Жас ұлан- жарқын болашақ!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас ұлан- жарқын болашақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Елдің болашағын баянды ететін жастар, жас ұландар. «Жас ұлан» ұйымына қабылданған әрбір бала Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, көркейіп-гүлденуіне ат салысып, Егемен еліміздің ертеңіне зор үлес қосатын шығармашыл әрі талапты тұлғаларға айналады деп сенемін. Жас ұландардың қазақ елінің баянды болашағының тарихи жауапкершілігі өз мойындарында екенін сезіп, Мәңгілік елдің асыл мұраттарын іске асыратын мәңгілік ел ұландары болатынына сенімім мол. Ел болашағы деп танылған «Жас Ұлан» ұйымының қатары алдағы уақытта да жігерлі де жауапты оқу үздіктерімен, көшбасшылармен, мектеп белсенділерімен толыға түспек. Қорытындылай келе, қай заманда да ұлылығымен ерекшеленген қазақ халқы бәйгеден оза шауып, жүйріктердің қатарынан көріне білген. Осы дәстүрді жалғаған жас ұландықтар да үнемі жеңіс тұғырынан көріне берсін деп тілек білдіріп, Ел ертеңі жалындаған, жаңашыл әрі талапты «Жас ұлан» екенін айтқым келеді. Жас ұлан - жарқын болашақ!
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖАС ҰЛАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Picture 1

Ибраева Молдир Бегалиевна

Сырдария ауданы

139 мектеп тәлімгері


Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала қамын ерте жастан бастап ойлау, бала тәрбиесіне аса мән беру білімді және тәрбиелі ұрпақты қалыптастырады. Баланы ерте дамыту жеке тұлғаны қалыптастырады. Ұлттың болашағы – тәрбиелі әрі білімді жастар. Әл-Фараби ғұлама жазып кеткендей: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы». Бала тәрбиесіне ерте жастан мән беру арқылы тұлғалану процесі қарқынды жүреді. Сондықтан да, халқымыз еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, ата тегін білу, сөзді қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық, салт-дәстүрді бұзбау, жасы үлкенді сыйлау, кішілерге қамқорлық көрсету сынды құндылықтарды бала бойына ерте жастан сіңірді. Зеректік пен ойшылдыққа, тапқырлық пен батырлыққа баулу да ерте жастан басталған.

Бұрынғы ата-әжелердің тәрбиесі - бала тәрбиесінің алтын қазығы. Жыр тыңдап, ертегі тыңдап өскен бала батыр болған. Бұрынғы замандарда адамдардың барлығы дерлік батырлық қасиеттерді иеленгендігінің түп себебі де осында жатса керек-ті. Батырлық қасиет міндетті түрде соғыста қана көрінбейді. Сөзінде, уәдесінде тұру, екі сөйлемеу, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық сынды өзге де адами қасиеттер батырлықтың белгісі саналады.

Қазіргі жаһандану қарқыны үдеген уақытта бала тәрбиесіне тек қана біржақты қарау дұрыс емес. Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы»,- деген даналығы да бар.  Ата-бабаларымыз өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ұлттың болашағы ретінде бағалаған.

Осы орайда, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде «Балалар ұйымының» маңызы зор. Сондай ұйымның бірі- «Жас ұлан» ұйымы. Бұл ұйым арқылы балалар тек қана бір жақты емес жан- жақты білім мен тәрбие алады. Ұйымның жоспары бір жылға жылдық акция ретінде жасалып, «Ақылды бейсенбі», «Менімен бірге арманда», «Жас ұлан- шын дос», «Әкем үйреткен», «Бабалар үні», «Оқуға құштар ұлан», «Көңілді үзіліс» сынды түрлі шаралар қамтылады.

«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

  • Әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан- жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу;

  • Қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге барынша ықпал жасау;

  • Халқымыздың тарихы мен салтын, тілін сүюге және оны құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, Қазақстанның басқада халықтарының мәдениетін зерттеулеріне және игеруіне негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, діни төзімділікті қалыптастыруына ықпал жасау;

  • Салауатты өмір салтын құру мақсатында оқушыларды білікті сауаттылыққа және білімді информациялауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Жеке тұлғаның өзін- өзі іс жүзінде көрсетуі мен әрі қарай дамуына ықпал етуде балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

  • Оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беруге ерекше назар аудару, еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беруге жұмыстар жүргізу;

  • Жеке тұлғаның өзіне- өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу т.б қасиеттерін дамыту.

«ЖАС ҰЛАН» қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны

Санасына ұлттық құндылықтар сіңген, білімді де тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру үшін жан-жақты барлық саланы қамтитын бағыттар ұйымдастыру керек:

«Зерде» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» интеллектуалдық мәдениетін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл-ой деңгейін және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға, туындаған мәселелерді шешу, жоспар құру және өзіндік өмірлік іс-әрекеттеріңді басқаруға, бүгінгі жаңа ғылыми дүниетанымды иегеруіне, балалардың интеллектуалдық ойындарға, дебаттарға, олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға және зерттеу жұмыстарына қатысуына әсер ететін бағыт.

«Руханият» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» өзіндік және басқа халықтардың адамгершілік, этикалық, бейнелеу-эстетикалық негіздерін дамытуға және қалыптастыруға, өз түсініктеріңді басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен біріктіруге, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруға, қоғамның қазіргі құрылымын түсінуге және осы қоғамда әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар және әлеуметтік бағыттар негізінде қызмет етуге мүмкіндік беретін бағыт.

«Атамекен» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның және мәдени түсініктің қалыптасуына, азаматтық парыздың орындалуына, толеранттылық пен патриоттық, отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттің және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт.

«Салауат» бағыты бойынша «жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, экспедициялық және өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға әсер ететін бағыт.

«Еңбек» бағыты бойынша «жасұландықтардың» бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін,олардың мамандандырылған бейініне әсер ететін, «бизнес-инкубаторлар» мен балалар кәсіпорындарын құру арқылы кәсіптік білім беретін, кәсіпкерлік, экономикалық және құқықтық біліктіліктерін қалыптастыратын бағыт.

«Жеті жарғы» бағыты бойынша «жасұландықтардың» тұлғалық, әлеуметтік, құқықтық біліктіліктерін, азаматтық белсенділіктерін және саяси сауаттылығын, өз міндеттерін орындау және өз құқығын қорғай білу қабілеттерін қалыптастыратын, тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын дамытатын бағыт.

«Экоәлем» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» материалдық құндылықтарды сақтауға байланысты қоршаған ортаға дұрыс қатынас орнату және табиғат қорларын тиімді пайдалануға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыратын бағыт.


Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген  жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында мектебімізде дәстүрлі түрде «Ұланымыз Ұлы елдің!» тақырыбында балаларды ұйым қатарына салтанатты қабылдау жиыны өткізіледі. Салтанатты қабылдауда мектеп белсенділері, өнерлі өнерпаздар, олимпиада жеңімпаздары, оқу үздіктері, спорт жеңімпаздары, мектеп оқушылары арнайы «Ант» беріп «Жас Ұлан» ұйымына қабылданады. Мектеп басшылығы, құрметті қонақтар, ардагерлер, ұлағатты ұстаздар ұйым қатарына қабылдауға өткен оқушылардың мойнына көк Туымыз түстес галустук байлап, болашақтарының жарқын болуына тілектестік білдіреді.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Елдің болашағын баянды ететін жастар, жас ұландар. «Жас ұлан» ұйымына қабылданған әрбір бала Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, көркейіп-гүлденуіне ат салысып, Егемен еліміздің ертеңіне зор үлес қосатын шығармашыл әрі талапты тұлғаларға айналады деп сенемін. Жас ұландардың қазақ елінің баянды болашағының  тарихи жауапкершілігі өз мойындарында екенін сезіп, Мәңгілік елдің асыл мұраттарын іске асыратын мәңгілік ел ұландары болатынына сенімім мол.

Ел болашағы деп танылған «Жас Ұлан» ұйымының қатары алдағы уақытта да жігерлі де жауапты оқу үздіктерімен, көшбасшылармен, мектеп белсенділерімен толыға түспек.

Қорытындылай келе, қай заманда да ұлылығымен  ерекшеленген қазақ халқы бәйгеден оза шауып, жүйріктердің қатарынан көріне білген. Осы дәстүрді жалғаған жас ұландықтар да үнемі жеңіс тұғырынан көріне берсін деп тілек білдіріп, Ел ертеңі жалындаған, жаңашыл әрі талапты «Жас ұлан» екенін айтқым келеді. Жас ұлан - жарқын болашақ!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 2000ж

  • Болғамбаев М. Қазақтың спорт түрлері. Алматы, «Қайнар»-2000ж

  • Жұмабаев М. Педагогика . Алматы «Рауан» 1993ж

  • Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 2005ж.

  • Сиқымбаев И. Б. “Бос уақытты ұйымдастырудың педагогикалық негіздері” – № 2 2009., 13 – 15б.

  • Ашық дерек көз, интернет желісі

  • Пайдаланылған материалға сілтеме https://ppt-online.org/165923?ysclid=lgkpl8lx97405002925

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі