Материалдар / "Жас Ұлан мен "Жас Қыран" ұйымына оқушыларды қабылдау

"Жас Ұлан мен "Жас Қыран" ұйымына оқушыларды қабылдау

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жас Ұлан мен "Жас Қыран" ұйымына оқушыларды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынның сценарийі. "Жас Қыран" ұйымына 1-4 сыныптардың үздік оқушыларын, "Жас Ұлан" ұйымына 5-8 сыныптардың үздік оқушыларын қабылдау жүргізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
973
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Балқаш ауданы, «Бірлік орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесініңпедагог-ұйымдастырушысы Мамырова Карлыга Калкамановна

















«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымынасалтанатты жиыны.

Мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсіміІ Туды кіргізуІІ Әнұранды орындауІІІ Қабылдау рәсіміІV Ант беруV Ұйымның мақсаты мен міндеттерімен таныстыруVІ Құттықтау сөздерVІІ Туды шығару

1-жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,Бейуақытта бойға тартқан тұмары.Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 2011 жылы 6 шілдеде еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт-дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын.2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – берекенің бір басы,Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.Қазақстан сен бір елсің жаһанға,Тең танылған таудай асқақ тұлғасы.Міне, бүгін де еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп үздіктері мен екпінділерін және белсенділерін «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

  • жүргізуші:
Сөз «Жас Ұлан» ұйымының Президенті 10 сынып оқушысы Тәңірберген Айханға беріледі.Президент: Мектеп, сап түзеп, тік тұр!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!(Ту кіргізіледі).



































  • жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,Жалынды жастар, сендерсің сәнімБеретін бойға күш-қуат,жігерШырқалсын шаттық Әнұран әнім!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!(Әнұран орындалады).1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты- оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері- әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

2- жүргізуші: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының мүшелері Тәуелсіздік қарсаңында өткізіліп отырған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы Ұйым Президентіне хабарлама жасасын.

«Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Ұлан Қажығали:«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Құрметті Ұйым Президенті, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына:«Тәуелсіз еліміздің болашағы,Туған ел мен Отанын мақтан тұтар.Салауатты өмір салтын ұстанар,Біз – патриот жас ұландар!» ұранымен дайын.

«Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшесі Қыдыргелді Жан:«Жас қырандықтар» сап түзеп, тік тұр! Құрметті Ұйым Президенті, «Жас Қыран» тобы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына.«Біз – болашақ жас қыран,Өз Отанын қорғайтын.Білім сүйер ұланбыз,Заңғар көкке самғайтын.» ұранымен дайын.«Жас Қыран» тобы, еркін тұр! 1-жүргізуші:Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым! Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым. Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әрбір мүшесі қандай болуы керек екендігін айта кетейік.(«Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі шығып айтады).

1 оқушы - Қабдылқасым: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.2 оқушы - Назерке: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.3 оқушы - Ақниет: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.4 оқушы - Ләйлім: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.5 оқушы - Жанар: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.6 оқушы - Бақдәулет: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.7 оқушы - Айсұлу: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.8 оқушы - Айгүл: Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.9 оқушы - Әділет: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.10 оқушы - Қажығали: ЖасҰлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.(оқушылар кол шапалақтап, қошемет көрсетеді).

2-жүргізуші: «Біз ...»Оқушылар: «Жас Ұлан»

1-жүргізуші: - ұранымыз:Оқушылар: «Біздің барлық ойымыз, біліміміз, істеріміз, Егеменді еліміздің болашағы үшін» - 3 рет.

2-жүргізуші: Қабылдауға жас ұландар дайын.

1-жүргізуші:Егеменді еліміздің тірегіМектептің болашағы жігеріДостықпен татулық тілегі«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі 2-жүргізуші: Құрметті мектеп әкімшілігі және ардақты ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз1-жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Білім министрі Хамза ҚабдылқасымАнттың мәтіні:Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
  • Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
  • Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
  • Ата-анамды қадірлеуге;
  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
  • Білімге табандылықпен ұмтылуға;
  • Салауатты өмір салтын ұстануға;
  • Табиғатты аялауға;
  • «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ! 2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Кембебаева Гүлнар Зауланбайқызына, мектебіміздің ардагер ұстазы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шинасылова Клара апайға және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахын ағайға беріледі.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылсын!

2-жүргізуші: Алдарыңызда «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері 10 сынып оқушысы Жансет Аяжан мен 8 сынып оқушысы Мұзарапша Назеркенің орындауындағы «Аталарым- ардагер» әнін қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші:Білімді –көкіректе нұр деп түсінЖігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.Аталған мақсат, талап, ережені,Орындауға бәріңде міндеттісің!

2-жүргізуші:Ризамын деп осындай жастық шаққа,Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Жүргізушілер: БіргеЖас Ұлан” – Қазақстанды сүйедіЖас Ұлан” – мектепте үздік оқидыЖас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейдіЖас Ұлан ” – тек шындықты айтадыЖас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатадыЖас Ұлан ” – болашақЖас Отан

1- жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ