Материалдар / «Жас ұландар-мақтанышы елімнің»

«Жас ұландар-мақтанышы елімнің»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу. Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер. Б. Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс» М. Жұмабаев: «Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат». М. Әуезов: «Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре - жүре келіп, Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы». Түрі: танымдық сабақ Барысы: І Ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
1800
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жас ұландар - мақтанышы елімнің!»
Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу. Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер
.

Б. Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс»
М. Жұмабаев: «Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».
М. Әуезов: «Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре - жүре келіп, Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».

Түрі: танымдық сабақ
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе.

Мұғалім: Қымбатты оқушылар, 7-мамыр- Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті.Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,абзал ағаларымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің мәні көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы.Ел-халқына шат шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатұан қызметтері ұшан –теңіз.Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы – Н. Ә. Назарбаев.
18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.
36 - бапта «ҚР - сын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп көрсетілген.

Бейнефильм:

7 - мамыр – ҚР Қарулы күштерінің Отанды қорғау күні.
Құрлықтағы әскери топтар;
Әскери әуе күштері;
Әскери теңіз флоты;
Ұлан тобы.

Сынып сағатының кезеңдері:

1.«Ел ертеңі-жас ұландар» топтық жұмыс
2.Күш - білімде... (Сұрақ-жауап)

3. «Ойымды жалғастыр». (Мақал-мәтелдерді толықтырып, мағынасын ашу)

Ендеше, оқушылар, бүгінгі сынып сағатымызды жалғастырайық.

1.«Ел ертеңі-жас ұландар» (3-топқа топтық жұмыс беріледі)

1-топ: Отан қорғаушылар күні» суретті мәлімет жазады.

2-топ: «Ел ертеңгі-жас ұландар» ребус құрастырады

3-топ: «Жас ұланға арнау» шығармашылық жұмыс жазады.

2.Күш - білімде... (Сұрақ-жауап) кезеңін бастаймыз. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады.

1. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Сыпатай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, т. б)
2. Үш жүзді атаңыз? (ұлы, орта, кіші жүз)
3. Бес асылды атаңыз? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
4. Бес дұшпанды атаңыз? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
5. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз? (ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге)
6. Жігіттің үш жақын жұртын атаңыз? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
7. Бес қаруды атаңыз? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

8. Қазақстан Республикасының әскери анты қашан бекітілді? (1992)
9. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

3. «Ойымды жалғастыр». Кезеңіне кезек береміз. Мақал-мәтелдерді толықтырып, мағынасын ашу керек. Әр топқа 2 мақалдан беріледі.

1)Білекті бірді жығады, ( білімді мыңды жығады) .

2) Бес саусақ жиналса , ( жұдырық болады) .

3) Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына).

4) Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді).

5) Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз).

6) Батыр елі үшін туады, (Елі үшін өледі).

Оқушылар, бүгінгі сынып сағатында өте жақсы белсенділік таныттыңыздар.

Сынып сағатымызды сыныбымыздың ұландарының өлең шумақтарымен қорытындылайық.

Рүстем:
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат - күші құрыш мығым,
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.

Нұрәлі:
Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз сенімменен.

Бекарыс:
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр - әніміз.

Таңатар:

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз

Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.

Ант алып ар алдында сапқа тұрып,

Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Мереке құтты болсын!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.


















«Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КҚМ
























Тақырыбы: «Жас ұландар-мақтанышы елімнің» танымдық сабақ

Сыныбы: 5 «Б»

Сынып жетекшісі: Ә.М.Капарова






 















Арқалық қаласы,2021 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ