Жасанды интеллект 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды интеллект 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жасанды интеллект туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар,

презентация

Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

    1. Информатика дегеніміз не?

    2. Информатика нені оқытады?

    3. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?

    4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жасанды интеллект (ЖИағылш. Artificial intelligence, AI) — интеллектуалды компьютерлікбағдарламалар мен машиналар жасау  технологиясы әрі ғылым.

Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет. 
Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз. 

1-Мысал: 
1-Факт.Жанып тұрған плита-ыстық. 
1-Ереже.Егер қолыңды жанып тұрған плитаға қойсаң,онда күйіп қалуға болады. 
2-Мысал: 
2-Факт.Час пик кезінде көшеде машина көп. 
2-Ереже.Егер час пик кезінде жолдан өтсең , онда машина астына түсіп қалуға болады. 
3-Мысал: 
3а-Факт.Тыныш , қараңғы көше қорқынышты. 
3б-Факт.Кәрі адамдар әдетте қылмыс жасамайды. 
3в-Факт.Полиция адамдарды қылмыскерлерден қорғайды. 
3а-Ережесі.Егер тыныш , қараңғы көшеде кәрі адам кездессе , онда онша қорықпауға болады. 
3б-Ережесі.Егер тыныш,қараңғы көшеде полицияны көрсеңіз ,онда өзінізді қорғанған адам ретінде сезінуіңізге болады. 

Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді. 
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды. 

Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.

Жасанды интеллект облысындағы зерттеудің негізгі бағыттары 
Нейрон тәрізді желілер – робототехникалық қоңдырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құралы. 

ЖИ бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭВМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерлі шешуге мүмкіндік беретін ғылыми¬ зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде.

ЖИ саласында жұмыстың басталуын эектронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталауы тиіс болды.
Алпысыншы жылдардың аяғында жасанды интерелектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты.

Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Сонымен, бір мезгілде жасанды интелектіні жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасалады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды роботтардың пайда болуына әсерін тигізді. Роботтардың пайда болуы жасанды интелектіге зерттеулердің екінші сатысы деп аталады.
Жетпісінші жылдардың басында жасанды интелектіге символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. Сараптама жүйелері әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға, түзетуге және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда егер оңтайлы болмағанның өзінде барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу және жасанды интелект қолданумен айналысады. Жасады интеллектті зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.

IV. Бекіту

Өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың ойлау, коммуникативтік қабілеттерін белсендету мақсатымен «Миға шабуыл» стратегиясын  өткізу. 5 минут

‘’Сараптамалық жүйе’’ дегеніміз не?

Сараптамалық жүйені программалауға қандай тілдер жатады?

- Жасанды интеллект дегеніміз не?

- Жасанды интеллектке мысал келтіру

- Жасанды интеллекттің қанша бағыты бар?

- Оларды ата, мыса келтіру т.б.

V.Бағалау

Оқушыларды бағалау

VІ.Үй жұмысы

Тақырыпты оқу. Реферат «Жасанды интеллекттің даму тарихы»

(

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
5827
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі