Жасанды интеллекттің оқыту процесін жетілдірудегі рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды интеллекттің оқыту процесін жетілдірудегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация: Осы зерттеудің мақсаты жасанды интеллект (AIA) қосымша-ларының білім берудегі рөлін зерттеу болып табылады. ЖИ қолдану көбінесе білім алуға және кәсіби даярлыққа қол жеткізуде қиындықтар туғызатын қазіргі заманғы проблемалардың экспоненциалдық өсу проблемасын шешуге ықпал етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы

Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы











Тақырыбы:

«Жасанды интеллект білім беруде:

Жасанды интеллекттің оқыту процесін жетілдірудегі рөлі»









Секция: информатика

Орындаушы: Ғаниұлы Ақжол

Жетекшісі: Нусипалиева Аида Арипжановна











2024 жыл

Аннотация

Аннотация: Осы зерттеудің мақсаты жасанды интеллект (AIA) қосымша-ларының білім берудегі рөлін зерттеу болып табылады. ЖИ қолдану көбінесе білім алуға және кәсіби даярлыққа қол жеткізуде қиындықтар туғызатын қазіргі заманғы проблемалардың экспоненциалдық өсу проблемасын шешуге ықпал етеді. Олар әлеуметтік роботтар (SR), ақылды оқыту (SL) және зияткерлік оқыту жүйелерін (ITS) құруда маңызды рөл атқарады. Зерттеуіміз білім беру секторы оқытудың қазіргі заманғы әдістерін де қолдануы тиіс екенін көрсетеді.



Аннотация

Аннотация: целью настоящего исследования является изучение роли искусственного интеллекта (AIA) в дополнительном образовании. Применение ИИ часто способствует решению проблемы экспоненциального роста современных проблем, создающих трудности в достижении образования и профессиональной подготовки. Они играют важную роль в создании социальных роботов (SR), интеллектуального обучения (SL) и интеллектуальных систем обучения (ITS). Наше исследование показывает, что сектор образования также должен использовать современные методы обучения.



Annotation

Abstract: The purpose of this study is to study the role of artificial intelligence (AIA) in additional education. The use of AI often contributes to solving the exponential growth of modern problems that create difficulties in achieving education and training. They play an important role in the creation of social robots (SR), intelligent learning (SL) and intelligent learning systems (ITS). Our research shows that the education sector should also use modern teaching methods.

Мазмұны



Аннотация

Кіріспе бөлім..................................................................................................1-2 бет

Негізгі бөлім.................................................................................................3-13 бет

  1. Жасанды интеллект білім саласына қалай әсер етеді?

  2. Жеке оқыту тәжірибесі

  3. Автоматтандырылған бағалау

  4. Білім бердегі жасанды интеллектінің артықшылықтары

Қорытынды бөлім...........................................................................................14 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................15 бет



















Кіріспе

Мақсаты: Мұғалімнің сабақта жасанды интеллектіні пайдаланудың рөлі қандай, оқушының білім сапасын арттыруға ықпалы қандай екенін зерттеу.

Зерттеу Міндеттері:

1. Жасанды интеллектің әртүрлі түрлерін және олардың сипаттамаларын талдау.

2. Оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдануды қарастыру.

3. Жасанды интеллектіні қолданудағы қиындықтар мен мәселелерді анықтау және сипаттау.

Өзектілігі:

Технологияның қарқынды дамуын және әртүрлі салаларда (ойын-сауықтан өнеркәсіпке дейін) жасанды интеллектіні қолданылуын ескере отырып, бұл жасанды интеллектіні оқу процесінде қолдану мәселесі өте өзекті болып отыр. Жасанды интеллектіні қолдану қиындықтарын түсіну сәтсіз жағдайларды азайтуға және оларды пайдалану тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Зерттеу сұрақтары (Гипотезалар):

  • Жасанды иенттеллекті қолдануда оқытушы қандай қиындықтарға тап болады?

- Жасанды интеллекті сәтті қолануға не әсер етеді?

- Жасанды интеллекті қолдану арқылы оқушының білімін қалай арттыруға болады?

Зерттеу әдістері:

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін мынадай әдістер пайдаланылатын болады: аналитикалық (ғылыми әдебиеттерді, мақалаларды, нұсқаулықтарды талдау), эмпирикалық (бақылаулар, оқытушылармен сұхбат), салыстырмалы (жасанды интеллектің әртүрлі түрлерін қолдану және салыстыру).


Зерттеу кезеңдері:

1. Дайындық кезеңі: теориялық материалды зерттеу, гипотезалар мен сұрақтарды тұжырымдау.

2. Аналитикалық кезең: әртүрлі көздерден алынған ақпаратты талдау.

3. Практикалық кезең: мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу, жасанды интеллектіні басқарудың нақты жағдайларын талдау.

4. Қорытынды кезең: қорытындылау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

Күтілетін нәтижелер:

Жұмыс зерттеу сұрақтарына жауап алуды, жасанды интеллектіні қолдану процесіне әсер ететін негізгі факторларды анықтауды, сондай-ақ басқарудағы қиындықтарды азайту үшін жаңадан қолданушылар мен тәжірибелі оқытушыларға ұсыныстарды тұжырымдауды қамтиды.

Қорытынды:

Кіріспе зерттеудің негізгі мақсаттарын, міндеттерін, әдістері мен кезеңдерін сипаттайды. Жұмыс нәтижесінде дрондарды басқарудың негізгі қиындықтары мен ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ оларды жеңудің тиімді жолдарын ұсыну жоспарлануда.













Негізгі бөлім

Жасанды интеллект (ЖИ) білім саласына қалай әсер етеді? Оқу процесінде мұ­ғалімнің рөлі өзгере ме? «Мұғалім – ЖИ» тандемінде ынтымақтастық қалай құрылады? Ең күрделі жасанды интеллект те мұғалімді алмастыра алмайды деген тұжырымдар да бар. Бірақ бұл оқытуды жақсартуға және білім сапасын арттыруға көмек­тесетіні анық дейді сарапшылар.

Бүгінде қазақстандық мұғалімдерді осы және жасанды интеллект төңірегіндегі өзге де өзекті мәселелер толғандырады. Өйткені қазіргі ақпаратты технологиялар қарыштап дамыған  дәуірде мұғалім үшін мүмкіндіктер мен басымдықтар, жасанды интеллект балалардың игілігі үшін жұмыс істеуге тиіс. Технологияның дамуына қарай оқытуда оқушының қабілетін, қажеттілігін, жеке ерекшелігін ескеруді ұмытпауымыз керек. Балалардың болашағын, олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ете отырып, адам мен компьютердің артықшылықтарын біріктіру арқылы білім беруді тиімді етіп, ал мұғалімнің жұмысын шығармашылыққа айналдыруға болады. Бірақ  жасанды интеллекті мектептерде қолдану тәжірибесі бізде әлі де жеткіліксіз.

Алайда бізге бір орында тұруға болмайды. Оқыту үшін сапалы цифрлы білім беру ресурстарын жасақтау, мұғалімдер оны пайдалану үшін цифрлы құзыреттіліктерін белсенді дамытуы қажет, – дейді «Назарбаев зияткерлік мектеп­тері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова. 

Жасанды интеллект оқушының жеке білім алу бағдарын анықтауға қолғабыс етеді. 2017 жылдың қазан айында қытайлық Squirrel компаниясы зерттеу жүргізген. Төрт күн бойы оқушылардың бір тобы жасанды интеллект көмегімен оқыды, ал екінші топ оқушыларына мұғалім материалды онлайн-технологияны қолданбай-ақ түсіндірді. Математика бойынша қорытынды тестілеу компьютер оқытқан балалардың жақсы нәтижеге жеткенін көрсетті.

Сондай-ақ К.Шәмшидинова Джорджия технологиялық институтының ғалымы Ашок Гоэлемнен қызық дерек келтірді. Жасанды интеллект оқушылардың жиі қоятын сұрағына бірнеше рет жауап беру арқылы саналы оқуға ықпал етеді. Бұған ғалымның өзі жасаған «Джилл Уотсон» бағдарламасы мысал болады. Онда оқушылар онлайн сабақта жиі қоятын мыңдаған сұрақ пен жауап қамтылған. Жинақталған ақпаратты және қосымша параметрлерді қолдана отырып, бағдарлама адамның көмегінсіз қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алды.

Бүгінде ірі онлайн мектептер жасанды интеллектке негізделген бағдарламаларды жасайды және қолданады, сәйкесінше бұл оқу процесін оқушы мен мұғалімге тиімді және ыңғайлы етуге көмектеседі. Мысалы, SkyEng ағылшын мектебінде жасанды интеллект адаптивті, дербес оқытуды және сол уақытта тапсырмаларды тексеруді қамтамасыз етеді. Оқу тренажерлерінің көпшілігі жасанды интеллектпен жұмыс істейді.

Мұғалімінің күнделікті жұмыстарды орындауға көп уақыты кетеді. Қазір әлемнің көптеген елі жасанды интеллект көмегімен аналитикалық және статистикалық мәлімет жинауды автоматтандыруға тырысуда. Мысалы, Батыс Аустралия университеті Smart-кампус бағдарламасын жасады, бұл күнтізбелік менеджмент, студенттер базасы, электронды журнал және сабақ кестесі, сабақты жоспарлаудың интеллектуалды жүйесі, ұсыныстар жүйесі бойынша ақпараттарды жинақтайды.

Ең күрделі жасанды интеллектте мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ бұл оқытуды жақсартуға және білім сапа­сын арттыруға көмектеседі. Осын­дай тұжырымды дөңгелек үстел барысында білім беру саласында ұзақ уақыт бойы NIS және Қазақстанмен серіктес болып жүрген шетелдік сарапшы, Финляндиядағы Ювяскюля университетінің EduCluster тобының инновациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Дэвид Марш келтірді.

Қазір көптеген мұғалім үшін жасанды интеллект туралы әңгіме қорқынышты және түсінуге қиын. Менің ойымша, жақында супер мұғалімдерді көбірек көреміз, олар үшін ЖИ үйреншікті құралға айналады. Бұл жаңа технологияларды басқаруды үйренгенде мүмкін болады. Біз жасанды интеллект жұмысымызды жақсартатынын білеміз және оны қолдану біздің оқушылардың жақсы нәтижеге жетуіне әкеледі, – дейді Дэвид Марш.

Финдік сарапшы ЖИ айналамыздағы барлық нәрсені бір түнде өзгертпейтінін нақтылады. Оның айтуынша, жасанды интеллекті бақылау қажет. Өйткені бұл біздің әрқайсысымыздың көптеген жыл бойы жүргізіп келе жатқан тәуелсіз, ынталы және шығармашыл оқушыларды, Қазақстанның жаһандық деңгейде ойлайтын азаматтарды дайындау миссиямызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл біздің оқушылардың интел­лек­туалды және жеке өсуге емес, тест нәтижелеріне ғана қызығушылық танытқан кезеңді өзгертуге мүмкіндік береді.

Соңғы онжылдықта технология көптеген мамандықты өзгертті. Мысалы, қазір ұшқыштар он жыл бұрынғыға қарағанда мүлдем басқа ұшақтарды басқарады. Осыдан жиырма жыл бұрын хирургияда жұмыс істеген дәрігерлер бүгінгі дәрігерлер қолданып жүрген құрылғылардың сан алуандығынан сасқалақтауы мүмкін.

Оқыту кезінде жасанды интеллекттің қажеттілігіне күмәнданатындар үшін Дэвид Марш «Егер бұл болмаса, онда білім беруді дамытудың келесі үлкен қадамы қандай болмақ?», «Ал қазір болмаса, бұл даму қашан болады?» деген сұрақ қойып, осыны ой елегінен өткізуге шақырды.

Бұл сұрақтар дөңгелек үстелге қатысқан мұғалімдердің ЖИ дәуіріндегі орнына деген қызығушылығын арттырды. Сондықтан олар үшін сыныпта балалармен тікелей жұмыс жасайтын әріптестерінің көзқарастарын білу маңызды болды. Елордалық Зияткерлік мектептің химия пәнінің мұғалімі, Global Teacher Prize жаһандық сыйлығының еліміздегі амбассадоры, «Қазақстанның жыл мұғалімі – 2020» сыйлығының иегері Динара Бейсембаева бүгінгі таңда жасанды интеллектің педагогикалық практикада қалай қолданылатынын көрсетті.

Мен отандық және шетелдік әріптестер арасында олардың жасанды интеллекті қалай қолданатыны туралы сауалдама жүргіздім. Олардың басым көпшілігі ЖИ-тің не екенін біледі, бірақ онымен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екенін толық түсінбейді. Әріптестер виртуалды көмекшілерді, Google Forms, Whiteboard, GeoGebra сияқты онлайн-платформаларды пайдаланады және өздерінің арсеналын кеңейтуді қалайды, өйткені олар оқыту практикасы тек жақсарып келе жатқанын түсінеді, – деді Д.Бейсембаева.

Қостанай қаласындағы мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Жахангир Гаппаров «Ақпараттық технологиялар мен дәстүрлі оқыту ара­сындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» деген қазіргі кездегі мұғалімдердің көпшілігін мазалайтын сұраққа жауап берді.

Заманауи технологиялар қаншалықты тез дамыса да, балаларды сапалы оқыту үшін, ең алдымен, мектептің жайлы ортасы маңызды, өйткені бұл білім жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен бірге технологиялар материалды неғұрлым нақты және жеңіл түсіндіруге көмектеседі. Дәстүрлі және заманауи оқытудың дұрыс үйлесуі ең жақсы нәтижеге жеткізеді деп санаймын, – деді Ж.Гаппаров.

Швейцариядан келген әйгілі ғалым, цифрлы денсаулық сақтау және жасанды интеллект бойынша Халықаралық серіктестік жобасының директоры Амандип Джил жасанды интеллект дәуірінде мұғалімнің орнын ештеңе алмастыра алмайтынына күмән келтірмейді.

Мұғалім болу – тек бүтін бөлшектерді оқыту ғана емес, бұл адамның әрекеті. Балалар мұғалімге қарап, өздерін айнадағыдай көреді. Сүйіспеншілік те, жанашырлық та, тәлім беру де – бұл еш машинаның қолынан келмейтін эмоционалды компоненттердің бірі, – деді ол.

Әлемде ЖИ деп пәнді компьютердің көмегімен зерделеудің тәсілдері мен әдістерін түсінеді. Оның көмегімен математикалық функциялар басқарылады, сондай-ақ компьютермен басқарылатын робот көмегімен түрлі математикалық есептерді шешу мәселесі қаралады. Нейрондық желілердің көптеген түрлеріне қарамастан, олардың барлығының ортақ ерекшеліктері бар. Мысалы, олардың барлығы, адам миы сияқты, бір-бірімен байланысқан бір типті элементтерден - ми нейрондарын елестететін нейрондардан тұрады. Жасанды нейрон тірі сияқты нейронды ядромен байланыстыратын синапстардан тұрады. Нейронды келесі қабаттағы нейрондармен байланыстыратын кіру сигналдары мен аксондарды өңдеуді жүзеге асыратын нейронның өзегі. Әрбір синапстың нейронның тиісті кіруі оның жай-күйіне қаншалықты әсер ететінін анықтайтын салмағы бар. Жасанды интеллект және білім беру. ЖИ артықшылықтарын білім беру саласында да тиімді қолдану қазіргі таңда басты назарда. ЖИ технологиясы мұғалім мен оқушыға қажетті барлық міндеттерді орындайды. ЖИ және оның білім бе-рудегі рөлі пәнаралық болып табылатыны және дәстүрлі білім беру шеңберінен тыс көптеген проблемалар ЖИ көмегімен оңай шешілуі мүмкін екені анық. Мысалы, оқушылар әртүрлі себептермен (мыс. денсаулығына байланысты) сыныпта өтетін сабақтарға физикалық тұрғыдан қатыса алмайтын жағдай орын алуы мүмкін. Бұл уақытта оларға білім алуды тоқтатпау үшін мобильді қосымша арқылы, планшет немесе арнайы ЖИ элементтері арқылы оқытатын электронды порталдар арқылы білім беретін құралдар көмекке келеді.

Құжаттама жүргізу және қабылдау бөлімшелері енді міндеттер ауыртпалығын барынша азайту үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалана аладды. Сол секілді, тапсырмаларды тексеру, емтихандарды бағалау, сабаққа қатысу және басқа да жазбалар сияқты міндеттерді атқару арқылы ЖИ академиялық қиыншылықтарды да шешуге көмектесе алады.

Жасанды интеллекттің (ЖИ) оқыту процесін жетілдірудегі рөлі бүгінгі білім беру жүйесінде айрықша маңызды. ЖИ білім беру саласында төмендегідей бағыттарда тиімділік арттырады:



1. Жеке оқыту тәжірибесі

  • Адаптивті оқыту: ЖИ оқушылардың білім деңгейіне, стиліне және мүдделеріне негізделген жеке оқу жолдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, платформа оқушының жетістіктеріне қарай тапсырмаларды автоматты түрде бейімдейді. Мысалы: Qalan.kz платформасы.

Адаптивті оқыту — оқушылардың жеке қажеттіліктері мен білім деңгейіне негізделген оқыту әдісі. Бұл процесс оқушылардың жетістіктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу материалдарын, тапсырмаларды және стратегияларды автоматты түрде бейімдейді. Яғни, әрбір оқушы үшін жеке оқу жоспары жасалып, олардың прогресі бақылауда болады, бұл оқу тиімділігін арттырады.

Адаптивті оқыту туралы толығырақ мәліметтер мен аспектілерді қарастыруға болады:

Адаптивті оқытудың компоненттері

  • Деректерді жинау: Оқушылардың оқу нәтижелері, қатысу деңгейі, және білім сапасы туралы деректер жинау.

  • Алгоритмдер: Оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес контентті автоматты түрде бейімдейтін алгоритмдер.

Адаптивті оқыту платформалары

  • Технологиялық шешімдер: Khan Academy, DreamBox Learning, Qalan.kz сияқты платформалар, оқушылардың прогресін бақылап, материалды бейімдейді.





Жекелеген оқу жолдары

  • Тапсырмалардың өзгеруі: Оқушылардың жетістіктеріне қарай тапсырмалардың күрделілігін автоматты түрде өзгерту.

Артықшылықтары:

  • Жеке қарым-қатынас: Оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне жауап беру.

  • Мотивацияны арттыру: Оқу материалдары мен тапсырмалардың оқушыларға қызықты болуы.

Қиыншылықтар:

  • Технологиялық шектеулер: Адаптивті оқыту үшін қажетті ресурстар мен технологиялардың жетіспеушілігі.

  • Деректерді қорғау: Оқушылардың жеке деректерін қорғау мәселелері.

Адаптивті оқытудың болашағы

  • Жасанды интеллектпен интеграция: ЖИ алгоритмдерін пайдалану арқылы адаптивті оқытуды жетілдіру.

Адаптивті оқыту білім беру процесінде оқушылардың өзін-өзі дамытуына және жетістіктеріне бағытталған, бұл олардың оқу сапасын едәуір арттыруға ықпал етеді.

  • Түсінікті және қиындық деңгейін анықтау: Оқушылардың қай тақырыптарда қиындыққа кездесетінін анықтап, сәйкес материалдар ұсынып, қолдау көрсету.

Түсінікті және қиындық деңгейін анықтау — оқушылардың оқу процесіндегі кедергілерін түсіну және оларды жеңу үшін қажетті материалдар мен ресурстарды ұсыну.



2. Талдау

  • Бағалау тесттері: Оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін жиі тесттер мен сауалнамалар қолдану.

  • Деректерді жинау: Оқу нәтижелері мен қатысу көрсеткіштерін жинау.

Индикаторлар:

  • Жетістік көрсеткіштері: Оқушылардың қай тақырыптарда төмен нәтиже көрсеткенін анықтау.

  • Кері байланыс: Оқушылардан пікір жинап, олардың қиындықтарын тыңдау.

Жеке материалдар:

  • Бейімделген контент: Оқушылардың қиындықтарына сәйкес, түсінікті әрі қолжетімді оқу материалдарын ұсыну.

  • Қосымша ресурстар: Видео, интерактивті тапсырмалар және оқу құралдарын беру.

Қолдау көрсету:

  • Жеке сабақтар: Оқушылардың қажеттілігіне сәйкес, жеке консультациялар мен сабақтар ұйымдастыру.

  • Мотивация: Оқушыларды ынталандырып, олардың қызығушылығын арттыру.

Прогресті бақылау:

  • Тұрақты мониторинг: Оқушылардың прогресін бақылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізу.

Бұл процесс оқушылардың білім деңгейін жақсартып, олардың қиындықтарын жеңуге көмектеседі, сонымен қатар, оқу сапасын арттырады.

Автоматтандырылған бағалау

 Жасанды интеллект бағалау процесін автоматтандыру үшін де пайдаланылуы мүмкін, бұл мұғалімдердің көп уақыты мен күшін үнемдеуге мүмкіндік береді.  Автоматтандырылған бағалау жүйелері оқушы жұмысын бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланады.  Сондай-ақ бұл тәсіл біржақтылықты азайтуға көмектеседі және әртүрлі оқушылар мен тапсырмалар бойынша бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етеді.

 ​​​​Қиындықтар мен шектеулер

 Білім берудегі ЖИ әлеуетті артықшылықтарына қарамастан, шешуді қажет ететін қиындықтар мен шектеулер де бар.  Негізгі қиындықтардың бірі - деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігінің болмауы.  Жасанды интеллектті қолдану арқылы студенттік деректердің үлкен көлемі жиналады, бұл құпиялылық пен қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық тудырады.

 Тағы бір қиындық - бұл ЖИ алгоритмдеріндегі ауытқу мүмкіндігі.  Алгоритмдерді үйрету үшін пайдаланылатын деректер біржақты болса, ЖИ жүйесі бұл ауытқуды жалғастырып, күшейте алады, бұл студенттердің белгілі бір топтары үшін әділетсіз нәтижелерге әкеледі.  ЖИ жүйелерінде қолданылатын алгоритмдердің мөлдір, тексерілетін және әділ болуын қамтамасыз ету өте маңызды.

 ​​​​​Виртуалды көмекшілер

ЖИ-пен жұмыс істейтін виртуалды көмекшілер студенттерге үй тапсырмасын орындауға, сұрақтарға жауап беруге және кері байланыс беруге көмектесе алады.  Бұл виртуалды көмекшілер нақты уақытта студенттердің сұрауларын түсіну және оларға жауап беру үшін табиғи тілді өңдеуді (NLP) пайдаланады.  Виртуалды көмекшілер сонымен қатар студенттің оқу қажеттіліктері мен қалауларына негізделген жекелендірілген ұсыныстарды ұсына алады.

 

​​​​​Білім берудегі жасанды интеллект артықшылықтары

 Білім берудежасанды интеллект пайдаланудың бірнеше ықтимал артықшылықтары бар.  Жекелендірілген оқу тәжірибесі студенттерге тиімдірек оқуға көмектеседі және олардың материалға қатысуын арттырады.  Интеллектуалды репетиторлық жүйелер студенттерге қосымша қолдау және ресурстар беріп, олардың оқу нәтижелерін жақсарта алады.  Сондай-ақ жасанеды интеллкт мұғалімдерге оқушылар қиналып жатқан аймақтарды анықтауға және олардың оқыту әдістерін сәйкесінше реттеуге көмектесе алады, бұл жалпы нәтижені жақсартуға әкеледі.

Әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру сонымен қатар мұғалімдердің уақытын үнемдейді және олардың оқуға және оқушылармен өзара әрекеттесуге көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, жасанды интеллект  барлық студенттердің әділ және объективті бағалануын қамтамасыз ете отырып, бағалау мен бағалаудағы біржақтылықты азайтуға көмектеседі.

Білім беруде жасанды интеллектінің табысты ету мысалдары

Жасанды интеллектті мектептегі білім беруде сәтті қолданудың нақты жағдайлары мен оқиғаларын ұсыну маңызды. Себебі жасанды интеллект кез келген саланы табысқа жеткізе алады. Соның дәлелі келесі мысалда:

  1. Khan Academy:

Khan Academy – оқу материалдары мен тапсырмаларды қамтамасыз ету үшін ЖИ-ті қолданатын танымал платформа. Жүйе оқушының дейгейіне бейімдеп, математика, жаратылыстану және басқа да пәндерді оқыту үшін жекелендірілген ұсыныстар береді.

  1. Doulibgo:

Doulibgo – үйрену тәжірибесін пайдаланушының қажеттіліктеріне бейімдеу үшін ЖИ-ті қолданатын тіл үйрену қолданбасы. Жүйе тіл дағдыларын жақсарту үшін әртүрлі жаттығулар мен кері байланыс ұсынады.

  1. Carnegie Learning:

Carnegie Learning – жекелендірілген оқу жоспарын жасау үшін ЖИ пайдаланатын математикалық білім беру бағдарламаларын қамтамасыз етеді. Бұл оқушылардың математикаға деген сенімділігін және дағдыларын дамытуға көмектеседі.

  1. Qalan.kz:

Qalan - оқушыларға арналған математикалық тренажер. Qalan.kz – математиканы қазақ және орыс тілдерінде оқытуға арналған сервис. Онлайн платформада мектеп оқушылары есептерді AI негізіндегі чат-бот пен мұғалімдердің көмегімен шешеді. Тапсырманы сәтті орындағаны үшін оқушылар ақшалай сыйлық алады.

























Қорытынды бөлім

Жасанды интеллект білім беру саласында үлкен өзгеріс жасау мүмкіндігіне ие, бұл жекелендірілген оқытудың жаңа мүмкіндіктері мен студенттер үшін жақсартылған нәтижелер ұсынады.  Жасанды интеллект жүйелерінің сенімді және бейтарап болуын қамтамасыз ету қажеттілігі сияқты шешілуге ​​тиіс міндеттер болғанымен, білім берудегіжасанды интеллект артықшылықтары анық.  Жасанды интеллект технологиясы ілгерілеуді жалғастыра отырып, біз алдағы жылдарда Жасанды интеллект-нің білім берудегі бұдан да инновациялық қосымшаларын көреміз деп күтуге болады.

Қорытындылай келе, мен айтылғандарды қорытындылағым келеді. 

Жасанды интеллект негізіндегі білім беру платформаларының артында болашақ жатыр. Мектептер осы жаңа әлемге неғұрлым ертерек қатыса бастаса, соғұрлым жоғары оқу стандарттарын сақтай отырып, жаңа жағдайларға бейімделу оңайырақ болады. 

Тренажерлер, қосымшалар, тесттер, оқу жоспарларының генераторлары – осы ат қызметтерінің барлығы бүгінде мектеп өміріне берік енеді. Оларды дұрыс қолдануды және шығындарды жоспарлауды үйрену маңызды. Мақала сізді EdTech әлеміне тезірек араласуға және оған толқынды болуға итермелейді деп үміттенеміз. Өйткені, болашақ, тақырыпта айтылғандай, бүгін бізге келеді. 












Әдебиеттер тізімі:

 

1.Baker, R. S., Corbett, A. T., & Aleven, V. (2016). Intelligent tutoring systems. Handbook of educational psychology, 349-366.

2.Koedinger, K. R., & Aleven, V. (2007). Exploring the assistance dilemma in experiments with cognitive tutors. Educational psychology review, 19(3), 239-264.

3.Le, C. V., & Ognibene, D. (2019). Artificial Intelligence and Education: Promises and Pitfalls. OECD Education Working Papers, (194), OECD Publishing.

4.Liu, O. L., Bridgeman, B., & Adler, R. M. (2015). Measuring learning outcomes in higher education. Educational researcher, 44(5), 225-232.

5.VanLehn, K. (2011). The relative effectiveness of human tutoring, intelligent tutoring systems, and other tutoring systems. Educational psychologist, 46(4), 197-221.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі