"Жасанды интеллект қолданатын салалар" 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жасанды интеллект қолданатын салалар" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жасанды интеллект қолданатын салалар" 11 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәні бойынша 11-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: 2

Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект қолданатын салалар

Мақсаты (оқушыға бағытталған): жасанды интеллекті қандай салаларда қолданылатынын білу

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Жасанды интеллект өміріміздің бір бөлігі ретінде мықтап орнығып келеді. Технологиялық прогресс өмірдің барлық саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Жасанды интеллектіні әртүрлі салаларда қолдану қарқынды түрде жүйеге асырылуда. Өнеркәсіп, білім беру, медицина, ойын индустриясы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жасанды интеллект нәтижелі қолданылып келе жатқан салалардың санаулы бөлігі ғана.

Жасанды интеллектіні қолданатын кейбір салаларды қарастырып көрелік.

Білім беру жүйесіндегі ЖИ

Ойындық жасанды интеллект (ОЖИ) – компьютерлік ойындарда негізгі анықтау құралдарының бірі және көбінесе әзірлеушілердің түпкілікті өнімінің сапасын көрсетеді. Алекс Шампандар өзінің «Компьютерлік ойындардағы жасанды интеллект: виртуалды кейіпкерлерді сыртқы әсерлерге қалай әрекет етуге үйрету керек» атты кітабында: «Жасанды интеллект құрал­дары кез келген компьютерлік ойынның ажырамас бөлігіне айналды», – деп көрсеткен.

Ойын индустриясы да ОЖИ-ді мүлдем дербес білім саласына жатқызып, өзара байланысты өте күрделі интеллектуалды жү­йелерімен қолданады. Әзірлеушілер оны компьютерлік ойын жазу кезінде ойыншыға қызықты ойын процесін ұсыну, ойынды сезіну және одан әсер алу үшін қолданылатын интеллектуалды ойын жүйелерін құру мақсатында қолданады.


ЖИ – үлкен ақпарат өңдеумен айналысатын ірі компаниялар үшін таптырмас құрал. Ол қарапайым ақпарат көлемінен пайдалы нәтиже жасағысы келетін шағын кәсіпорындар үшін де маңызды. Статистикалық регрессиялық талдау сияқты қазіргі заманғы әдістер бюджеті шектеулі шағын кәсіпорындар үшін күрделі болған, бірақ ЖИ оларды жеңіл және интуитивтік деңгейде түсінікті етіп жасады. ЖИ – клиенттердің қайта келуін ынталандыратын жайттарды анықтаудан бастап, жаңа нарық іздеуге дейінгі статистикалық есептерге арналған әмбебап құрал. Жасанды интеллект деректерді жинауға көмектеседі.

Кәсіпорында жасанды интеллектіні қолданудың «дәстүрлі» салалары мен бағыттарына мыналар жатады: процестерді статистикалық басқару; істен шығып қалу ықтималдығының салдарларын талдау; өлшеу жүйелерін талдау; баға белгілеу және тауар қорларын басқару; жабдықтарға өндірістік қызмет көрсету (ТҚЖ – техникалық қызмет көрсету және жөндеу).

Мәшинелік оқыту технологияларын, дискреттік өндіріс­те қолданады. Оған әуе, мәшине және құрал-жабдық жасау жатады. Дискреттік өндірісте жасанды интеллект өнеркәсіптік жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту және оған техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін қолданылады. Өндірістік аналитиктерге өнеркәсіптік активтердің қалдық қоры туралы мәлімет алуға көмектеседі.


Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

Арман-Пв, opiq.kz

  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.05.2021
3523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі