400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Астана қаласы №83 мектеп-гимназиясы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Кабылбаев Н.Т.

ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ



Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады.

Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады. Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі[1].Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының ішіндегі ерекше орын алатын салаларының бірі - қазақтың ұлттық ойындары болып саналады. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға бай екендігі тарихтан белгілі. Қазіргі кезеңде ұлттық ойындарды болашақ ұрпақтар мен замандастар оқып, санасында сақтап, үйреніп, күнделікті өмірінде қолданып, дене күштерін арттыруға бірден бір себепші болатындығы айғақ.

Ұлттық ойындармен танысып, ата-бабаларымыздың психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салып, ұрпақтан-ұрпаққа дарыған дәстүрі мен жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне сыныпта оқыту мен тәрбие беру барысында денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеуге, оны іс жүзіне асыруға бар ерік-күйін жұмылдыру, сөйтіп "мәңгүрттік" атауға тосқауыл қоюларына мүмкіндік береді. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі XX ғасырдың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған", - деп тегіннен тегін айтпаған [2]. Өйткені Мұхтар Әуезов бұл пікірін өзі өмір сүрген ортасынан алған топшылауы ғана емес, теориялық қағидаларға сүйеніп жасалған тұжырымдама демекпіз. Негізінде ұлт ойындары халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарының алдына қойған мақсат-міндеттерінен, құрылымынан, мазмұндық ерекшеліктерінен байқағанбыз, олар ұлтымыздың көші-қоны тұрмыс жағдайларына, үйлесімді жасалғандай әсер қалдырады. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнай беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты екендігіне көзіміз жетті.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасаң да, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Осы жырлармен эпостардың басты кейіпкерлері - болашақ ел қорғаушылары: батыр, сарбаз, би-сұлтандар, ел ардагерлері мен қайраткерлері ойын үстінде өсіп, ақыл-ойлары дамып, төзімділік пен шыдамдылыққа, қайраттылық пен ержүректілікке тәрбиеленген.

Жалпы ұлт ойындарының шығуы мен қалыптасу тарихын зерттеу, оны жүйеге келтіру өте қиын мәселе, себебі оның қойнауы теренде жатыр, Ықылым заманнан бері қазақтың кең ұлы даласында мекендеген көне қазақтың арғы тегі болған түркі тілдес тайпалар ғасырлар бойы өмірімен бірге жасасқан ұлт ойындары мен спорт түрлерін үнемі дамытып отырған және өмірдің талап-тілектеріне байланысты жетілдіріп немесе сұрыпталып тұрды.

Ендігі кезекте, халық өнері мен мәдениетінің негізгі бір саласы қазақ ұлттық ойындары ықылым заманнан бастап кеңес дәуіріне дейінгі кезеңдердегі даму тарихы жайлы материалдар кездеседі, соларды жүйелі талдауға алайық. Әрине, бұл материалдардың шашырап жатуы, оларды халық фольклорынан, айтыс ақындарының шығармашылықтарынан т.б. жинап жүйеге келтіріп, тәрбиелік мән-мазмұндарының, спорт пен белсенді қозғалысты қажет тұтатын ойындардың тарихи -этнографиялық ерекшеліктерін айқындау және бұларды әрбір адамның жеке тіршіліктерінде қолдану, жеткіншектердің жан-жақты жеке қалыптастыруда орын-орнымен пайдаланудағы мүмкіндіктері ерекше екендігіне ешкімнің дауы жоқ.

Сақ дене тәрбиесінің жүйесі ертедегі Грециядағы Спарта қаласында дене тәрбиесімен ұқсастығы бар екендігін байқауға болады. Сақ отбасы тәрбиесінің басты мақсаты — балаларды әр жақты қимыл-қозғалысты қажет ететін ұлттық ойындармен айналыстыру және денені табиғаттың табиғи күшімен шынықтыру. Сонымен, сақ балаларын күнделікті жаттықтыруда пайдалылатын формалар: жүгіру, ұзындыққа, биікке және кедергілерден секіру. Садақты қашыққа атудан сақтар алдында жан салмаған, Геродоттың дәлелдеуінше, гректер өз балаларын садақ атуға үйретуге сақ ұстаздарын шақыртқаны жайлы деректер бар.

Кейбір деректерге қарағанда "... ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі, біздің заманымызға дейінгі VII-IV ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді"- деп Б.Төтенаев жазады [3]. Өйткені, ойындардың қайсы бірі болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өндірістік қатынастарға негізделген. Мәселен, А.Гумбольд қазақ жеріндегі көшпелі халықтың өмірі жайлы өз жолдастарына жазған хатында: "Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін оқиға емес... " — деп толғанады [4]. XIX ғасырда еліміздің салт-дәстүрлерін, әдет-ғүрыптарын, ойын-сауықтарын, ұлт ойындарын белгілі жүйеге келтіріп, зерттеуде өз ұлтымыздың арасынан да азаматтар шыққандығын зерттеу материалдары көрсетуде.

Жебе түрлері туралы зерттеуші Ерлан Карин: [2010] «Қазақ ауыз және жазба әдебиетіндегі жебе түрлерінің атаулары» деген еңбегінде, «Біздің анықтағанымыздай садақ жебесінің 100-ге жуық түрлері белгілі, ал осы жүз түрлі жебенің 40-қа тарта ғана атауларының жиырмаға жетер-жетпес түрлері сәйкестендірілді», - дей келіп, көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында қаншама күрделі даму кезеңдерінен өткендігін көрсетеді[5].

"Дене күшін" арттыру мәселесін көтеру — Мұратхан Тәнекеевтің дәлелдеуінше, сақ елінде жаңа заманның бірінші мыңжылдығында пайдалана бастаса, ал Спарта жаңа заманның IX ғасырында пайда болған[6].

Сонымен, сақ тәрбие жүйесінде дене тәрбиесіне ерекше мән берген. Сөйтіп, сақ қоғамында дене күшін мойындайды, себебі әскери, көшіп-қону өмірі осы талаптарды қажет тұтады .

Қазақстан жерінде мекендеген тайпалардың ұлттық ойындар мазмұнын ұйымдастыру әдістемесі жайлы ең алғашқы өз пікірлерін келтірген Орта Азия мен Ұлы дала ғұламалары деп есептейміз. Баланың денесін жетілдіруді әл-Фараби мінез-құлықты қалыптастырумен ұштастырады. Ал денсаулық болса, дене жетілдірумен байланысты деген ойлар айтқан. Егер дененің саулығы болса, оны ұстай біл және нығайту жағына назарды аудар, денсаулығың жоқ болса, оның дертін табуға ниеттен, әр түрлі ауру-сырқаттың алдын алған жөн. Осы айтылған пікірлер төңірегінде Әл-Фараби жан-жақты үйлесімді азаматты тәрбиелеуді "Дененің саламаттылығы" деп атаған[7]. Әл-Фарабидің топшылауы бойынша, әрбір баланың тәрбиесінде үш қасиет: дене күші рухани және ақыл-ой бірлікте болғанда ғана жан-жақты үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Ұлы ағартушы Абай тек өз балалары емес шәкірттеріне ақыл-кеңестер беріп, болашақ қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезді, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне назарын көп аударған.

Осындай тәрбиені балаларына, шәкірттеріне, ағайын-туысқандарының ұрпақтарына тиянақты беруді қара сөздерінде, өлеңдерінде нақтылап айтып отырған.Тәрбие оның ішінде дене тәрбиесі қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрып, дәстүрі, ойын-сауығының ажырамас бір бөлшегі болғаны олардың мазмұнынан байқалады. Халық бала тәрбиесімен күнделікті шұғылданған. Онсыз ол нәтижелі болмақ емес. Бұл істі өз еңбектерінде қазақ зиялылары жалғастырды. Мәселен, қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы, этнограф Ә.Диваев "Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны" деген шығармасында [8],ойынның бала тәрбиелеудегі алатын орнын айта келіп, сол кездегі әдет-ғұрып бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөледі. Әр топтағы балалардың дене күшін, жылдамдығын, ептілігін, тапқырлығын, ұйымшылдығын арттырып денсаулықтарының мықты болуына ұйтқы болатын ойын түрлерін көрсетеді.

Ұлттық ойын туралы пікір айтқандардың бірі. Ешмұхамед Букин болған[9]. Ол "Физическое и умственное воспитание у киргиз" деген мақаласында жергілікті жерлердегі ойындар, оның ойналу шарттары, қолданылуы жайлы сипаттай отырып, шынықтырудағы маңызына қарай "гимнастика" деген терминді қолданып, оған ғылыми тұрғыдан анықтама береді. Сол кездерден бастап жергілікті мамандар арасынан ұлт ойындарын жинастырып, қағаз беттерінде түсірушілер саны арта бастайды. Соңғы кездері, еліміздің егеменді ел болып қалыптасу барысында, ұлттық мәдениеттің бір саласы - ұлттық ойындарға баса назар аударыла бастады. Мектептердің оқу-тәрбие процесінде ұлттық ойындарды ұтымды пайдалану жайында зерттеулер жүргізіп, бұрынғы баспа бетінде жарық көрген материалдарға сүйене отырып, түрлерін айқындау, оларды мүмкін-мақсат ерекшеліктеріне байланысты жіктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, 1929 жылы "Елдегі адамның табиғаттағы бар мінезі", -дей келе - "ол ойын-сауық қылып қызықтап кетуі, жалпы ойнамайтын адам жоқ. Күлмеген адам адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелуге себепші болатын елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық" -деп жазған Х.Досмұхамедов[10].

Сонымен қатар, еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров т.б. халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрлерін, бала тәрбиесіне байланысты орамды пайдаланып, оқу-тәрбие процесінің құндылығын арттыруға негіз болатындығын дәлелдеген[11].

Қазақ халқы-материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Халқымыздың ұлт перзенттерінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген-менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,ойынның өзінше бір ерекше мағынасы болған»-деп тегіннен тегін айтпаса керек[12].

Ойынға зер салып,ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қандай өнер болса да кең арналы сұлы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймаста еді.

Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы,олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен,сол халық жиналған думанды сауыққа, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпаққа ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.

Қазақ халқының тарихы көне жырларының эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өне бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдеп-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол-ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері, ойын үстінде көрінеді.Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп ғана қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен,танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.

Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқауларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтың мұндай өнерлі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: "Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін.Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім,бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек "[13].

Халық өршіл ой-арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, ғажайып-қияли әңгімелер, тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, балалар ертегілері, балалар ойынын, ойын-сауық жоралғыларын туғызады.

Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтық табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан кек алып, жеңіске жеткенде,ас бергенде, халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізген.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды «Жүн сабайтындар, көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тұмаққа үйеді де, айнала отырып қалып,екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте, жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған. Себебі, жүн сабау үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-оспаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады» [14].

Қазақ халқының өмірінде ойын, араласпаған бір де бір тұрмыс, шаруашылық салалары жоқ десе де болады. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді, одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, алғын ойын-сауыққа айналдырып жетеді»,- деп жазды Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» повесінде [15].

Қазақ фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «қырғыз (қазақ) белерінің ойыны» деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, жас ерекшелігіне қарай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: бір жастан жетіге дейін – бозбала, ал он бестен отызға дейін –жігіт. Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны негізінен үш топқа бөлінеді. Сонымен бірге Ә.Диваев мынаны атап көрсеткен: бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтарымен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ.

Бірақ та антропалогиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың аса ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз творчестволық қиялынан туғандықтан да құнды болып есептеледі.Баланың әр ойындарымен ойнауы және өзі туып, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап,творчествалық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелейтін, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасайтыны туралы бағалы пікір болып табылады.

Ақсақалдардың айтуынша «Ақсүйек», «Орда» ойындарындағы ерекшелік олардың түнде ғана ойналатындығында емес, бұл ойында болашақ жауынгерлерге қажетті қасиеттер, қырағылық, байқағыштық, бағытты бағдарлай білу, тапқырлық, сергектік, жүйріктік, алғырлық, батылдық, өжеттік тағы басқалар-тәрбиеленумен бірге оның түнде ойналатын тағы бір сыры алдымен жау шебіне барлау жасау үшін түнде жерді айыра білуге, бағытты дәл табуға жаттығуда. Әсіресе,ерте замандарда жау жасырынып келіп түнде шабатын болған, сондықтан ауыл жастары түнде ауыл маңын төр итін жаудан сақтық күзетінде тұрып, бұл ойындарды бір жағынан ермек ретінде де жаттығу үшінде пайдаланған[16].

Халық бала тәрбиелеуде өзінің асыл ойларын, мол тәрбиелерін көбінде өлеңге, әнге қосып айту арқылы баланың ой ықыласын өздеріне тез баурап алуға болатын әдіс ойлар қолданғаны белгілі. Осындай мән мағынасы үлкен өлең жырларды балаға ойын үстінде жаттату балалардың ұғымының кеңейіп, ойынның күрделенуіне, әзіл ойын сөздердің астарын ұғынуға, тіл байлығын меңгеруіне мол әсер қалдырады. Сондай ақ айтылатын өлеңдердің бәрі де баланың эмоциялық сезінуі арқылы оларды жақсылыққа, әдемілікке, саналы ойлауға талпындырады.

Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік мал шешуші орын алатындықтан ұлттық ойындарының басым көпшілігі жан жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар болып келеді. Сонымен қатар ұлттық ойындар ішінде музыкалық ойын әндер де қолданылады. Көптен күткен жаз келіп, күн ұзарып, балалар кешке дейін ойнап күліп, уақытты көңілді өткізуге тырысады. Осындай бақытты шақтарында балалар өздерінің әндерін өз ойындарына арқау етеді. Жан жануарлар өмірін бейнелейтін ойындарда жануарлардың әнге салынған дауыстарын таңдау, оны бақылау бала зейінін дамытып, көркемдік қиялын бекіте түседі.

«Ғылымының қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі кемеліне келген маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойланып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей «...бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды» - дейді[17]. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. «... Алғашқы қауымдағы адамдар күн көрудің, табиғатпен күресудің қиыншылығынан мейлінше жаншылуда болған» кезі адамзаттың жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан дәуірі болғандықтан өз бетінше тіршілікке қалыптасуында дене мүсіннің ерекшелігі басты роль атқарады. Адамзат басқа жыртқыш жануарларға өздері жем болмас үшін және табиғат апатымен күресте, күшті де кесек тұлғалары жеке басын қорғауға былай, нәзік денелі әлсіздеріне де жәрдемші болады. Міне, адамзаттың дәл осындай кесек тұлғаны өмір сүрген орта керек етті. Жаратылыста дене мүсіннің қалыптасуы барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді күштілердің нәзіктеріне қарағанда табиғат кесепатынан зардабын аз тартатындығы, міне мұның бәрі жеке бастың мүсін ерекшелігінде болды. Осыдан келе жаратылыстағы кесек тұлғаның табиғат апатына қарсы тұрудағы ролін адамзат сол кезде-ақ ұқты.

Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын қарастырып жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды.

Дене тәрбиесі еңбек, әртүрлі ұлттық ойындар, қимыл-қозғалыстар арқылы іске асырылса, жан тәрбиесі үлкендердің ақыл кеңесінен, ертегі мен мақал-мәтелдер арқылы бойға сіңеді.Қазақ жырларындағы батырлардың (Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Қозы-Көрпеш, Төлеген т.б.) дене күші мығым, қайтпас-қайсар, жау жүрек, халқы, елі, жері үшін күресіп, ел тұтастығын сақтап қалған батырлық істеріне еліктемейтін бала бола қоймас. Олардың ержүректілігі, жылдамдығы, күш-қайраты, қиын-қыстау жағдайлардағы тапқырлығының, ақыл-ойларынан ажырамас іс-әрекеттері жас ұрпаққа тәлім-тәрбиелік ықпалдары зор болмақ.

Ұлы ағартушылардың педагогикалық идеяларын одан әрі дамытушы репрессияға ұшыраған қазақтың зиялы азаматтары ұлтымыздың санасын ояту үшін халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, тиым сөздері, салт-дәстүрлерімен тіл байлығын игеру, айтыс өнеріне баулу, қоршаған табиғи ортаны қорғау керектігін және оларды іс жүзіне асыруда мұғалімдер мен ата-аналардың ролінің зор екендігін айта келе, оларға осы істерді атқаруда басшылыққа алатын қағидаларды көрсетіп кеңестер беріп отырады.

Дене тәрбиесін еңбек, әр түрлі ұлттық ойындар, қозғалыстар арқылы іске асырылса, ол жан тәрбиесі үлкендердің ақыл-кеңестері мен талап-тілектерінің арқасында басқарылса, үй шаруашылықтарына қатыстыру нақыл сөздері мен мақал-мәтелдер, ертегілер, өмірдегі болған жағдайларға негіздеп беріледі. Тәрбие барысында ұлтымыздың сан-саналы тарихы мен лиро-эпостар кейіпкерлері және халық батырлары жайлы аңыз-әңгімелер пайдаланылған. Сонымен бірге, ұлы даланы қорғап, толарсақтан саз кешіп, ат үстінде айлап жүрсе қажымайтын күшті тарихи тұлғалар Райымбек, Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай туралы балалардың құлағына құйып отырған. Міржақып Дулатовтың бала тәрбиесін жасөспірімдерден бастау керектігін және тәрбие сол халықтың тілін, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің озық үлгілері негізінде жүргізу керектігіне баса көңіл аударады. Бастауыш мектеп оқушылары әсершіл, қызыққыш тәрбиенің қандай түрі болмасын оларға тез әсер етеді, нәтижелі болары сөзсіз.

М.Дулатовтың ата-аналарға, педагогтарға ниет қоятын талабы - оқушының күн тәртібін сақтауы, оның денсаулыққа ықпал ететінін, оны қатал сақтауды міндеттейді. Олар: тазалық,салқын суға жуыну,таза ауа, күнге қыздырыну, мезгілді тамақ, мезгілге қарай киім кию, демалу ,әр түрлі қимыл-қозғалыс жасау.

М.Жұмабаев еңбегінде қазақ өз баласының тәрбиесін екі түрлі бағытта жүргізген (дене және жан тәрбиесі) әрі ол тәрбиелер дамып, ғылымы негізделіп, жетіліп отырғаны бүгінгі күні баршамызға аян. Қазақ зиялылары жас ұрпақтың жаны таза, дені сау, төрт мүшесі толық болуының негізі тәрбиеде екенін деп басым айта білді.

М.Жұмабаевтың дене тәрбиесіне қойып отырған талаптарынан байқайтынымыз тәрбие ісінде ұлттық салт-дәстүрлерді, ойындарды, тілді орынды пайдалану керек. "Мектептегі тәрбие, ол - оқушыларға сол үйдегі тәрбиені әрі қарай ғылыми негізде беру", - деген [18] пікір айтады. Сол себептен де мектептерде дене тәрбиесін дұрыс жолға қою керек. Дене тәрбиесіне байланысты ғалымдардың соңғы кездегі зерттеу жұмыстарына тоқталып, саралайық.

Зерттеушілердің дене тәрбиесі теориясының ғылыми негіздерін жасағандығын арнайы қарастырдық. Зерттеу барысында байқағанымыз, олар дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбие-мәдениеті, спорт сияқты әртүрлі атауларға анықтамалар беруге талпынады, бірақ сол терминдердің жалпы мазмұны бір-біріне ұқсас.

Жалпы айтқанда, қимыл-қозғалыс, ұлттық ойындардың маңызы жайлы теориялық та, сондай-ақ әдістемелік сипаттар көптеген отандық әдебиеттер де бар. Онда ойынның ролі, оның таралуы, әртүрлі халықтарға ойын фольклорының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады.

Ғылым докторы, профессор М.Т.Тәнекеев "... дене мәдениетінің ұлттық нысандары дербес түрғыдан алғанда қазіргі дене мәдениеті қозғалысының барлық проблемелерын шешіп бере алмайды" деп орынды жазған [19].

Қ.Сағындықов "Қазақтың ұлттық ойындары"[20], еңбегінде, ойынды жалпы теория жүзінде ғана саралап, бүгінгі күнгі тәрбиелік маңызына сай көрсетіп, оны үш топқа бөліп қолдануды ұсынады:

  • Ойын-сауық, тұрмыстық салт ойындар

  • Дене шынықтыру, спорттық ойындар.

  • Оймен келетін ойындар.

Десек те, бұл еңбекте де, ұлттық ойындардың мектепте дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдары, жас ерекшеліктеріне қарай пайдалануы әрқашан сай келе бермейді, жалпылама түрде алынған. Халықтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.

Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Қазақтың ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңазы аса жоғары, әрі құнды. Ұлт ойындары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, жалғасын тауып бізге жеткен, оның өткені мен бүгінін байланыстыру - жетілдіру, дамыту, пайдамызға асыру бүгінгі ұрпақ міндеті.

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады.

Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады. Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі[1].Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының ішіндегі ерекше орын алатын салаларының бірі - қазақтың ұлттық ойындары болып саналады. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға бай екендігі тарихтан белгілі. Қазіргі кезеңде ұлттық ойындарды болашақ ұрпақтар мен замандастар оқып, санасында сақтап, үйреніп, күнделікті өмірінде қолданып, дене күштерін арттыруға бірден бір себепші болатындығы айғақ.

Ұлттық ойындармен танысып, ата-бабаларымыздың психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салып, ұрпақтан-ұрпаққа дарыған дәстүрі мен жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне сыныпта оқыту мен тәрбие беру барысында денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеуге, оны іс жүзіне асыруға бар ерік-күйін жұмылдыру, сөйтіп "мәңгүрттік" атауға тосқауыл қоюларына мүмкіндік береді. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі XX ғасырдың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған", - деп тегіннен тегін айтпаған [2]. Өйткені Мұхтар Әуезов бұл пікірін өзі өмір сүрген ортасынан алған топшылауы ғана емес, теориялық қағидаларға сүйеніп жасалған тұжырымдама демекпіз. Негізінде ұлт ойындары халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына

қолайлы жағдайлар жасайды.Екіншіден, дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі

Негізінде ұлт ойындары халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарының алдына қойған мақсат-міндеттерінен, құрылымынан, мазмұндық ерекшеліктерінен байқағанбыз, олар ұлтымыздың көші-қоны тұрмыс жағдайларына, үйлесімді жасалғандай әсер қалдырады. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнай беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты екендігіне көзіміз жетті.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасаң да, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Осы жырлармен эпостардың басты кейіпкерлері - болашақ ел қорғаушылары: батыр, сарбаз, би-сұлтандар, ел ардагерлері мен қайраткерлері ойын үстінде өсіп, ақыл-ойлары дамып, төзімділік пен шыдамдылыққа, қайраттылық пен ержүректілікке тәрбиеленген.

Жалпы ұлт ойындарының шығуы мен қалыптасу тарихын зерттеу, оны жүйеге келтіру өте қиын мәселе, себебі оның қойнауы тереңде жатыр, Ықылым заманнан бері қазақтың кең ұлы даласында мекендеген көне қазақтың арғы тегі болған түркі тілдес тайпалар ғасырлар бойы өмірімен бірге жасасқан ұлт ойындары мен спорт түрлерін үнемі дамытып отырған және өмірдің талап-тілектеріне байланысты жетілдіріп немесе сұрыпталып тұрды.

Ендігі кезекте, халық өнері мен мәдениетінің негізгі бір саласы қазақ ұлттық ойындары ықылым заманнан бастап кеңес дәуіріне дейінгі кезеңдердегі даму тарихы жайлы материалдар кездеседі, соларды жүйелі талдауға алайық. Әрине, бұл материалдардың шашырап жатуы, оларды халық фольклорынан, айтыс ақындарының шығармашылықтарынан т.б. жинап жүйеге келтіріп, тәрбиелік мән-мазмұндарының, спорт пен белсенді қозғалысты қажет тұтатын ойындардың тарихи -этнографиялық ерекшеліктерін айқындау және бұларды әрбір адамның жеке тіршіліктерінде қолдану, жеткіншектердің жан-жақты жеке қалыптастыруда орын-орнымен пайдаланудағы мүмкіндіктері ерекше екендігіне ешкімнің дауы жоқ.

Сақ дене тәрбиесінің жүйесі ертедегі Грециядағы Спарта қаласында дене тәрбиесімен ұқсастығы бар екендігін байқауға болады. Сақ отбасы тәрбиесінің басты мақсаты — балаларды әр жақты қимыл-қозғалысты қажет ететін ұлттық ойындармен айналыстыру және денені табиғаттың табиғи күшімен шынықтыру. Сонымен, сақ балаларын күнделікті жаттықтыруда пайдалылатын формалар: жүгіру, ұзындыққа, биікке және кедергілерден секіру. Садақты қашыққа атудан сақтар алдында жан салмаған, Геродоттың дәлелдеуінше, гректер өз балаларын садақ атуға үйретуге сақ ұстаздарын шақыртқаны жайлы деректер бар.

Кейбір деректерге қарағанда "... ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі, біздің заманымызға дейінгі VII-IV ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді"- деп Б.Төтенаев жазады [3]. Өйткені, ойындардың қайсы бірі болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өндірістік қатынастарға негізделген. Мәселен, А.Гумбольд қазақ жеріндегі көшпелі халықтың өмірі жайлы өз жолдастарына жазған хатында: "Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін оқиға емес... " — деп толғанады [4]. XIX ғасырда еліміздің салт-дәстүрлерін, әдет-ғүрыптарын, ойын-сауықтарын, ұлт ойындарын белгілі жүйеге келтіріп, зерттеуде өз ұлтымыздың арасынан да азаматтар шыққандығын зерттеу материалдары көрсетуде.

Жебе түрлері туралы зерттеуші Ерлан Карин: [2010] «Қазақ ауыз және жазба әдебиетіндегі жебе түрлерінің атаулары» деген еңбегінде, «Біздің анықтағанымыздай садақ жебесінің 100-ге жуық түрлері белгілі, ал осы жүз түрлі жебенің 40-қа тарта ғана атауларының жиырмаға жетер-жетпес түрлері сәйкестендірілді», - дей келіп, көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында қаншама күрделі даму кезеңдерінен өткендігін көрсетеді[5].

"Дене күшін" арттыру мәселесін көтеру — Мұратхан Тәнекеевтің дәлелдеуінше, сақ елінде жаңа заманның бірінші мыңжылдығында пайдалана бастаса, ал Спарта жаңа заманның IX ғасырында пайда болған[6].

Сонымен, сақ тәрбие жүйесінде дене тәрбиесіне ерекше мән берген. Сөйтіп, сақ қоғамында дене күшін мойындайды, себебі әскери, көшіп-қону өмірі осы талаптарды қажет тұтады .

Қазақстан жерінде мекендеген тайпалардың ұлттық ойындар мазмұнын ұйымдастыру әдістемесі жайлы ең алғашқы өз пікірлерін келтірген Орта Азия мен Ұлы дала ғұламалары деп есептейміз. Баланың денесін жетілдіруді әл-Фараби мінез-құлықты қалыптастырумен ұштастырады. Ал денсаулық болса, дене жетілдірумен байланысты деген ойлар айтқан. Егер дененің саулығы болса, оны ұстай біл және нығайту жағына назарды аудар, денсаулығың жоқ болса, оның дертін табуға ниеттен, әр түрлі ауру-сырқаттың алдын алған жөн. Осы айтылған пікірлер төңірегінде Әл-Фараби жан-жақты үйлесімді азаматты тәрбиелеуді "Дененің саламаттылығы" деп атаған[7]. Әл-Фарабидің топшылауы бойынша, әрбір баланың тәрбиесінде үш қасиет: дене күші рухани және ақыл-ой бірлікте болғанда ғана жан-жақты үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.

Ұлы ағартушы Абай тек өз балалары емес шәкірттеріне ақыл-кеңестер беріп, болашақ қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезді, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне назарын көп аударған.

Осындай тәрбиені балаларына, шәкірттеріне, ағайын-туысқандарының ұрпақтарына тиянақты беруді қара сөздерінде, өлеңдерінде нақтылап айтып отырған.Тәрбие оның ішінде дене тәрбиесі қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, дәстүрі, ойын-сауығының ажырамас бір бөлшегі болғаны олардың мазмұнынан байқалады. Халық бала тәрбиесімен күнделікті шұғылданған. Онсыз ол нәтижелі болмақ емес. Бұл істі өз еңбектерінде қазақ зиялылары жалғастырды. Мәселен, қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы, этнограф Ә.Диваев "Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны" деген шығармасында [8],ойынның бала тәрбиелеудегі алатын орнын айта келіп, сол кездегі әдет-ғұрып бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөледі. Әр топтағы балалардың дене күшін, жылдамдығын, ептілігін, тапқырлығын, ұйымшылдығын арттырып денсаулықтарының мықты болуына ұйтқы болатын ойын түрлерін көрсетеді.

Ұлттық ойын туралы пікір айтқандардың бірі. Ешмұхамед Букин болған[9]. Ол "Физическое и умственное воспитание у киргиз" деген мақаласында жергілікті жерлердегі ойындар, оның ойналу шарттары, қолданылуы жайлы сипаттай отырып, шынықтырудағы маңызына қарай "гимнастика" деген терминді қолданып, оған ғылыми тұрғыдан анықтама береді. Сол кездерден бастап жергілікті мамандар арасынан ұлт ойындарын жинастырып, қағаз беттерінде түсірушілер саны арта бастайды. Соңғы кездері, еліміздің егеменді ел болып қалыптасу барысында, ұлттық мәдениеттің бір саласы - ұлттық ойындарға баса назар аударыла бастады. Мектептердің оқу-тәрбие процесінде ұлттық ойындарды ұтымды пайдалану жайында зерттеулер жүргізіп, бұрынғы баспа бетінде жарық көрген материалдарға сүйене отырып, түрлерін айқындау, оларды мүмкін-мақсат ерекшеліктеріне байланысты жіктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, 1929 жылы "Елдегі адамның табиғаттағы бар мінезі", -дей келе - "ол ойын-сауық қылып қызықтап кетуі, жалпы ойнамайтын адам жоқ. Күлмеген адам адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелуге себепші болатын елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық" -деп жазған Х.Досмұхамедов[10].

Сонымен қатар, еліміздің белгілі қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров т.б. халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрлерін, бала тәрбиесіне байланысты орамды пайдаланып, оқу-тәрбие процесінің құндылығын арттыруға негіз болатындығын дәлелдеген[11].

Қазақ халқы-материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Халқымыздың ұлт перзенттерінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген-менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,ойынның өзінше бір ерекше мағынасы болған»-деп тегіннен тегін айтпаса керек[12].

Ойынға зер салып,ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қандай өнер болса да кең арналы сұлы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймаста еді.

Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы,олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен,сол халық жиналған думанды сауыққа, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпаққа ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.

Қазақ халқының тарихы көне жырларының эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өне бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдеп-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол-ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері, ойын үстінде көрінеді.Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп ғана қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен,танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.

Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқауларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтың мұндай өнерлі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: "Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін.Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім,бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек "[13].

Халық өршіл ой-арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, ғажайып-қияли әңгімелер, тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер,нақыл сөздер, балалар ертегілері, балалар ойынын, ойын-сауық жоралғыларын туғызады.

Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтық табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан кек алып, жеңіске жеткенде,ас бергенде, халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізген.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды «Жүн сабайтындар, көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тұмаққа үйеді де, айнала отырып қалып,екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте, жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған. Себебі, жүн сабау үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-оспаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады» [14].

Қазақ халқының өмірінде ойын, араласпаған бір де бір тұрмыс, шаруашылық салалары жоқ десе де болады. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді, одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, алғын ойын-сауыққа айналдырып жетеді»,- деп жазды Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» повесінде[15].

Қазақ фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Ә.Диваев өзінің «қырғыз (қазақ) белерінің ойыны» деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, жас ерекшелігіне қарай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: бір жастан жетіге дейін – бозбала, ал он бестен отызға дейін –жігіт. Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны негізінен үш топқа бөлінеді. Сонымен бірге Ә.Диваев мынаны атап көрсеткен: бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтарымен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ.

Бірақ та антропалогиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың аса ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз творчестволық қиялынан туғандықтан да құнды болып есептеледі.Баланың әр ойындарымен ойнауы және өзі туып, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап,творчествалық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелейтін, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасайтыны туралы бағалы пікір болып табылады.

Ақсақалдардың айтуынша «Ақсүйек», «Орда» ойындарындағы ерекшелік олардың түнде ғана ойналатындығында емес, бұл ойында болашақ жауынгерлерге қажетті қасиеттер, қырағылық, байқағыштық, бағытты бағдарлай білу, тапқырлық, сергектік, жүйріктік, алғырлық, батылдық, өжеттік тағы басқалар-тәрбиеленумен бірге оның түнде ойналатын тағы бір сыры алдымен жау шебіне барлау жасау үшін түнде жерді айыра білуге, бағытты дәл табуға жаттығуда. Әсіресе,ерте замандарда жау жасырынып келіп түнде шабатын болған, сондықтан ауыл жастары түнде ауыл маңын төр итін жаудан сақтық күзетінде тұрып, бұл ойындарды бір жағынан ермек ретінде де жаттығу үшінде пайдаланған[16].

Халық бала тәрбиелеуде өзінің асыл ойларын, мол тәрбиелерін көбінде өлеңге, әнге қосып айту арқылы баланың ой ықыласын өздеріне тез баурап алуға болатын әдіс ойлар қолданғаны белгілі. Осындай мән мағынасы үлкен өлең жырларды балаға ойын үстінде жаттату балалардың ұғымының кеңейіп, ойынның күрделенуіне, әзіл ойын сөздердің астарын ұғынуға, тіл байлығын меңгеруіне мол әсер қалдырады. Сондай ақ айтылатын өлеңдердің бәрі де баланың эмоциялық сезінуі арқылы оларды жақсылыққа, әдемілікке, саналы ойлауға талпындырады.

Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік мал шешуші орын алатындықтан ұлттық ойындарының басым көпшілігі жан жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар болып келеді. Сонымен қатар ұлттық ойындар ішінде музыкалық ойын әндер де қолданылады. Көптен күткен жаз келіп, күн ұзарып, балалар кешке дейін ойнап күліп, уақытты көңілді өткізуге тырысады. Осындай бақытты шақтарында балалар өздерінің әндерін өз ойындарына арқау етеді. Жан жануарлар өмірін бейнелейтін ойындарда жануарлардың әнге салынған дауыстарын таңдау, оны бақылау бала зейінін дамытып, көркемдік қиялын бекіте түседі.

«Ғылымының қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі кемеліне келген маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойланып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей «...бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды» - дейді[17]. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды.«... Алғашқы қауымдағы адамдар күн көрудің, табиғатпен күресудің қиыншылығынан мейлінше жаншылуда болған» кезі адамзаттың жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан дәуірі болғандықтан өз бетінше тіршілікке қалыптасуында дене мүсіннің ерекшелігі басты роль атқарады. Адамзат басқа жыртқыш жануарларға өздері жем болмас үшін және табиғат апатымен күресте, күшті де кесек тұлғалары жеке басын қорғауға былай, нәзік денелі әлсіздеріне де жәрдемші болады. Міне, адамзаттың дәл осындай кесек тұлғаны өмір сүрген орта керек етті. Жаратылыста дене мүсіннің қалыптасуы барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді күштілердің нәзіктеріне қарағанда табиғат кесепатынан зардабын аз тартатындығы, міне мұның бәрі жеке бастың мүсін ерекшелігінде болды. Осыдан келе жаратылыстағы кесек тұлғаның табиғат апатына қарсы тұрудағы ролін адамзат сол кезде-ақ ұқты.

Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын қарастырып жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды.

Дене тәрбиесі еңбек, әртүрлі ұлттық ойындар, қимыл-қозғалыстар арқылы іске асырылса, жан тәрбиесі үлкендердің ақыл кеңесінен, ертегі мен мақал-мәтелдер арқылы бойға сіңеді.Қазақ жырларындағы батырлардың (Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Қозы-Көрпеш, Төлеген т.б.) дене күші мығым, қайтпас-қайсар, жау жүрек, халқы, елі, жері үшін күресіп, ел тұтастығын сақтап қалған батырлық істеріне еліктемейтін бала бола қоймас. Олардың ержүректілігі, жылдамдығы, күш-қайраты, қиын-қыстау жағдайлардағы тапқырлығының, ақыл-ойларынан ажырамас іс-әрекеттері жас ұрпаққа тәлім-тәрбиелік ықпалдары зор болмақ.

Ұлы ағартушылардың педагогикалық идеяларын одан әрі дамытушы репрессияға ұшыраған қазақтың зиялы азаматтары ұлтымыздың санасын ояту үшін халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, тиым сөздері, салт-дәстүрлерімен тіл байлығын игеру, айтыс өнеріне баулу, қоршаған табиғи ортаны қорғау керектігін және оларды іс жүзіне асыруда мұғалімдер мен ата-аналардың ролінің зор екендігін айта келе, оларға осы істерді атқаруда басшылыққа алатын қағидаларды көрсетіп кеңестер беріп отырады.

Дене тәрбиесін еңбек, әр түрлі ұлттық ойындар, қозғалыстар арқылы іске асырылса, ол жан тәрбиесі үлкендердің ақыл-кеңестері мен талап-тілектерінің арқасында басқарылса, үй шаруашылықтарына қатыстыру нақыл сөздері мен мақал-мәтелдер, ертегілер, өмірдегі болған жағдайларға негіздеп беріледі. Тәрбие барысында ұлтымыздың сан-саналы тарихы мен лиро-эпостар кейіпкерлері және халық батырлары жайлы аңыз-әңгімелер пайдаланылған. Сонымен бірге, ұлы даланы қорғап, толарсақтан саз кешіп, ат үстінде айлап жүрсе қажымайтын күшті тарихи тұлғалар Райымбек, Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай туралы балалардың құлағына құйып отырған. Міржақып Дулатовтың бала тәрбиесін жасөспірімдерден бастау керектігін және тәрбие сол халықтың тілін, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің озық үлгілері негізінде жүргізу керектігіне баса көңіл аударады. Бастауыш мектеп оқушылары әсершіл, қызыққыш тәрбиенің қандай түрі болмасын оларға тез әсер етеді, нәтижелі болары сөзсіз.

М.Дулатовтың ата-аналарға, педагогтарға ниет қоятын талабы - оқушының күн тәртібін сақтауы, оның денсаулыққа ықпал ететінін, оны қатал сақтауды міндеттейді. Олар: тазалық,салқын суға жуыну,таза ауа, күнге қыздырыну, мезгілді тамақ, мезгілге қарай киім кию, демалу ,әр түрлі қимыл-қозғалыс жасау.

М.Жұмабаев еңбегінде қазақ өз баласының тәрбиесін екі түрлі бағытта жүргізген (дене және жан тәрбиесі) әрі ол тәрбиелер дамып, ғылымы негізделіп, жетіліп отырғаны бүгінгі күні баршамызға аян. Қазақ зиялылары жас ұрпақтың жаны таза, дені сау, төрт мүшесі толық болуының негізі тәрбиеде екенін деп басым айта білді.

М.Жұмабаевтың дене тәрбиесіне қойып отырған талаптарынан байқайтынымыз тәрбие ісінде ұлттық салт-дәстүрлерді, ойындарды, тілді орынды пайдалану керек. "Мектептегі тәрбие, ол - оқушыларға сол үйдегі тәрбиені әрі қарай ғылыми негізде беру", - деген [18] пікір айтады. Сол себептен де мектептерде дене тәрбиесін дұрыс жолға қою керек. Дене тәрбиесіне байланысты ғалымдардың соңғы кездегі зерттеу жұмыстарына тоқталып, саралайық.

Зерттеушілердің дене тәрбиесі теориясының ғылыми негіздерін жасағандығын арнайы қарастырдық. Зерттеу барысында байқағанымыз, олар дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбие-мәдениеті, спорт сияқты әртүрлі атауларға анықтамалар беруге талпынады, бірақ сол терминдердің жалпы мазмұны бір-біріне ұқсас.

Жалпы айтқанда, қимыл-қозғалыс, ұлттық ойындардың маңызы жайлы теориялық та, сондай-ақ әдістемелік сипаттар көптеген отандық әдебиеттер де бар. Онда ойынның ролі, оның таралуы, әртүрлі халықтарға ойын фольклорының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады.

Ғылым докторы, профессор М.Т.Тәнекеев "... дене мәдениетінің ұлттық нысандары дербес түрғыдан алғанда қазіргі дене мәдениеті қозғалысының барлық проблемелерын шешіп бере алмайды" деп орынды жазған [19].

Қ.Сағындықов "Қазақтың ұлттық ойындары"[20], еңбегінде, ойынды жалпы теория жүзінде ғана саралап, бүгінгі күнгі тәрбиелік маңызына сай көрсетіп, оны үш топқа бөліп қолдануды ұсынады:

  1. Ойын-сауық, тұрмыстық салт ойындар

  2. Дене шынықтыру, спорттық ойындар.

  3. Оймен келетін ойындар.

Десек те, бұл еңбекте де, ұлттық ойындардың мектепте дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдары, жас ерекшеліктеріне қарай пайдалануы әрқашан сай келе бермейді, жалпылама түрде алынған. Халықтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.

Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Қазақтың ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңазы аса жоғары, әрі құнды. Ұлт ойындары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, жалғасын тауып бізге жеткен, оның өткені мен бүгінін байланыстыру - жетілдіру, дамыту, пайдамызға асыру бүгінгі ұрпақ міндеті.









ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1 Қазақстан-2030.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы. Юрист, 2006.-112 б.

2 Әуезов М. Абай жолы; Роман-эпопея. Екінші кітап.-Алматы :жазушы, 2007-4326.

3 Төтенаев Б. Халық ойындарының тәрбиелік маңызы жайында. //Қазақстан мұғалімі, 1974,- №5.

4 Гуннер М.М .Сборник казахских национальных игр и развлечений.- Алматы:Д 938.

5. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. "Этнопедагогика" - Астана. 2005.

6 Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. - Алматы: Рауан,1995.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі