2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Жасанды интеллект. Жасанды интеллектті қолдану аясы

Жасанды интеллект. Жасанды интеллектті қолдану аясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект. Жасанды интеллектті қолдану аясы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖАЛАҒАШ ИНДУСТИАЛДЫ - АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: Жасанды интеллект.

Жасанды интеллектті қолдану аясы.


Picture 1






Пән оқытушысы

Диуанова З.







ЖАЛАҒАШ, 2025 ЖЫЛ

«Бекітемін»

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары:

_________ Н.Тоқтаров


САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект. Жасанды интеллекті қолдану аясы.

Модуль/пән атауы: Информатика

Пән оқытушысы:                Диуанова. З

1.Жалпы мәлімет:

Курс: І

Топ № :

ТҰ 24/2

Күні :

18.02.25 ж.

Сабақтың типі: теориялық сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік: Жасанды интеллект ұғымын және жасанды интеллекттің қолдану салаларын (медицинада, өндірісте, қоғамда, білім беруде, ойын саласында ) меңгереді.

Дамытушылық:Білім алушылардың ой-өрісін дамыта отырып заманауи талапқа сай іскерлікке баулу.

Тәрбиелік:Білім алушыларды ұлттық құндылыққа негізделген әдістер арқылы шапшаңдыққа, өз бетімен еңбектенуге, бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

3. Күтілетін нәтиже:

  • Жасанды интеллект;

  • Жасанды интеллекттің қолдану аясы;

4. Қажетті ресурстар:

  • Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытының 10-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2019. – 240 бет.

  • Диапроектор, презентация,плакат,смартфон, бор, т.б.


 5. Сабақтың барысы:

5.1. Ұйымдастыру кезеңі: 

  • Студенттермен сәлемдесу;

  • Журналға белгі соғу;

  • Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

СShape1 туденттерді топтастыру.

(ұлттық құндылықтар арқылы студенттерді топқа бөлу)

Shape3
Shape2
«Smart Home» тобы «TUGIS» тобы «ChatGPT» тобы

С туденттерді бағалау.

(асық арқылы бағаланады)




Жаңа тақырыпты ашу.

Picture 34 Picture 37 Picture 40


5.2. Жаңа материалды игерту: 

Жасанды интеллект (Artificial Intelligence, AI) – адамның ойлау қабілетін модельдейтін және түрлі тапсырмаларды автоматтандыруға мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы.

Ең алғаш бұл анықтаманы 1956 жылы америкалық ғалым Джон Маккарти ұсынды. «Аrtificial intelligence» сөзтіркесіндегі «intelligence» сөзі «саналы түрде ойлана алу білігі» деген мағынаны береді.

1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған.

Picture 5

Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын.

Нақты өмірде ЖИ-ні қолдану саласын қарастыратын болсақ, ЖИ өзін әртүрлі қырынан көрсете алады, сондықтан оның қандай да бір қызмет саласына пайдалы болуы мүмкін екенін түсіну өте маңызды. ЖИ-ні көптеген салаларда қолданылу шеңбері өте қарқынды кеңейіп келеді.



Ж

асанды интеллект енді дамуда, оның барлық көріністері адамға қолжетімді емес. Күнделікті өмірімізде қолданылып жүрген жасанды интеллект мысалдарын келтіретін болсақ, олар:

1. Дамыту, жетілдіру, сауықтыру мақсатындағы түрлі мобильді қосымшалар.

2. FaceID қызметі. Бұл – смартфонды адамның түр-әлпеті мен блоктан шығаруға мүмкіндік беретін қызмет. Анайы алгоритм адамды сканерлеп, әмбебап түр-әлпетін құру арқылы оны идентификациялауға мүмкіндік береді.


Face ID – бұл бетті тану технологиясы, ол:

  • TrueDepth камерасы арқылы бетіңіздің 3D картасын жасайды.

  • Инфрақызыл сенсорлар бет ерекшеліктерін сканерлейді.

  • Нейрондық желі бетіңіздің өзгерістерін (сақал өсіру, көзілдірік кию) анықтап, бейімделеді.

  • Secure Enclave чипі мәліметтерді шифрлап, жеке деректерді қорғайды.

Face ID артықшылықтары:

  • Жоғары қауіпсіздік (Touch ID-ге қарағанда күштірек).

  • Ыңғайлылық – құпиясөз енгізуді қажет етпейді.

  • Бетіңіздің өзгерістерін (сақал, көзілдірік) таниды.

Қолдану мүмкіндіктері:

  • iPhone-ды құлыптан босату

  • Apple Pay арқылы төлем жасау

  • Қолданбаларға кіру (банк, әлеуметтік желілер)

  • Құпия сөздерді автотолтыру


3. Смартфондардағы виртуалды көмекшілер жасанды интеллектісін дыбысты танудан бастап, дайын нәтиже беруге дейінгі барлық қызметтер үшін қолданады. Мұндай мүмкіндіктер күн санап артып келеді. Жасанды интеллектінің ең басты артықшылығы – адамның өз ақыл-ойын арттыруға қабілетті болуы.

Смартфондағы AI

  • Дауыстық көмекшілер – Siri, Google Assistant, Alexa

  • Бетпен тану (Face ID) – iPhone, Android құрылғыларында

  • Автоматты аудармашылар – Google Translate, Yandex.Translate

  • Камерадағы AI – Портреттік режим, көріністі жақсарту

  • ChatGPT- жасанды интеллектке негізделген тілдік модель.

Қаржы саласында

  • Алаяқтықтан қорғау – Банктер күдікті транзакцияларды анықтайды

  • Кредиттік скоринг – Банк сіздің несие қабілеттілігіңізді AI арқылы бағалайды

  • Чат-боттар – Kaspi, HalykBank боттары клиенттерге көмек көрсетеді

Көлік және навигация

  • GPS және жол қозғалысын болжау – Google Maps, Яндекс.Навигатор

  • Қолданбалар арқылы такси шақыру – Uber, Yandex Go алгоритмдері тиімді маршрут ұсынады

  • Автопилот жүйесі – Tesla, BMW-дің өздігінен басқару технологиялары

Денсаулық сақтау

  • Диагноз қою (мысалы, КТ және МРТ суреттерін талдау)

  • Дәрі-дәрмек әзірлеу

  • Жеке емдеу жоспарларын құру

  • Медициналық чат-боттар

Білім беру

  • Жеке оқыту жүйелері

  • Онлайн-курстардағы автоматтандырылған бағалау

  • Тілді автоматты аудару және сөйлеуді тану

  • Интерактивті көмекшілер

Маркетинг және жарнама

  • Жеке ұсыныстар (Netflix, Amazon)

  • Чат-боттар арқылы клиенттермен жұмыс

  • Тұтынушылардың мінез-құлқын талдау

  • Автоматты контент жасау

Ауыл шаруашылығы

  • Өнімділік болжамдары

  • Дақылдарды зиянкестерден қорғау

  • Автоматтандырылған техника (дрондар, роботтар)

  • Климаттық жағдайларды талдау

Құқық қорғау және қауіпсіздік

  • Қылмыстық істерді тергеуге көмек

  • Бейнебақылау жүйелерінде бет-әлпетті тану

  • Талдау және болжам жасау

Ойын-сауық және шығармашылық

  • Музыка, сурет, мәтін генерациясы

  • Ойын индустриясында интеллектуалды NPC

  • Фильмдер мен бейнелерді өңдеу

Ақылды үй (Smart Home)

  • Дауыспен басқару – Alexa, Google Home арқылы жарық, температураны реттеу

  • Қауіпсіздік жүйелері – Камералар қозғалысты анықтап, хабарлама жібереді

  • Р обот-шаңсорғыштар – iRobot Roomba, Xiaomi роботтары








Tugis – бұл Қазақстандағы жол қозғалысын, навигацияны және карталарды басқаруға арналған мобильді қосымша. Ол пайдаланушыларға жол кептелістері, қоғамдық көлік қозғалысы, бағыттар және навигация туралы ақпарат береді.

Tugis қызметтері:

Карталар және навигация – Қазақстан қалаларының интерактивті картасы

Жол кептелістері – Ағымдағы жол қозғалысы туралы нақты уақыттағы деректер

Қоғамдық көлік мониторингі – Автобустардың қай жерде келе жатқанын бақылау

Маршруттарды жоспарлау – Ең тиімді жол бағытын ұсыну

Көлік тұрағы және аялдамалар – Автотұрақтар мен автобус аялдамалары туралы ақпарат





ChatGPT – бұл OpenAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллектке негізделген тілдік модель. Ол мәтін түріндегі ақпаратты өңдеп, сұрақтарға жауап беруге, әңгімелесуге, шығармашылық мазмұн (эссе, өлең, сценарий) жасауға, код жазуға және көптеген басқа тапсырмаларды орындауға қабілетті.

ChatGPT-тің негізгі ерекшеліктері:

1. Табиғи тілде қарым-қатынас – пайдаланушылармен кәдімгі әңгімедегідей сөйлесе алады.

2. Ақпаратты өңдеу және түсіндіру – әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

3. Шығармашылық қабілет – өлең, әңгіме, сценарий, тіпті код жаза алады.

4. Көмекші құрал – тапсырмаларды орындауда, идеяларды ұсынуда, аударма жасауда көмектеседі.

5. Көптілділік – бірнеше тілде сөйлей алады, соның ішінде қазақ тілінде де.

Қолдану салалары:

  • Білім беру – студенттер мен оқушыларға түсініктеме беру, рефераттар жазуға көмек.

  • Бизнес – хат жазу, келіссөз жүргізу, маркетингтік материалдар дайындау.

  • Бағдарламалау – код жазу, қатені түзету, түсіндіру.

  • Шығармашылық – ән мәтіндері, сценарий, әңгіме жазу.


5.6.Жаңа сабақты бекіту

***«Сиқырлы сандықша» әдісі- топтық жұмыс

(Әр топ және ЕББҚ сандықшадан түрлі- түсті асық алу арқылы, ChatGPT-ды пайдалана отырып, алған тақырыпта постер қорғайды ж).

  1. Ж асанды интеллект ойын индустриясында;

  2. Жасанды инттелект денсаулық саласында;

  3. Жасанды инттелект қоғамда.






















***«Тақия тастамақ» әдісі - жеке жұмыс


(оқытушы қолындағы тақияны кез- келген білім алушыға кигізеді, ол білім алушы . Learningapps.org платформасында сабақ барысында кездескен термин сөздерді табады).





1-тапсырма

«Суреттермен сәйкестендіру»

  • Балалар жасанды интеллект қолданылатын салаларға қатысты суреттер беріледі (мысалы, смарт-робот, өздігінен жүретін көлік, аудио тану жүйесі).

  • Олар бұл суреттерді тиісті атауларымен сәйкестендіруі керек.




«Ақсерек-Көксерек» әдісі- топтық жұмыс

(топ болып орындайды)

Picture 8

Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?-деп бірінші топ екінші топтан сұрайды. Екінші топ:

Ақ серек, көк серек,

Сонау тұрған ТОП керек,-деп топтың атын атап, сұрақ береді.



2-тапсырма

«Жасанды интеллектті тап!» ойыны

  • Балаларға күнделікті өмірде қолданылатын заттардың тізімі беріледі (мысалы, тоңазытқыш, смартфон, калькулятор, смарт-спикер).

  • Олар жасанды интеллект қолданатын заттарды белгілеп, түсіндіруі керек.


***Сергіту сәті:«Бір шәугім шәй» әдісі

( мұнда білім алушылар тапсырманы орындап, бауырсақ жейді)

  • ИPicture 10 нтеллект сөзінің мағынасы;

  • Джон Маккарти деген кім?

  • Қандай жасанды интеллектті білесіз?

  • Жасанды интеллекттің қандай түрлері бар?

  • Жасанды интеллект (ЖИ) дегеніміз не?

  • Жасанды нейрондық желілер қай салада кеңінен қолданылады?

  • Өзіңіз жиі пайдаланатын ЖИ;

  • Денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект не үшін қолданылады?

  • Tugis –тің қызметі;

  • Дауыспен басқаруға қандай мысал келтіресің?


6. Сабақ бойынша рефлексия: «Асық»

7.Сабақты бағалау.

(сабақ бойы алған асықтарын санау арқылы ұпайлары есептелінеді бағаланып, College SmartNation порталы электронды журналға баға қою)


8. Үйге тапсырма: 

(Жасанды интеллект арқылы хабарланады)



03 Сәуір 2025
215
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі