Соркөл орта мектебі КММ
ЕҢБЕК бағыты

Тақырыбы:
«Мамандық таңдап үлгердіңізбе?»
2022-2023 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
«Мамандық таңдап үлгердіңізбе?»
Мақсат: білімділік - мамандық туралы түсінік
беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық
таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша
мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге
икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын
қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі
болуға тәрбиелеу:
Көрнекілігі: слайд, суреттер, пішіндер
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сыныпты пішіндер арқылы төрт топқа бөлу.
Жұмбақтар шешу арқылы тақырыпты ашу.
1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған .
2. Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
3. Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
(Әл – Фараби)
Әңгімелесу айдары
І топ
1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
2.Сен ол мамандық туралы не білесің?
ІІ топ
1.Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
ІІІ топ
1. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?
2.Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?
ІҮ топ
1. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
2. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Жаңа
ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру
көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің
зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын
ауыстырып, оның 25 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық
таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне,
қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау
жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы
қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес
қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам
ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған
кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы
мамандықтарын атап өтуге болады.
Дәйексөз
«Егер мамандықты таңдап алуда
сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін
болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
К. Д. Ушинский
Ж.Аймауытов “Мамандықтың
жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай
күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.
Топтастыру. Мамандық таңдаудың әр түрлі жолдары бар.
Өзің келіспейтін
тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша
дәлелде .
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
Ақша болса, мамандық қажет емес.
Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
Мамандық таңдау-күнкөріс көзі.
Мамандық таңдау ережелері:
Бірінші қадам: «Байыппен бағдарлай біліңіз»
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Қазіргі заманғы
мамандықтар.
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге
арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы
өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы
эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.
Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар
осынысымен өтімді болып отыр.
Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп
орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың
бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.
Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды
талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның
таптырмайтын мамандары.
Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды
ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге
болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет
ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда
орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.
Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып
кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және
сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші
кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста
жұмыс істейді.
«Бұл кім ?» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, программист, эколог, заңгер.
«Жағдаяттық
сұрақтар»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты
таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер
едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық
саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің?
(моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик,
дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты
ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол
мамандыққа жаның қас. Не істейсің?
«Қай мамандық лайықты?» ойыны. Ойынның шарты бойынша бес саусақты қағазға бастырып, ортасын дәлдеп табады. Сол нүктеден әрбір саусаққа сызық жүгізеді. Сызықтың ұзындығына қарай лайықта мамандықты таңдай алады.
І саусақ- басқарушы
ІІ саусақ-заңгер, қорғаушы, әскери адам
ІІІ саусақ- дін адамы, саясаткер, тарихшы
ІҮ саусақ-өнерге бейім, архитектор, әнші, биші, суретші, дизайнер
Ү саусақ - дәрігер, шипагер
Қорытынды: Мамандық таңдауда адспаған абзал. Себебі ол сенің болашақ өміріңді шешеді.
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Соркөл орта мектебі КММ
ЗЕРДЕ бағыты

Тақырыбы:
«Ұлт руханияты-ұрпаққа аманат»
8-10 кл
2022-2023 оқу жылы
Ақпарат
Сабақтың тақырыбы: «Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты»
Сабақ мақсаты: «Ұлт руханиятының» құндылық ретіндегі мәнін ашып түсіндіру; ұлттық рухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік беру.
Г.Молдағалиеваның «Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы» деген мәтінін оқушыларға оқып танысуға беріледі.Мәтінде туған жердің, тілдің, ата дәстүріміздегі адамдар арасындағы ізеттілік, сыйластық, әйел затын ардақтау, қонақжайлылық, қысылған сәтте қайырымдылық, т.б. дәстүр-салтымыздағы биік рухани-адамгершілік негіздері көрсетілген.

Сабақ мақсаты: «Ұлт руханиятының» құндылық ретіндегі мәнін ашып түсіндіру; ұлттық
рухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік беру.
Білімділік:
-
Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күші екенін білдіру;
-
Берілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу;
-
Студенттің ішкі сезім дүниесін дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін жетілдіру.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi. Студенттермен амандасып, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау.
Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат» бөлімі арқылы оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап сабақты бастау.
-
Үй тапсырмасын тексеру. Қазақтың ырымдарын сұрау.
-
..................................................................... бас ұстамайды.
-
Нанның қиқымын жесе - .....................................................
-
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт....................
-
Қазақ «сәтті күн» деп істі.....................................................
-
...........................................................малдың желіні кетеді.
-
Жұма күні кір жуса,..............................................................
-
Жақын адамға.................................................сыйламайды.
-
Жаңа айды көргенде....................бата жасап, ырымдайды.
-
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса..................
-
Жаңа ақпарат
Студенттерге ұлттық руханият туралы айтылады.
-
Руханият қайдан көрінеді? Тіл, мәдениет, дін, салт-дәстүр, мәдениеттен танылатыны туралы айту.
-
Руханият не береді? Ұлттық рухты туғызады. Ұлттық рухсыз ел болудан қалады, тобырға айланады. Күш беретін, біріктіретін ұйытқы – ұлттық рух.
-
Сан мыңдаған жыл ішінде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Оны дамыту – ұрпақ міндеті.
«Қазақ елінің салт-дәстүрлері» бейнежазба көрсетіледі.
-
Мәтінмен жұмыс
Г.Молдағалиеваның «Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы» деген мәтінін оқушыларға оқып танысуға беріледі.Мәтінде туған жердің, тілдің, ата дәстүріміздегі адамдар арасындағы ізеттілік, сыйластық, әйел затын ардақтау, қонақжайлылық, қысылған сәтте қайырымдылық, т.б. дәстүр-салтымыздағы биік рухани-адамгершілік негіздері көрсетілген. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою арқылы пікірін тыңдау.
-
Жоғарыда айтылғандай «ел ағасы» болуға дайынсың ба?
-
Тағы қандай ата салттар мен дәстүрлерін білесің?
«Үлкенді құрметтеу» бейнежазба көрсетіледі.
-
Әңгімелесу
Студенттердің әлемдік деңгейде танытқан ұлт өкілдерін ататып, үлгі ету, тіл туралы оқушылардың қоғамдық пікіріне байланысты ой-тұжырымын төмендегі сауалдар арқылы қаншалықты түсінетіндерін анықтау.
-
Ұлттық сана, ұлттық ұғым дегенді қалай түсінесің?
-
Қазақ халқын кімдер, қалай әлемге танытты деп ойлайсың?
-
Қазақтың қандай өнерін өзге елге мақтан етесің?
-
Басқа ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлегеніне қалай қарайсың
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-топ. «Ұлттық намысы» эссе жазу
2-топ. «Қазақ тілінің қадірі» сахналау
3-топ. «Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты» жоба қорғау
-
Топпен ән айту.
Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Қазақ осы» әнін үнтаспамен бірге орындау.
-
Үй тапсырмасы
«Ата салтына адалдық» шығарма жазу
-
Соңғы тыныштық сәті
(Баяу әуен қосылады) оқушылар көздерін жұмып, ыңғайланып отырады.
-Сендердің жүректерің-сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
-
Кері байланыс (рефлекция)
Аялы алақан ойыны жүргізіледі.
(Оқушыларға көгершін қиындыларын таратып, сол қиындыға оқушылар сабақтан алған әсерлерін, тілек-ұсыныстарын жазып, тақтада ілінген алақан қиындысының үстіне жапсырады. Оқушыларға анамыздың аялы алақанын осы көгершіндей биікке самғай берейік деп тілек айтылады.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
жас_ұлан_разработка_2_тоқсан

шағым қалдыра аласыз