Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас информатиктер

Материал туралы қысқаша түсінік
компьютер туралы мәліметтер
Материалдың қысқаша нұсқасы



7 орта мектеп КММ



Cайыс сабақ


Тақырыбы: «Жас информатиктер»

Өткізген: информатика пәні мұғалімі Жанабаева Камшат.



 





2017 – 2018 оқу жылы



Тақырыбы: «Жас информатиктер» сайысы
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Мұғалім: Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21 - ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
«Жас информатиктер» сайысына кеп тұрған
Сайыскерлерді шақырайық ортағa.
«Жас информатиктер» білімділік сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
Шарттары:
1. «Таныстыру»
2. «Білімділер»
3. «Ойлан да, тап»
4. «Мақал сөз мәйегі»

5. «Қанша тілді білесің?»

6. «Көкпар»
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Мектепішілік «Жас информатиктер» білімділік сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса бүгінгі «Жас информатиктер» білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1. Екі команда өздерінің аттарын, эмблемасымен таныстырады. Ұпайды әділ қазылар қояды. Ұпай 10 ұпаймен есептеледі

Топтың ұраны:
Сәттілік тілейміз біз жарыста.
Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.

Компьютермен басқарылар бәрі де
Меңгереді оны жаста, кәрі де
ХХІ ғасыр дамыған мынау заманда
Көш басында компьютер тұр әлі де.

Біз сәттілік тілейміз бәріңізге!


2. «Білімділер»

«Компьютер» тобы

1. Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы. иә

2. 1 бит 8 байтқа тең. иә

3. Алгоритнің 2 түрі бар: сызықтық, тармақталған. жоқ

4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт. жоқ

5. Вирусты жоятын программа антивирус деп аталады. иә



6. Процессор – компьютердің миы. иә

7. Монитор мен адам арасындағы арақашықтық 70 – 80 см. жоқ

8. Paint – графикалық редактор. иә

9. Enter – енгізу пернесі. иә

10. Циклдік алгоритмде егер, онда, әйтпесе тірек сөзздері қолданылады. жоқ

«Принтер» тобы

1. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. иә

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. Жоқ

3. Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы. Иә

4. Жойылатын ақпараттар орналастын қапшық себет(корзина) деп аталады. иә

5. Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым. иә

6. WinZip, WinRar – архиватор бағдарламалары. Иә

7. Delete – қою батырмасы. жоқ

8. Себет – файлдар жиыны. Жоқ

9. Windows сөзінің аудармасы – терезе. Иә

10. MS Word – мәтінмен жұмыс істеуге арналған программа. иә


3.«Ойлан да, тап» Экранда берліген төртбұрыштың кез-келген біреуін алып тастап астында қандай құрылғын екенін атау керек.


Компьютер тобына

  1. Принтер

  2. Флеш карта

  3. Монитор 


Принтер тобына

  1. Пернетақта

  2. Тышқан

  3. Аналық жад 


  1. «Мақал сөз мәйегі». Бұл айналымда әр топ қазақы мақал – мәтелдерді айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.

Компьютер тобы


Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы)

Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)


Принтер тобы


Білмесең “анықтама” – дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

Компьютер тіршілік көзі.

(Су тіршілік көзі)

Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Антивирусы күштіні – Вирус алмайды.

(Досы күштіні – жау алмайды)

  1. «Қанша тілді білесің?» Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса,  15 ұпай алады.

Компьютер тобы

  • Қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды не деп атаймыз?

(ақпарат, информация, information)

  • Сақталған құжатты ашу командасы?

(Файл-ашу, файл-открыть, file-open)

  • Қажет емес символды алып тастау пернесі?

(өшіру, удалить, delete)

  • Компьютерде берілетін командаларды басқаруға негізделген құрылғы?

(тышқан, мышь, mouse)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асытратын негізгі құрал?

(компьютер, компьютер, computer)

Принтер тобы

  • Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.

(себет, корзина,basket)

  • Экрандағы төртбұрышты аймақ. Ол не?

(терезе, окно, windows)

  • Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?

(пернетақта, клавиатура, keyboard)

  • Ақпаратың ең кіші өлшем бірлігі?

(бит, бит, bit)

  • Терезені жабу батырмасының аты?

(жабу, закрыть, exit)


  1. Келесі айналым «Көкпар» сайысы. Бұл айнылмда берілген тақырып бойынша екі топ қарама-қарсы пікірлер арқылы ой-толғау, қолдаушы және қарсы пікірлер айтады.

Ендеше Компьютер тобына

1) “Компьютердің пайдасы”

Принтер тобына

2) “Компьютердің зияны”.

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты



Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз  нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

 

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2018
449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі