Жасанды инттелект және цифрлық теңге

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасанды инттелект және цифрлық теңге

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды инттелект және йифрлық теңге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕ

Маратқызы Назгүл , 23-11 «Мейіргер іс»і 2 курс

Турлыбаева Гулнур Байзаковна, Әлеуметтану ғылымының магистрі, оқытушы

ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжі», Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасы



Аңдатпа: Соңғы жылдары қағаз валюта ұстауды азайтқанымыз анық. Түрлі төлемді банк қосымшалары арқылы жасап, саудадағы үрдіс өзгерді. Бұған мемлекеттегі цифрландыру саясатының ықпалы мен банктердің онлайн қызметінің әсері болғаны анық. Осы орайда аталған бағытта тағы бір жаңалық орын алды. Ол – цифрлы теңге.

Аннотация: Очевидно, что в последние годы мы сократили удержание бумажной валюты. Изменилась тенденция в торговле, производя различные платежи через банковские приложения. Очевидно, на это повлияло влияние политики цифровизации в государстве и онлайн-деятельности банков. В связи с этим в данном направлении произошло еще одно нововведение. Это цифровой тенге.

Abstract: It is obvious that in recent years we have reduced the retention of paper currency. The trend in trading has changed, making various payments through banking applications. Obviously, this was influenced by the influence of the digitalization policy in the state and the online activities of banks. In this regard, another innovation has occurred in this direction. This is a digital tenge.

Кілт сөздер: банк, цифрландыру, онлайн, экономика, статистика, банкинг, qr-код

Ключевые слова: банк, онлайн, экономика, статистика, банкинг, qr-код

Keywords: banking, digitalization, online, Economics, Statistics, banking, qr code



Жуырда ұлттық валюта – теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл толуына орай цифрлы теңге жарыққа шықты. Идея авторы әрі жоба құрастырушы – Ұлттық банк бұл қадамның ел экономикасына айтарлықтай өзгеріс әкелетініне сенімді. Қолданыс аясы кеңейтініне, аударым операциялары жеңіл әрі тиімді ұйымдастырылатынына да үміт артты. Тіпті цифрлы теңгенің алғашқы таныстырылымы кезінде цифрлы теңгені қолдануға да мүмкіндік болған.

Жалпы Ұлттық банк цифрлы теңгені 2021 жылдан бері қолға алды. Түрлі экономикалық кедергі, саяси ахуалдарға байланысты аталған бастама аяқсыз қалған еді. Енді, міне, жоба іске асып, аударым жүйесі жаңа сатыға тұрақтады. 2025 жылға дейін жүйе толықтырылады деген жоспар бар.

Цифрлы теңгенің керегі не? Оның тиімді тұсы қайсы? Міне, осы сұраққа нақты жауап бар. Мамандардың пікірінше, цифрлы теңге нарықты көлеңкелі экономикадан шығаруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сеп болмақ. Себебі цифрлы теңгенің қайда кетіп жатқанын қарап отыруға мүмкіндік бар. Экономикадағы статистикалық есептеулерде де цифрлы теңге үлкен мүмкіндіктер ашады екен. Бүгінде Ұлттық банктің инфрақұрылымында цифрлық биометриялық идентификациялау қызметі сәтімен іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Бұл жұмыстар нарық қатысушыларына картаны, интернет-төлемді, QR кодты, мобильді банкингті қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға негізделген. Бұл инновациялық қызметтерді уақытылы енгізуге үлкен сеп болғаны анық. Оған қоса цифрландыру үрдісін жеделдетуге ықпал етті. Қазіргі қолданыстағы төлем түрлерімен салыстырсақ, қолданушылар айтарлықтай айырмашылық байқамайтын болады. Себебі цифрлық валютаны қолданыстағы қолма-қол ақшасыз төлем әдістерімен төлей алады. Яғни, нтернет-эквайринг, мобильді қосымшалар, POS-терминалдар, QR кодтарды пайдалануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар ұлттық валютаның цифрлық формасы офлайн төлем технологиясын іске асыруға мүмкіндік береді. Цифрлық теңге ұлттық төлем жүйесінің бір бөлігіне айналады. Интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолданысын кеңейтіп, үздіксіз жұмыс істеуге арналмақ. Бағдарламалаудың арқасында инновациялық қаржы сервистерін құруға, бәсекелестік тудыру жоспарланған.

ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжінде» 16-25 жас аралығында 150 респонденттерден сауалнама жүргізілді. 10 сұрақтан құралған анкеталық сауалнамаға жастардың көзқарасын, ойын білу және цифрландырылған заманда қаншалықты игерілгенін және ақпарат көздерінен хабардар екеніне қарап тұжырып жасаймыз.

Цифрлы валютаны енгізуде белсенді елдер қатарында Қытай көш бастап тұр. 2020 жылғы сәуірден бастап цифрлы юань Қытайдың төрт ірі қаласында сыналды. Бүгінде Қытайдың цифрлы валютасына арналған инфрақұрылым дайын, серверлік инфрақұрылым да реттелген. Жаңа пара­метрлер мен функцияларды тестілеу, әлеуетті зерттеу жалғасуда. Цифрлы юаньды іске қосу 2022 жылы Олимпиада ойындарын өткізу кезінде іске қосу жоспарланған. Ал Ресейдің Орталық банкі цифрлы рубльдің енгізілуін белсенді түрде зерттеуде. Өткен жылдың қазан айында цифрлы рубль тұжырымдамасын ұсынса, 2022 жылы тестілеу өткізу болжануда. Елдегі 4 банк пен “Қазпошта” цифрлық ақшаны айналымға енгізді. Артықшылығы – цифрлық теңге интернет жоқ жерлерде де қолжетімді. Яғни, кез-келген жерде офлайн режимде төлем жасай аласыз. Тағы бір ерекшелігі – бағдарлау мүмкіндігі енгізілген. Мәселен, ата-ананың бақылау қызметі бар. Яғни, баласы ақшаны алкоголь немесе темекіге жұмсап жатса, бірден анықтай алады. Цифрлық теңге – ұлттық валютаның үшінші қосымша формасы. Қолма-қол ақша сияқты ол да эмитенттеледі.

Әдебиеттер тізімі

  1. Кешелав А.В. Введение в цифровую экономику. [Текст] / Кешелав А.В., Буданов В.Г., Румянцев В.Ю. // – Москва: ВНИИГеосистем, - 2017. – 28 с. 5.

  2. Сизова И.Л. Труд и занятость в цифровой экономике: проблемы российского рынка труда. [Текст] /

  3. Сизова И.Л., Хусяинов Т.М. // Вестн. С.- Петерб. ун-та. Социология. – 2017. – Т. 10. - № 4. – С. 376–396. 6.

  4. Об утверждении Государственной программы «Цифровой Казахстан» Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2017 года № 827. [Электронный ресурс] - URL: https:// primeminister.kz/assets/media/ p170000082729-07-2019 rus. pdf. (дата обращения: 26.10.2021).

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.06.2025
40
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі