Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жас Қалам" қолжазба журналы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
САТЫБАЛДЫ НЕГІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
МЕКТЕПІШІЛІК «ЖАС ТІЛШІ» ҮЙІРМЕСІНІҢ
ҚОЛЖАЗБА ЖУРНАЛЫ
Үйірме жетекшісі
ТЕМІРҒАЛИЕВА МЕҢДІГҮЛ МҰХАНБЕТЖАНҚЫЗЫ
2017ж
АЛҒЫ СӨЗ.
Мектепішілік «ЖАС ТІЛШІ» үйірмесі мүшелерінің үйірме барысында орындатылған тапсырмаларға орай, өз ойлары мен қиялдарынан, балаң сезімдерінен туындаған мақалалары мен өлеңдері, жұмбақтары топтастырылып жинақталып, үйірме жанынан тоқсанға бір рет шығарылатын «ЖАС ҚАЛАМ» қолжазба журналына басылды.
Оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстары «төрт аяғын тең
басып» тұрмаса да, «бұлақ көрсең-көзін аш» деген мақалды ұстанып, олардың талабын ұштау мақсатында осы қолжазба журнал өмірге
келіп отыр.
Ендеше, балғын қалам иелеріне шығармашылық жолда сәт сапар тілейік, ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!
Үйірме жетекшісі: МЕҢДІГҮЛ МҰХАНБЕТЖАНҚЫЗЫ
1
ҰСТАЗЫМ-ҰЛАҒАТЫМ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ...
Ұстазым.
Мен бізді алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап бізді өзінің қамқорына алған Темірғалиева Н.Ф туралы айтқым келіп отыр.Ол кісі ақылды,сыпайы,көңілді,бауырмал айта берсе, апайымның жақсы қасиеттері өте көп.Апайымның арқасында қазір үздік оқушылардың қатарында жүрмін.Апайымыз бізді,мені өз қыздарындай көреді.Бізді қанатының астына алады.Апайымның маған ашық,жарқын мінездері ұнайды.Себебі:біз білмей қателессек бағыт-бағдар беріп отыратын еді.Назым апай бізді көргенде қалайсыңдар қыздарым деп сөйлейді.Менің апайыма айтар алғысым өте көп!!!
Қапиет Ақбота, 5-сынып оқушысы.
Ұстазым-ұлағатым
Ұстаз- ол мейірімді,ақылды,ақкөңіл жанның бірі.Ұстаз-оқушыны білімге тәрбиелейді. Ұстаз болу әр адамның қолынан келе бермейді.
Менің бастауышта берген апайым - Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжақызы. Ол кісі мейірімді,қамқор біздерді тәрбиелей білген және апайымыз қолынан талай шәкірттерді ұшырған. Мен де соның ішіндегі біреуімін . Апайымыз бізге 4жыл сабақ берді.Мен апайыммен мақтанамын.Біз апайымызды қанша өкпелетсекте, апайымыз бізге ренжіген емес.... Апайым бірнеше өлеңдердің авторы. Ол кісі бізге әндер үйретті, тақпақтар жаттатты. Апайымыз көңілді ойындар да ойнатты. Біз апайымызбен 4-сыныпта қанша қаламасақ та,апайымызбен қимай қоштастық.
Жасталапова Ақжүніс 7-сынып оқушысы.
2
Қалдырған ізің мәңгілік...
Әрбір адам өзінің алғашқы ұзтазын әр қашан құрметпен еске алады.Себебі ұзтаз балаға бәрін үйретеді.Менің алғашқы ұстазым-Данагүл апай.Ең алғаш анамдай қарсы алған жан, алғашқы ұзтазым.Біз осы жылдар ішінде есепсіз қайрат-жігер,көп тер төктіңіз.Әсіресе шыдамдылығыңыз,берген біліміңіз,тәрбиеңіз өз алдына тұтас үлкен кітап секілді.Тым беймаза,шыдамсыз қылығымыз үщін шаршаған да шаршаған шығарсыз.Бірақ білдірмей, ұрыспай,қайталап үйретуден жалықпайтын ұстазымыз Данагүл апайға мың алағыс айтамыз.Жаңа- жыл жаңа өмірге қанат қағар мектеп түлектері мен алғаш мектеп есігін ашар шәкірттіңіз көп болып тек табыстарға жете беріңіз.
Жанерке Фазылова, 6-сынып оқушысы.
Ұстаз
Құрметті менің ұстазым ,
Әліппені ұстаттың.
Барлық жаман жақсыны,
Санамызға тараттың.
Мақпоз Назым, 4-сынып оқушысы
Қалдырған ізің мәңгілік...
Мектеп табылдырығын аттаған сәттен бастап,бар білімін үйретіп,тәрбие беретін ұстаздарымыздың еңбегі зор. «Өмірдің өзі-ұлы ұстаз» дегендей жас кезімізден болашаққа дейінгі өмірде ұстаздар ақыл берумен ,тәлім-тәрбие берумен болады.Ұстаз-екінші анамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздар ақыл-білімін аямай,білгенін бөлісіп,дұрыс жолды көрсетеді.Ұстаз шәкіртінің жетістігін көрген кезде,өзінің еңбегінің жемісті болғанына қуанады.Ұстаз-асыл жан.
Шапқат Зейнеп,6-сынып оқушысы
3
Ақын болғым келеді...
Сансызбаева Гүлназ,8-сынып оқушысы
Ұқсап бағып,болғым келді ақындарша,
Жыр жазып, ұйқас іздеп таң атқанша.
Ақын болғым келеді,шабыт іздеп,
Ұйқас алып әрбір сөзге,әрбір сөзден.
4
ЖҰМБАҚТАР
Тарсылдатып шатырды,
Күні түні қоймайды.
Сыртқа шығып қарасақ
Айналаның бәрі су. (Жаңбыр)
Түні бойы терезеге өрнек салар,
Ол өрнекке қызығар балалар.
Абайлаңдар , Ол білдіртпейді,
Шымшып алады. (Аяз)
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң, қолың тоңады. (Қар)
Терезені өрнектеп
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық
Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды,
Көкте сурет салынды. (Кемпірқосақ)
Шабқат Зейнеп, 6-сынып оқушысы. 5
Жұмбақ
Әртүрлі түстер бар онда,
Қызыл,жасыл,көк,сары.
Тауып көрші,қарашы,
Жаңбырдан кейін шығады. (Кемпірқосақ)
Суетші емес ол бірақ
Әдемі өрнек салады,
. Әп-әдемі өрнектер
Күндіз кетіп қалады. (Аяз)
Фазылова Жанерке,6-сынып оқушысы
Көне Отырар кітапханасынан естелік
Мен ұйықтап жатсам, түсімде бір жағалауға тап болыппын.Өзен ағысымен бір бөтелке келе жатыр екен. Қасында бір кітап тұр.Бөтелкедегі қағазды алып жатсам,әлгі кітапқа тіл бітіп: « Сәлем, мен Көне Отырар кітапханасынан келген кітаппын.Отырар кітапханасы өте жақсы кітапхана еді.Бірақ залымдар кітапхананы өртеп жіберді.Сол кезде мені бір залым мені суға лақтырып жіберді.Мен сондай қасиетті кітап едім.Міне,мына құмыра Отырардың қасиетті құмырасы.Көне Отырар халқы осы құмыраға бағынған»- деп құмыраны берді де, ғайып болды.Таңертең тұрсам әлгі құмыра қасымда тұр екен. Бұл менің өмірімдегі бір ғажап сәт болып орын алады.
Сансызбаева Ұлжан, 5-сынып оқушысы.
6
Жұмбақ
Жаңбырдан кейін,
Боялады көп түске.
Жаңбырға дейін,
Болмайды ол мүлде. (Кемпірқосақ)
Салады өрнек,
Әдемі боп көрінет. (Аяз)
Тарс-тарс жауады,
Даланы су қып тастайды (Жаңбыр)
Самиғоллина Қарақат, 6-сынып оқушысы.
Жұмбақ
Жоқ болсада қолдары,
Сурет салған өрнектеп.
Тілін созған баланың
Жабысып салған темірге. (Аяз)
Ауыртады басыңды,
Болмаса баста қалпағың.
Қуратады гүлдерді,
Су құймасанң егер сен. (Ыстық)
Гүлдендіріп бар жерді,
Тасытар өзен көлдерді.
Мөлдір әрі түсі жоқ,
Дәміде жоқ, иісі жоқ. (Жаңбыр тамшысы)
Мақпозова Наргиз, 5-сынып оқушысы
7
Туған жер
Туып-өскен мекенім,
Алтын-орда екенсің.
Өзен көліңе шомылып,
Жүр балалар мәз болып!
Ағаштарың көлеңке,
Болып тұр біздерге.
Өзендеріңде балығың
Ас болар бәрі біздерге.
Ана Ұстаз!!
Сиқырлы сөз ана, Әліпбиді жаттатып
Мейірімді қамқор сол ғана. Жазуды да үйреткен.
Қуанышпен өтсін әр күнің, Қадірлейік ұстазды,
Шаттықта болсын өмірің. Жетістікке жеткізген.
8
Сиқырлы әлем.
Мен бір күні үйден шығып мектепке келе жатқанымда,алдымнан бір ағаш шыға келді.Ол алма ағашы болатын.Ағаштағы алмалар өте әдемі,қып-қызыл еді.Мен алманы жеп едім,мүлдем басқа әлемге тап болдым. онда адамдар жүріп қана қоймай,аспанға секіріп ,ұша алады екен.Ал аңдар адамдарша сөйлейді.Мені барлығы қуана қарсы алды. Бәріміз тамақтанып алып,ойнауға кірістік.Біз әдемі гүлдерде секіріп,ағаштарға өрмелеп жарыстық.Бір кезде үлкен аяқ киім тауып алдық.Мен оны киіп едім,өте алысқа секірдім.Бір кезде қарасам,бұлттардың арасында жүр екем.Бұлттар мені көріп аздап таң қалып қалды.Бірақ олармен сөйлесіп едім,көңілдері көтеріле бастады.Мен бұлттармен керемет ойындар ойнап,олармен тамақтандым.Бұлттармен көптеген қалаларды аралап,көңілім көтеріліп қалды.Бір кезде бұлттардың арасынан бір гүлді көрдім.Мен "аспанда қалай гүл өседі?"деп ойладым.Сосын гүлге бардым.Гүлді жұлып иіскеп қалып едім,өз әлеміме тап болдым.Бұл менің керемет өткен күндерімнің бірі!
Самиғоллина Қарақат, 6-сынып оқушысы
Әже. Ана.
Әжем менің жақсы адам, Анашым менің ардақтың,
Бізді үйретті жақсыға. Сүтіңнен сенің нәр алдым.
Жамандықтан кет дейді, Мейірімді сөзіңмен айналаңа нұр шаштың,
Жақсылыққа жет дейді, Мейірімді менің анашым.
Әжеме ешкім жетпейді.
Жұмбақ.
Сырты қатты,
Іші жұмсақ,
Балдай тәтті.
(Қарбыз) 9
Табиғат.
Менің жерімнің табиғаты өте ерекше.Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да,ауылымыз жайнап тұрады.Қазір қыс мезгілін алсақ,терең тыныс алатын таза ауа,ақ көпесін жамылған жер,екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар.Ал,енді көктемгі мезгіліне сипаттама берсек,жан-жақтың бәрі көгеріп,жер астынан бәйшешегіміз гүл атып шығады,жаз нағыз жеміс жидектің пісіп,балалардың мәз-мәйрам болатын уақыты.Күзге тоқталсақ, балаладың асыға күтетін алтын уақыт.
Шапқат Зейнеп, 6-сынып оқушысы.
10
Тәуелсіздік
Қазақта Тәуесіздіктің туы -асқақ деген мақал бар.Әр қазақтың баласы Тәуелсіздіктің оңай келмегенін ұға білуі тиіс.Қаншама сұлу қыздарымыз,жігерлі ұлдарымыз біздің тәуелсіз өмір сүруімізді қалап өз болашағын ойламай қазіргі біздің болашағымызды ойлап бізде уайымсыз,ешкімге тәуелді болмасыншы деп жастайынан қорлықппен көз жұмды.Міне біз солардың арқасында ешкімге тәуелді емеспіз.Оның барлығы біздің аға-әпкелеріміздің арқасында екенін терең ұға білуіміз тиіс.Тіпті сол жастарды сыйлап ел басымыз біздердің біліп жүрсінші,оларды әркез ойлап жүрсін деген мақсатта Тәуелсіздік күнін жариялады.біздіңде сол ағаларымыз,әпкелеріміз секілді болуымыз керек деп ойлаймын.Өз жеріміздің еліміздің патриоты болып мына адам нағыз тәуелсіз,ынтымақты елдің баласы деп атауға барлық қазақ пендесінің ие болуы тиіс.Менің ойымша біздер тәуелсіздіктің туын әркез биік ұстап одан әі асқақтату парызымыз.Мен ешқшан тәуелсіздік күнін ұмытпай мен осындай тәуелсіз елдің ұрпағымын деген сөзге ие болып жүру менің басты парызым деп ойлаймын.
Тәуелсіздік,
Тәуелсіздік аңсаған.
Қанша батыр сен үшін ғана жан қиған,
Бір қазағым қорлықпен өмір сүрмесін деген оймен,
Сұлу әпке шыншыл аға қорлықпенен көз жұмған.
Тәуелсіздік туын асқақ көтеру,
Әр қазақтың болған нағыз міндеті.
Бар патриот туды ұстап ант берген,
Тәуелсіздік еш түсірмеген.
Мақпозова Наргиз
11
«ЖАС ТІЛШІ» ҮЙІРМЕСІНІҢ БІР СӘТІНЕН....
2017/18 оқу жылы
Журналдың бас ұйымдастырушысы: Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы.
Көмекші жинақтаушылары: Самиғоллина Қарақат, Мақпозова Наргиз.