Материалдар / Жас ерекшеліктері туралы ұғым.Жас кезеңдері

Жас ерекшеліктері туралы ұғым.Жас кезеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ ТУРИЗМ ЖӘНE

СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДEНE ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КOМИТEТІ «РECПУБЛИКAЛЫҚ CПOРТ КOЛЛEДЖІ» РМҚК

 

 


Курстық жұмыс


Тaқырыбы: «Жас ерекшеліктері туралы ұғым.Жас кезеңдері.»

 

 


 



Oрындaғaн: Бегарыс Е.

Тeкceргeн: Педагогика пәні оқытушысы

Жумашева Ж.Т.











  1. Shape1 Алматы, 2024 ж.

Жoспap


КIPIСПE.........................................................................................................

3

І БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ..............

5

1.1. Жас ерекшелік психологиясы ғылымының пәні және міндеттері, зерттеу әдістері.........................................................................


5

1.2. Психологиядағы жас периодизациясы мәселесі. Даму психологиясының тарихи пайда болуы...................................................


9

ІІ ІІ ТҰЛҒАНЫҢ ОНТОГЕНЕЗДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ................................................................................


11

2.1 Нәрестелік кезең (0-1 жас). Онтогенездегі психикалық дамудың қозғаушы күштері. Нәрестелердің қабылдау мен ес, сөйлеу және ойлау процестерінің дамуы.



11

2.2 «Ерте балалық шақ (1-3 жас)». Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл,С.Холл,К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).

16

2.3 Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы

19

ІІІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........

21

3.1 Ерте жастық шақ психологиясы.........................................................

23

3.2 Бастауыш мектеп оқушысының психологиялық ерекшеліктері.................................................................................................


24

ҚOPЫТЫНДЫ.............................................................................................

26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ.......................................

27





















КIPIСПE

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін) [15].

Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жас ерекшеліктері туралы меңгеру, жас кезеңдерін ажырату.

Курстық жұмыстың пәні- педагогика

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылар.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
















І БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ

1.1. Жас ерекшелік психологиясы ғылымының пәні және міндеттері, зерттеу әдістері

Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмірі бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Бізді қызықтыратыны – бүкіл өмірлік жол емес, өте жылдам есейіп келе жатқан баланың мектепті тәмамдап, ересек өмірге қадам басқанша жүріп өткен, туғаннан 17 жасқа дейінгі өмірінің бастапқы кезі. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.

Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» – шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Әйткенмен, жас ерекшеліктері психологиясы психологияның басқа салаларымен: жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік, педагогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер – қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттелетіндігі белгілі. Жас ерекшеліктері психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңдеріндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Тұлға психологиясында түрткі, өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі, құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б. сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді. Жас ерекшеліктері психологиясының әлеуметтік психологиямен байланысы баланың мінез-құлқы мен дамуының оның өзі кіретін топтарға: отбасына, балабақша тобына, мектеп сыныбына, жасөспірімдер ортасына тән ерекшеліктерге байланыстылығын бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір жас кезеңі – баланың айналасындағы адамдардың, ересектер мен құрбы-құрдастарының өзіндік, ерекше ықпалы. Баланы оқытып-тәрбиелейтін ересектердің мақсатты ықпалы педагогикалық психология аясында зерттеледі. Жас ерекшеліктері психологиясы және педагогикалық психология бала мен ересек адамның өзара ықпалдасу үдерісіне әр түрлі қырларынан қарайды: жас ерекшеліктері психологиясы – бала тұрғысынан, педагогикалық психология – тәрбиеші, мұғалім тұрғысынан.

Дамудың жас ерекшелік заңдылықтарынан басқа, дифференциалдық психология айналысатын индивидуалды айырмашылықтары да болады: бір жастағы балалар ақыл-парасаттың әр түрлі деңгейлерін және әр түрлі тұлғалық қасиеттерді иеленулері мүмкін. Жас ерекшеліктері психологиясында барлық балаларға ортақ жас ерекшелік заңдылықтары зерттеледі. Бірақ бұл орайда дамудың магистралды желілерінен қандай да бір басқа жаққа ықтимал ауытқушылықтар да ескеріледі.

Сонымен, жас ерекшеліктері психологиясы – психологиялық білімнің ерекше саласы. Баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әр түрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, демек, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданады. Жас немесе жас кезеңі дегеніміз – бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл. Л.С. Выготскийдің бұл анықтамасына толығырақ біз кейін тоқталатын боламыз, ал қазір бар болғаны екі нәрсені атап өтеміз.

Біріншіден, психологиялық жас жекелеген баланың оның туылу туралы куәлігінде, ал кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны – баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс-әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар. Бірақ бұл хронологиялық шектер жылжытылуы мүмкін, бір бала жаңа жас кезеңіне ертерек, ал екіншісі кешірек енеді. Әсіресе балалардың жыныстық пісіп-жетілуімен байланысты жасөспірімдік шақтың шектері қатты «толқымалы болады».

Екіншіден, бастапқы жас кезеңдері балалық шақты – негізінен ересек өмірге, өздігінен еңбек етуге дайындық болып табылатын тұтас бір дәуірді құрайды. Балалық шақ – тарихи құбылыс: оның мазмұны да, ұзақтығы да ғасырлар бойы өзгеріп отырған. Алғашқы қауымдық қоғамдағы балалық шақ қысқа, ал орта ғасырларда ұзағырақ болған; қазіргі заманғы баланың балалық шағы одан да ұзағыраққа созылып, іс-әрекеттің күрделі түрлерімен толыға түсті – балалар өз ойындарында ересек адамдардың отбасылық және кәсіби қатынастарын қайталап, ғылым негіздерін меңгере бастады. Балалық шақтың өзіне тән ерекшелігі бала өмір сүріп, оқып және тәрбиеленіп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейімен анықталады.

Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады? Дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөлімі ретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан кейін де жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір психологтар жасөспірімдік шақты да «ұзап кеткен балалық шақ» ретінде қарастырады. Қандай көзқарасты ұстансақ та, нағыз ересектіктің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс, 15 немесе 17 жаста күтетіндігін мойындауымызға тура келеді.

Қазіргі таңда әрбір білімді адам «балалық шақ деген не», - деген сұраққа бұл – даму, үйрену, өзгеру кезеңі деп жауап қайтарады. Алайда тек ғалымдар ғана бұл кезеңді – парадокстар және қарама- қайшылықтар кезеңі, және онсыз даму процесі болмайтындығын атап кқрсетеді. Балалық шақ дамудың парадокстары жайлы В. Штерн, Ж.Пиаже, И.А. Соколянский және т.б. жазды. Д.Б. Элькониннің айтуы бойынша балалық шақ психологиясында парадокс бұл – ғалымдардың әлі де шешетін дамудың жұмбақтары.

Д.Б. Эльконин Москва университетіндегі дәрістерін балалық даму парадокстарының екі негізгі мінездемелерінен бастайтын.

Адам дүниеге келгенде өмірді сақтай алатын элементарлы механизмдермен ғана шектеледі. Физикалық құрылымы, жүйке жүйесінің үйлесуі жағынан, іс-әрекет типтері және оны бақылауы жағынан табиғаттағы мінсіз жан болып есептеледі.

Алайда эволюциялық қатарға дүниеге келген уақытысында мінсіздіктің айтарлықтай күрт төмендеуі байқалады, яғни балада дайын мінез – құлық формалары болмайды. Негізінен, тірі жан жанауарлар қатарында жоғары сатыда тұрған сайын, сол сияқты оның балалық шағы ұзаққа созылады, сол сияқты туылғанда ол әлсіз болады. Бұл табиғаттың бір парадоксы болып есептеледі. Тарихи даму барысында адамзаттың материалды және рухани мәдениетінің үздіксіз артуы байқалады. Мыңжылдықтардың ішінде адамдардың тәжірибесі мың есеге көбейді. Бірақ бұл уақытта туылған сәби еш өзгерген жоқ. Антропологтардың мәліметтері бойынша анатомо – морфологиялық ұқсатықты зерттей отырып, олар кроманьондықтармен және қазіргі европалық адамды салыстырады. Қорытынды бойынша қазіргі заманғы адамның жаңа туылған сәбиі он мың жылдар бұрын өмір сүрген сәбиден еш айырмашылығы жоқ.

Сонда табиғи шарттары ұқсас бола тұра психикалық дамудың деңгейі, қоғам дамуының тарихи кезеңдерінде бала әртүрлі жетістіктерге жетеді. Балалық шақ бұл жаңа туғаннан толық әлеуметтенгенге дейін жалғасатын және әрі қарай ержеткенге дейін; бұл кезең баланың адами қоғамның толық мүшесіне айналуы. Сонымен қатар, алғашқы қоғамдағы балалық шақтың ұзақтығы орта ғасыралдағы қазіргі күндердегі баланың шағының ұзақтығы мен тең емес. Адамның балалық шақ этапы- тарихи өнімі, және сол секілді олар мың жыл бұрын өзгеруге бейім болды. Сондықтан да баланың балалық шағын және оның заңдылықтарын, оның қалыптасуын адами қоғамның және заңдылықтарының дамуынан тыс қарастыруға болмайды. Балалық шақтың ұзақтығы қоғамның материалды және рухани мәдениетінің деңгейіне байланысты.

Тану теориясы мен диалектика жеке ғылымдардың тарихынан – жануарлар балаларының ақыл- ой дамуы, тіл тарихында қалыптасуы белгілі.

Назарды баланың ақыл- ой даму тарихына аудара отырып, оны балалық онтогенездегі дамунан және қазіргі заманғы мәдениеттердің біркелкі емес дамуынан ажырату қажет.

Балалық шақ дамуының проблемасы – қазіргі балалық шақ психологиясының ең күрделісі болып табылады. Себебі бұл аймақта бақылау да, эксперимент те жүргізе алмаймыз. Этнографтарға балаларға байланысты. Мәдени ескерткіште кедей екені белгілі. Тіпті, археологиялық қазбаларда табылатын ойыншықтардың өзі діннің заттары, яғни оларды ол дүниеге барғанда иесіне қызмет етсін деп салады екен.

Балалық шақтың тарихи шығу тегі кезеңдері жайлы теоретикалық сұрақты П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин деген ғалымдардың еңбектерінде жасалып шығарылды. Л.С. Выготскийдің концепсиясы бойынша бала дамуының психикалық даму жолы – табиғаттың мәңгілік заңдылықтарына бағынбайды. Міне, сондықтан да мәңгілік балалық шақ болмайды. Ол тек тарихи балалық шақ қана бар деп көрсетеді. XIX ғасыр әдебиеттерінде өте көп дәлелдемелер келтірілген. Олар бойынша жұмысшылардың балаларында балалық шақ болмады. Ф. Энгельс 1483 жылдары Англиядағы жұмысшы клас ты зерттей отырып мынандай мәліметтер алды. Балалар кейбір жағдайда бес жастан бастап жұмыс істеп жиірек алты жаста, жиі жеті жаста бірақ ата-анасының ахуалдары нашар балдардың бәрі сегіз жастан жұмыс істейтін болған, жұмыс уақытысы 14- 16 сағатқа созылған.

XIX- XX ғасырда балалық шақты қорғау органдарының жұмыс істеуінің арқасында бала еңбегі тоқтатылды. Әрине, бұл қоғамның төменгі деңгейде орналасқандарға балалық шақты қоштасу ету емес. Біздің заманымызда бала еңбегі жоқ десек те , балалық шақ статусын ата-анасының әлеуметтік қоғам құрылымындағы орнын есептемей айта алмаймыз.

ЮНЕСКО – ның қабылдаған және көп мемлекеттер бекіткен 1989 жылы «Баланың құқықтары жайлы конвенция» бойынша барлық жер бетіндегі бала тұлғасының толыққанды дамуы қамтамасыз етілуі қажет.

Балалық шақ туралы түсініктер тарихта көбіне олардың биологиялық дамуы емес, әлеуметтік даму кезеңдері ескерілді. Осы айтылған қорытыньдылардың дәлелі ретінде француз демографы және тарихшысы Филипп Ариестің деректері негіз болды. Соның арқасында шетелдік ғалымдар балалық шақ психологиясына назар аударды, ал Ариестің еңбегін кллассикалық дәрежеде бағаланды.

Түрлі тарихи дәуірден, тарихи процестің барсында суретшілердің санасында балалық шақ ұғымының ерекшеленуі. Бейнелеу өнеріндегі зерттеулері бойынша он үшінші ғасырға дейін өнер балаларға назар аудармады. Суретшілердің өздері де бейнелеуге тырысады.

XIII ғ балның бейнесі, кескіні тек діни аллегориялық сюжетте кездеседі. Бұл нәресте Исус және жалаңаш сәбидің өліктің символы ретінде. Шынайы түрде балалар суретін салу бейнелеу өнерінде көпке дейін болмады. Мүмкін ешкім өзіндік тұлға екендігін есептемеді. Өнер шығармашылығында бала бейнесі пайда болғанымен көбіне, олар ересектердің кішірейтілген формада көрсетеді. «Бала сөзі» көпке дейін қазіргі кезде нақты мағынаға ие болмады. Мысалы ортағасырларда Германияда «бала» сөзінің мәні «ақымақ» сөзімен барабар болды.

Балалық шақ ол кезеңде тез өтпелі және құндылығы жоқ болып есептелді. Оған немқұрайлы болуын Ф. Ариес, сол кезеңдегі демографиядағы жоғарғы туу мен жоғарғы өлімнің болу ерекшелігінің салдарынан. Балалық шаққа деген немқұрайлықты жеңу ол XVI ғ өлген балалардың портреттерінің пайда болуының әсерінен дейді француз демографы.Бұл жағдай жай ғана құбылыс емес, үлкен мән берілетін мәселе ретінде қалыптастырады. Жеңіл болуын бейнелеу өнерінде балалардың шынайы суреттері XVII ғ ерте дамымады. Ол кешегі біздің ғасырымызға дейін сақталады. Ескертетін бір жайы, шаруа отбасыларында революцияға дейін балалар мен ересектер бірдей киінген. Және бұл ерекшелік баланың ойны мен үлкендердің айырмашылығы аса көп болмаса киімдерінің бірегейлігі осы уақытқа дейін сақталған.

Ф. Ариес көне кезеңдердегі бала бейнесі мен әдебиеттегі балалық шақ киімдері көріністерін анализ жасай келе, бала киімінің эволюциясындағы 3 тенденцияны бөледі:

  1. Феминизация – ер балаға арналған костюм, онда көбіне әйел адамының киімінің бөліктері қайталанады.

  2. Архаизация – дәл осы уақыттағы бала киімі үлкендердің киімінен сән үлгісі қалуда, және көбіне өткен ғасырдағы

  3. Жоғарғы тап өкілдерінің балаларына, төменгі тап шаруалардың ересектерге арналған костюмді киюі.

Ф. Ариес атап өткендей, балаларға арнайы киімдердің қалыптасуы ол қоғамдағы балаға деген қарым- қатынастың өзгеруі байқалады. Енді балалар ересектердің өмірінде маңызды орын алады.


1.2. Психологиядағы жас периодизациясы мәселесі. Даму психологиясының тарихи пайда болуы.

Даму мәселесін талдау бихевиоризмнің жалпы бағдарымен байланысты. Бұл бағыт эмпериялық философияда кең тамыр жайған және Америкалықтардың адам туралы түсініктеріне сай келеді: қоршаған орта одан не жасаса, сол адам. Америка психологиясында бұл бағыт үйрену түсінігімен байланысты. Бұл концепцияны өңдеуге И.Л. Павлов идеялары әсер етті. Америка психологтары И.Л.Павлов идеяларын қарастыруда іс - әрекет тек қана тірілерге тән сипат деген тұжырым жасады. Негізінен, Америка психологтары И.Л.Павловтың шартты рефлекс принципін ұстанды. Бұл Дж. Уотсонның психологиясында жаңа концепция ойлап табуына түрткі болды. Америка психологиясына осы И.Л. Павловтың асқорыту жүйесі теориясы арқылы ерекше ғылыми эксперимент жүргізу туралы ой келді. П.И. Павлов арқылы жасалған эксперимент 1897 жылы болып, Дж. Уотсон 1913 жылы оны жарыққа шығарды.

Ерте кездегі психологиялық теориялар қатарына «рекапитуляция» концепциясы жатады. Э. Геккель эмбриогенезге байланысты биогенетикалық заңды қалыптастырды: онтогенез – филогенездің қысқа және жылдам қайталануы.Бұл заң бала дамуының онтогенетикалық процесіне көшті. Американ психологы Ст.Холл: «Бала өз дамуында адамдардың болмысына тән дамуды қысқа қайталап шығады»- деп есептеді. Оның ойынша бала түн жарымда қорқынышта шошып оянып, көпке дейін ұйықтай алмайды. Ол бұны атавизммен түсіндіреді. Бұл дегеніміз бала өткен дәуірге тап болады, мысалы адам жалғыз орман ішінде көп қауіп-қатердің ортасында ұйықтап жатып, кенеттен оянып кетеді.Ст. Холлдың ойынша, ойын – бұл балаға ең керекті жаттығу.Бала осы жаттығу арқылы өзінің пайдасыз қылықтарынан толығымен арылады. Бала суретінің дамуы адам тарихындағы бейнелеу өнерінің кезеңдеріне сәйкес келеді деп есептейді.

Ст.Холлдың бұл тұжырымдарына көптеген психологтар сын айтып, қарсы шықты. С.Л.Рубинштейн осыған сәйкес ұқсастықтар негізсіз деп есептеді. Оның пікірінше: «Ересек адам қаншалықты жабайы болса да, толық әрі жетілген индивид ретінде табиғатпен қарым – қатынас жасап, өз өмірі үшін күреседі. Ал, баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасы мүлдем өзгеше болады». Дегенмен де бала психологиясын меңгерудегі Ст.Холлдың жұмысы көптің назарын аударды. «Америкада бәрі кеңінен жасағанды ұнатады» - деді Щвейцар психологы Э.Клапаред. Ойлаған максатқа жетіп, көптеген нақты материалдар жинау үшін әр алуан анкета түрінде зерттеу жүргізілді, бірақ бұл жұмыс көбіне күмән тудырып,сенімсіз болды.Мұғалімдер журналдарда берілген сұрақтамаларға жауап беріп үлгере алмады және осы үшін оларды сөкті. Э.Клапаред бойынша: «Ғылым Америкадағы қалалар секілді тез дамымайды».Психологиядағы рекапитуляция концепциясы эмбриологияда бұл концепцияны критикалауға, яғни келіспеушілікке дейін туындады. И.И.Шмальгаузеннің айтуынша, филогенезде эмбриогенездің тұтастай қайта құрылуы жүзеге асады. Ал, Э.Геккелдің критикасы осы эмбриогенез тарихының мәселесін қайта көтерді.

Рекапитуляция концепциясының шектелуіне қарамастан, психологияда биогенетикалық принцип заңдылық іздеумен қызық болды. Д.Б.Эльконин айтпақшы: «бұл дұрыс емес концепция болды, алайда бұл нағыз теоритикалық концепция еді».Егер осы концепция болмағанда басқа да теориялық концепциялар болмаған болар еді. Ст. Холлдың көрсетуіндей, тарихи даму мен жекелеген дамудың арасында әлі күнге дейін қаралмаған байланыс бар. Рекапитуляция теориясы ғылым сахнасында көпке дейін қала алмады. Бірақ Ст. Холлдың идеясы балалар психологиясына А.Гезелл және Л.Термен атты екі атақты шәкіртінің зерттеулері арқылы ықпал етті.

































ІІ ТҰЛҒАНЫҢ ОНТОГЕНЕЗДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

2.1 Нәрестелік кезең (0-1 жас). Онтогенездегі психикалық дамудың қозғаушы күштері. Нәрестелердің қабылдау мен ес, сөйлеу және ойлау процестерінің дамуы.

60 жылдары Америка ғылымында бихевиоризмге, әсіресе даму психологиясына жақын жақтарына жасалған шабуылдар әр түрлі бағытта болды. Солардың бірі экспериментальді материалды қалай жинауға болатыны туралы болды.

Еуропа мемлекеттеріндегі зерттеушілер даму процесінің философиялық және онтогенездік дамуына қатты қызығушылық танытты. Олар даму процесінің сапалық ерекшелігінің нәтижесіне көп мән берді.И.П.Павловтың, Э. Торндайктың, В.Келлердің жұмыстарынан кейін Австриялық психолог К. Бюлер дамудың 3 сатысы теориясын ұсынды: интеллект, инстинкт, дрессура. К.Бюлер бұл 3 сатыны олардың пайда болуымен, аффективті процесінің дамуымен, әрекетпен байланысты уайыммен, рахатпен байланыстырады. Мінез – құлық эволюциясында рахаттанудың «соңынан басына қарай» өту кезеңі анықталынған. Оның ойынша І кезең – инстинкттер – инстинктивті қажеттіліктерді қанағаттандыру нәтижесімен сипатталады, яғни әрекетті орындап болған соң пайда болады. Осыдан барып, «функциональді рахат (ляззат)» ұғымы қалыптасты. Сонымен қатар, тапсырманы интеллектуалды шешу кезеңінде қалыптасатын рахаттану түрі де бар. Сондықтан қанағаттың «соңынан басына өтуі» К.Бюлер бойынша мінез-құлықтың дамуының негізгі қозғаушы күші. Ол бұл схеманы онтогенезге жатқызды. К. Бюлер балаларға зоопсихикалық эксперимент жүргізіп, мынадай қорытынды жасады, яғни балалардағы алғашқы ойлау формасын «шимпанзе тәріздес кезең» деп айтты. Осы зоопсихикалық эксперимент бала психологиясының ғылым болып қалыптасуына жасалған алғашқы қадам болды.

А. Гезелл басқа да ірі психологтар секілді педагогикалық және медициналық білім алды. Содан кейін 30 жыл Иельск психоклиникасында жұмыс істеді. Кейінірек бұл атақты Гезеллдің баланың дамуы институты болып қалыптасты. Ол жақта психиканың онтогенезі қарастырылып, клиникалық және педогогикалық зерттеулер жүргізілді. Бала психологиясына А.Гезелл үлкен үлес қосты. Ол баланың туылғаннан жасөспірімдік кезеңге дейінгі психикалақ дамуын диагностикалайтын практикалық жүйе жасады. Ол бақылаудың объективтілігіне байланысты ең бірінші жартылай өткізетін айна қолданды.Кейіннен бұл атақты «Гезелл айнасы» деп аталды. А. Гезелл психологияға баланың туылғаннан жасөспірім кезеңге дейінгі психикалық дамуын анықтайтын лонгитюдті әдісті ұсынды.Ол көпзиготалы егіздерді зерттеді және алғашқы егіздік әдістерінің бірін жетілу мен үйрену арасындағы байланыс нәтижесін білуге арнады. Өмірінің соңғы жылдарында А. Гезелл соқыр баланың психикалық дамуын зерттеді .Оның мақсаты қалыпты дамудан соқыр бала психикасының дамуының айырмашылығын терең түсінгісі келді. Клиникалық практикада А. Гезелл құрастырған нәрестенің мінез-құлқының Атласы қолданылады. Атлас баланың туылғаннан екі жасқа дейінгі әлеуметтік мінез-құлқын және қозғалыс белсенділігін фиксациялайтын 3200 суреттен тұрады. А. Гезелл баланың дамуының жалпы заңдылығын қалыптастыруда жас ерекшелікке байланысты дамудың темпінің (екпінінің ) төмендеуіне назар аударды. Бұл темптің өзгеруіне не себеп болды? А. Гезелл жұмыстарында бұған жауап табу қиын. А. Гезелл жұмыстарына Л. С. Выготский талдау жасады. Ол А. Гезеллдің концепсиясын «эмпирикалық эволюционизм теориясы » деп атады.

Л.Термен 1916 жылы Американ балаларына А.Бине тестерін стандартизациялады.Ол шкаланы кеңейтіп, ақыл – ой қабілеттілігін өлшеуге арналған тесттің жаңа нұсқасын жасады. Сонымен қатар ол интеллектуалды коэффицент түсінігін енгізді. Л. Термен тесттердің көмегімен популяцияға қабілетті қисық нормальді үлестірімді өңдеді және көптеген корреляциялық зерттеулер жүргізе бастады. Л.Термен логитюдті әдістерінің бірін 50 жыл бойы дайындаған.1921 жылы Л.Термен интеллект коэффиценті 140-тан жоғары 1500 баланы іріктеп алып, олардың дамуын зерттеді. Зерттеу Л.Термен өлімінен кейін, 70 жылдардың ортасында бітті. Бұл зерттеу таңқаларлықтай нәтиже бермеді. Л. Терменнің пікірінші: «гениалдылық – мықты денсаулықпен, жұмысқа қабілеттілігінің жоғарылығымен, білім аясындағы жоғары жетістіктермен байланысты».

Л.Термен ақылды балалардың интеллект коэффиценті жоғары деп санады. Ал одан кейінгі психологтар (Дж. Гилфорд, Э.Торренс) интеллект көрсеткіштері мен креативтіліктің арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетті. Осы айырмашылықтың негізінде Дж.Гилфорд конвергентті және дивергентті ойлауды қарастырда.

Конвергентті ойлау – бір ғана жауабы бар тапсырманы шешу. Ал дивергентті ойлау – көптеген жауабы тапсырманы шешу болып табылады.

Дж.Гилфорд идеясы негізінде Торренс және оның әріптестері Миннесотстік университетінде шығармашылық ойлауға арналған тесттер жасады және бұл тесттерді бірнеше мыңдаған мектеп оқушыларына жүргізді. Бұл зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері мынадай нәтиже берді: шығармашылық қабілеті жоғары балаларды интеллекті коэффиценті құрдастарына қарағанда төмен болады. Э. Торренс интеллектуалдылыққа арналған тесттер енгізіп, балардың креактивтілік дейгейін бағалағанда 70 % балалар ақылды болып шықты.

Сонымен қатар талантты зерттеудің үлкен бір проектісін жасады.Зерттеу программасы: интеллект пен креактивтілік арасындағы сәйкестікті қарастыру; креактивті балалардың тұлғалық қасиеттерін анықтау; шығармашылық қабілеттерді дамуына әсер ететін факторларды қарастыру; бала мен ата- ана арасындағы қарым – қатынасты анықтау; әлеуметтік және мәдени факторлар.Жасалған жұмыс мынадай нәтиже берді: креактивтілік бірқалыпты жүрмейді. Төрт жылдық интервалда (5,9,13,17 жас); зертеушілер креативтілікті оның әлеуметтік және биологиялық факторлармен байланыстырады.

Термен бойынша ақылды балаларға тән сипаттар: бастаған істі соңына дейін жеткізу, мақсатқа жетушілік, пайдасыз нәрселерден өзін алыс ұстау. Ал Э. Торренстің сипаттамасы бойынша: ақылды балалар әлеуметтік қарым-қатынасқа тез түсетін, достықты жақсы көретіндер, сонымен қатар жалғыздықты ұнататындар.Олар өзіндік сананың және юмор сезімдері бойынша ерекшеленеді. Мұндай балалар тітіркендіргішке реактивті, конформизмге тәуелсіз, стресске тұрақты. Осының бәрі дарынды баланың психологиялық ұйымдасуының суретін бейнелейді. Тіпті Америка ғалымдарының сөздеріне қарағанда, бұл суреттелген картина әлі ашылмаған тұманды мінез-құлық танытады. А.Гезелл мен Л.Терменнің бала психологиясына қосқан үлесі зор. Олар бала психологиясының нормативтік дисциплин ретінде қалануына негіз салды. Бұнда даму барысындағы баланың жетістіктері мен дамуы суреттеліп, соның арқасында әр түрлі психологиялық шкалалар тұрғызылды.

Баланың дамуын зерттеудің нормальді, яғни орта деңгейдегі ыңғайын балаларды зерттеудегі классикалық Американдық бағыт қарастырады. 40- 50 жылдары баланың эмоцианальді реакциялары зерттеле бастады (А.Джерсилд, т.б.).

Естің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңді есте сақтау мен қайта жаңғырту қабілетінің қарқынды дамитынымен сипатталады. Шын мәнінде, егер бізге ерте балалық шақтан бір оқиғаны еске түсіру қиынға соқса немесе еске түсіру мүмкін болмаса, мектепке дейінгі кезеңде көптеген жарқын естеліктер қалдырады. Әсіресе бұл ересек мектепке дейінгі кезеңге қатысты.

Еріксіз естің дамуы. Мектепке дейігі кезеңдегі баланың есі негізінен еріксіз ес болып келеді. Демек , бұл бала әдетте алдына бірдеңені есте сақтап қалу үшін мақсат қоймайды. Есте сақтаумен еске түсіру баланың ерік – жігеріне тәуелсіз жүреді. Бала іс-әрекетте өз көңілі түскенді әсер еткен, өзіне қызық оқиғаны еске сақтайды.

Сөзді, суретті, заттарды еріксіз есте сақтау сапасы баланың бұл заттармен қаншалықты белсенді әрекет еткеніне байланысты. Балаға суреттерді өз орнына қоюды, мысалы баққа, ас бөлмесі, балалар бөлмесі, ауланы бейнелейтін заттарды бөлек қоюды ұсынғаннан, суреттерді көзбен бір шолып шықса есінде көп нәрсені сақтамайды. Еріксіз есте сақтау баланың қабылдау мен ойлау әрекетінің қосымша нәтежесі жанама болып табылады.Еріксіз есте сақтау мен еріксіз қайта жаңғырту мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес жұмысының жалғыз формасы . Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру үшін алдына мақсат қоя алмайды.

Арнайы естің дамуы. 4-5 жаста есте сақтау мен қайта жаңғыртудың арнайы қалыптаса бастайды. Арнайы есте сақтау мен қайта жаңғыртуға қолайлы шарты баланың ойын іс-әрекеті барысында туындайды. Бала сатушы рөлінде белгілі бір заттарды сатып алу барысында, ересектің тікелей талап етуінен көп сөзді есте қалдырады.

Естің арнайы формасын игеру бірнеше этаптарға бөлінеді. Алдымен бала қажетті тәсілдерді меңгермей жатып, есте сақтау және еске түсіру міндетін бөле бастайды. Сонымен қатар бұрын қабылданған нәрсені еске түсіру мен қайта жаңғыртуды күтетін ситуациялармен бірнеше рет соқтығысып тұрғандықтан міндеті ерте бөлінеді. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжіребесінің нәтежесінде туындайды.

Бала бірте – бірте материалдарды қайталауды, ойлауды үйренеді. Ең соңында бала арнайы есте сақтау әрекетінің қажеттігін түсініп, осы үшін көмекші тәсілдерді қолданады.

Еріксіз және арнайы есте сақтаудың байланысы. Ерікті есте сақтауды меңгерудің жетістіктеріне қарамастан мектепке дейінгі кезеңнің соңына дейін еріксіз ес үстем болады. Ерікті еске сақтаумен қайта жаңғыртуды балалар салыстырмалы айрықша ситуацияларда қолданады.

Белсенді ақыл – ой жұмысымен байланысты еріксіз еске сақтау мектепке дейінгі кезеңде арнайы есте сақтауға қарағанда сәтсіз.Мектепке дейінгі кезеңдегі кейбінр балаларда эйдетикалық ес деп аталатын көру есі жақсы дамыған. Эйдетикалық естің бейнесі өзінің анықтылығымен қабылдауға жақындайды: бір нәрсені еске түсіру, бала бұрын қабылдағаны. Эйдетикалық ес – жастың құбылысы. Осы қабілетті иеленуші балалар мектеп кезінде жоғалтады.

Еріксіз есте сақтау мектепке дейінгі кезеңде нақты және баянды болуы мүмкін. Егер балалық шақтағы осы оқиғалар эмоционалдық мәнге ие болып, балаға әсер етсе, олар баланың есінде өмір бойы қалады. Мектепке дейін кезеңде сәби мен ерте балалық шақтың амнизиясынан арылу кезеңі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың танымдық ортасының дамуының ерекшелігі « бала дамуында жаңа функция жүйесі сана орталы ес болады, қалыптасатынын » арнайы айту керек. Мектепке дейінгі кезеңде ес басты рөль атқарады.

Ес психологияда « жалпы естеліктер » деп аталатын көріністерді сақтайды.( Л.С.Выготский). Мектепке дейінгі кезеңде баланың есі орталық орын алып, іс - әрекеттің жетекші функциясы болып қалыптасады.

Қиялдың дамуы. Баланың қиялы сананың басты функциясы. Басты функцияның бір сызығы бір заттың екінші затпен, олардың бейнесімен, математикалық, сөздік және басқа бейнелерді пайдаланудың орын басудан логикалық ойлау формасын меңгеруге алып келеді. Басқа сызық шынайы заттарды толықтыру және орын басу мүмкіндіктерінің көрінуіне, жиналған материалдардан жаңа бейнелер көрінісін құруға алып келеді.Баланың қиялы ойын барысында қалыптасады. Бірінші кезеңде ол заттарды қабылдаумен оларды ойын іс- әрекетінде орындаудан ажыратып қарамайды. Бала таяқшамен атпен шабады – осы сәтте ол шабандоз, ал таяқша – ат. Бірақ ол таяқша болмаса атты көз алдына елестете алмайды.Үлкен балаларда қиял орын басатын заттарға ұқсамаитын заттарға сүйенеді.Бірте-бірте сыртқы сүйеніш қажеттігі жайылады. Шын мәнінде жоқ затпен ойын іс-әрекетіне кірісу – интериоризация жүреді. Бұл қиял ерекше психикалық процестің тууы секілді.Басқа жағынан қарағанда ойын көрінетін іс-әрекеттерсіз жоспарлы түрде жүреді.Балаларда қиял образы эйдетикалық образға жақын болуы мүмкін болғандықтан өзіндік сипатқа ие. Эйдетикалық образдар әсіресе бос қабылдау болмағанда, түнде жарық сөндірулі болғанда бала санасына қарқынды әсер етеді. Бұл балалар үрейінің себебі болуы мүмкін.

Осы уақытта балада арнайы қиял дами бастайды, ол өз іс-әрекетін жоспарлағанда нәтежесін өзіне бағыттайды. Сонымен бірге бала еріксіз пайда болған образдарды қолдануды үйренеді. Балалар шығарған тарих пен ертегілер жүйелі және шынайы бола бастайды. Сонымен қатар балалар сюжетті логикалық түрде соңына дейін жеткізеді.

Балалардың қиялы ересектердің қиялынан бай деген пікірлер бар. Бұл пікірлер балалар әртүрлі себептерге байланысты қиялдай бергендігіне негізделген.

Бірақ балалар қиялы бай емес, көптеген іс-әрекеттерге қатысты ересек тердің қиялынан төмен. Бала өмірлік тәжіребесі аз болғандықтан ересек адамдардан әлде аз қиялдайды.Сонымен бірге ересектер өмірінен қарағанда, бала өмірі маңызды рөль атқарады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – бұл баланың қоршаған ортаны танып, меңгеруге бірден-бір жетекші жол.Қиял мен естің жүйелі дамуының сипаты мектепке дейінгі кезеңде осы танымдық процестің кейбір онтогенез бейнесін береді. Алғашында бала бірдеңені елестетуге немесе еске сақтауға мақсат қоюға тырыспайды.

Қиял және ес образы ойын процесінде, сурет салуды, ертегі және әңгіме тыңдағанда пайда болады.3-4 жаста бала қайта жаңғыртуға ұмтылу, бала әліде бұрын қабылдағандарын ұстай алмайды. Қайта жаңғырған образдар бірінші негізден алшақ болады және баланың есінде көпке дейін сақталмайды. Бірақ баланы тек қана ертегі киіпкері болатын қиял әлеміне жетектеу оңай. Егер ересек адам бір фантастикалық кейіпкердің рөлін алып сомдаса, бала бұған шынайы өмірдегідей қайғырып, қуанады. Ересек адамның көмегі арқылы бала өөзіндік кейіпкерлерді сомдауға үйренеді. Бұл кейіпкерлер аяқталмаған, бала көбіне оның іс-әрекетін соңына дейін апармайды.Баланың санасында болып жатқан образдың туындауын және сыртқы көзқарасымен қабылдауын бақылау өте қиын: бала өзі образды суреттеуге және оны беруге қиналады: қағазға салып немесе іс-әрекетімен әліде дамымаған күшпен « техникамен » бейнелей алмайтындығын көрсету. Осы құпия әзірше отбасында сақталған. Бірақ тарихи шығармамен әңгімелерді құрастырғанда таныс образдарды пайдалануды, сонымен қатар, бала шығарма жазғанда оның логикалық құрылымына мән бермейді, тек жүре пайда болған әңгіме ассоцияциясына сүйенеді.

Үлкен мектеп жасында баланың қиялын басқаруға болады. Қиял әрекеті қалыптасады: көрнекілік манер формасындағы түпкі ой; зат образымен әрекет; қиялдағы заттың образы. Қиялда қарастырылып отырған суретке , тыңдалынып отырған ертегіге жалғасын тоқтатады. Ол практикалық іс-әрекеттен бөлектеніп, дербестікке ие болады.

Қиял танымдық тапсырмаларды шешуде ойлаумен бірігіп, практикалық іс-әрекеттің алдын алады. Қиял мақсатқа бағытталған іс-әрекет ретінде қиялдағы образ схемасының , құбылыстың оқиғаның көрінісі процесінде дамиды. Бала өз қиялының сипатын анықтап, бақылай бастайды. Осыдан ол қиялдар образдарының қимылына өзі бақылау жүргізеді. Әрине бала қиялы - бала ішкі дүниесінің өзгерісімен байланысты қайғысымен бөлінуге дайын болғанымен, бұл алдымен « өзі үшін » шығармашылық.

Баланың жалпы психикалық дамуында қиялдың белсенді дамуымен үлкен қауіп байланысты. Кейбір балаларда қиялы кез келген тілегіне еш қиындықсыз жететін, ерекше әлемді құрады, шынайылықты «ауыстырады». Бұндай жағдайлар ерекше көңілді талап етеді, аутизми ( шынайылыққа қызығушылықтың жоғалуы ) немесе бала психикасының дамуының бұзылғанын растайды. Бірақ бұл ізсіз жоғалатын уақытша құбылыс.



2.2 «Ерте балалық шақ (1-3 жас)». Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл,С.Холл,К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).


Сәбиліктен кейін адамда жаңа кезең басталады - ерте жастық шақ ( 1 жастан 3 жасқа дейін). Сәбилік баланы есту мен көру қабілеттіліктерімен қаруландырады. Бала денесімен жұмыс істей бастайды, қол қозғалыстарын басқарады. Ерте жаста бала енді әлсіз емес, ол өзінің қимылдары мен үлкендермен қарым-қатынасқа ұмтылуда барынша активтілік көрсетеді. Алғашқы жылында сәбиде адамға тән психикалық әрекеттердің алғашқы формалары қалыптасады. Психикалық дамудың алғашқы тарихы енді шын тарихына орын берді. Келесі екі жыл - ерте жастық шақ кезеңі - балаға жаңа жетістіктер алып келеді.

Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар (мысалы, Р.Зазза) туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, үш жасар бала үнемі заттар әлеміне кіреді, көптеген тұрмыстық заттарды қолдана алады және заттық әлемге бағалы қатынаста болады. Ол өз-өзіне қызмет ете алады, қоршаған адамдармен өзара қатынасқа түсе алады. Ол тіл арқылы үлкендермен және басқалармен қарым-қатынасқа түседі, мінез-құлықтың қарапайым формаларын ережелерін орындайды.

Үлкендермен қарым-қатынаста балада айқын еліктеу байқалады және бұл идентификацияның қарапайым формасы болып табылады. Баланың үлкенмен және үлкеннің баламен идентификациялы қарым-қатынасында сәбиді басқа адамға деген эмоционалды қатынасқа дайындайды. Баладағы идентификация фонында адамдарға деген сенім сезімі пайда болады (базалық сенім сезімі, Э.Эриксон), сонымен қатар материалды, психологиялық және рухани мәдениетті иеленуге дайындалады.

Бала психикасының дамуын анықтайтын ерте жастық шақтың негізгі жетістіктері болып саналатындар мыналар: денені игеру, тілді меңгеру, заттық іс-әрекеттің дамуы. Осы жетістіктер мынада байқалады: дене активтілігінде, қимыл мен қозғалыстардың үйлесімділігінде, түзу жүруде; арақатынасты және зеңбіректі қимылдардың дамуында, сөйлеудің қарқынды дамуында, орын басу мүмкіндіктерінің дамуында, символикалық әрекеттер мен белгілерді қолдануда; көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және белгілік ойлау дамуында; елес пен ес дамуында; елес пен ерік көзі ретінде өзін сезінуде; өзіндік «Меннің» шығуы және тұлғалық сезімнің пайда болуында.

Жалпы сезімталдылық дамуға деген онтогенетикалық потенциалының тоқтатылмауынан болады, сонымен қатар жағымды эмоциялар қажеттіліктері мен танымды болу қажеттілігінің дамуы мен қалыптасуы жүретін адамдар қатынасының әлеуметтік кеңістігіне баланың психологиялық кіруі.

Қарым-қатынас ерекшеліктері. Ерте жаста, әсіресе оның бірінші жартысында, бала әлеуметтік қатынастар әлеміне енді кіре бастайды. Ол мама, папа және әжесімен қарым-қатынас арқылы нормативті мінез-құлықты игереді . Бірақ осы кезеңдегі мінез-құлық мотивтері саналы емес және маңыздылық дәрежесіне байланысты жүйеге реттелмеген. Тек бірте-бірте баланың ішкі дүниесі тұрақтылық пен анықтылыққа ие болады. Бұл дүние үлкендердің әсерінен қалыптасса да, бала бірден өзінен күткен адамдар мен заттарға деген қатынасты игере алмайды.

Үлкендермен қарым-қатынаста формалардың өзгеруі бала дамуының ерте жасында шешуші мәнге ие, бұл әдеттегі заттар әлеміне кірумен және заттық іс-әрекетті игерумен байланысты. Дәл осы заттық іс-әрекетте үлкендермен қарым-қатынас арқылы сөз мәндерін игеру және оларды заттар бейнелері мен қоршаған орта құбылыстарымен байланыстыру негізі құрылады. Басқарудың «саңылау» формалары (қимылдарды көрсету, қозғалыстармен басқару, растауды жест пен мимика арқылы білдіру) баланы затты қолдану ережелері мен әдістеріне үйретуге жеткіліксіз болып бара жатыр. Баланың заттарға, олардың қасиеттері мен әрекеттеріне қызығушылықтарының өсуі үлкендерден үнемі көмек сұрауды тудырады. Бірақ көмек сұрау да, сол көмекті алу да тілдік қарым-қатынасты игерген кезде ғана болады.

Мұнда көбісі үкендердің балалармен қарым-қатынасты қалай ұйымдастырғанына және осы қарым-қатынасқа қандай талаптар қойылуына байланысты. Егер балалармен аз араласып, оларға деген қамқорлықты шектесе, онда олар бірден сөйлеу дамуынан артта қалады. Басқа жағынан, егер үлкендер балалармен қарым-қатынаста олардың бірінші жестінен ақ әрбір тілегін орындаса, бала ұзақ уақыт бойы сөйлеу қабілетінсіз жүре береді. Ал егер үлкендер баланы анық сөйлетсе және мүмкіндігінше өз тілектерін сөзбен жеткізсе ғана оларды орындайды.

Сөйлеудің дамуы. Ерте жастық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің сөйлеуді түсінуін жетілдіру және баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы.

Сөздерді көрсетілген заттарға және қимылдарға қатыстыра алу балаға бірден келмейді. Алдымен нақты зат пен құбылыс емес, жағдай түсіндіріледі. Бала үлкендермен қарым-қатынаста сөзбен анық қимылдар жасаса, басқа адаммен айтылған дәл осы сөздерге мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Осылай, бір жастағы сәби анасымен қарым-қатынаста басына, мұрнына, көзіне, аяғына және басқа да дене мүшелеріне көрсете алады, бірақ адамдардың дене мүшелерін көрсету сұрауларына ол жауап бермеуі мүмкін. Бала мен ана өте тығыз интимді байланыста болады, мұнда тек сөздер ғана емес, сонымен қатар жесттер, мимика, дауыс ырғағы және қарым-қатынас жағдайы - бәрі бірге әрекетке сигнал болады.

Үлкенмен қарым-қатынаста бала оның сөздеріне дұрыс жауап береді, егер бұл сөздер көп рет анық жесттермен қайталанса. Мысалы, үлкен балаға айтады: «Қолыңды берші» - және соған сәйкес жест істейді. Бала өте тез жауапты әрекетке үйренеді. Сонда ол тек сөздерге ғана жауап бермейді, сонымен қатар толық жағдайға жауап береді.

Кейінірек жағдай мәні өтіледі, бала сөздерді түсіне бастайды, оларды нені айтып жатқанын түсінеді және ол сонымен бірге ере жүретін жесттерге тәуелсіз. Бірақ бұл жерде де сөздер мен көрсетілген заттар және құбылыстар арасындағы байланыс көп уақыт тұрақсыз болады. Бұл үлкеннің балаға берген сөздік нұсқаулар кіретін жағдайларға тәуелді.

Бір жарым жылдан кейін баланың қимылдық бағынулары үлкеннің сөздік нұсқауларына мықты бола бастайды, бірақ егер нұсқау мен орындау арасында уақыт аралығы енгізілсе немесе нұсқау дағдыланған әрекеттермен қарама-қайшы болса бұзылады. Баланың көзіншебалықты аударылған шынының ішіне салады. Содан кейін оған айтады: «балық шынының астында, алып берші балықты!», сонымен қатар баланың қолын 20-30 сек ұстап тұрады. Осы таңдаудан кейін бала басқа заттарға алаңдап, нұсқауды орындауға қиналады.

Басқа жағдайда баланың алдына екі затты қояды - шыны мен қасықты - сосын айтады: «шыныны берші, шыныны берші!» деп. Ол шыныға ұмтылады. Ал егер де осы нұсқауды бірнеше рет қайталап, кейін: «қасықты берші!» десе, онда бала шыныға қолын созуды жалғастырады, үлкеннің сөздік нұсқауларына бағынбай жатқанын өзі байқамайды.

Екі жастық балаға сөз өте ерте тежеушіден гөрі жіберуші мәнге ие болады: балаға сөздік нұсқау бойынша қандай да бір әрекет жасау оңайырақ, бастаған істі тоқтатқаннан гөрі. Мысалы балаға есікті жабуды ұсынса, ол оны көп рет жаба және аша бастайды.

Әрекетті тоқтату - басқаша. Алайда бала ерте жастан-ақ «болмайды!»сөзінің мәнін түсіне бастайды, тыйым үлкендер қарағандай магиялық түрде әсер етеді.

Тек үшінші жылда ғана үлкендердің сөздік нұсқаулары баланың мінез-құлқын әр түрлі шарттарда шын мәнінде тәртіпке сала алады, оның әрекеттерін шақырады және тоқтатады, тікелей, сонымен қатар уақыты өткенде әсер ете алады. Үлкендердің сөйлеуін түсіну осы кезеңде сапалы өзгереді. Бала бөлек сөздерді ғана түсінбей, үлкеннің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер де істей алады. Ол үлкендердің әңгімелесулерін қызығушылықпен тыңдайды, олардың не туралы ойлап жатқанын түсінуге тырысады. Бұл кезде балалар белсенді түрде балалық ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен мағынасы жағынан күрделілері де туындайды.

Тікелей қарым-қатынас шегінен шығатын ақпаратты тыңдау мен түсіну бала үшін өте маңызды алулар. Ол сөйлеуді іс-әрекеттің танудың негізгі құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Осыны есепке ала отырып, тәрбиелеуші баланың есту мен түсіну қабілеттіліктерінің дамуын бағытты басқаруы керек.

Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді және оларды сирек болса да қолданады.

Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді деайтуға тырысады. Басында оған сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден 1500 сөзге дейін.



2.3 Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы – баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.

Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас) ерте балалық шақтың онтегенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын ересек адамдармен қарым- қатынас жасау арқылы, сонымен қатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлумттік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар.

Алайда, сол бір объектіні зерттей отырып – психикалық даму – генетикалық және баланың психикасының екі әр түрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуына және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектерге жүргізілуі мүмкін. Алайда, генетикалық зерттеу объектісі бала болып табылады.

Генетикалық психологгияның негізгі стартегиясы – психикалық құбылысты жасау, пайда қылу қалыптастыру болып табылады. Л.С. Выготский қалыптастыру жайлы алғаш айтқан. «Біз қолданатын әдіс эксперименталды генетикалық деп аталуы мүмкін. Себебі, ол жасанды түрде психикалық дамудың генетикалық тұрғыда жасап шығарады. Әрбір қатып қалған психологиялық форманы ерітіп, оны қозғалғыш ағынға айналдыру қажет. Анализдей келе, жоғарғы форманы зат есекбінде емес, процесс есебінде алып, заттың оның бөлшектеріне емес, ол прцестен бөлек сәттеріне бару.»

Баланың психикасынан басқа психологиялық саланың айырмашылығы – ол ерекше бірліктермен жұмыс жасайды, олар – жас немесе даму кезеңі болып табылады.Мектепке дейінгі кезеңде бала жаңа принципиалдық жетістікке жетеді. Бала ересектермен және құрдастармен қарым- қатынастың қиын- қыстау кезеңінде басқа адамдардың рефлекциясын меңгереді. Бұл кезеңде ересектермен қарым- қатынас жасау барысында идентификация қабілеті қарқынды дамиды. Кейінгі жастық шақта бала бір мезгілде позитивті және негативті даралануды меңгереді. Мектепке дейінгі кезеңде өз дене мүшелерін белсенді түрде басқара алады. Бұл шақта балада дене мүшелерінің құрылымына, соның ішінде жыныс мұшелерінің ерекшеліктеріне қызығушылық пайда болады. Осы кезңде баланың тілі қарқынды түрде дамиды. Осы кезеңде бала жаңа жаңа құбылыстарды меңгеруге үзілді- кесілді қарсы, ол бұрынғы меңгерген білімдерін қайта жаңғыртады.

































ІІІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым –қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл –ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі – дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын атқарады.Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім –тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке,ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.
Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу.Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.
Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие –қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл –ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін ұмытпау керек. Сөйлесу қызметі – белсенді әрі мақсатты үрдіс.Бұл қызмет түрі серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты – бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. трафарет арқылы сөз құрамының байлығын, диалогты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде баланың шығармашылық ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі.
Мысалы: жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі .Дайындық кезеңі аяқталған соң сөйлеу кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын білемін .Ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі. Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін, дүние танымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланып сөз қоры молаяды. Халқымыздың асыл маржанын меңгереді. Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерінің қолдануы балада жағымды эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекші формасы бұл жалпы топпен, шағын топпен және арнайы ұйымдастырылатын сабақтар, экскурсиялар, серуендер, ертеңгіліктер, ойындар. Балабақшамыз биылғы оқу жылынан бастап ҚР мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай оқу –шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырудамыз.
Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер – айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай білу, қаблеттерін дамыту болып табылады. Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар мен ересектер тобында шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, өзінше талдап ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.


3.1 Ерте жастық шақ психологиясы

Адамның балалық шағы мен жастық шағының дәстүрлі классификатциясы ( 11 – 12 жастан, 14 – 15жас). Осы ең қысқа астрономиялық уақыт аралығында жеткіншек өз дамуында ұлы жол жүреді: олар өзінің ішіндегі конфлектілер және басқалармен кикілжіңдер, сыртқы қайшылықтардан өту арқылы өзін тұлға сезіміне ие болуы мүмкін. Бірақта қоғам туралы енді ашылып келе жатқан сезімдері оны қатыгездікке жетелеуі мүмкін.

Қазіргі ақпаратты қоғамда жеткіншектің өзіне үлкен азаматтық статусын алуы – орындала бермейтін арман. Сондықтанда жеткіншек өзіне үлкен адам сезімін емес, жастық – пісіп жетілушілік сезіміне ие болады. Жеткіншек адамдық тұрмыстың құндылықтарына заттызқ әлемінен бірдестен тәуелділікке кетеді. Заттық әлемде өмір сүре тұрып бала сол заттарға табыну обектісі ретінде қарай бастайды. Жеткіншек белгілі бір қауымдастық құрамына кіргендіктен сол ортаның мінез – құлқына сай әрекет жасап, белгілі заттарды тұтынып сол заттарды тұтыну оларға өмірінің мазмұны бола бастайды. Өзіне жаңа зат ала ала отырып ол өзі және достарының алдында құндылыққа ие болады. Жеткіншек үшін белгілі бір заттарға иелік ету, ол үшін өзінің тұлғалық қасиетін ұстап тұруға әсер етеді.

Қазіргі таңда, Ресейде дамыған елдердегідей тұтынушылық қоғамға аяқ алу, жастардың арасында тұтынушылық тәбеттері айтарлықтай өсуде. Әрине, заттар – ол өмір сүру ортасы, рухани және физикалық даму жағдайы, қажет және аңсаған меншік болып табылады. Бірақта тұтыну қоғамы жеткіншекке таңдау және міндетті түрде жие ауыстырып тұру деп қабылдайды.

Қазіргі өмірде заттар жеткіншектерді мынадай мінез – құлықтарға бейімдеуі мүмкін: 1. негізгі құндылық болу үшін, өмірінің толықтығына деген мотивация тудырады; 2) табыну обектісі болу арқылы, заттардың құлы болуға, айналуы мүмкін. 3). Сыйлайтын адамдарды тәуелділікке қойып, қызғаныш пен агрессияға алып соқтырады.

Жеткіншектік бизнесі – “ жеткіншек заттар әлемінде “ атты мәселені ғана шешіпқойып қана қоймай өзінше жеткіншекті олып жүру қиын болатын.

Жеткіншектік шақ – ол жеткіншектің барлығын жаңадан өзінің отбасымен қарым – қатынасын түсіне бастайтын кезең. Үлкен тұлға деңгейіне ие болмасам мен қайтер едім деген сұрақ туындайды.

Жасөспірім бойындағы тұлғалық қасиетін сезінуге отбасындағы “ біз деген ұғым және дәстүрдің оны қолдауы көп әсер етеді. Осыған орай жасөспірім әлі де болса өзінің “ мен “ дегенімен жалғыз қала алмайды. Өйткені ол әлі өзін - өзі терең және обьективті түрде бағалай алмайды, және жалғыз өзі бүкіл әлем алдына ерекше “ тұлға ретінде тұра алмайды. Оның жоғалған “ мені “, “Біз” деген ұғымға ұмтылады. Бірақ бұл жолы (“Біз” – топ.У. Г. Самнер.) оның қатарластары құрайды.

Жеткіншек шақта – жасөспірім өзінің құрдастарымен қарым – қатынас пен, байланыстарын бағалай бастайды. Өзі сияқты тәжірибесі бар құрдастарымен араласу жасөспірімге өзіне жаңаша көз – қараспен қарауға мүмкіндік береді. Өзін - өзі дамытуда досқа деген мұқтаждық қатты байқалады. Досты және оған қызмет ету жасөспірім үшін үлкен орын алады. Достық арқылы жасөспірім адамдар арасындағы байланыс, әріптестік, бірін – бірі құтқару, екінші біреу үшін тәуекелге бару. Достық сонымен қатар сенім арқылы басқаны және өзіңді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әсіресе өскелең шақта жасөспірім достар арасындағы сатқындық, сырларын жария ету, ұрыс керіс барлығын түсіне бастайды. Қорыта келе, достық тек қана жақсылықтарға ғана емес ол сонымен қоса екінші бір адамға достық қатынаста қандай мінез – құлық таныту керектігін көрсетеді.

Достық балалық шақта да, топпен жұмыстада жасөспірімнің тұлғалық қатынаста өзімшілдік қасиет тудыруға ықпал етеді.

Көп жасөспірімдер өздерінің қабылдау, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі, ойлау қабілеті және оларға жаңа нәр беруге тырысады. Интенсивті түрде жұмыс істеу арқылы жасөспірім өзін тиімді санайды.

Жеткіншек шақ – жасөспірімді әрдайым өзін тануға деген құштарлықтарын, өз бойынан жаңа қырын ашудың өзі баланы тыныш өмір сүруге бейімдейді. Жасөспірім алып – ұшушылық мінезінде болғандықтан шекті сезімдер көп па? Көздері махаббат оты жанып тұрған кезде өз мақсатынан басқа бүкіл әлем оған ештеңе емес. Бірақ бұл уақытта өтеді, оның жанарында ұшқын оты да біртіндеп сөнеді. Азғана уақыттан соң ол жаңа мақсат отымен айналыса бастайды. Бірақта осы кезеңде жасөспірімдер өзіне және басқаларға жаңа қырларын ашып – психологиялық кризиске түсіп кету қаупі бар. Субьективті түрде бұл ауыр күйзеліс, уайымдау, бірақ өскіншектік кезеңнің күйзелісі жасөспірімді бала күнінде ойламаған біліммен байытады. Жасөспірім өзінің қиналысынан өзінің ойлары мен достары және өзі үлкен мектеп тәрбиесінен өтеді. Бұның барлығы оған тұлға ретінде құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.


3.2 Бастауыш мектеп оқушысының психологиялық ерекшеліктері

Х.Вернер ақыл-ой дамуының жалпы бағыттарына сипаттама бере келе, ол осы процестің функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің келесі көрсеткіштерін бөліп көрсетті. Бұл синкретикалықтан дискретикалыққа, диффузиялықтан есеп беруге, ригидалықтан икемділікке, тұрақсыздықтан тұрақтылыққа өту. Синкретикалық, мысалы, Х.Вернер ақыл-ой өмірінің бастапқы қарапайым жүйесінен көреді және сәби кезеңінде эмоционалдық процес аумағында, қабылдау облысында және қиял процесінде, фунционалды дифференцияланбаған субьект-обьект қарым-қатынасында көреді. Х.Вернер бойынша даму немесе ортогенез икемділік және тұрақтылықтың, функционалды дискреттіктің, есеп берудің ішкі жүйедегі сенімді жүйелер арасында өсумен құралады.

Осы айтылған дамудың жалпы бағытының формальді қырлары, Х.Вернер даму деңгейіне салыстырмалы баға беруге тырысады. Мұндай баға 3 факторға байланысты беріледі: даму процесінің көрсеткішіне анықтама; анализдік құбылысты құратын іс-әрекеттер жүйесінің анықтамасы; жеке ақыл-ой операциясының анализі Х.Вернер айтқандай, диапозды ағзаның диапозон қабілетінде көрінетін жеке бақылаулар негізінде қоюға болмайды. Кез келген психологиялық құбылыс ғылыми тұрғыдан қарастырғанда ағза дамуының тұтас перспективалық негізінде классикациялануы керек. Оның орны мүлдем өзгермеген. Егер дамуда жаңа перспектива пайда болса, онда бір ақыл-ой құбылысы әр түрлі деңгейде болады. Бұл баланың оқымаған ересек пен ақылынан айырылған ауру адамның іс-әрекетін қарапайым даму стадиядағы іс-әрекетпен салыстыруға болмайды; ересек адамның (білімді, оқыған адамның) іс-әрекетін даму стадиясының жоғары деңгейіне сәйкес келеді деп айтуға болмайды.

Ақыл-ой дамуының салыстырмалы анализі Х.Вернерге биопсихологиялық эволюцияда ақыл-ой дамудың 3 стадиясын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл – сенсомоторлық, перцептивтік және ақыл-ой дамуы.

Мектепке келген кезде баланың сөздік қорының көлемі ұлғаяы, ол басқа адамдармен өзінің өміріне байлынысты болып жатқан жағдайлар жайлы оңай түрде түсінісе алады. Егер үш жастағы қалыпты дамыған бала 500-ге дейін және одан көп сөздерді қолданса, алты жастағы бала 3000-нан 7000-ға дейін сөздерді қолдана алады. Бастауыш мектепте баланың сөздік қоры зат есімнен, етістіктен, есімдіктен, сан есімнен құралады.

Тілдің дамуы баланың тілге деген қарым-қатынасында байланысатын тек лингвистикалық мүмкіндіктер арқылы жүрмейді. Бала сөздің дыбысталуын тыңайды және оған баға береді.

Егер де балаға сөздің кейбір заңдылықтарын түсіндіретін болсақ, онда ол өзінің жаңа жаңалықтарыдағы танымдық тілге белсенділігін аудара бастайды және ойнай отырып анализді өндіреді.

Тілді меңгеру, әдетте, баланың тілге деген қарым-қатынасындағы белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөзжасамдарда білінеді және берілген тапсырмаға сай дұрыс сөзді таба білуде де көрінеді.

Төменгі сыныптағы оқушылара туған тілінің жүйесіне байланысты бағдар пайда болады. Тілдің дыбыстық қабыршағы – 6-7 жастағы балаға арналған белсенді, ерекше түрдегі заттық әрекет болып табылады. 6-7 жаста бала тілдің күрделі грамматикалық жүйесін меңгереді, ол сөйлейтін тіл оның туған тіліне айналады.

Егер де бала бала-бақшаға барған болса, ол сөздің анализдік дағдыларын оқуы тиіс. Ол сөздің дыбыстық анализін өндіре алады және оны құрайтын дыбыстарға сәйкес орналастырады, сөздегі дыбыстарды ажыратады.

Бала арнайы оқыту кезінде дыбыстық жүйеге байланысты сөзді айта алады. Сөздің дыбыстық анализі оқу мен жазуға әсер етеді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.

Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды .

Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.

Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.












ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.

  2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.

  3. Обухова Л.Ф Возрастная психология. — М., 1999.

  4. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. — СПб., 2000.

  5. Караковский В.А. О подростках. — М.: Педагогика, 1970.

  6. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.

  7. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988.

  8. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. — Москва: Просвещение, 1988.

  9. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. — М.: Просвещение, 1988.

  10. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. -М.: Просвещение, 1985.

  11. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1977.

  12. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. — Алматы, 1979.

  13. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. — М.: Московский рабочий, 1988.

  14. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. — Алматы, 1988.

  15. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.

  16. ХарламовИ.П. Педагогика. — М.,1990.

  17. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. — Алматы, 1991.




16


ЖИ арқылы жасау
01 Желтоқсан 2024
210
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі