Жасанды интеллект фантастика емес

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасанды интеллект фантастика емес

Материал туралы қысқаша түсінік
.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жасанды интеллект фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды»



Қасым-Жомарт Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті:

«Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды. Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллекті технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор.  Ол адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандырады және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алады. Кейбір сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің жаһандық экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігіне парапар. Аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара алады».


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінен.


Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған көрмеге барды.

Мемлекет басшысы дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған роботты техника, Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ Kaspi.kz, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar және тағы да басқа ұйымдардың көрме стендтерін аралап көрді. Роботты техника аймағында Мемлекет басшысы  көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған роботты техникадан Қазақстан құрамасының мүшелерімен әңгімелесті және Ustem Foundation, Alem School, MakerSpace жобаларымен танысты.

Жасанды интеллект біртіндеп барлық салаларда қолданыла бастағанын көрсетеді. Салаларды цифрландыруды нығайтып, оның мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді екенін айқындауда. Жасанды интеллект Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтағанын Бұқаралық ақпараттар құралдары жазуда. Өзіміз білетіндей, ұялы байланыс операторлары, ірі компаниялардың бірыңғай Call орталықтары, Республикалық деңгейді ауруханалар мен оқу орындарының байланыс ақпараттарында телефон қоңырауына жауапты жасанды инлеллект қыздар жауап беретін. Жақында, Түркістан телеарнасында «жасанды интеллект» бағдарлама жүргізе бастады. Күншуақ Табиғатқызы есміді жасанды әзірге ауа райын жүргізіп келеді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасанды интеллект негізінде кеңес беріп, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін «AiGov» чат-боты жобасы да Мемлекет басшысына таныстырылды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды. Мұнай мен газ саласында, логистика, ауыл шаруашылығы мен білім саласында IT индустриясының кәсіби мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде. Сол себепті, жас мамандар Кремний алқабына тәжірибе алмасуға жіберілуде. Кремний – бұл Сан-Франциско шығанағының оңтүстігінде орналасқан, штаб-пәтері, соның ішінде Apple, Alphabet Inc компаниясының Google, Facebook және Netflix сияқты көптеген компаниялары бастау алған және орналасқан алқап. 

v

"Жасанды интеллект" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. [1] Жасанды интеллект өз кезегінде 3 – ке бөлінеді. Себебі: олар әртүрлі мақсаттарға орай пайдаланылады, сол үшін бөліп қарастырылады. Олар: жасанды тар түрдегі интеллект (ANI); жасанды жалпы түрдегі интеллект ( AGI); жасанды супер интеллект (ASI).

Тар түрдегі интеллект дегеніміз ең кең таралған интеллект түрі. Бұл жасанды интеллекттің түрі бір сауалға ғана жауап беріп, белгілі бір мақсаттағы ғана жұмысты атқарумен шектеледі. Аты айтып тұрғандай, оның мүмкіндігі аз ғана болып саналады. Ал, жалпы түрдегі интеллект дегеніміз әр алуан бағыттағы қызметтерді атқара алатын, әртүрлі саланы қамтитын жасанды интелекттің маңызды түрі. Мысалы: суреттерді өңдеу, әртүрлі есептерді шығару, белгілі бір ақпараттарды жөңдеу сынды қызметтерді жатқыза аламыз.

Супер интеллект дегеніміз бұл ғылыми фантастика десек, артық айтпаймыз. Адам қолынан келетін барлық мүмкіндіктерді атқара алатын, шексіз қабілеті бар интеллект болып саналады. Оның қатарына, шешімді қабылдау, өнер туындыларын жақсарту, эмоционалды қарым – қатынас кұру, маңызды міндеттерді атқару жатады.

Оның мүмкіншіліктерін қазірдің өзінде күнделікті өмірімізге пайдаланып келеміз. Айталық, ұялы телефондағы карталар, автобустың жол жүру бағытын, қайда келе жатқанын білесіз. Алматы көшелерінде іздеген ғимаратыңызды адаспай табу үшін 2gis картасын қоссаңыз келе жатқан жолыңыз туралы барлық нұсқаулықты айтып отырады. Тіпті, жолңыздың ашықтығын, кептелісіне дейін айтып отырады. Жасанды интеллект әрбір саланың және әрбір адамның болашағына әсер ететін негізгі күш болып табылатынын әр саладағы нақты дәлеледер арқылы айта аламыз.


КУСАИНОВА Айдана Мұхитқызы,

«Туран» Университетінің 3- курс студенті.

Алматы



Дереккөзі: Akorda.kz; Wikipedia; Qazaqtimes.com; «Сыр бойы» газеті







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2023
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі