400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды интеллект:адамға көмекші ме,әлде адам еңбегінің орнын басатын технология ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жасанды интеллектінің адам өмірі мен түрлі мамандықтарға әсері қарастырылады. Материалда ЖИ-дің еңбекке ықпалы мен сарапшылардың пікірлері талданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

“Жасанды интеллект:адамға көмекші ме,әлде адам еңбегінің орнын
басатын технология ма?”
ЖИ қазір білімде,жұмыста,журналистикада кең қолданылып келеді.ЖИ
біздің уақытымызды үнемдейді,бірнеше секунд ішінде ақпараттарды
өңдеп бере алады.Алайда,қазіргі қоғамның ЖИ-ге шамадан тыс тәуелді
болуы,кей мамандықтарға әсері туралы сұрақтар туындайды.

ЖИ журналистика мамандығын жоя алама?Осы сұраққа сарапшылардын
ойын бірге қарайық.
Жанар Сабазова-“Қазір нейрожүйелер дайын нәтиже береді. Бірақ ол
нәтиже қайдан келеді? Оны журналист дайындайды. Ол адамдармен
сөйлеседі, ақпарат жинайды, ресми орындарға сұрау жібереді. Сондықтан
журналистика жойылмайды”-деді.Осылайша,Жанар Сабазова қоғамдағы
жаңа өзгерістер журналистиканы әлсіретпейтінін атап өтті.
Сонымен қатар,Аида Сыздықованың да пікірін қарайық.Жасанды
интеллект ақпаратты өздігінен таба алмайды. Оны бәрібір журналист
дайындайды. Сондықтан бұл сала керісінше маңызды бола түседі. Енді
журналистика сервиске айналады. Адамдар сапалы, тексерілген ақпарат
үшін ақша төлеуге дайын болады, – дейді Аида Сыздықова.
Қазіргі таңда ЖИ қанша ауқымды болсада, сарапшылар ЖИ берген
ақпаратқа қоғам әліде толық сенбейтінін айтады.
“Адамдардың тек 12 пайызы ғана толықтай ЖИ дайындаған ақпаратқа
сенеді. 21 пайызы адам үстінен тексерсе ғана сенім білдіреді. Ал 62 пайызы
мұндай ақпаратқа мүлде сенбейді”– деді Аида Сыздықова.

Бүгінде ЖИ білімде орасан зор көмегін білдіреді.Студенттер үшін жасанды
интеллект күнделікті оқу құралы.Мысалы:Студент күрделі,түсінбей тұрған
тақырыбы жайлы жасанды интеллекттен мәліметтер жинап беруін сұрай
алады.Алайда,жасанды интеллект берген ақпаратқа бірден сену дұрыс
емес.Себебі ол робот,ол ескірген немесе жалған ақпарат беруі мүмкін.Бұл
жерде,басты мәселе технологияның адамды алмастыруы емес,адамның
қалай технологияны пайдаланатынында.ЖИ адамның жұмысын
жеңілдетеді,бірақ адамның сыни ойлау қабілетін,өз бетінше шешім
қабылдануын алмастырмауы тиіс.

ЖИ Қазақстан қоғамын қалай өзгертеді?
Жасанды интеллекттің дамуы тек технология саласындағы өзгеріс емес.Ол
қоғам өміріне әсер ететін үлкен мәселе.Бүгінде оның әсері
білімде,журналистикада,бизнесте айқын байқалады.ЖИ мамандықтарға
қойылатын талаптардың өзгеруіне де әсер етуде.Жасанды интеллекттің
ықпалы бір ғана саламен шектелмейді.Егер білім беру жүйесінде ұстаздар
мен оқушылардын жұмысын өзгертіп жатса,журналистикада ақпаратты
дайындаудың кезеңдерін тездетуге көмек береді.Технологияның дамуы
адам еңбегін жоққа шығармайды.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қыркүйек
87
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі