400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас мамандармен жүргізілген жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке жаңадан орналасқан жас мамандардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы

интернатпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Шеберлік класс.

Тақырыбы: «Cуреттің ішін қиылған жіппен желімдеп толтыру » техникасында сәнді-қолданбалы жұмыстарды орындау.









Жүргізуші көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Ж.Жарылкасынова













2020 - 2021 оқу жылы

Шебрлік сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Cуреттің ішін киылған жіппен желімдеп толтыру» техникасында сәнді-қолданбалы жұмыстарды орындау.

Сабақтың мақсаты: Мектебіміздегі жас мамандарға көркем еңбек сабағында оқушылармен бірлесіп істелінетін жұмыстарды көрсете отырып жұмыс жүргізу

1. «Cуреттің ішін киылған жіппен желімдеп толтыру» техникасында сәндеу жұмысты орындау ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,  өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып,  ой-өрісін дамыту.

3. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.


Қажетті  құрал жабдықтар: Салынған сурет,суретке керекті әр түрлі қиылған жіптер,  ПВА желімі,  қайшы,

Көрнекіліктер: Нотбук, дайын жасалған бүйымдар, нұсқаулық карта

Пәнара байлланыс: сурет,

Сабақтың барысы:

І.Үйымдастыру кезеңі:

II.Жаңа тақырып түсіндіру.

ІІI.Сабақты қортындылау.

I. а) Сәлемдесу,

ә) Қонақтарға керекті құрал-жабдықтарын қадағалау.

II.Тақырып туралы қысқаша мәлмет айтып беру.

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге, арқан есуге, т.б. пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан (мыс., мақта талшығы, зығыр талшығы) немесе әр түрлі талшықтан (мыс., жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан) иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңіш-келілігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері (беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы т.б.). Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді. Бүгінгі кездесуде көретіндеріңіз әр түрлі сәнді картиналарды өз қолымызбен жасап үйренеміз және бөлменің сәнін келтіреміз. 


Керек  заттар:

·         қайшы

·         желім, түрлі - түсті жіп

·         қылқалам

Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережелеріне тоқталып өтейін.


Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау

  1. Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
    2.  Өтпейтін, тозған қайшымен жұмыс жасама.
    3. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме


1кезен . суретті саламыз

2кезен.  Салынған суреттегі көгеністерге керекті жіп түстерін таңдап аламыз

3 кезен. Таңдап алынған жіптерді ұсақтап қиямыз

4 кезең.  Желімді қалың етіп жағып жиектерін жапсырамыз

5 кезең.  Ұсақтап қиылған жіптерді ішінен өзіңізге ұнаған түстен сыртқы контырын желімдейміз

6 кезең.  Ұсақтап қиылған түрлі – түсті жіптердің түстерін таңдай отырып көкеністердің ішін толтырып желімдейміз .   

Картинамыз  дайын  болады!

 Қортындылау.

Осы жұмысты қортындылай келе айтқым келгені жаңа дамып келе жатқан жасөспірімдердің уақыттарын компютер алдында емес осындай қолөнермен айланысуға баулу және жіппен тек тоқу, тігу ғана пайдаланбайтынын осындай бұйымдар жасауға болатынына көз жеткізу.Келешекте сіздер де өз балаларыңызға үйретеді деген сенімдемін.

Сабақта  не  үйрендіңіздер?

Жасаған   заттарыңыз сіздерге  ұнадыма?

Назарларыңызға рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.01.2021
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі