Жасанды интеллектіні қолдану саласы. Практикалық жұмыс. 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды интеллектіні қолдану саласы. Практикалық жұмыс. 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллектіні қолдану саласы. Тәжірибелік жұмысқа нұсқаулық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасанды интеллектіні қолдану саласы. Практикум

Практикум барысында біз формулалармен жұмыс жасайтын боламыз. Формулада көбіне ұяшық адрестері көрсетіледі. Сендер Excel-дегі ұяшық адрестері абсолютті және салыстырмалы болып бөлінетінін білесіңдер. Сонымен қатар аралас адрес түрі де кездеседі. Осы адрес түрі екі негізгі адрестің сипаттарына қарай құрылады.

Ұяшықтың абсолютті адресі Excel кітабының ағымдағы бетінде формула немесе сілтемені тасымалдау кезінде өзгермейтін адрес түрі. Ол үшін белгілі бір ұяшықтың баған мен жол индекстерінің алдына «$» доллар белгісі қойылады. Мысалы: $A$1.

Ұяшықтың салыстырмалы адресі Excel кітабының ағымдағы бетінде формула немесе сілтемені тасымалдау кезінде өзгеретін адрес түрі. Мысалы: A1.


Тәжірибелік жұмысқа нұсқаулық.

Сатылымды болжау

  1. Excel электрондық кестесін жүктеңіз.

  2. Сатылымды болжау үшін алдыңғы уақыт аралығындағы сатылым мәндері керек. Бізде 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықтағы кестелік мәлімет бар. Кестеге керекті мәліметтерді енгізіңдер. /Төмендегі үлгідей/

  1. Кезең бағанасының А2 және А3 ұяшығына келесі мәліметті енгізіңіз. /Төмендегі үлгідей/

  1. Енгізген мәліметтерді А2 және А3 ұяшығын ерекшелеп, тышқанның көмегімен сол жақ төменгі жақта пайда болған төртбұрышты батырманы іліп алып, автоматты толтыру қызметін пайдаланып астынғы 37-ші ұяшыққа дейын тартамыз. /Төмендегі үлгідей/

  1. Сатылым, тенге бағандарының ұяшықтарын мәліметтермен толтыру керекпіз. Ол үшін: В2 -ұяшығына 567690 санын енгізіп, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, Формат ячеек амалын орындаңыз. /Төмендегі үлгідей/



  1. Алдымыздағы жылға сауданың Болжамды сатылымын есептеңдер: 2020 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсаны аралығы.

Жасанды интеллект қызметіне ұқсас Excel программасының болжам жасауға арналған арнайы функциясы бар, ол алдыңғы кезең ақпараттарына сүйене отырып, көрсетілген мерзімге дейін болжамды мәнді есептеп бере алады. Ол – ПРЕДСКАЗ (FORECAST) функциясы, сызықтық регрессияға негізделген. Сатылымды болжау, тауарды тұтыну секілді есептеулерді жүргізуге арналған.

  1. Болжам бағанына C26 ұяшығына мына функцияны жазыңдар: /Төмендегі үлгідей/

=ПРЕДСКАЗ (A26;$B$2:$B$25;$A$2:$A$25)


  1. C27:C37 ұяшықтарын С26 ұяшығы арқылы автоматты толтыру қызметін пайдаланып, толтырыңыздар.


ПРЕДСКАЗ () функциясы әзірге кезең факторларын есептемейді. Саудада бұл өте маңызды. Кезең факторын есепке алу үшін кезең коэффициентін есептейміз.

  1. Ол үшін F2 ұяшығына мына формуланы жазамыз:

=(($B$2:$B$13+$B$14:$B$25)/СУММ($B$2:$B$25))*12

  1. Формуламызды енгізіп болған соң, Shift + Ctrl + Enter батырмасын бір уақытта басыңыз. Осындай нәтиже шығады.

  1. Енді келесі амалды мұқият қарап түсініп жасау керек.

  2. Ары қарай F3:F13 аралығына автоматты толтыру керексіздер, ол үшін F2 ұяшығының үстіне тышқанмен бір рет шертіңіз, сонда ұяшық мынадай күйге түседі

  3. F13 – ұяшығына автотолтыру амалын орындаңдар, төмендегі үлгідей болады.

  1. Ары қарай Формула қатарына тышқанды шертіп, қайтадан Shift + Ctrl + Enter батырмасын бір уақытта басыңыз. Төмендегідей нәтиже шығу керек.


  1. Ұяшық форматын проценттік етіп өзгертіңдер

Ұяшық форматы Сан Проценттік , үтірден кейін 2 орын деп енгізіңіз. /Төмендегі үлгідей/

  1. Осы коэффициенттерді қосып есептеу үшін C26:C37 ұяшықтарындағы ПРЕДСКАЗ() функциясын өзгертеміз:

=ПРЕДСКАЗ(A26;$B$2:$B$25;

$A$2:$A$25)*ИНДЕКС($F$2:$F$13;МЕСЯЦ(A26))

Мұндағы: ИНДЕКС(INDEX) функциясы – ай нөмірі, дәл сол айға коэффициентті қайтару үшін МЕСЯЦ() функциясын қолданамыз. 2020 жылдың қаңтар айы үшін.

  1. Енді болжамның ең жоғары және ең төменгі көрсеткіштерін қосу керек.

  2. Ол үшін болжам мәндерінен ауытқуды есептеу қажет.

  3. G2 ұяшығына формуласын жазыңдар:

=ДОВЕРИТ((0,05); СТАНДОТКЛОН(C26:C37); СЧЁТ(C26:C37)

ДОВЕРИТ() функциясы – қалыпты үйлестіруді қолдана отырып, сенімді интервалды қайтарады.

СТАНДОТКЛОН жалпы жиынтықтың стандартты ауытқуы.

размер – таңдалған мәліметтер санын білдіреді.

СЧЁТ көрсетілген ұяшықтағы мәндер санын білдіреді.

  1. Оптимистік D26 ұяшығына =$C26+$G$2 формуласын жазыңыз.

  2. Пессимистік Е26 ұяшығына =$C26–$G$2 формуланы жазыңыз.

  3. Автотолтыруды қолданып 37 қатарға дейын тартасыз. Төмендегі үлгідей болуы керек.

Shape1

  1. A1:E37 кесте мәліметтерін белгілеп, Кірістіру (Insert) Диаграмма тобы (Charts) График (Line) коман- дасын орындаңдар. Нәтижесінде төмендегі график алынады.













Көрнекі түрде барлығы түсінікті.

Көк – нақты сатылым,

Қызғылт сары болжам,

Сұр оптимистік болжам,

Сары пессимистік болжам.

Безендіру жұмыстары мекеменің жеке түсі мен атауына байланысты өзгертіледі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі