Материалдар / «Жасөспірім және заң»(дөңгелек үстел)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жасөспірім және заң»(дөңгелек үстел)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2023
705
9 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы,

Шардара ауданы, Көк-су ауылы

Т.Айбергенов атындағы

мектеп –гимназиясының

11 сынып жетекшісі:

Агибаева Гулаш Купбосыновна


Тақырыбы : «Жасөспірім және заң»(дөңгелек үстел)

Мақсаты:  Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру.

Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Эпиграф.

Үш- төрт жылғы әдет,

Өзіңе болар жендет . (Абай )

Дөңгелек үстелдің барысы:

1.Кіріспе

Ой түрткі

Баяндама

2.Негізгі бөлімі

Интернет желісінің зияны

Зиянды заттардың зардабы(баптар)

Жағдаяттан шығу

3. Қорытынды

1. Кіріспе

Ой түрткі. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Стикерге әр кім өз ойларын жазады.Араластырып қайта оқиды.Талқылайды.Пікір алмасады.

Баяндама

Бүгінгі дөңгелек үстелімізде жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері жастарды қылмысқа итермелейтін не?
Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі сондықтанда сіз болып біз болып осы тақырып көлемінде өз ойларыңызды бөлісуге шақырамыз. 
Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.

« Жасөспірім және заң» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды

Бүгінгі таңда жастардың күрмеуі қиын мәселелері өте көп, бұған алкогольді, бұзақылықты, есірткі мәселелерін, мінез-құлық мәдениетінің, құқықтық мінез-құлық мәдениетінің жоқтығы, т.с.с. жатқызуға болады. Бұл сұрақтарды қарастырғанда, отбасылық жақсы тәрбие мен білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың сапалы жұмысы аса маңызды. Десе де, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. «Әр адам екі жақты тәрбие алады: бірін өмірлік тәжірибесі арқылы ата-анасы берсе, екіншісін, ең маңыздысын, ол өзі алады» деген пікірмен келіспеу мүмкін емес.

Жастар ортасы өз басымдықтарын, іс-әрекеттерін, дағдыларын қалыптастырады, бірақ онда адамзаттың іс-әрекет мәдениетінің үздік үлгілері насихатталуы керек.

Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының  әрекетіне  немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма? Осы сұрақтарға жауап ретінде жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептеріне тоқталатын болсақ:

Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді:

1.Отбасылық жағдай

2. Қоршаған ортаның тәрбиесі

3. Жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы.

1.Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Балаға ең жақын адам ең бірінші ата-анасы екендігін естен шығармаған жөн.  Егер ата-анасы ұл-қызының бос уақытында немен шұғылданатынын, сабақ үлгерімін, мектепке барған, сабағынан қайтқан уақытын тексеріп, сабақ кестесін үнемі қадағалап, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болса, баланың күн режимінен құлағдар болып отырар еді.

Соңғы уақытта республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең алып келеді. Еліміздегі орын алған әрбір бесінші қылмыс сол балалардың үлесіне тиеді екен. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек

2. Қоршаған ортаның тәрбиесі Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет.Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.

3. Жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы. Бос уақытын тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған балалар.Балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан, бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы, адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады. 
Қазіргі жастардың 90 % компьютер қолданады. Педагогикалық зерттеу бойынша ата-ана баланың интернетте немен айналысатынын білмейді.
Компьютер ойындарының шырмауына түскен бала одан шығуы қиын. .

Негізгі бөлім

Алдымен қылмыс дегеніміз не мағынасын ашып алсақ. Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес,  жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет

Интернет желісінің зияны( түрлі діндер)

Оқушы: Қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағымдар жастарымыздың санасын улауда.жастардың жат ағым жетегінде кетуінің бірнеше себептері бар.

Діни сауатсыздық

Интернеттің ықпалы.

Әлеуметтік жағдайдың төмендігі,жұмыссыздық.

Психологиялық күйзеліске ұшырау

Бейне таспа. https://youtu.be/YWxDI9GrUrA?si=lyZsGp8Y7z8XYWv1

         Ақпараттық-құқықтық бөлім «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» 

Оқушы кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін анықтайтын, ҚР заңнамасы туралы айтып береді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді.

ҚР ҚК-нің 15 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.

Одан басқа, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың қылмыстық жауаптылыққа жататын қылмыс санаттары бар. Оларға: адам өлтiру (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлау (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлау (125-бап) т.с.с

Оқушы:Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.

Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі.

Бейне таспа. https://youtu.be/dj_3ZgEYQXs?si=4dxqOXLAwSu44ApJ
Оқушы:Темекіден бөлек басқа да сұйықтықтарға тыйым салынды

Қазақстанда Халық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бар. Осы құжаттың 110-бабының 5-тармағында темекі шегуге қатаң тыйым салынған орындар көрсетілген.

Олар:

білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен аумағы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдар;

денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайлары;

қоғамдық тамақтану пункттері;

мәдениет нысандары (музей, кітапхана, лекторий, кинотеатр, театр, цирк, концерт, көру және көрме залдары);

спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары (спорт ареналары және көпшіліктің демалуына арналған басқа да құрылыс жайлар);

түнгі клубтар, дискотекалар;

жергілікті және алыс қатынастағы пойыздар, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелері, сондай-ақ қалалық, қала маңындағы және қалааралық автомобиль қоғамдық көлігі салондары, метро, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын жалпыға ортақ пайдаланылатын көліктер, таксилер;

әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, қоғамдық көліктің жабық аялдамалары;

мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

жұмыс орындары және жұмыс аймақтары болып табылатын үй-жайлар;

үйлердің кіреберістері;

автожанармай құю станцияларының үй-жайлары мен аумағы;

балалар алаңдары;

жерасты өткелдер;

кәмелетке толмаған адамдар отырған көлік құралдары;

Осы жерлерде темекіден бөлек қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық сигареттер мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға болмайды.

Оқушы: Қай жерде рұқсат бар

Заңда көрсетілген орындардан басқа жерлерде темекі шегуге болады. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегу үшін арнайы жерлер болса, түтінді будақтауға рұқсат бар. Бірақ арнайы жерде "Темекі шегуге арналған орын" деген жазу болуы шарт.

Қоқыс салатын урнаның қасында темекі шегуге болады. Бірақ сол урна кодекстің 110-бабының 5-тармағында көрсетілген орындардың аумағында тұрса, темекі тартуға тыйым салынады. Ал жеке меншік аулада, мәселен, саяжайда немесе пәтерде ешқандай шектеу жоқ.

Оқушы: Айыппұлдың көлемі қандай

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабында тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Жеке тұлғаларға 15 айлық есептiк көрсеткiш (51 750 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады. Құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың көлемі 20 АЕК-ке (69 000 теңге) дейін өседі. Ал ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК (172 500 теңге) төлеуге тура келеді.

Көлік салонында кәмелет жасқа толмаған балалар отырғында темекі шеккені үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Осы заңсыз әрекет бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге артады.

Бейне таспа

https://youtu.be/vB6KQuXmwQ8?si=Dq2KkC2P4w8PepY4

Зиянды заттардың зардабы(есірткі,ішімдіктер т.б)

Оқушы.Кәмелетке толмаған адамның алькаголдік ішімдіктерді, есірткі,психотроптық заттарды тұтынғаны үшін ата- анасына қолданылатын әкімшілік жаза -20 АЕК айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады

Жағдаяттық сұрақтар:

1. Еліміздің президенті болдыңыз делік, алдымен адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?

2. Сенің досың Елдос телефоннан ақша тігетін ойындарға кіріп кеткен. Ол ата-анасын да, ұстазын да, достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер едің?

3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?

4.Асан 11 сынып оқушысы, күніге сабақтан қайтқанда, өзінен кіші балаларды қорқытып ақшасын тартып алады.Сонымен қоса күнделікті ақша жинауды талап етеді. Бұл Асанға әдетке айналған.
Мұғалім:
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Асан дұрыс істеп жүр ме?

Қалай тоқтатуға болады деп ойлайсыңдар?
Нақыл сөзді құрастыр.

1.тәртіптің,тәрбиелі-, құлы,

елдің, құлы, тәртіпті-,

2. басқа, бол,заң, бәріңе, балам, бол,біреу –ақ.

VII. Қорытынды

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенменде, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған

       Ж. Аймауытов:  “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Сондықтан заңды білу – заман талабы.

 Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.- деп бүгінгі

« Жасөспірім және заң» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.

Сау саламатта болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!