Материалдар / Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық. Буллинг.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық. Буллинг.

Материал туралы қысқаша түсінік
буллинг. семинар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2023
507
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік. Буллингтің алдын-алу»

Құрдастары арасындағы қудалану - білім беру ұйымдары мен балалар ұжымдарындағы жасөспірімдер арасында суицид қаупін едәуір арттыратын, агрессия мен зорлық-зомбылықтың күшеюіне, оқу үлгерімінің төмендеуіне әкелетін мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта буллингті зерттеу және алдын-алу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Сондықтан білім беру жүйесіндегі зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу мәселесі өте өзекті. Жасөспірімдер мен жастарға қатысты зорлық-зомбылықтың шамамен бестен бір бөлігі білім беру жүйесінде орын алады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты білім беру ұйымдарына буллинг проблемасын пысықтау және жою жауапкершілігі жүктеледі, бұл оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және білім алушылардың жоғары сапалы білім алуын, рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ білім алушылардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын қорғауға және нығайтуға кепілдік беретін жайлы, дамытушы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда мұғалімдер мен психологтар толеранттылық пен агрессияға қарсы тұру мәселелеріне көбірек бет бұруда. Бұл мәселелер жасөспірім кезінде өзінің алғашқы дағдарысына, тұрақтылық пен қауіпсіздік сезімінің болмауына байланысты ерекше өзектілікке ие болады. Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі және жағымсыз құбылыстардың алдын-алу мәселесі өте өзекті болып отыр.

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің мазмұнын, әдістерін, формасын және алдын-алуды зерттеу және негіздеу

Міндеті:

- балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының себептерінің бірі ретінде мұғалімдерді буллинг тақырыбымен таныстыру;

-буллингке қатысушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

- моббинг пен буллинг/кибербуллинг/ құрбаны болмас үшін позитивті көзқарастарды қалай қалыптастыруға болатындығын көрсету

- мектептегі буллингті әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде сипаттау

 Сабақ барысы:

«Ақ қарға»

Мұғалім: - Қайырлы күн құрметті әріптестер. Бүгінгі семинарда Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Қазір біз «Ақ қарға» жаттығуын жасасақ. Араларыңыздан бір адам шығып «Ақ қарға» болса. Сіз топтың жасаған іс-әрекетін керісінше жасауыңыз керек. Ал басқа топ мүшелер жүргізушінің барлық қимылдарын қайталайды. Ақ қарға шеңбердің ортасына шығып, жүргізушінің барлық нұсқауларын керісінше орындайды. Мысалы, топ қолдарын жоғары көтеріп, "ақ қарға" төмен түсіреді. Бүкіл топ күледі, "Ақ қарға" - қабағын түйеді және т. б.

- Қолыңызды жоғары көтеріңіз (ақ қарға төмен түсіреді), оңға еңкейіңіз, күліңіз және т. б.

Қатысушыларға сұрақ:

- Сіз "АҚ қарғаға"қатысты не істегіңіз келді? Ойыңыз қандай?

- "Ақ қарға" сізге кедергі келтірді ме? Ол сізді алаңдатты ма?

- Сіз өзіңізді "ақ қарға" ретінде қалай сезіндіңіз?

- Сізге бәрі сияқты болмау қиын болды ма?

- Егер жағдай үнемі қайталанса, сіз сезінесіз бе?


- Көбінесе бізге ұқсамайтын немесе өздерін қалай қорғауды білмейтін адамдар қысымға ұшырайды.

- Бүгін біз "Буллинг" «Моббинг» ұғымын, оның қаншалық қауіпті екенін, жәбірленуші мен жәбірлеушіні ажыратып, алдын-алуын қарастыратын боламыз

Топпен жұмыс

Мақсаты: «Буллинг» «Мобинг» «Конфликт-жан-жал» сөздерінің мағынасын ертегі кейіпкерлерін пайдалана отырып ашу. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.

«Буллинг» «Бауырсақ» ертегісі

«Конфликт» «Шалқан» ертегісі

Көріністен кейін екі топ «Буллинг пен Конфликтті» қорғайды.

1. Буллинг сөзіне анықтама беру

2. Буллинг сөзіне ассоциация

3. Буллингтің белгілері


1. Конфликт сөзіне анықтама беру

2. Конфликт сөзіне ассоциация

3. Конфликттің белгілері


Буллингті конфликттен қалай ажыратамыз?


Буллингтің себептері

Келеңсіздіктің /конфликтінің/ себептері

  • кек алу

  • көре алмаушылық

  • жәбірленушінің ерекшеленуі (басқалары сияқты болмауы, сабақты жақсы оқуы, ең әдемі, толық, сары...»

  • артықшылықтарға жеткісі келу

  • лидер боламын деген орындалмаған арманы, ресми түрде лидерлікті мойындамау.

  • қатыгездік

  • Әр түрлі қызығушылық, қажеттілік,
    құндылық болуы(бір адамға компьютерлік ойындар қызық болса, басқа біреуге емтиханға дайындық болуы мүмкін.

  • Түсінбеушілік, ақпараттың жетіспеушілігі

  • қарым-қатынастың бұзылуы;



Буллинг пен конфликтінің айырмашылығы

Буллинг

Конфликт

Басқа балалар тобының бір баланы қасақана, саналы, ұзақ уақыт бойы қорлауы (оқшаулау,

елемеу, бопсалау, қорқыту,

мазақ ету, бұзылған ақпаратты тарату)

Көбінесе тосыннан пайда болады,

алдын - ала жоспарланбаған және

жинақталған эмоцияларды бір уақытта шығару.

Күштер тең емес, жәбірленуші өзін

дәрменсіз сезінеді

Екі жақта бірдеу күшті және жағдайға бірдей әсер етеді

Жәбірленуші болған оқиғаға кінәлі емес.

Ол мұндай жағдайды таңдамады. Кез келген бала құрбан бола алады.

Болған жағдайға екі жақта кінәлі

Үнемі қайталанатын әрекет, оның мақсаты жәбірленушіні әдейі қорлау, ал мәні эмоционалды немесе физикалық зорлық-зомбылықта

Ұзаққа созылмайды. Екі жақта мәселені тез шешуге тырысады

үшінші тараптың шешімімен ерік-жігермен тоқтатуға болады

Шешілетін мәселе


Буллинг  – бұл  жаңа термин. Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Кеңірек мағынада бұл бір адам (немесе топ) басқа, физикалық және моральдық жағынан әлсіз адамға (немесе адамдар тобына) физикалық шабуыл жасаған немесе қорқытқан кездегі зорлық-зомбылықтың ерекше түрі. Жалпы баланың қатегездігін білдіреді.

Буллинг әлемде кең таралған және барлық уақытта бола береді. Буллинг мәселесін бірден және мәңгілікке шешу мүмкін емес. Білім беру ұйымы оқушылар арасындағы буллинг мәселесіне үлкен көңіл бөлуі керек.

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

  • адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

  • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

  • сол жайында өсек тарату

  • оны елемеу немесе жекелету

  • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою

  • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

  • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

  • уайымдау

  • ұйқының бұзылуы

  • тәбеттің болмауы

  • өзі жайлы жаман ойлау

  • өз-өзіне физикалық зақым келтіру

  • өлім туралы ойлау

  • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

  • ауыру

  • маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау

  • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану

  • қорқу

Сыныпта буллинг пайда болған кезде қатысушылардың белгіленген түрлері (рөлдері) бар әлеуметтік жүйені қамтитын белгілі бір иерархия немесе буллинг-құрылым қалыптаса бастайды. Мектептегі қудалау процесінде бірнеше рөлдер белгіленген:
▪️ Бала – агрессор/булли;

    • өзіне сенімді

    • өзін-өзі жоғары бағалайтын /МЕН/

    • топта көшбасшы бола алатын

    • іс-әрекеті мен мінез - құлқындағы қызуқандылық

    • өзгелердің жан-дүниесін түсіне алмайтын

    • жеке адамға деген құрмет пен құндылықтардың бұзылуы

    • үнемі мазасыз күйде болатын

    • сәтсіз отбасынан шыққан

Осы оқушылар буллинг кезінде өздерін көшбасшы сезінуге көмектеседі. Осындай балалар буллингті жасамау үшін қандай алдын-алу жұмыстарын жүргіземіз?

Басқа жандардың жан-дүниесін түсінуге, жан-жағындағы адамдардың жеке бас құқығын таптамауға үйрету, сезіндіру.
▪️ Қудалауға қатысушы балалар;
▪️ Бала – «жәбірленуші»;

    • үлгерімі төмен оқушылар

    • үлгілі оқушылар

    • ұстаздардың сүйікті оқушысы

    • жаңадан келген оқушы

    • физикалық тұрғыдан әлсіз оқушы

    • ата-анасының қамқорлығы жоғары оқушылар

    • өзін-өзі бағалауы төмен оқушылар

Осындай балалар буллингке ұшырамас үшін қандай алдын-алу жұмыстарын жүргіземіз?

Осындай балалар көбіне өздерінің эмоцияларын көрсетпейді, үнемі қорқынышта жүреді. Оларды өздерінің қорқыныштары мен мәселелері туралы айтуға, өздерін бағалауды үйрету қажет.
▪️ Бақылаушылар/куәгерлер;

    • қорқытуды күшейтетін бақылаушы балалар (пассивті позицияны алады, бірақ агрессордың жағында болады, мазақ етеді, жігерлендіреді)

▪️ Қорғаушылар.

Буллингті екі үлкен топқа бөлуге болады.

1-тікелей, белсенді буллинг. Бұл негізінен қорлаудың белсенді түрлерімен байланысты көріністер;

Негізгі іс-әрекеттер:

- Мазақ ету

- Қорқыту

- Елемеу

- Қорлау

- Кемсіту

2-жанама. Бұл топтан зардап шеккендерді қоспағанда, саналы оқшаулаумен байланысты көріністер.

Негізгі белгілері:

- Оқшаулау

- беделіне нұқсан келтіру

- өсек тарату

- жеке заттарына нұқсан келтіру, бүлдіру.


Буллингті қалай ажыратамыз?

Мұғалімге буллингі анықтау қиынға соғуы мүмкін, өйткені ол оқу процесімен айналысады, ал буллинг әдетте үзілісте немесе балалар үйге қайтқан кезде болады.

Сондықтан, ана-аналар үшін оның баласын ренжітіп жүруін басқа оқушылар айтуы мүмкін. Егер де басқа шағым болмаса Сізге буллингтің белгілері көмектеседі.

Буллингтің сыртқы және жасырын белгілері

сыртқы

жасырын

  • бүлінген заттар

  • соққы іздері

  • Бала тосыннан ауырып, мектепке барғысы келмей өзінің көңіл-күйінің жоқтығына шағымданады

  • Депрессиялық көңід-күй

  • Достары жоқ, үнемі қоңырауда жалғыз. Ешкім онымен бірге отырғысы келмейді.

  • Бала үнемі мазақ пен күлкінің нысаны болады

  • Оқу үлгерімі төмендейді

  • Ешкім ешқайда шақырмайды, өзі ешқайда бармайды.

  • «барлығы жақсы» деп буллинг фактілерін жоққа шығарады



Ситуациялық тапсырма. Өмірмен байланыс

  1. 5-сынып оқушысында ашушаңдық пайда болды. Ол мектепке барғысы келмейтіндігін және өмір сүргісі келмейтіндігін айтып жылауды шығарды.

Бұған не түрткі болды?

Сыныптастар мен кейбір мұғалімдер оқушының сабақта берілген тапсырманы қайталап сұрай бергендігін күліп, келемеж қылады.

Бұрын бастауыш сынып мұғалімі бұл оқушының құлағы нашар еститінін білетін, сол себепті оқу процесіне және сыныптағы қарым-қатынасқа кедергі келтірмейтін еді. Орта кезеңге өткеннен соң ашық қудалау пайда болды.

  1. Осы мәселені шешу үшін қандай қателіктер жасалып тұр және осы ситуациядан қалай шығуға болады?
    Жасөспірім жасындағы екі сыныптас қыз кезінде айырылмас достар болады, бірақ араларындағы ұрыстың себебінен қыздардың біреуі бұрынғы досы туралы әртүрлі әңгімелер таратып, сыныпты оған қарсы қояды. Осы конфликтің кесірінен екінші қыз бала өзін бақытсыз және жалғыз сезінеді. Сол себепті ол мектепке барғысы келмей, тұйықталып кетті.

Осы жағдайдың шешімін қалай табуға болады?Кімнен көмек күтуге болады?




  1. Оқушы осы оқу жылынан бастап, мектепке бармаймын деген шағым айта бастады. Өткен жылы ол ПМПК тексерісінен өтті және мектеп психологі мен сынып жетекшісі оған қолдау көрсетіп отырды. Сол себепті барлығы жақсы еді. Бірақ, осы жылы сынып жетекшісі өзгерді. Сыныптастары осы оқушыны ренжітуді бастады. Сынып жетекші сыныптастарының әрекетін назарға алмады. Психологта оқушыға көңіл бөлмеді. ПМПК шешімі бойынша ондай ұсыныс болмаса да, мұғалім мен психолог оқушының үйде оқу керек екендігін талап етті

Оқушының ата-анасы бұл жағдайда не жасай алады?

  1. Сыныптағы қыз балалар арасындағы кикілжіңдер көп кездеседі.

Олар көбіне бір-бірлері туралы өсек-аян таратып, көп жағдайда сынып оқушыларын бір қызға қарсы қойып қояды.
Оған көптеген себептер әсер етуі мүмкін: сырт-келбетіндегі ерекшеліктері, лидерлік қабілеті, сабақтағы үлгерімі және т.б.

Әдетте бұл бір немесе екі дос қызға қарсы шыққан топ.
Осы мәселені шешу барысында – жәбірлеуші қыздар барлығын жоққа шығарады немесе «өзі кінәлі» деген сылтауға дәлелдер келтіреді.

Осы жағдай ненің себебінен болады деп ойлайсыздар: Және оны қалай нәтижелі түрде шешуге болады?



Қорытынды: Аяқталмаған сурет беріледі.

Осы тақырып жасөспірімдер арасындағы проблемалардың бірі. Сондықтан барлығымыз мұндай жағдайды болдырмау, алдын-алу үшін бүгінгі сөз болған мәселелердің барлығын біліп, басқа да әріптестерімізге үйреткеніміз абзал. Себебі, бала үйде ата-анасының қасында болғанымен, уақытының көп бөлігі мектеппен достарының арасында өтеді.Сол себепті, буллингтің алдын-алатын әрине ұстаздар қауымы деп білемін.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!