400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Жас ұстаздар алғысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе, ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе, бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Біз үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық . Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі болып алғашқы ұстаздық еңбек жолын Қаныш Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде бастадық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас ұстаздар алғысы


«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе, ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе, бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Біз үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық . Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі болып алғашқы ұстаздық еңбек жолын Қаныш Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде бастадық.

Қаныш Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі қаладағы білім жағынан да, спорт жағынан да басқа мектептерден кем емес. Білікті басшымыз мектебіміздің даму көрсеткішін көтеруде, ұстаздар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда білім берудің әлемдік жетістіктерін батыл енгізді. Ұстанатын басты бағыттары - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында терең білімді, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу. Аға оқытушылар мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін педагогикалық жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес, іс-тәжірибесі мол, озат педагог оқытушы жетекші болып тағайындалады. Оқу жылы басында мектептің жоспары құрылады. Оқу жылы барысында мектеп тарапынан жас мамандарға арналған семинар сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, озат оқытушылардың іс-тәжірибесімен танысу шебер-сыныптары, кездесулер, дискуссиялар өткізіледі, өзара сабаққа, ашық сабақтарға қатысу, қатысқан сабаққа әдістемелік талдау жасауды үйрету, педагогикалық этиканы, сөйлеу мәдениетін ұстану жайлы мол мағлұмат беру жұмыстары әрқашан жүргізіліп отырады. Осындай түрлі өз нәтижесін беретін іс-шаралар негізінде жас мамандарымызға оқу-тәрбие жұмыстары бойынша әдістемелік көмек үздіксіз беріледі. Сынып журналдарына нұсқау, сабақ жоспарына көмек, тәлімгерлерімен байланыс жасауға жағдай туғызу жөнінде оқу ісінің меңгерушісі мен жас ұстаздар жетекшілерімен жүйелі жұмыс атқарылып отырады. Мектебімізде жас ұрпаққа сапалы білім беру мен саналы тәрбие беру де оң жолға қойылған. Жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, ынтымақ пен бірлікке баулуда сыныптан тыс шаралардың орны ерекше. Осы бағытта мектебімізде айтарлықтай игі шаралар атқарылуда.

Қорыта келгенде, осы жұмыстардың нәтижесінде жас мамандар мектеп әкімшілігі тарапынан әдістемелік, психологиялық, кәсіби тұрғыдан қолдау тауып, жаңа ортаға тез бейімделуге үлкен мүміндік туындады. Осындай мүмкіндік сыйлаған мектеп әкімшілігі мен ұжымына үлкен алғыс білдіреміз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі