Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАН СҮЙГІШТІККЕ БАУЛУ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ЖАС ҰРПАҚТЫ ОТАН СҮЙГІШТІККЕ БАУЛУ»
Көсіле сөйлеп, көрегендік танытқан, шешіле сөйлеп, шешендік танытқан аталар сөзі – кейінгі ұрпақ үшін үлгі тұтар асыл сөз. Шиыра сөйлеп шешімін жеткізген, бұйыра сөйлеп бұйрығын бұлтартпай орындатқан батыр атамыз Бауыржан рухына бас июге мәжбүрміз. Олай деуге негіз: оның туған халқы «Қаһарман батыр» атағын үкіметтен бұрын үкіліп тақты. Сол батыр ата – Бауыржан Момышұлының соғысқа дейінгі, соғыстағы, соғыстан кейінгі өмір іздері бүгінгі ұрпақ сезімін оятары анық. Сондықтан мен шәкірттерімді отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеуде батыр жолын үлгі тұтамын. 1-9 сыныптарда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағындапатриот тақырыбына әңгімелерді жиі қозғаймын.Қыркүйек айында алғашқы сабағымызды «Мен өз елімнің пеатриотымын»деген тақырыппен бастадық. сабағындағы «Соғыс жылдары» тақырыптары өтілгенде «Батыр Бауыржан балаларының бақыты», «Солдат – азамат, командир - тәрбиеші», «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды» тақырыптарына әңгіме, ой танымдарын жазуды тапсырамын. VII-VIII сыныптарға «Тарих – тауға шығарар табандылық», «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті», «Ер бақыты – ел қолында», «Бүгінгі Бауыржандар кім?» атты сыр шежіре сағаттарын өткіземін.
«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» тақырыбында өткізілген ойтолғауда оқушыларым мынадай тұжырымдар жасапты.
...Тарихым жатыр тасымда Азаматтық аңсап жырлаған
Тіл қатып келер ғасырға, Ағаңды түсін жасыңда...
Осы өлең жолдары маған еріксіз қалам ұстатты. «Тарихты білмей, келешекті болжау қиын» деген ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби сөзіне «Тарих тауға шығарар табандылық» деген халық сөзі дәл жауап. Табандылық туралы Бауыржан атаның Отан соғысы тарихы кезеңдерін әңгімелеген кітабынан оқып, түйгенім мыналар:
- әңгімені тыңдауға уақытында келіп, әдептілік пен тәртіп сақтау шарты;
- әңгімеге қатысып, өз ой-пікірін білдіріп отыру;
- қолжазба қойын дәптерім, оған мені қызықтырған нәрселерді жазамын, - дегені.
Қолжазбасынан : «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейді халық даналығы. Даналық – өткен тәжірибе қорытындысы, ойдың қаймағы. Азаматқа өмірден ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Қорқақ – ақымақ, қорқаққа шалшық та бөгет. Құм ішіндегі дәнді қырағы көз ғана табады.
Алғырлық – ойдың ішкі мазмұнын нұрландырушы. Өз ұлтын сыйламаған ұлтын мақтаныш тұта алмайды, тексіз әрі тұрақсыз. Міне, көрген-білгенімді солдатша әділ баяндап қалдыруды ұрпақ алдындағы парызым санадым» деп аманат-арманын жазыпты. Мұндай аталы сөз, тарихи тұлға - таптырмас мұра деп түсінемін. Алдымен әдепті бол, сосын арлы бол, сонда сен еліңнің керегіне жарағаның дегені емес пе?! Батыр атаның айбарлы сөзі менің жүрегіме «тұмар-тарих» болып тағылды...
Бүгінгі XXI - ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер,еңбек сабағынан жасатып жүрген халқымыздың ерте заманғы ою өрнектері , олардың атаулары, қандай жағдайда қолданғаны мен олардың әсемдігі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, Отанды қорғаудан және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылықтардан басқа да жалпы азаматтық құндылықтар қажет. Соның бірі отансүйгіштік қасиет болып табылады. Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе. Патриотизмді халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді, әрі әсері мол болады. Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді.
Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарды отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін – тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.
Бүгінгі күні төл тарихымызды оқытудың басты міндеті – жастарды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу.
Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанының қадірін ұғындару, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.
Қазақ халқы қазіргі жағдайда өзінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүре отырып, ұлттық қасиетінің негізі – тілін, дінін, салт-дәстүрін дамытуға тиіс. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтың негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпыхалықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рухтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлап, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүниетанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары - ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.
«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. XXI ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» - деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады :
- Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу;
- Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;
- Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру;
- Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркенеуіне үлес қосу;
- Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтірер жат пиғылдан аулақ болу.
Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер тәрбие арқылы қалыптасады.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп – дінді алған да, оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген.
Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қалады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады. Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.
Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілетіндігі дұрыс деп ойлаймын. Мектептегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет. Мектептегі пәндер өз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі тиіс. Мәселен, тарих пәнінде тәуелсіздігімізге қатысты материалдарды оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық азаматтардың бейбітшілік пен достықта өмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың маңыздылығын дәйектеу қажет. Оқыту процесінде патриотизмнің қоғамның дамуындағы қызметтік рөлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймын.
Күнде өзгеріске ұшырап отыратын мына өмір сүріп жатқан алмағайып нарық заманында, дүние жүзінде жаһандану, ғаламдану деген әлемдік үдерістер белең алып тұрған тарихи кезеңде жастарға, оның ішінде мектеп оқушыларына жан-жақты тәрбие беріп отыру біздің маңызды бағыттарымызға айналған. Өзіміз істеп жүрген халыққа білім беру саласында оқушыларға тәрбие берудің бірнеше түрі жүзеге асырылып жатыр. Тәуелсіз еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру мүмкіндігі қазіргі таңда айдан анық болып отыр. Сол себептен балаларымызды отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған елі мен жерін құрметтеуге тәрбиелеу - біздің басты мақсатымызға айналып отырғаны ешқандай дау тудырмаса керек. Шүкір, қазір Қазақстанды әлем танып-біліп қалды. Кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бізді қазір әлемнің мойындап отырғаны тегіннен-тегін болмаса керек. Ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын қазіргі жастар десек, оларға тәрбие де осы тұрғыдан алғанда басым болу керек. Оқушы шәкірттерімізді жан-жақты тәрбиелеудің ішінде отансүйгіштік тәрбие беруде халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі, қоғамымыздың білім беру саласындағы маңызды мақсаттардың бірі де бірегейі. Отанға деген мақтаныш сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды паш ету – күн тәртібінен ешқашан түспек емес. Осы тарапта біздің мектепте де, оның ішінде өзім оқытып жүрген 1-9 сыныптарда да бірқатар істер атқарылуда. Сыныптың барлық оқушылары мектепегі барлық оқушылар шамалары келгенше белсене қатысып отырады . Бұл орайда мектептегі тәрбие ісінің меңгерушісінің бізге көрсетіп жатқан көмегі орасан зор деуге болады.
Патриоттық тәрбие тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына алғышарттар жасай отырып жастардың мәдениетінің қалыптасуына белсенді ықпал ете алады. Ол үшін мыналар жүзеге асуы тиіс:
- мектеп оқушылары алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білуі;
- тәрбиелік жұмыстардың әр бағытта жүргізілуіне бағыт-бағдар беріп қадағалау;
- патриоттық және елжандылық тәрбиесін беру;
- ғылымдар туралы түсініктерін кеңейту;
- оқушылар арасында бірін-бірі сыйлауы, оқушы ұжымындағы өзара адамгершілік қатынастарын қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз тәуелді болып еңбектеп басымызды иген де халықпыз. Біз халқымызға мынаны түсіндіруіміз керек : тіземіз ендігі жерде ешкімге бүгілмейді, бұдан бастап ешқашан еңкеймейміз де, тік тұрған қалпымыз бойынша тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз. Тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек» деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тәрбиесі педагог мамандардың білімділік пен біліктілігіне байланысты екендігі сөзсіз.