Білімді ұрпақ – болашақ кепілі
Білім – біздің таусылмас байлығымыз. Әрбір бала бойына білім жиған сайын, көзі ашық әрі саналы болып қалыптасады. Білім үшін ештеңені аямау керек. Себебі ертеңгі болашағыңның жемісі десек те болады. Білімді ұрпақ – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген дана сөз бекер айтылмаса керек. Әрбір жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, мықты етіп тәрбиелеу қажет. Тәрбие – баланың Отанын сүюден басталады. Жастар білімді болған сайын еліміз де өркендеп өсе береді.
Елімізде 2024 жылы халықаралық олимпиадаларға 666 оқушы қатысып, 299 оқушы жеңіске жетті. Оның ішінде 27 оқушы алтын, 119 оқушы күміс, 151 оқушы қола, 2 оқушы Құрмет грамотасын алған.
Білім беру жүйесі аясында жасөспірім балаларға оңтайлы бағдарламалар қарастырылған. Соның бірі дәлірек айтсақ, Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы қыркүйектегі Жолдауында: «Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды, қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады» - деді. Бұл дегеніміз әрбір баланың білім алу жолына деген инвестиция.
Сондай-ақ қазіргі таңда жастар үшін тіл үйрену маңызды. Сол тұрғыда жастарға тіл үйренуге түрлі жағдай жасалған. Бала үйде отырып-ақ тіл үйренуіне болады. Тілді жетік меңгеру арқылы бала көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Тіпті, шет елде де білім алуына болады.
Білім не үшін керек? Білім – рухани азық. Адам білімді болған сайын жан дүниесі білім нәрімен толығады. Сондықтан әрбір адамға білім алу маңызды. Білім – өмірлік азық десек те болады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек. Барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр», деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық!
Жанерке Басарова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жас ұрпақ - болашақ кепілі
Жас ұрпақ - болашақ кепілі
Білімді ұрпақ – болашақ кепілі
Білім – біздің таусылмас байлығымыз. Әрбір бала бойына білім жиған сайын, көзі ашық әрі саналы болып қалыптасады. Білім үшін ештеңені аямау керек. Себебі ертеңгі болашағыңның жемісі десек те болады. Білімді ұрпақ – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген дана сөз бекер айтылмаса керек. Әрбір жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, мықты етіп тәрбиелеу қажет. Тәрбие – баланың Отанын сүюден басталады. Жастар білімді болған сайын еліміз де өркендеп өсе береді.
Елімізде 2024 жылы халықаралық олимпиадаларға 666 оқушы қатысып, 299 оқушы жеңіске жетті. Оның ішінде 27 оқушы алтын, 119 оқушы күміс, 151 оқушы қола, 2 оқушы Құрмет грамотасын алған.
Білім беру жүйесі аясында жасөспірім балаларға оңтайлы бағдарламалар қарастырылған. Соның бірі дәлірек айтсақ, Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы қыркүйектегі Жолдауында: «Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды, қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады» - деді. Бұл дегеніміз әрбір баланың білім алу жолына деген инвестиция.
Сондай-ақ қазіргі таңда жастар үшін тіл үйрену маңызды. Сол тұрғыда жастарға тіл үйренуге түрлі жағдай жасалған. Бала үйде отырып-ақ тіл үйренуіне болады. Тілді жетік меңгеру арқылы бала көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Тіпті, шет елде де білім алуына болады.
Білім не үшін керек? Білім – рухани азық. Адам білімді болған сайын жан дүниесі білім нәрімен толығады. Сондықтан әрбір адамға білім алу маңызды. Білім – өмірлік азық десек те болады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек. Барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр», деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық!
Жанерке Басарова
шағым қалдыра аласыз













