Жас өспірімдердің девиантты, деликвентті мінез-құлықын алдын-алудың психологиялық ерекшеліктері .

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас өспірімдердің девиантты, деликвентті мінез-құлықын алдын-алудың психологиялық ерекшеліктері .

Материал туралы қысқаша түсінік
Психолог мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жас өспірімдердің девиантты, деликвентті мінез-құлықын алдын-алудың психологиялық ерекшеліктері .


Мақсаты: Мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтаудың жолдарын көрсету .

Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы

кемшіліктердің алдын алуға және жеңуге бағытталған нақты іс әрекетті айқындау.

Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы, мектеп және жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерінен бе? –деген сұрақ әр қайсымызды алаңдататыны белгілі.

Негізгі ұғымдар: аутодеструктивті, девиация, суицид, қылмыс, әлеуметтік ауытқушылық, норма, асоциалды, деликвентті мінез-құлық, аномия, депрессия және т.б.

          Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа әдет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.

         Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы. Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:

  • Отбасылық сәтсіздік;

  •   Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;

  •    Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;

  •   Қарым-қатынастағы дискомфорт

Асоциалдық мінез-құлық  басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.

«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.

Девиантты  мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің  атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.

Француз психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді.

Девиантты мінез-құлық және оның пайда болу себептері .

Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық , физиологиялық , интелектуалдық , адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .

Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен ”сезімі пайда болады . Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады . Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен , мектептен оқшауланып , өз құрбыларының ықпалында болады .Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді .Олар спорт секциялары , техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті,темекі шегетін,арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.

Қоғамда қалыптасқан “ мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “тәрбиесі қиын” бала деп санау қабылданған тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.

Дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер немесе психикалық ауытқулары барлар педагогикалық және әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей қарасытуға болады.


Дене кемістігі

Психикалық ауытқулар

Педагогикалық ауытқулар

Әлеуметтік ауытқулар

Созылмалы не туа біткен аурулар, көруі, естуі нашар, аяғы кемтар не мүгедектер, т.б.

Ырық эмоциясы нашар, ақыл есінен ауытқыған жүйке жүйесіне зақым келген, санасының дамымауы, сезімінің бұзылуы, т.б.

Оқуға қызықпау, білім алмай қалуы, кәсіпке ие болмауы не қызықпауы, тәрбиедегі кемшіліктер, т.б.

Жетімдік, маскүнемдік, нашақорлық қараусыз қалу, қылмыскер, үйден қашу, тәртіп, заң, құқық бұзу, т.б.


Девиантты іс-әрекеттің нақты құбылыстарда айқындалуы


Shape1


Тәрбиеленуі  “қиын” балаларды болдырмау үшін  ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған, бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан да «қиын» бала тәрбиесінде  тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған жөн:
* Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп

білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.
* Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін

түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
* Мейірім мен сүйіспеншілік – екі жақты да адамдық сипатқа  жеткізетінін

ұғыну керек.
* Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
* Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды

болу қажет.
* Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.
* Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне

баспау керек.
* Орынсыз жазаламау керек. Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала

құқығымен санасу.
* Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерт­теп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек. Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс, оны психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
- “тәрбиеші  және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының

қалыптасуы;
- мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және  баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;
- баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;
- үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу.

Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.
Тәрбиешінің жұмысындағы ең  белгілі әдістердің бірі-
 бақылау әдісі.  Баланың  іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.

Жүйелі және  нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.
Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және  оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
Сауалнама жазу арқылы бала  туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс. Ойы мінезі әлеуметтік демографиялық жағдайы белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы анықталады.
Сұрақтар мынандай  түрде болуы мүмкін:
сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды)
өз бетімен жауап беру
тура жауаптар
жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі  алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте  мына жағдайларды есте ұстаған абзал:
- қарапайым жағдайда сөйлеу
- баланың үнемі болатын ортасында  сұхбаттасу
- жауап беру мүмкіндігін ескеру;
- белгілі бір уақыт ішінде  жауап беру керектігін айту;
-үшінші  адамның көмегінсіз әңгімелесу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Құжаттарды тексеру  бұл  әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:
- жеке, жанұялық және сыныптық т.б.алғашқы (бақылау немесе әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы (сараптаудан өткен нәтиже) негізделген және негізделмеген. Құжаттарды тексеру арқылы мектептегі 323 оқушының жанұялық жағдай, білім сапасын, жалпы оқушы туралы толық мәліметпен танысуға болады. Нәтжесінде 26 бала әлеуметтік жағдай төмен отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Жөндеу керек
Бұл әдісті қолдану бала туралы
ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақ ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа қана жарамды болады, оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды.

Сонымен қорыта келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайта қалпына келтіру  қиын.

Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей , өз қолынан келетін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберу;
Баланы еркіне жіберу ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу, оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастақ, ессіз, тентек етіп шығарады.

Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің  жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де   қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді.Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне  бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.

Қытай мақалында: «Тек дұрыс емес жол болады, бірақ тығырықты жағдай болмайды». Тәрбиеде шешімі жоқ жағдайлар жоқ, түзелмейтіндер жоқ.Ендеше ата-ана,мұғалімдер,психологтер бірлесе жұмыс істесе шешімін таппайтын іс жоқ.


 
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
1901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі