Материалдар / Жасөспірімдер арасында суицидке итермелейтін әрекеттің алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арасында суицидке итермелейтін әрекеттің алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына арналған суциидтің алдын алу бағытында баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
730
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі

















«Жасөспірімдер арасында сиуцидке итермелейтін әрекеттің алдын алу»

Баяндама












Оқыған:

Педагог-психолог:Мұфтахиева Ж.Ғ













2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы: Жасөспірімдер арасында суицидке итермелейтін әрекеттің алдын алу


Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

  Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

  Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараланады. Мысалы:

-Өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);

-Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);

Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);

Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.

  Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.

  Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.

- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жастар арасы - 17-29 жас;

- Ересектер арасы – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

  5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында  өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

  Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі яғыни – жалғыздық, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

   Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.

     А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.

  Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.

  Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды.

  Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

  И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

  Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

  Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

  Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады.

  Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді.

 Қазақстанның тумасы Руслана Коршунова өз карьерасын сән әлемінде 2005 жылы бастаған болатын. Сол кездің өзінде Vogue журналының еуропалық басылымы бойжеткенге арнайы мақаласын арнап, «мысық пішінді» Руслананың болашағынан зор үміт күтетіндіктерін жазған еді.

  Жас фотомодель «Кристиан Диор», «Кензо», «Москино» сияқты беделді сән үйлерінің жарнамасында түсіп, жетекші сән көрсетілімдеріне қатысқан. Руслананың осындай бір ғана көрсетілімге қатысуы 5 мың АҚШ долларына бағаланып, бойжеткен сән-салтанатты өмір сүрген. Осылайша бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік сән әлемінде өзіндік орынға ие болған Руслана өз-өзіне қол жұмсап, 2008 жылдың 28 маусымында бұл әлеммен қош айтысқан еді.

  Америкадағы таныстары Руслананың өз отбасы мен туған жерін қатты сағынатындығын еске алады. Руслана өте көп жұмыс істеп, өзінің сыртқы бейнесіне қатты мән берген деседі. Алайда, оның ішкі күйзелісі ешкімге белгісіз болып қала бермек...

  Психолог мамандар, әдетте жалғыздық – суицидке итермелейтін бірден-бір себеп екендігін айтады.

  – Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана баласын түсіне алмаса, күйеуі әйелін түсінбесе немесе керісінше дегендей, жақын жандардың бір-бірін түсінбеуі осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді, – дейді  Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова.

  Әрбір баланың суициалды әрекетіне ересектер жауапты! Осы жауапкершілік әсіресе мектеп психологтарына жүктелетіні анық. Мектеп оқушыларының жалғыздық күйзелісінің алдын алу, оның қоршаған ортасымен қарым – қатынасын анықтау және нығайту мақсатында Тассуат орта мектебінде атқарылып жатқан  бірқатар жұмыстарға тоқталсам.  

  Мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтауда орта және жоғары буын оқушыларымен «Оқушылардың мектепке, мұғалімдерге, пәндерге қатынасын зерттеу картасы» ,сонымен қатар «Стреске төзімділікті анықтау » тесті, ал төменгі буын оқушыларымен «Екі үй» жүргізілді. Достарымен қарым-қатынасын нығайту мақсатында тенингтер өткізілді. Суицидке бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқаймен зарлаған бала өзіне көмек көрсететін адамнан жауап күтетіндігіне күмән келтірмеген дұрыс. Өйткені, оның жалғыздық дағдарысына одан басқа ешкімнің араласуға мүмкіндігі жоқ. Жасөспірімдердің жабығу көңіл- күйінің алдын алуда ата-ана маңызды роль атқарады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей тәрбиенің басы –отбасы, ата-анасы болғандықтан, ата-аналардан сауалнамалар алынып, кеңестер берілді.

  Бала көңіл-күйінің төмендеуі және жабығудың басқа белгілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн.

  Біріншіден, баламен әңгімелесу, оның көңіл-күйі туралы сұрақтар қою, болашағы туралы әңгіме өткізу және келешегін жоспарлау қажет. Бұл әңгімелер міндетті түрде позитивті сарында өту керек. Балаға дұрыс бағытта ұстаным «қондыру», сенімділігіне көз жеткізу және оның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігін көрсету қажет. Баланың «барлық уақыт жаман мінез көрсеткендігі» немесе «тоңқылдақтығы» үшін сөкпей, жақсы жақтары мен жеке басының мүмкіндіктерін көрсеткен дұрыс. Баланы одан да көңілді, күшті, жетістікке көбірек жеткен балалармен салыстыруға болмайды. Мұндай салыстырулар ба-ланың онсыз да әлсіреген өзін-өзі бағалау дәрежесін төмендетеді. Кешегі жасөспірім мен бүгінгі жасөспірімді ғана салыстыруға және ертеңгі жасөсіпірімді дұрыс өмір сүруге бағыттауға болады.

  Екіншіден, баламен бірге жаңа істермен айналысу қажет. Күн сайын жаңа нәрселермен танысып, бұрын жасамаған істермен айналысқан жөн. Үйреншікті тіршілік сарынында өзгертулер енгізген дұрыс. Жаттығу залына жазылу немесе ол болмаса, таңғы жаттығулар жасау әдетін енгізу, жаңа серуендер маршруттарын жасау, демалыс күндері қызықты экскурсияға бару, үй жұмыстарын орындаудың жаңа тәсілдерін табу, үйірмелерге бару, үйді тазалап шығу қажет. Үй жануарларын-ит, мысық, атжалман, балықтар ұстауды бастауға болады. Қорғансыз жануарды күту балаға жақсы әсерін тигізеді және дұрыс өмірлік сарынға бағыттайды.

  Үшіншіден, баланың күн тәртібін сақтағаны жөн. Оның ұйқысының қа-нғандығын, жақсы тамақтанғандығын, таза ауамен қажетті уақыт демалған-дығын, қимыл, спорт түрімен ай-налысатындығын бақылап отыру қа-жет. Жабығу-психофизиологиялық күй. Аталған кезеңде жасөспірімнің фи-зиологиялық қалпын қамтамасыз етіп отыру керек.

  Және төртіншіден кеңес алу үшін - психолог, психотерапевт, сынып жетекшілері мамандарымен хабарласу қажет екенін ескерткен жөн.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!