бастапқы білім |
Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту.Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері |
Оқушының әрекеті |
Педагогтің әрекеті |
Оқу ресурстары |
Сабақтың басы 10 минут |
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. |
Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау. |
Волейбол алаңы. Ысқырық, волейбол доптары, тұғыр (үстел, тумба немесе орындық). Ойын ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/ Волейбол алаңы. Ысқырық, волейбол доптары. Ойын ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/ |
Сабақтың ортасы 25 минут |
(Б, Ж, ҚБ) Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ 1, 5, 6 ойын аймақтарына бір лекке түзеледі. Мұғалім 4 ойын аймағында тордың үстінен тұғырға мініп допты шабуылдау соққысымен 1, 5, 6 ойын аймақтарына бағыттайды. Оқушылар кезекпен ойын аймақтарына шығып допты қабылдайды. Оқушылар тордың үстінен соғылған доптарды астынан және үстінен қабылдау дағдыларын көрсетулері керек. Допты көп рет қабылдаған топ жеңіске жетеді. |
Ойыншылар шатаспас үшін мұғалім допты аймақтарға дәлдеп лақтыруы керек. Допты қабылдау техникасын қадағалаңыз. Сұраңыз: -Тапсырманы орындау барысында сізде қандай идеялар пайда болды? -Ойынның тактикасы дегеніміз не? |
|
(Ж, ЖЖ, ҚБ) Сыныпты бір алаңда үш ойыншы ал екінші алаңда екі ойыншы болатындай етіп топтарға бөлу қажет. Екі ойыншы алаң жанындағы шабуылдау сызығы бойына орналасудан бір-біріне допты жалғауды орындай отырып, қарсы алаңның шабуылдау сызығына торға қарсы орналасқан екі (үш) ойыншыны бақылайды. Мұғалімнің белгісінен кейін үш ойыншының біреуі торға жүгіреді, ал допқа иелік етуші жұптың біреуі тезарада допты «бос орынға» (торға жүгірген ойыншы орны) бағыттауы керек. Бос орынға көп рет доп түсірген жұп жеңіске жетеді. |
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына ерекше назар аударыңыз. Мұғалім ойын үрдісінде келесі ережелердің сақталуына назар аударады: -ойынды жүргізушінің белгісімен бастау қажет; -допты қабылдаушы үштіктің біреуі міндетті түрде торға қарай жүгіріп шығуы керек. Сұраңыз: -Тактика ойын нәтижесіне әсер етеді ме? -Ойыншылар өздерінің әрекеттерін әрдайым жоспарлап отырулары қажет пе? |
||
Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Шабуылдаушыға допты жоғарыдан көтеріп беру әдістерін үйрету; Шабуылдаушыға допты төменнен көтеріп беру әдістерін үйрету; |
|||
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақты қорытындылау: Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім. |
Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды. |
Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Сабақ бойынша рефлексия -Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? -Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? -Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? -Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? -Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ |
|
Жалпы баға Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)? _____________________________________________________________________________________________________ Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт? _____________________________________________________________________________________________________ |