Материалдар / Жас инспекторлар сайысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жас инспекторлар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас инспекторлар сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2019
2821
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жол қозғалысының жас инспекторлары»»

«Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің!»

байқауының сценарии

Мақсаты

- оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру;

  • көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып үйрену,жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау,оқушылар арасында ЖҚЕ байланысты шараларды ұйымдастыру.


Залға сап түзеп әр команда музыка ырғағымен кіреді.


Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Құрметті қонақтар,ұстаздар!


Жүргізуші: Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз балалар арасында жолда жүру ережелерін

насихаттау,олардың өмірін, денсаулығын қорғаудың бірден-бір кепілі деп білеміз,

олардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және барлығымызға ортақ қойылған

тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қазіргі уақытта балалар өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселердің бірі болып отыр. Сонымен бүгінгі «Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің!» атты жас инспекторлар байқауын ашық деп жариялаймыз!


Жүргізуші: Баййқаудың ережесі:

1-бөлім «Біз полицияның жас көмекшілеріміз!» атты үгіт-насихат бригадасы (топтың аты, ұраны айтылады, үгіт-насихат жүргізіледі, сыртқы киім барлығының бірдей болу керек, регламент 10 минут)

2-бөлім «Жас санитарлар сайысы» (жасақ мүшелері – төтенше жағдайдың «кездейсоқ куәгерлері» - аралас жарақаты бар «зардап шеккендерге» көмек көрсету керек. регламент 3 минут)

3-бөлім «Капитандар сайысы» (суреттердегі белгілерді атау, әр капитанға 10 сурет көрсетіледі 2 минут)

4-бөлім «Спорт-біздің досымыз!» (эстафеталық жарыс, регламент 3-5 минут)

5-бөлім Велосипедпен мәнерлеп айдау (берілген кедергілерден өту 3 минут)



Жүргізуші:Ал енді біздің бүгінгі байқаумыздың қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Олар:1.

Жүргізуші: Бірінші кезеңіміз «Біз полицияның жас көмекшілеріміз!» үгіт-насихат бригадасы (топтың аты, ұраны айтылады, үгіт-насихат жүргізіледі,сыртқы киім барлығының бірдей болу керек, регламент 10 минут) Бастайық! Алғаш болып «Қыран» тобы шығады.


Қыран тобы:

Сырттан дауыс: Олар- жол қозғалысының қырандары, Олар-адам өмірінің сақшылары. Олар-жол-көлік ережесін үйрететін, Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы.

Билеп шығады.


Оқушы: Сіздердің алдарыңызда көңілді, әдемі, талантты, білгір, қарапайым қозғалыстың жас инспекторлар жасағы «Қыран».


Бірге: Сәлем достар!


Оқушы: Білесіздер ме, қозғалыстың жас инспекторлары бар жерде жол қозғалысы одан сайын жақсарады. Біздерді мектептегі оқушылар, бала-бақшадағы балалар, тіпті үлкендер де күтеді . Себебі:


Бірге: Ережені оқып, сақтай білуге, Үйретеді жас инспектор әрқашан!


Оқушы: Өмір – сенің қуанышың, байлығың,

Өмір – сенің жан-тәніңнің саулығың.

Сақта оны, аялап өт әрдайым,

Қадағала көңіліңнің жайлығын.


Оқушы: Көлік – қазір тіршіліктің тірегі,

Өміріңде көп қой оның көмегі.

Сол көлікті игілікке пайдалан,

Сонда ғана болар оның керегі.


Оқушы: Бұзба жолдың ережесін ешқашан,

Сақтап отыр талаптарын әрқашан.

Жол белгісі тек әшейін нәрсе емес,

Қорғайды олар назар салып сақтансаң.


Оқушы: Сол үшін де біздер көмек береміз,

Қиындықты алдын ала көреміз.

Ескертеміз, жөн сілтейміз, айтамыз,

Сақтанудың жөн екенін білеміз.


Оқушы: Жол сақшысы сол себептен тұр алда,

Ол қамқорың - жөн сілтеуші қырандар.

Сол себептен алдарыңа келіп тұр,

Аты менен затынына сай «ҚЫРАНДАР»!


Әні айтылады: «Крокодил Генаның» әнімен

Үлгі алып сақшылардан,

Ол бізге басты қорған.

Балалар кәне, алға бастайық,

Ереже есте болса

Бастысы ойға қонса

Жүргінші ешқашан саспайық.

Қайырмасы:

Сақшы болған қандай жақсы

Үлес қосар тәртіпке

Батылданып, өжеттеніп

Үйренеміз тез тіпті



2.45 жыл толды, міне,

ҚЖИ ұйымына

Қоғамда тәртіпті сақтаймыз

Машина келе жатса

Жүйіткітіп бара жатса

Ешқашан алдынан шықпаймыз.


Сұңқар тобы:

Оқушы: -Біз жол ережесін насихаттаймыз.

Оқушы: -Ал біз қандаймыз?

Оқушы: -Үлігілі

Оқушы: -Тәртіпті

Оқушы: -Белсенді

Оқушы: Жан-жақты

Оқушы: Сыпайы

Оқушы: -Бір сөзбен айтқанда қазақтың қарапайым баласымыз.

Оқушы: Ал біздің өмірлік ұстанымыз:

Бәрі: Өзің білсең-өзгеге көмектес


Оқушы: «Сұңқар»-арманға алда күткен асығармыз,

Оқушы: «Сұңқар»-біз қалай толқын атпай басылармыз.

Оқушы: «Сұңқар»-жол жүру ережесін жақсы біліп

Оқушы: Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.


Оқушы: «Ескерту белгісі»

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.


Оқушы: «Тыйым салу белгісі»

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.


Оқушы: «Анықтама белгісі»

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.


Оқушы: «Көрсеткіш белгісі»

Баратын сапардың жақынын, құшағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.


Жүргізуші: Екінші кезеңіміз: «Жас санитарлар сайысы» (жасақ мүшелері – төтенше жағдайдың «кездейсоқ куәгерлері» - аралас жарақаты бар «зардап шеккендерге» көмек көрсету керек. Қандай жарақат түрін алғанын анықтап, қалай алғашқы көмек түрін көрсеткенін түсіндіру керек.)


Жүргізуші: Үшінші кезең, «Капитандар сайысы» (суреттердегі белгілерді атау, әр капитанға 10 сурет көрсетіледі)


Жүргізуші: Төртінші кезең, «Спорт-біздің досымыз!» (эстафеталық жарыс, регламент 3-5 минут)

1-эстафета кедергілерден өтіп, шыны ыдысқа су жинау.

2-эстафета нысаны көздеу.

Жүргізуші: Бесінші кезең, Велосипедпен мәнерлеп айдау (берілген кедергілерден өту)


кедергі «Сегіздік»

Бұл байқауға фишкі пайдаланылады. Фишкілер шеңбер бойымен орналастырылады.









Жүргізуші: Ал енді ұпайларды көріп,сөзді қазылар алқасына береміз.


Жүргізуші: Алаңсыз болсын күніміз,

Қауіпсіз болсын жолымыз,

Жол ережесін үгіттеп

Сіздерге көмек береміз!


Жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!