Өлеңді орта мектеп оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны.
Біз Жас Ұлан – Отан ана өркені
Үміт артқан баламағы ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені!
«Жас Ұлан» қабылданудың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру болып табылды. 2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Өлеңді орта мектебінде «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершілігінің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Жас Қыран» ұйымына мектебіміздің 1 сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Әр сынып топ басшылары рапорт тапсырды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектеп әкімшілігі мен мектебіміздің ұлағатты ұстаздары «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, төс белгілерін қадап берді. Өлеңді орта мектебінің директоры Серкенов Жомарт Амантайұлы сөз сөйлеп «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымының аға жетекшісі: Гүлзада Бақытқанқызы.







жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
Өлеңді орта мектеп оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны.
Біз Жас Ұлан – Отан ана өркені
Үміт артқан баламағы ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені!
«Жас Ұлан» қабылданудың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру болып табылды. 2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Өлеңді орта мектебінде «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершілігінің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Жас Қыран» ұйымына мектебіміздің 1 сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Әр сынып топ басшылары рапорт тапсырды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектеп әкімшілігі мен мектебіміздің ұлағатты ұстаздары «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, төс белгілерін қадап берді. Өлеңді орта мектебінің директоры Серкенов Жомарт Амантайұлы сөз сөйлеп «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымының аға жетекшісі: Гүлзада Бақытқанқызы.







шағым қалдыра аласыз














