Жасанды интеллект және медиа: Жасанды интеллект журналистердің орнын баса ала ма?
Президентіміз Қ. Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Жасанды интеллект соңғы бір жылда өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғандай. Қарқынды даму үстіндегі бұл жүйенің мүмкіндіктері адамды таңғалдырмай қоймайды. Осы орайда жасанды интеллекттің тіпті жұмысшы рөлін атқарып жүргенін де айтпасқа болмас. Ал, дәл осы жасанды интеллект медиа, оның ішінде журналистика саласына қалай әсер етпек? Ол журналистердің орнын баса ала ма?
Жасанды интеллект — компьютерлік жүйе. Оның қабілеттерін жоққа шығармаймын, бірақ журналист — жасанды интеллект орнын баса алатын мамандық иесі емес. Ойымды дәлелдеу үшін журналистің кім екенін таныстырып өткім келеді. Алайда «журналист кім?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру қиын. Себебі журналистика — тек бір қызметпен шектелмейтін, жан-жақтылықты талап ететін сала. Мен үшін журналист — қоғам бақылаушысы әрі оның еркін мүшесі. Журналистің қоғамдағы ерекшелігі — бейтараптылық. Оның басты міндеті – ақпаратты бұрмаламай, бейтарап түрде ұсыну деп білемін. Дегенмен, журналистика тек ақпарат жеткізумен шектелмейді. Халыққа жеткізетін бір ақпараттың артында үлкен ізденіс жататынын бірі білсе, бірі білмес. Мақала жаза білетін, ақпарат бере алатын жасанды интеллект неге журналист орнын баса алмайды?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасанды интеллект журналисттердің орнын баса алады ма?
Жасанды интеллект және медиа: Жасанды интеллект журналистердің орнын баса ала ма?
Президентіміз Қ. Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Жасанды интеллект соңғы бір жылда өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғандай. Қарқынды даму үстіндегі бұл жүйенің мүмкіндіктері адамды таңғалдырмай қоймайды. Осы орайда жасанды интеллекттің тіпті жұмысшы рөлін атқарып жүргенін де айтпасқа болмас. Ал, дәл осы жасанды интеллект медиа, оның ішінде журналистика саласына қалай әсер етпек? Ол журналистердің орнын баса ала ма?
Жасанды интеллект — компьютерлік жүйе. Оның қабілеттерін жоққа шығармаймын, бірақ журналист — жасанды интеллект орнын баса алатын мамандық иесі емес. Ойымды дәлелдеу үшін журналистің кім екенін таныстырып өткім келеді. Алайда «журналист кім?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру қиын. Себебі журналистика — тек бір қызметпен шектелмейтін, жан-жақтылықты талап ететін сала. Мен үшін журналист — қоғам бақылаушысы әрі оның еркін мүшесі. Журналистің қоғамдағы ерекшелігі — бейтараптылық. Оның басты міндеті – ақпаратты бұрмаламай, бейтарап түрде ұсыну деп білемін. Дегенмен, журналистика тек ақпарат жеткізумен шектелмейді. Халыққа жеткізетін бір ақпараттың артында үлкен ізденіс жататынын бірі білсе, бірі білмес. Мақала жаза білетін, ақпарат бере алатын жасанды интеллект неге журналист орнын баса алмайды?
шағым қалдыра аласыз


