Тақырыбы: «Жасай бер – Қазақ елі»
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Топтың іші мерекеге лайық безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар топқа қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.
-
Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.
-
Жүрг: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
3.ҚР мемлекеттік әнұраны
орындалады.
4.Интерактивтіқ тақтадан Қазақстанның Тәуелсіздігіне қалай
алғанымыз туралы кино көрсетіледі.
Слайд
1.
Жүрг: педагогтің 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.
16 Желтоңсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекерекес. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2016 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.
Оқушы: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп Ананың
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Жүрг: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.
Оқушы: Би «Камажай».
Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей о тырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп тілеймін.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Слайд 2.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жасай бер – Қазақ елі»
«Жасай бер – Қазақ елі»
Тақырыбы: «Жасай бер – Қазақ елі»
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Топтың іші мерекеге лайық безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар топқа қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.
-
Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.
-
Жүрг: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
3.ҚР мемлекеттік әнұраны
орындалады.
4.Интерактивтіқ тақтадан Қазақстанның Тәуелсіздігіне қалай
алғанымыз туралы кино көрсетіледі.
Слайд
1.
Жүрг: педагогтің 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.
16 Желтоңсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекерекес. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2016 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.
Оқушы: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп Ананың
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Жүрг: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.
Оқушы: Би «Камажай».
Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей о тырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп тілеймін.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Слайд 2.
шағым қалдыра аласыз













