Тұңғыш президент күніне орай «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау салтанатты жиыны.
«Қазақстаным» әні. Орындайтын Рақымбаев Ерназар
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар!
2-Жүргізуші: Қош келдіңіздер қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
1-Жүргізуші: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке жетті.
2-Жүргізуші: Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды.
Әр сөздің астарына осы арада
Ағайын, ой жіберіп, жіті қара
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы елбасының жеке дара
-деп ақын жырлағандай бүгінде елбасы ойға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз, алтын сәулелерін шашады. Олай болса 1-желтоқсан Президент күні баршамызға құтты болсын!
1-Жүргізуші: Туған еліміздің мерейі өсіп, абыройы тасқанын көруден артық қуаныш та бақыт та жоқ.
2-Жүргізуші: Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер білім саласында да жетерлік. Өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі.
Сан ғасырлар тарихы мол кешені
Туған жердің шежіресі деседі
Менің елім Қазақстан Отаным
Болашағы бізбен бірге өседі
-дей келе осы айтулы оқиғаға орай мектебіміздегі білімді, өнерлі, белсенді оқушыларды құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Ерлан Серікқазыұлына беріледі.
1-Жүргізуші: осы оқушылардың құрметіне ауылымыздың ардагерлер ансамблінің орындауындағы «Немерем» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші: Ал енді кешіміздің екінші бөлімі оқушыларымызды Жас ұлан ұйымына қабылдау сәті.
1-Жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!
Есбол: Түзеліңдер, Тік тұрыңдар! Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілсін!
(марш ырғағымен)
2-Жүргізуші:«Жас Ұлан» - шыншыл патриот
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - нағыз топжарған
2-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - жауапты азамат
2-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - сенімді дос
1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»
2-Жүргізуші:
Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаңа толған мекен,
Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,
Ұлылардың арманын биік еткен.
Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,
Оларға да жақсылық үйіп төккен.
1-Жүргізуші:
«Жас қыранға» қабылданатын 1 «А, Б» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
«Жас Ұлан» галстуктарын тағу рәсімін Ардақты ардагерлер мен құрметті ұстаздарға береміз.
1-Жүргізуші:
«Жас Ұланға» қабылданатын 5 «А, Б» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

1-Жүргізуші: Біз Отанның Ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы,
Ант беруге дайын бол!
(5 сынып оқушысы Дүйсенбекова Аружан ант береді)
А Н Т
Біз, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге (Хормен) «Ант етеміз!» (3 рет айтады)
(Гимн орындалады)
Оқушы: «Біз ...»
Хормен: «Жас Ұлан»
Оқушы: Ұранымыз
Хормен: «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
2-Жүргізуші:
Құттықтау сөз ардагерлер ансамблінің мүшесі .................................................................................................................................беріледі.
Есбол: Түзеліңдер, Тік тұрыңдар! Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын.
(Марш ырғағымен)
1-жүргізуші: 1 «Б» сынып оқушыларының орындауындағы «Нұраға мақтанышым» әнін қабыл алыңыздар!
2-Жүргізуші:
Осымен бүгінгі салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті.
1-Жүргізуші: Аман-сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау салтанаты

шағым қалдыра аласыз