Материалдар / Жас Ұлан Жаршысы мектепішілік газеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас Ұлан Жаршысы мектепішілік газеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне арналған мектепішілік газет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1



Shape2

1









Shape3

Қыркүйек,

2018 жыл



Оқушылар мен ұстаздарға арналған журнал



Журналымыздың мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамыту.



Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Ж.Баласағұн

Shape4

Жаңа оқу

жылдарыңызбен!



















Shape5



Ұланбасы сайлауы өтті.

18-қыркүйек күні мектебімізде дәстүрлі Жас ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау өткізілді. Қыркүйек айында Жас Ұлан ұйымының ұланбасына үміткер оқушылардың сайлауалды бағдарламалары мектеп дәлізіне ілініп, барлық ұстаздар мен оқушылар таныс болды. Сайлауға үміткер болып 8 сынып оқушысы Матжанова Гүлбақыт, Жас ұлан ұйымының белсенді мүшесі Қобландиева Назерке , 7-сынып оқушысы Маратқызы Маусымжан, 6 сынып оқушысы, оқу озаты, Шынтас Мадина түсті. Сайлауда 5-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысып, дауыс берді. Ұланбасы жәшігін 11 сынып оқушылары, ұланбасы сайлауының комиссия мүшелері ашып, көпшіліктің алдында барлық бюллетендерді санады. Нәтежиесінде айқын басымдылықпен 36 ұпай жинап 6 сынып оқушысы Шынтас Мадина көпшіліктің дауысымен Жас ұлан ұйымының Ұланбасы болып сайланды. Шынтас Мадина Ұланбасы болып сайланған соң, оқушылар мен ұстаздардың сенімін ақтап, мектеп өмірінде атқарылатын іс-шараларға белсене араласатындығын айтып, ант берді.







Өзіңнен баста-Начни с себя!

Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, ұсақ бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Өзіңнен баста-Начни с себя!» акциясы аясында флеш моб ұйымдастырылды. Акцияның ашылу салтанатында мектеп тәлімгері Г.Мұхатова акцияның мақсатымен таныстырып өтті. Оқушылар арасында «Құқықбұзушылыққа жол жоқ!», «Біз өз еліміздің патриотымыз!», «Өзгерістерді өзіңнен баста!» ұранымен үгіттеме плакаттар шығарылды.







Т артысты өткен толағай.



Салауатты өмір салтын насихаттау, спортты серік етуге шақыру, ата- аналармен байланыс орнату мақсатында мектебімізде 13 қыркүйек күні мектебімізде «Толағай» отбасылар сайысы оздырылды. Сайысқа 2- ші сынып атынан Бекмағанбетовтер отбасы, 3- ші сынып атынан Өтешовтер отбасы, 4-ші сынып атынан Айтқожақовтар отбасы, 5-ші сынып атынан Қарақұловтар отбасы қатысып, «Таныстыру», «Пингвиндер» сайысы, «Кенгуру» , «Мақал- сөздің мәйегі, «Асық ату» , «Эстафеталық ойындар» , « Кім шапшаң», «Тапқырлар» сайысы, «Суретшілер» және «Паравоз» сайыстары бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 5 сынып атынан қатысқан Қарақұловтар отбасы І орынға ие болды. Сайысқа қатысқан барлық отбасылар дипломдармен марапатталды.





























Алғашқы қоңырау соғылды.



1 қыркүйек білім күніне орай мектебімізде «Алғашқы қоңырау» салтанаты оздырылды. Салтанатты шара ҚР мемлекеттік гимнімен басталды. Шараға БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Мұстаев Нұрлыбек Ермекұлы, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеуов Аманша Төлеуұлы, ауыл әкімі Т.Қазиев қатысып, мектеп табалдырығын алғаш атағалы отырған бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді. 1 сынып оқушылары атынан Хамзин Ертас, Талап Айдина, Амандық Алтынгүл үш тілде құттықтау сөз сөйлесе, бүлдіршіндер Құбай Еркеназ бен Қайратов Мұрат алғашқы қоңырау соқты. Оқу ісі меңгерушісі С.Бисекенова барша ата аналар мен ұстаздарды, оқушыларды алғашқы білім күнімен құттықтап, алғашқы тәрбие сағатына шақырды. Алғашқы тәрбие сағаты «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында оздырылды. Келген қонақтар мен ата аналар алғашқы сабаққа ұйымшылдықпен қатысты.







Picture 2























Shape7 Shape6



Picture 42



Оян, қазақ!

Оян қазақ, көтер басты, тікте еңсеңді,

Заман қазір олқылықпен көп белсенді.

Надандықпен шырылдаған бұрын қазақ,

Қастандықпен үзер қазір көк желкеңді.


Не көрмеді біздің ел талай ғасыр,

Арпалысты жер үшін, ұлан асыр.

Өз халқы мен өз жерін қорғаймын деп,

Опат болды-ау көп адам, талай тағдыр.


Қазір заман қалай ғана айналысты,

Өткен өмір Ресейменен байланысты.

Талай қазақ азаптанған бұл өмірде,

Қазақтардың тапталған ар намысы.


Ал қазір ше?

Қазақпен қазақ туысқан ба?

Бойларыңа кек толып алжасқан ба?

Қастандықпен бір бірін опат қылған,

Осыларда бір өзі намыс бар ма?


Тәуелсіз ел болып тұрмыз расында біз,

Көп елдердің қатарында, сапындамыз.

ТPicture 39 екті елміз ғой, сараптайтын адал жолды.

Неге біздер дәл бүгін адасқанбыз?


Оян қазақ, көтер басты, тікте еңсеңді,

Заман қазір олқылықпен көп белсенді.

Ақта ұрпақ би шешен мен батырлардың,

Ғасыр бойы төккен жерге сонша терін.


Айгерім Бауыржанова

11 сынып оқушысы



М әңгілік ел- мәңгілік тіл!

05.09-12.09 аралығында ҚР халықтарының Тілдері мерекесіне арналған туған халқымыздың тарихының тамырына ене отырып, ата – бабаларымыз қанша қиыншылық көрседе мойымай бізге жеткізген асыл мұрасы тіліміздің қадір – қасиетін түсіне, зерделей білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу мақсатында «Мәңгілік ел- мәңгілік тіл!» тақырыбымен тіл апталығы ұйымдастырылды.

Апталықтың ашылуында М.Ержанованың дайындаған «Үш тілділік- заман талабы» атты баяндамасы тыңдалды. Апталық жоспарымен таныстырылды. 5-11 сыныптарға үш тілде эссе жазу сайысы оздырылды.

Әр сыныпта «Тілім-тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

06 қыркүйек күні 8-11 – сыныптар аралығында үш тілділік саясатын насихаттау мақсатында пән мұғалімі Г.Сейткалиеваның ұйымдастыруымен «Рискуй»интеллектуалдық ойын оздырылды.

07 қыркүйек күні балабақша түлектерінің арасында «Ана тілім - айбыным» балабақша ертеңгілігі өз мәресінде өтті.

08-қыркүйек күні К.О. Кариеваның ұйымдастыруымен оқушылар мен ата-аналардың арасында тілге деген құрметті насихаттау, оқушылардың тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында үш тілде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайыс ұйымдастырылды.

10-қыркүйек күні бүлдіршіндердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу мақсатында «Тіл мерейі- ұлт мерейі» бастауыш пән бірлестігінің кеші ұйымдастырылды.

10-қыркүйек күні оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру.Теориялық білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту,сөйлеу мәдениетін дамыту,жан-жақты көзқарасын қалыптастыру.туған тілімізді құрметтеу,адами қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу мақсатында К.Олжатаеваның ұйымдастыруымен «Білімді мыңды жығады» атты кеші өткізілді.

11-қыркүйек күні ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылардың тілге деген құрметін,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрістерін кеңейту мақсатында «English language is a wonld language» атты танымдық ойын сайысы оздырылды.

Апталықтың соңғы күні 8-11 оқушылары арасында қазақтың тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, халық мәдениетін, ана тілінің ролін тіл арқылы насихаттау мақсатында «Тілім – менің тірлігімнің тірегі» атты Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай әдеби кеш оздырылды.

Қорытынды кеш соңында апталыққа қатысқан оқушылар арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.



Shape8

СЫРЛАСУ БҰРЫШЫ

Д о с т а р !

Егер сізді ойландырып, толғандырып жүрген сұрақтар мен мәселелер болса, бізге хат жазыңыздар. Біз сізге көмек беруге дайынбыз. Сұрақ сізден, жауап бізден.

Мекен-жайымыз: «Сенім почтасы»









Picture 48







Shape9

Айдың атаулы күндері

1 қыркүйек –Білім күні

8  қыркүйек - Дүниежүзілік бейбітшілік күні
8  қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымағы күні 
16 қыркүйек - Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күні
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күні
30 қыркүйек - Дүниежүзілік сәбилер күні 

Shape10

БӘЙГЕ! БӘЙГЕ! БӘЙГЕ!

Газетіміздің бірінші санынан бастап мамырға дейін тұрақты түрде мақалалар беріп отырған оқушыға сыйлығымыз бар!



















Shape11

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

Д о с т а р !

Былтырғы оқу жылынан бастап мектебімізде мектепішілік «Жас Ұлан» жаршысы журналы шыға бастады. Оқушылардың мақалалары, авторлық өлеңдері, сөзжұмбақ, құттықтаулар т.б ұсынылған материалдардың барлығы жарияланады. Редакцияға түскен хаттар мен ұсыныстардың барлығы да газет бетінен орын алып, жауап жазылады. Журналымыздың тұрақты шығып тұруына ат салысайық, құрметті оқушылар!



















Shape12



- Ермек, бері кел! Кане бізге Абайдың бір өлеңін окып жіберші
-Кешіріңдер, мен оқи алмаймын...
-Неге?
-Абай атамыздың өзі жазып кеткен ғой,
«Мен жазбаймын өлеңді Ермек үшін...»
деп...

-Әке бүгін мұғалімнің сұрағына мен-ақ дұрыс жауап бердім ,- депті баласы.

-Ал, балам ол қандай жауап? –деп таң қалған әкесіне:

-Терезені мен сындырдым,- деп айттым.


Бірінші сыныптың оқытушысы:

- Ал, балалар бүгін ,,Ш,, әрпін өтеміз, ш-дан келетін қандай аттарды білесіңдер? - дейді.

Тып-тыныш болып қалған сыныптың артқы партасында, қолын көтерем бе,

к өтермейін бе деп отырған бір оқушыдан мұғалім:

- Ой айналайын , сен білесің -ау деймін, айтып жіберші, -дейді.

Әлгі бала:

-Шыбын - депті,

Мұғалім:

-Жақсы-жақсы! - деп қолпаштап, көтермелеп жібергені сол, әлгі бала тағы қолын көтеріпті.

-Кәне тағы айтып жібер десе:

Әлгі бала:

-Тағы бір шыбын! - деп қойып қалыпты.

Shape13

Р е д а к ц и я а л қ а с ы :

Ұйымдастырушы редакторы: мектеп тәлімгері Мұхатова Гүлім Жасұланқызы

Газет тілшілері: Бауыржанова Айгерім Әділжанқызы 11 сынып оқушысы

Орынбасарова Фариза Дулатқызы 10 сынып оқушысы

Матжанова Гүлбақыт Жайылханқызы 9 сынып оқушысы

8 сынып оқушысы

7 сынып оқушысы

6 сынып оқушысы

5 сынып оқушысы

Шығатын орны: «Жамбыл ЖОББ мектеп-балабақша кешені» КММ







Шығатын орны: Жамбыл ЖОББ мектеп-балабақшасы




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!