САГАЛБАЕВА АЛТЫНАЙ ЕРМЕКОВНА
Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектептің педагог-психологы,
педагог-модератор
Жетісу облысы, Ескелді ауданы
Жас жеткіншектер үшін ертегі терапиясының маңызы
Қазіргі таңда қоғамға лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр. Осы орайда, мектеп жасындағы әрбір оқушының даралығын, қабілетін ашу үшін ертегі терапиясын қолдана отырып, оның креативті ойлауын дамытудың маңызы зор. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде 3 жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады»- деген. Ертегі терапиясы – бұл кез келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде қарастырады, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Атақты ертегі терапевттердің бірі Т.Д.Зинкевич- Евстигнеева ертегі терапиясын рухани білім беретін, әлеуметтік тұрғыдан адамды жүзеге асыратын және адамның рухани табиғатын дамытатын, тәрбие жүйесі ретіндегі тәсілдер жиынтығы деп анықтама берген.
Ертегі терапиясының басты мақсаты- тұлғаның ішкі әлеміндегі негативті эмоциялармен күресу, кез келген мәселені оптимистік көзқараста қабылдату. Ертегі терапиясының негізгі мәні – лезде адам кейпін өзгерту. Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды.
Ертегі терапиясы арқылы өзіне сенімсіз, агресивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар, ертегітерапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге зор мүмкіндік береді.
Ертегі
терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге
асады:
1. Көркемдік ертегілер – халық ертегілеріне
қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат
береді.
2. Халық ертегілер – оқу материалын түсіндіру
үшін қолданылады.
3. Авторлық
ертегілер – баланы ертегіге қызықтыру, зейінді
дамыту.
4.
Психокоррекциялық ертегілер – баланың іс -
әрекетіне
жаймен түзету үшін
қолданылады.
«Ертегі терапиясы» өте ертеден келе жатқан психологиялық және педагогикалық әдіс болып табылатындықтан балалармен психологиялық жұмыс жасауда нәтиже береді. Ол бала мен ересектің қарым-қатынасының табиғи және дәстүрлі формада өтуіне мүмкіндік береді. Баламен жұмыс жасауда психолог, әдетте, «психологиялық» тілді сырттай талдауға пайдаланбайды, бірақ балаға не қажет және оған мұны қалай беру керектігін түсіну үшін аналитикалық кеңістікке «шығу» қабілетін сақтайды. Демек, ертегі екі жақты сипатқа – алдымен диагностикалық, ал содан соң – жағдаятқа әсер ететін ықпалға ие болады. Сонымен қатар, ертегі терапиясы пайдалануға жеңіл, психологиялық қорғаныстың көптеген формаларын өзіне сіңірі,баяндалу формасы бойынша жағымды және көп өлшемді болып келеді.
Ертегі терапиясы арқылы жас жеткіншектер өздерін басқа қырынан таниды. Ертегі арқылы сыртқы әлемнің ішкі үлгілерін қалыптасырады, қиын жағдайларды шешу үшін тұлғаға айналады. Жақсы нәрсе мен жаманды айыруға тырысады. Қазіргі таңда орын алып жатқан суицидтің алдын алуда да ерекше рөл атқарады.
Балаға ертегіні оқып беру де, тыңдату да аз, оған оны талдап кейіпкерлер образына енуге мүмкіндік беру қажет. Басынан оқиғаларды өткізіп, сұрақтар қою арқылы ойын білу маңызды. Бала ойланған сайын оның дүниетанымы артады. Өзін мазалаған сұрақтарға жауап табады. Егер бала өмірінің алғашқы он жылы сәтті қалыптасса (ата-аналар мен педагогтар ертегілерді айтып, содан соң оларды бірігіп талқыласа), онда балада, санасыздық деңгейде, өмірлік жағдаяттардың ерекше «қоры» қалыптасады. Ал егер ертегілер мен мифтер баламен бірге талқыланбай тек қана оқылып немесе айтылса, онда бұл білімдер енжар күйде қалады. Сондықтан, психолог маман мен ата –ана да баламен бірге ертегі оқиғаларын талқылауға ат салысуы керек. Өмірлік сабақтарды ойлануға жас жеткіншекке қол ұшын созсақ, парасатты да рухани кемелденген тұлға қалыптасатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Т. Д. Зинкевич-Евстигнеева Практикум по сказкотерапии. — СПб.: ООО «Речь», 2000. - 310с.
-
Фон Франц М.-Л. Психология сказки. — СПб., 1998.
-
«Қызықты психология» журналы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз