Жас мамандар апталығының
қорытындысы туралы анықтама
2023-2024 оқу
жылы
Аққулы ауданы білім беру
бөлімі әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес және жас маманның
теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін
шындауға ықпал ету мақсатында 2024 жылғы қаңтар айының 24-інен
бастап ақпан айының 2-сіне дейінгі аралықта Ямышев жалпы орта білім
беру мектебінде «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» атты жас
мамандар онкүндігі өтті.
Мақсаты: жас мамандарға
әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін
арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке,
мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу,
қолдау көресету.
Жас мамандар онкүндігінің
жоспары құрылып, мектеп басшысымен бекітілді. Жұмыс өтілі 3 жылға
дейінгі жас мамандар туралы ақпарат
№
|
Жас маманның
ТАӘ
|
Жұмыс
өтілі
|
1
|
|
2
жыл
|
2
|
|
2
жыл
|
3
|
|
2
жыл
|
4
|
|
3
жыл
|
5
|
|
2
жыл
|
6
|
|
3
жыл
|
7
|
|
1
жыл
|
8
|
|
2
жыл
|
9
|
|
3
жыл
|
10
|
|
2
жыл
|
11
|
|
2
жыл
|
Онкүндіктің ашылу салтанаты 24 қаңтар күні үлкен үзілісте
өткізілді. Онкүндіктің жоспары жас мамандармен таныстырылып
өтілді.
Қаңтар айының 24-і күні жас
мамандарға арналған «Шебер сынып» атты коучинг өткізілді. Өткізген
мектеп тренері М.Г. 25 қаңтар күні ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ
өтті. Пән мұғалімі А.Т.Тайшикова. Сабақтың тақырыбы «Music».
Сабақтың мақсаты: 5.3.4.1 respond with some
flexibility at the sentence level to unexpected comments within a
variety of general and curricular topics; 5.4.2.1 understand, with
little support, specific information and details in short, simple
texts within certain general and curricular
topics; сабақ
барысында «If Youre
Happy»,
«wordwall»
, «True or False»,
«Domino», «Feedback» әдістері қолданылды. Сабақ
мақсатына жетті.
26 қаңтар күні көркем еңбек
сабағынан ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі – Тынымхан А.А. сабақтың
тақырыбы: «Құрамалы бөлшектерден робот құру. Роботтың шығу тарихы».
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық идеяларды іске
асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану.
Сабақтың барысында Психологиялық ахуал «Май шам әдісі»
тудырылды. Мұғалім майшамды алып
балаларға кезек кезектеп бір бірінің қолына береді. Сол кезде бір
біріне тілектер айтылды. Негізгі бөлімде сабақтың
тақырыбы мен мақсаты түсіндірілді. Балалар бейнеролик қарау арқылы
сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақтың ортасында
тәжірибелік
жұмыс жасалды.
Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
мақсатында: суретке қарап ой толғау болды. Сұрақтарға жауап беру
арқылы, тақырыбын мен мақсатына шығарды. Тақтадан постер таңдау
арқылы екі топқа бөлініп, балаларға жаңа ақпарат
берілді. Қорытынды
бөлімде «Робо-сумо сайысы» өткізілді. Сабақ
мақсатына жетті. Кері байланыс жасалды.
Қаңтар айының 29-ы күні
А.Т.Тайшикова сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Тақырыбы: «Төле Би».
Бастауыш сынып мұғалімі А.Е.Молдабекова ана тілі сабағынан «Буын»
атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Мақсаты:
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап
оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану; 1.1.1.1мәтін,
сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну.
Сабақ барысында «Іс-қимыл»,
«Судағы фокус», «Ақылды үкі»
әдістерін, Learningapps платформаларын тиімді қолдана
алды. Сабақ барысында жоспарланған мақсат орындалды. Бастауыш сынып
мұғалімі М.Д.Айтжанова М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай
интеллектуалды ойынын өткізді.
Қаңтардың 30-ы күні 3 «А»
сыныбында Қазақ тілінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: «Зат есімнің
тәуелденуі», 7-8 сыныптар аралығында «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
130 жылдығына» орай К.Е. Тусупова сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Сынып сағатында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен
шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Бейроликті көріп, еске
түсіріп алғаннан кейін барлығы 20 сұрақтан тұратын викторина
өткізілді. Әр топ кезек-кезек берілген ұяшықтарды таңдай отырып,
сұрақтарға жауап бере алды. Сұраққа жауап берілмеген жағдайда
келесі топ жауап беруге мүмкіндік
алды. Әділқазылар алқасы викторина
жеңімпазын анықтап, қорытындылады. Қорыта келе бірінші орынды
«Болшақ» тобы, ал екінші орынды «Білгірлер» тобы ие
болды.
Қаңтар айының 31-і күні 4А
сыныбында Қазақ тілі пәнінен М.Д.Айтжанова және 6 А сыныбында
көркем еңбек пәнінен А.А.Тынымхан ашық сабақтарын өткізді. Ашыө
сабақ барысында көптеген белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, сыни
ойлау технологияларын пайдалана алды. Дәл осы күні 1 А сыныбында
А.Е.Молдабекова «Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл» атты тақырыпта сыныптан
тыс іс-шара өткізілді.
Ақпан айының 1-і күні қазақ
тілі пәнінен 6 «А» сыныбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі:
Ә.А.Байхан. Тақырыбы: «Олимпиада ойындары. Етістік». Сабақ
барысында интербелсенді тақтамен жұмыс жасалып, түрлі әдіс-тәсілдер
қолдагылды. Балалар сабақта белсенділіктерін танытты. Математика
пәнінің мұғалімі К.Е.Тусупова геометрия пәнінен 7 «А» сыныбында
ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштың сыртқы
бұрышы». Сабақта қолданылған
әдіс-тәсілдер: «Іс-қимыл» , «Үшбұрыш»
,
«Өз-өзінді тексер», «Банкомат», «Ноутбук»
«Шығармашылық
есеп», «Струп
тест»,
«Бағалау
транспортирі» , «Сәйкестендіру»,
«Асық». Сабақ жоғары деңгейде
өтті. 8-7 сыныптар арасында «Жүсіпбек Аймауытов» атты тақырыпта
интеллектуалды сайыс өтті. Сынып жетекшісі: Сұраған
Ақтоты.
Ақпан айының 2-сі күні 7А
сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: «Көксерек».
М.Әуезов. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде
«Жүрек» психологиялық ахуал орындалды. «Сиқырлы қорап» әдісі арқылы
топқа бөлінді. Алдыңғы білімді тексеру
мақсатында «spinthewheel.io» қосымшасында интербелсенді
тақта арқылы сұрақтарға жауап берді.
Қызығушылықтарын ояту
мақсатында видео көрсетілді. «Түртіп алу» әдісі арқылы бейтаныс
ақпаратты жазып алды. «Төңкерілген сынып» әдісі арқылы шығарманы
үйден оқып келді. Сабақ барасында талдау жұмыстары жасалды. Топтық
жұмыс барысында «Кинолента» әдісі арқылы
композициялық талдау жасалды, «Сұрақ менен, жауап сізден» әдісі
арқылы әңгіме желісі бойынша wordwall.net/ қосымшасында сұрақтарға
жауап берді, «Телешоу» әдісімен әңгіменің әр кейіпкеріне оқушылар
сұрақтар қоя алды. Балалар кейіпкер бейнесін
ашты. Сергіту
сәтінде
«Лабиринт» әдісі қолданылды. «Мен
аяқтаған әңгіме» әдісі арқылы «Көксерек» әңгімесін өзіндік көзқарас
тұрғысынан аяқтады. Кейбірі әңгіменің барлық кейіпкерлерін бақытты
етсе, кейбірі дала жануарын үйде ұстауға болмайды деген шешім
шығарды. Қорытынды
бөлімде «Socrative
Zipgrade»
қосымшасында QR код арқылы
кіріп өтілген тақырып
қорытындыланды. Қосымша көмегімен оқушылар бағаланды. Сабақты
соңында «Білім сандығы» рефлексиясы
қолданылды. Тақырып бойынша алынған
тапсырмалар, тапсырмаларға сәйкес жүйеленген әдістер және
интерактивті қосымшалар оқу мақсатына сай негізделді. Сабақ
мақсатына жетті. Сабақты жоспарлау барысында құрылымдары толық
сақталды. Уақыт жүйелілігі толық назарға алынды. Робототехника
үйірмесінің жетекшісі А.А.Тынымхан роботтар арасында арқан тартыс
сайысын өткізді. Сайысқа 4-6 «А» сынып оқушылары
қатысты.
Жас мамандар онкүндігінің
жабылуы салтанатында «Жаңғыру жолындағы жас маман» коучингі
өткізілді. Мектеп тренері М.Г.Жанпеисова
өткізді.
Жас мамандар онкүндігінің
жоспары
