жасанды интелект жүйесінің қолдану салалры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

жасанды интелект жүйесінің қолдану салалры

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше, мұғалімге оқушылармен бірге сабақ барысында жіберетін қателіктерін көрсетіп, оқытуды жақсарту туралы нұсқау береді. ЖИ-ді тиімді қолданған жағдайда бұл педагог үшін маңызды құрал болады. Мысалы, сабаққа талдау жасау, оқушылардың жалпы деңгейін көтеру мен оқытудың ең оңтайлы стратегияларын табу үшін қолданылуы мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасандыa интеллект өмірімізге мықтап орнығып келеді. Технологиялық прогресс өмірдің барлық саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жасанды интеллектіні қолданатын кейбір салаларды қарастырайық. Білім беру саласы Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше, мұғалімге оқушылармен бірге сабақ барысында жіберетін қателіктерін көрсетіп, оқытуды жақсарту туралы нұсқау береді. ЖИ-ді тиімді қолданған жағдайда бұл педагог үшін маңызды құрал болады. Мысалы, сабаққа талдау жасау, оқушылардың жалпы деңгейін көтеру мен оқытудың ең оңтайлы стратегияларын табу үшін қолданылуы мүмкін. Жасанды интеллект енгізіліп, ең жоғары нәтиже беріп жатқан бағыттармен танысайық (1-схема).

Бейімдеп оқыту Бейімдеп оқыту – жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде қолданудағы болашағы бар бағыттардың бірі. Жасанды интеллект әрбір шәкірттің оқу үлгерімін қадағалай алады. Оқу материалдарын баланың үлгеріміне қарай бөледі немесе оның қабілетіне қарай икемдейді. Мұғалімге қай материалдың нашар, қай материалдың жақсы меңгерілгені туралы ақпарат береді. Жасанды интеллектінің көмегімен бейімделген технологияны қолдануға мүмкіндік беретін платформалардың бірі – Stepik. Бірақ мұндай платформада құрылған курстар саны әзірге оннан аспай тұр. Ұпайларды автоматты түрде санау Hewlett қоры эссені бағалау жүйелерінің арасындағы бәсекелестікке демеушілік жасаған. Бұл жоба 2012 жылдан бастап жылдам жетілдіріліп келеді. Алайда баға қою кезінде технологияларды қолдануға қарсылық білдірушілер көп. Математик Г. Перельман бағалау алгоритмдерінің шынайы сипатын анықтауды қолға алып, қолданыстағы жүйелердің әлсіз тұстарын көрсете білді. Аралық интервалдық оқыту Поляк өнертапқышы Петр Возняк интервал әсеріне негізделген оқу қосымшасын ойлап тапты. Бұл қосымша сенің не оқығаныңды әрі қашан оқығаныңды қадағалайды. Жасанды интеллектіні іске қоссаң, қосымша ақпаратты ұмытқан кезіңді анықтап, оны қайталауды ұсынады. Ол ақпараттың жадыңда ұзақ уақыт сақталатынына көз жеткізу үшін, бірнеше рет қайталауды талап етеді. Прокторинг Қашықтан оқудың ажырамас бөлігі саналатын қашықтан емтихан тапсыруды қарастырайық. Ол бір уақытта көптеген емтихан тапсырушылардың тәртібін, атап айтқанда, кадрда «артық» адамдардың бар-жоғын, бөлмеде «артық» дауыстардың бар-жоғын, емтихан тапсырушының монитордан жиі көзін тайдыруын, браузердегі қосымша бетті ауыстыру әрекетін бақылай алады. Бұл іс-әрекеттердің барлығы тәртіп бұзушылық ретінде тіркеледі. Ерекше жағдайларда жүйе прокторға адам белгілі бір емтихан тапсырушыға назар аудару қажеттігін ескертеді.

Сонда ғана оны web-камера арқылы қадағалай бастайды. Біз білім беру саласына жаңа технологиялардың еніп жатқанына куәміз. Бәлкім, жақын арада бұл саладағы жасанды интеллект мұғаліммен өтетін үйреншікті сабақ сияқты болуы мүмкін. Ойын индустриясы Ойындық жасанды интеллект (ОЖИ) – компьютерлік ойындардағы негізгі құралдардың бірі. Алекс Шампандар өзінің «Компьютерлік ойындардағы жасанды интеллект: виртуалды кейіпкерлерді сыртқы әсерлерге әрекет етуге қалай үйрету керек?» атты кітабында: «Жасанды интеллект құралдары кез келген компьютерлік ойынның ажырамас бөлігіне айналды», – деп көрсеткен. Ойын индустриясы ОЖИ-ді мүлдем дербес білім саласына жатқызып, оны өте күрделі интеллектуалдық жүйелерімен қолданады. Ойыншыға қызықты ойын процесін ұсыну, одан әсер алу мақсатында интеллектуалдық ойын жүйелері жасаладыІс жүзінде интеллектуалдық жүйе ойын ішіндегі кейіпкерлердің мінез-құлық ерекшеліктерін басқаруға негізделеді. ОЖИ туралы сөз болғанда, ойын жүйелерінің ойыншымен салыстырғанда интеллектуалды әрі табиғи болып көрінуіне ықпал ететін келесі базалық қағидалар бар (2-схема).

ОЖИ сыртқы және орталық ЖИ болып бөлінеді (3-схема). Олай болса, ОЖИ міндетті түрде үш негізгі тапсырманы орындауы тиіс. Олар: 1) кейіпкерлердің қозғалысын анықтау; 2) кейіпкерлердің өз бетінше шешім қабылдауын басқару; 3) кейіпкерлердің өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне жауап беру.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2021
1936
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі