Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру, елжандылық, Отанға ,жеріне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, өз елін,жерін құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы

«Үміт» бөбекжай балабақша әдіскері

Тойжигитова Перизат Бойтаевна



Жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деген мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып, өзім зор күш қуат алдым. Жеке тұлға ретінде өз – өзіме мақсат міндеттедім. Біз әрбір Қазақстандықтар мемлекеттің басты байлығымыз. Ал ол байлығының пайдалысы ғана байлық болып саналады. Ол үшін қоғамда болып жатқан бірнеше мысалдар келтіруге әбден болады. Санамызды сергітпей, бойымызды серпілтпей алға жылжу жоқ, заман талабы,бәсекелестікке лайықты болуымыз керек. Сондықтан саналы да сауатты сапалы да салауатты ұрпақты балабақшадан тәрбиелеуіміз керек. Балабақшадағы балалар ел ертеңі десек, олардың қазіргі таңда алып отырған білімі мен тәрбиесі қандай? Оларды өз елінің патриоты болып өсуі үшін біз не істеп жатырмыз? Міне осы екі үлкен сұраққа тоқталмақпын.

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін” деген елбасы сөзін балабақшаға бағыттасақ яғни балабақша тәрбие мен білімнің ең бірінші баспалдағы ал сол баспалдақта бәсекеге қабілетті, зияттық қабілеті зор балалар тағлымы мол тәрбиешілердің тәрбиесінен шығары сөзсіз. Осы орайда ойланатын жағдай сол бәсекелестік заманда бәсекеге төтеп берер тұлға тәрбиелеуде тәрбиеші қауымның дайындығы қандай? Бұл да қиын келелі сұрақтың бірі. Қазіргі кезде тәрбиешілердің білім, біліктілігіне де қойылатын талап жоғары. Осы талапты орындап отырған біздің балабақшаның тәрбиешілеріміз.

Әр бала өзінің тәрбиешісіне қарап бой түзейді, тәлім тәрбие алады. Осы орайда балабақшаның бала өмірінде әсеріне кадр тұрақтылығының да алар орын зор. Біздің мамандар тұрғылықты тұрғындар. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата - бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да Қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Жас ұрпақтың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс.   Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол дүниеге шыр етіп келгеннен пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны ақиқат. Ол санаға біртіндеп қалыптасып, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Сол ұлы сезімді балабақшадан санасына ұялату жолында түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Оларды атап өтуге болады. Осы мақсатта біздің балабақшамызда өткізіліп отырған «Тәуелсіз елдің ұрпағымын», «Наурызым- Жаңа Жылым», «Бабалардың ерлігі ұмытылмайды», «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»т.б

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

       Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.

Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі.

Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек.

Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәртібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді.

Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.

Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір- қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Көпшілік адамдардың санасында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тек әскери борышын орындау деп ұғынылуы патриоттық тәрбие түсінігінің мазмұн аясын тарылта түседі. Сондықтан жас ұрпақтың отанына деген адалдығы  мен негізгі конституциялық  міндеттерді орындауға деген  дайындық талаптарын арттыра отырып, патриоттық сананы қалыптастыру  жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай кешенді шешуді қамтамасыз етуіміз қажет  деп ойлаймын. Ұлттық нышандарымыз  — Ту, Елтаңба, Гимнге, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастыруымыз қажет. Өйткені мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтар бойында еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезімі қалыптасады. Балалармен атқарылатын іс шаралар ішінде осы біздің рәміздерімізге деген құрмет тақырыптарының өтілу барысына тоқтала кеткенді жөн санадым. Балабақшамызда өткізілген „Рәмізім мақтанышым“ атты іс-шарада балалардың Отанға, еліме, жеріме деген мақтаныш сезімін ояту, құрметтеуге сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Себебі, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешу үшін, патриоттық тәрбие білім беру арқылы қалыптастырылуы керек. Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын, жыраулардың тағылымдарын оқытудың мәні зор. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында десек, біздің балабақша тәрбиеленушілерінің бәсекеге қабілеттілігін шыңдауда мына шараларды атап өтпеу мүмкін емес.Мысалы: би залы, ойын алаңы, түрлі секциялар, Менталды арифметика, медбике және логопед бөлмелері т.б балабақша мақтаныштары. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы бізде де қарқынды жүруде. Қазақстандық патриотизм  туралы мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдар мен жасөспірімдердің санасына патриоттық сезімді қалыптастыру,  Отанына деген сүйіспеншілікті ояту,өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыру бағытындағы  жұмыстарды жүйелі орындап келеміз. Біздің балабақша тәрбиеленушілері өз елінің нағыз патриоттары болатынына кәміл сенеміз. Алға Қазақстан, туған Отан!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12