Жас маман есебі

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Жас маман есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маман есебі үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айдарлы орта мектебі КММ»МДШО



II-жартыжылдық бойынша жас маман есебі



Жас маман: Дәулет.М.Т







2024-2025 жыл





Аты-жөні: Дәулет Маржан Төлегенқызы
Қызметі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қызметке қабылданған мерзім: 12.10.2024 жыл
Жұмыс орны: «Айдарлы орта мектебі»МДШО КММ
Бөлім: Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.
Есеп кезеңі .12.01.2025- 23.05.2025 жыл

1. Жалпы ақпарат:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-7-9 сыныптарға сабақ беремін. Жұмысқа кіріскеннен кейін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырып, көптеген семинарларға қатыстым.
Тақырыбы: «Ғылыми әдістемелік кеңесте» баяндама
Күні: 22.01.2025 ж.22 қаңтар 2025 жылы өткен «Ғылыми әдістемелік кеңес» отырысында_ «Өзін-өзі бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллектті тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Сабақ үдерісінде қолдануға болатын түрлі бағдарламалар мен тапсырмаларды көрсетті. Баяндаманың мақсаты — оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуда заманауи технологияларды қолдану жолдарын тиімді көрсетуге болатыны туралы ақпарат бердім.

Анықтама
Іс-шара: «Үш тұғырлы тіл» апталығы
Күні: 24.01.2024–01.02.2025ж

Аталған аралықта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін насихаттау мақсатында «Үш тұғырлы тіл» апталығы өткізілді. Апта барысында түрлі сайыстар, байқаулар және әдеби кештер ұйымдастырылып, оқушылардың тілге деген қызығушылығы артты. Іс-шараға оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысты.Апталықь барысында оқушыларға қазақ тілінің маңыздылығы мен ұлтымыздың тілдік мәдениеті туралы ақпараттар беріліп, түрлі шығармашылық байқаулар мен іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шарада оқушылар арасында қазақ тілінің қолданылуын арттыруға бағытталған түрлі тақырыптарда пікірсайыс, өнер сайыстары мен викториналар ұйымдастырылды.белсенді атсалысып, ұйымдастырушы болдым.





Анықтама

Іс-шара: Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел
Күні: 08.02.2025 ж

Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай мектепте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы талқыланып, оқушылар әдеби мұрасымен тереңірек танысты. 9-сынып оқушылары ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат пен бөлісті.

Анықтама

Іс-шара: «Ғасыр ақыны – Мұқағали» әдеби кеші
Күні: 09.02.2025

Мектеп оқушыларының қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар ақын өлеңдерін оқып, сахналық қойылымдар көрсетті. Мұғалім іс-шараның сценарийін дайындап, ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етті.











Анықтама

Күні: 16.03.2025

8-10 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында қазақ халқының мәдени мұрасы, әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылып, оқушылар белсенділік танытты. Мұғалім ұйымдастырушы ретінде ерекше белсенділік көрсетті.

Анықтама

Іс-шара: Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Күні: 17.04.2025





Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шарада оқушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқып, Абай мұрасына қатысты баяндамалар жасады. Мұғалім тәрбие сағатын ұйымдастыруға атсалысты.

Анықтама

Іс-шара: «Ұлы ерлікке – мың тағзым» әдеби кеші
Күні: 09.05.2025

9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектепте «Ұлы ерлікке – мың тағзым» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, соғыс ардагерлерінің ерліктерін еске алды. Мұғалім іс-шараның мазмұнды өтуіне белсенді атсалысты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі